Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

🖍️Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

▪️Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.
📣📣📣Президентіміздің “Ана Тілі” газетіне шыққан сұхбатын оқып шықтым.

Өте ашық жазылыпты. Шынымды айтсам, өте тірі мақала десем де болады. Шенеуніктің құрғақ тексты емес, эмоционалдылық сезіліп тұр. Жылдар бойы жиналып, ағынан жарылған сұхбат болғандай.


Президент біраз сұрақтарға жауап беріп, мәселені айқындап бергені де жақсы болды.

📌2026 жылы БҰҰ басқаратын А.Гуттьереш мырза кетіп, орнына Қ.Тоқаев болады деген әңгіме тарағаны белгілі. Бір жағынан БҰҰ басқару - әр бір дипломаттың арманының шыңы. Ол аздай бірнеше тіл білетін, өзі БҰҰ-да Пан Ги Мунның орынбасары болып қызмет істеген, тәжірибелі, Батыс пен Шығыс өркениеттеріне да ыңғайлы адам ретінде, Қасым-Жомарт Кемелұлына бәсекелес жоқ еді … соны естігенде, “Әттең, Қасым-Жомарт Кемелұлы ерте кетіп қалмаса екен …” деп уайымдап едім. Бүгін қуанышымызға орай шегелеп тұрып: “Ел ішінде шаруа көп, мен мерзімнен бұрын кетпеймін” дегендей болды.

📌Уақыт белдеуі туралы да жақсы айтты. Шығыс шекараның бойындағы жатқан халықтың алаңдауын Қасым-Жомарт Кемелұлы естіп-біліп отыр. “Көктемге дейін уақыт бар” деп нақты айтты. Мәжілістегі отырыс кезінде, сағат 14:30 Шығыс Қазақстанның қасқарайған суретін Мемлекет Басшысы да көрген шығар деген сенімдемін. Күтелік.

📌”Мәжіліс сайлауын мерзімнен бұрын өткізудің қажеттілігін көріп тұрған жоқпын” деді Мемлекет Басшысы. Бұл сөзді өз басым күтіп едім. “Әні-міне”, “кетесің-кетпейсің”, “тарайсың-босайсың” деп психоэмоционалды сілкілегеннен шаршаған едік. Президенттің нүкте қойғанына шүкір.

📌Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың депутаттардың жұмысына риза екенін есту - әрқашан ішкі толқу мен рухани дүмпу сыйлайтын сезім. Президентіміздің бағасы - жүректе ерекше орын алатын баға.

Самат Нұртаза, саясаттанушы
Олжас Бектенов қауіпсіз еңбек жағдайының сақталуына қатаң бақылау жүргізуді, кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырды

📌 Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмысшы кадрларды қолдау шаралары туралы баяндамасын тыңдап, еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
«Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс.
Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.


🔵 Салалық министрліктерге лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз теу тапсырылды.
Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады

Марат Омаров:

✔️ведомствоның бақылау функцияларын орындауы жөнінде, оның ішінде былтыр қабылданған монополияға қарсы шаралардың нәтижелері туралы есеп берді;

✔️негізгі тауар нарықтарында шоғырлану деңгейін төмендету және «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа сәйкес жекешелендіру бағытында атқарылған жұмыстар жайында баяндады:
– Агенттік монополияға қарсы 97 істі тергеп-тексеруді аяқтады;

✔️2025 жылға арналған жоспарды таныстырды:
– монополиялық нарықтардағы бағаға бақылауды күшейту, тергеп-тексерулер мен нарықты талдаудың тиімділігін арттыру үшін заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленді;

✔️Агенттіктің цифрлық экожүйесін құру мен дамыту жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұл жасанды интеллект технологияларына негізделген ақпараттық-сараптамалық жүйені, цифрлық портал мен талдау құралдарын қамтиды.

