Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды.
✍️ Мемлекет басшысы «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы жан-жақты экономикалық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді және Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сингапур Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер


Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру шеңберінде елімізде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заң әзірленді. Құжат тендер өткізу рәсімдерін оңтайландыруға, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.
✉️ Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.

– Мұхтар Мұқанұлы ғибратты ғұмырын киелі сөз өнеріне арнаған, ұлттық әдебиетіміз бен тарихымыздың көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан заңғар тұлға еді. Төл руханиятымыздың төрге озуына, ұлт тарихнамасының тасқа басылуына өзінің алға қойған асыл мұратымен, қайтпас қажыр-қайратымен қалтқысыз еңбек сіңірді. Халық жазушысының қуатты қаламынан туған шығармалары, тарихи еңбектері, естелік-эсселері қалың оқырманның жүрегінен өз орнын тапты. Соңына бай әдеби мұра қалдырып, өнегелі өмір сүрген Мұхтар Мұқанұлының қайталанбас есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – делінген жеделхатта.
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады

🔵Мемлекет басшысы Sinovation Venture жасанды интеллект институтының президенті, доктор Ли Кай-Фумен кездесуде озық технологияларды енгізудің стратегиялық маңызын атап өтті. Сондай-ақ әлемдегі жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасу цифрлық трансформациядағы өршіл мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Кай-Фу жасанды интеллектті білім, денсаулық сақтау, энергетика және қоғамдағы басқа да түрлі салаларда пайдалану бойынша пікір алмасты.

🔵Қытай мен АҚШ елдерінде жасанды интеллект саласын дамытуда және бағдарламалық өнімдер әзірлеуде бай тәжірибесі бар Ли Кай-Фу Қазақстанның IT бастамаларды енгізу, бәсекеге қабілетті технологиялық экожүйе құру ісіндегі әлеуетін жоғары бағалады.
Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Нұрлан Сауранбаев:

✔️Ұлттық компанияның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп берді;

✔️Негізгі өндірістік көрсеткіштерде өсімнің оң қарқыны сақталып отырғанын айтты:

– Эксплуатациялық жүк айналымы 272 миллиард тонна-шақырымды құраған. Қазақстан-Қытай түйіспелері арқылы 32 миллион тонна жүк тасымалданды. Бұл – рекордтық көрсеткіш, әрі 2023 жылмен салыстырғанда 13,1 пайызға артық;
– Контейнерлік транзит 8,8 пайызға өсті. Тасымалданған контейнерлер саны 1,4 миллион жиырма пұттық эквивалентті құрады.


✔️Ірі инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысы және транзит әлеуетін дамыту жөнінде берген Президент тапсырмаларының орындалуы жайында баяндады.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды

Түзетулердің бірінші блогы мемлекеттен бастапқы білім беру капиталы, жыл сайын төленетін мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қарастырылған, сондай-ақ бес жастан асқан балаларды қамтитын «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу мақсатында әзірленген.

Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі.

«Келешек» жүйесі жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы көзделген қолданыстағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірге балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады.

Түзетулердің екінші блогы креативті индустрияны қолдау, соның ішінде әр облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын қалыптастыру, қатысушыларға өз өнімдерін коммерцияландыру тұрғысынан көмектесу шараларын қамтиды.

Бұдан бөлек, креативті индустрияны дамытуға ықпал ететін арнайы заңды тұлға («Креативті индустрияларды қолдау қоры») қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, креативті жобалар мен қызметтерді коммерцияландыру ісіне көмектесумен, сондай-ақ оларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады.

Сонымен қатар Уәкілетті органға (Мәдениет және ақпарат министрлігі) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті беріледі. Ал облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
📣📣📣Қазақстан мен Қырғызстан су мәселесін саясиландырмай, байыппен шешуге сөз байласты.

Ал өткен жылы Шу және Талас өзендеріндегі гидронысандарға қажетті қаржыландыру көлемінің өскені қос тарапқа да ұтымды болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген қырғыз әріптесі Жээнбек Кулубаевпен кездесу кезінде айтты.