❗️Кездесу соңында Президент бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.
📣📣📣Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Жанат Элиманов:

🔻ведомствоның 2024 жылы атқарған жұмысының негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде мәлімет берді;

🔻2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспардың іс-шараларын жүзеге асыру көлеңкелі экономика деңгейін 1,3 пайызға төмендетуге мүмкіндік бергенін баяндады:
– Агенттік 1312 қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтап, нәтижесінде 236,8 миллиард теңгенің залалын өтеді;
– қылмыстық жолмен табылған 152,3 миллиард теңге кіріс тәркіленді;
– ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты 20 және трансұлттық топпен байланысты 1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды;
– 42 қаржы пирамидасы жойылды;
– алаяқтық схемаларды жарнамалайтын 15 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды;
– мессенджерлердегі 327 чат жабылды. Осылайша 2 миллионнан астам азаматтың қаржылай шығынға ұшырауына жол берілмеді;
– әлеуметтік желілердегі 41 онлайн құмар ойын алаңы, астыртын жұмыс істейтін 30 ойын залы, казино мен букмекерлік кеңсе әшкереленді;
– 11,7 мыңнан астам онлайн-казино сайтына кіруге тосқауыл қойылды;
– Агенттік қызметкерлері 120 миллиард теңге көлеміндегі негізсіз бюджет шығындарының алдын алды;
– заңсыз крипто алмастырушы арқылы қылмыстық кірістерді заңдастыруға ниеттенген 36 әрекеттің жолын кесті;

🔻Қазақстан, Беларусь және Ресей мемлекеттерінің қаржы барлаушылары бірлесе жүргізген арнайы операцияның қорытындысы туралы есеп берді. Оның нәтижесінде үш ауқымды «наркошоп» жабылып, 35 наркодилер ұсталған:
– жалған қаржылық операциялар мен мәмілелер жасаған 1787 заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған;
– террористік және экстремистік ұйымдардың шоттарына қаражат аударуға 1,2 мың әрекет анықталып, бұғатталған.

✔️Кездесу соңында Мемлекет басшысы Агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жобалық кеңсенің қызметімен танысты

📌EXPO қалашығында орналасқан Жобалық кеңсе елімізде қолға алынған реформалар мен стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру ісіне үлес қосуды көздейді.

✔️Жоғары билік органы жанындағы мұндай құрылымдар әлемнің бірқатар елінде бар. Мәселен, Ұлыбританияда Премьер-министрдің жобалық кеңсесі (Prime Minister`s Delivery Unit), Малайзияда PEMANDU, Біріккен Араб Әмірліктерінде Акселерация кеңсесі қызмет көрсетеді.

✔️Жобалық кеңсе Мемлекет басшысының жолдаулары мен Қазақстанның ұлттық даму жоспарындағы басым бағыттарды сапалы жүзеге асыруға арналған шешімдер әзірлеумен айналысады.

✔️Президентке фискалдық орнықтылықты арттыруға арналған платформалық шешімдер енгізу, Маңғыстау облысын өркендету, адами капиталды қалыптастыру және дамыту секілді стратегиялық маңызды жобалардың жүзеге асырылу барысы баяндалды.
Жобалармен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында айтарлықтай жетістікке жету үшін Үкімет мүшелері батыл шешім қабылдауы керек екенін атап өтті

– Алдымызда тұрған мақсаттар өте маңызды. Ең бастысы, Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысын мұқият бақылауда ұстау қажет. Бұл орталықтың негізгі мақсаты – реформалардың тиімділігін арттыру. Мен осыған дейін Үкіметтің алдына нақты міндет қойдым. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер бойынша барынша дербес шешім қабылдануға тиіс. Нақты нәтижелерді талап етемін, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Президент министрлер мен басшыларды бірқатар міндеттерді назарда ұстауға шақырды.

– Атом электр станциясының құрылысын жеделдету керек. Мен Ana tili газетіне берген сұхбатымда екі үлкен станция салатынымызды айттым. Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
📣📣📣Биыл жұмысшы мамандық иелері қамқорлыққа алынбақ

Мемлекет басшысы 2025 жылды "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялаған болатын. Премьер-Министр Олжас Бектенов үкімет отырысында жұмысшы мамандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін көтерді. Оның ең маңыздысы - жұмысшы кадрлар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосу. Бұл - жұмысшы мамандар үшін көптен күткен қуанышты жаңалық. Баспана мәселесі – әр қазақтың басты уайымы болып тұрған кезде биыл талай жанның үйлі болуына мүмкіндігі бар деген сөз.


Одан бөлек, мемлекет тарапынан колледждерге бөлінетін қаржы екі есеге артты. Оның ішінде, көлік-логистикалық кешен саласында 25 жаңа мамандық пайда болады. Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізілмек.

✔️Тағы айта кетер мәселе, елімізде жұмыс берушілер өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлмейтіні анықталды. Салыстырып қараңыз, дамыған мемлекеттерде 48% жұмысшы басшылықтың есебінен белгілі мерзім сайын кәсібилігін дамытатын курстарға барып отырады екен. Ал біздегі жағдай бойынша бұл сан 6%-ға жетер-жетпес. Осыған байланысты Премьер-Министр бизнес иелерін жұмысшы кадрлардың біліктілігін арттыруға, оларды әлеуметтік қолдауға және лайықты еңбек жағдайларын жасауға күш салуға шақырды.

🖍️Сондай-ақ Астана қаласының әкімдігімен бірге Құзыреттер орталығын құру жоспарланып отыр. Үкімет басшысы бизнес, жұмыс берушілер, инвесторлар тарапынан да тиісті шаралар қабылдануы тиіс екенін, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры белсенді жүргізуі қажет екенін айтты.

Осылайша жұмысшы мамандарға жан-жақты қамқорлық көрсетіліп, олардың өмір сапасын арттыру жоспарланған. Ол осы жылдың бір реттік науқаны ғана емес, жүйелі түрде жасалатын ауқымды үрдіс болмақ.

Айбар Олжай, қаржыгер
Мемлекет басшысы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады

Асхат Хасенов:

➤ ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы жөнінде есеп берді:
– «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы өткен жылы мұнай және конденсат өндіру көлемін 23,8 миллион тоннаға жеткізді. Бұл – 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,3 пайызға артық;
– мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру үшін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы іске асырылып жатыр. Жоба әрбір кен орнындағы мұнай өндіру көлемін арттыруда сараланған әдістерді қолдануды қарастырады;
➤ былтыр мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 4 пайызға артып, 83,6 миллион тоннаны құрағаны жайында айтты:

❗️Кездесу соңында Президент геологиялық барлау жүргізуге, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға және мұнай-газ химиясын дамытуға қатысты жұмысты жүйелі жалғастыруды тапсырды.
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
✍️ Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер


Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
✉️ Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады

🔵Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

🔵Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Нұрлан Сауранбаев:

✔️Ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді;

✔️Негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты:

– Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құраған. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш, әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық;
– Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады.


✔️Ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы және транзит әлеуетін дамыту жөнінде берген Президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Түзетулердің бірінші блогы мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған, сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мақсатында әзірленген.

Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі.

«Келешек» жүйесі жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы көзделген қолданыстағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірге балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.

Түзетулердің екінші блогы креативті индустрияны қолдау, соның ішінде әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру тұрғысынан көмектесу шараларын қамтиды.

Бұдан бөлек, креативті индустрияны дамытуға ықпал ететін арнайы заңды тұлға («Креативті индустрияларды қолдау қоры») қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, креативті жобалар мен қызметтерді коммерцияландыру ісіне көмектесумен, сондай-ақ оларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады.

Сонымен қатар Уәкілетті органға (Мәдениет және ақпарат министрлігі) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті беріледі. Ал облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
📣📣📣Қазақстан мен Қырғызстан су мәселесін саясиландырмай, байыппен шешуге сөз байласты.

Ал өткен жылы Шу және Талас өзендеріндегі гидронысандарға қажетті қаржыландыру көлемінің өскені қос тарапқа да ұтымды болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген қырғыз әріптесі Жээнбек Кулубаевпен кездесу кезінде айтты.

Екі елдің ведомство басшылары келіссөз жүргізіп, биыл атқарылатын іс-шараларды пысықтады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарын мазмұнды әрі сапалы ұйымдастыруға уағдаласты. Қол қойылатын қомақты құжаттар тізімі пысықталды. Олардың ішінде 2025-2027 жылдарға арналған гидроэнергетика, БАҚ, туризм және мәдениет саласындағы жол карталары бар.

Сондай-ақ сауда айналымын 1,5 млрд-тан 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

“Сұхбат барысында су, энергетика және көлік-транзит салаларына айрықша көңіл бөлінді. Аталған тақырыптар төңірегінде ара-тұра осы мәселелер төңірегінде проблемалар туындап жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Дегенмен біз одан даңғаза жасамай, әр сұрақты байыппен, саясиландырмай, одақтастық және көршілес рухында шешуге сөз байластық. Және бұл сөзге берік боламыз деп ойлаймын”, - деді Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.
📣📣📣Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.