Екі елдің ведомство басшылары келіссөз жүргізіп, биыл атқарылатын іс-шараларды пысықтады. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарын мазмұнды әрі сапалы ұйымдастыруға уағдаласты. Қол қойылатын қомақты құжаттар тізімі пысықталды. Олардың ішінде 2025-2027 жылдарға арналған гидроэнергетика, БАҚ, туризм және мәдениет саласындағы жол карталары бар.

Сондай-ақ сауда айналымын 1,5 млрд-тан 3 млрд долларға дейін ұлғайту жоспарланған.

“Сұхбат барысында су, энергетика және көлік-транзит салаларына айрықша көңіл бөлінді. Аталған тақырыптар төңірегінде ара-тұра осы мәселелер төңірегінде проблемалар туындап жатқанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Дегенмен біз одан даңғаза жасамай, әр сұрақты байыппен, саясиландырмай, одақтастық және көршілес рухында шешуге сөз байластық. Және бұл сөзге берік боламыз деп ойлаймын”, - деді Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу.
📣📣📣Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.
📣📣📣2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі

Авиациялық жобалар

✔️Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автомобиль жолдары

🖍️2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:

📍Қызылорда – Жезқазған (208 км)
📍Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км)
📍Қарағанды – Жезқазған (572 км)
📍Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км)
📍Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км)
📍Қызылорда – Сексеуіл (470 км)
📍Атырау – Доссор (86 км)
📍Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км)
📍Жаңаөзен – Кендірлі (156 км)
📍Петропавл қаласы айналма жолы (8 км)
📍Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км)
📍Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км)
📍Шымкент қаласы айналма жолы (48 км)
📍Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км)
📍Атырау – Шапай (136 км)
📍Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км)
📍Алматы – Үшқоңыр (48 км)
📍Бейнеу – Сексеуіл (736 км)
📍Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км)

🖍️Бұл жобаларды іске асыруға жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге  инвестиция көзделген. Қазір инвесторлар тарту жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.  

Темір жол және су көлігі

✨Темір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланған. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынады.

✅«Достық – Мойынты» жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар «Алматы айналма жолы» жобасы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ «Достық – Бескөл» және «Мойынты – Балқаш» учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Теңіз көлігі және Ақтау порты

🔻Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды, бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Бұл Қазақстанның халықаралық логистикадағы орнын нығайтып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға мүмкіндік береді.

✅Сонымен қатар портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.
📣📣📣Аптаның айшықты оқиғалары

📌 Үкіметтің негізгі шешімдері, кадрға қатысты мәселелер, ауыл шаруашылығын қолдау - өткен аптаның қорытындысы жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Өңірлік қажеттіліктерді ескере отырып, Жаңа мамандықтар атласын әзірлеу жүргізілуде, Ұлттық құзыреттер орталығы құрылды
 
🔸Олжас Бектенов еңбек заңнамасының сақталуына бақылауды күшейтуді, жұмысшы мамандар үшін ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үйдің жеңілдетілген бағдарламаларын іске қосуды тапсырды.
 
🔸Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Олжас Бектенов Президент тапсырмасы бойынша өңір активіне жаңа әкімді таныстырды. Облыс басшылығының алдына экономиканы әртараптандыру өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, көлік-логистикалық әлеуетті және АӨК дамыту бойынша міндеттер қойылды

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің ұжымына жаңа министр Ерлан Сәрсембаевты таныстырды. Еліміздің құқықтық жүйесін нығайту, «Заң мен тәртіп» қағидатын енгізу бойынша Әділет министрлігі ұжымының алдына Мемлекет басшысы қойған бірқатар міндеттер аталып өтілді.

🔸Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен шегірткеге қарсы күреске дайындық және көктемгі дала жұмыстарына әзірлік барысы қаралды. 2024 жылғы 29 қарашада басталған ерте қаржыландыру аясында бөлінген 100 млрд теңгенің 70 млрд теңгесі 671 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушісіне бағытталды.
 
🔸Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамына барлық орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, Парламент депутаттары және сарапшылар кірді.
 
🔸Премьер-министр Олжас Бектенов Sinovation Ventures төрағасы, жасанды интеллект институтының төрағасы Кай-Фу Лимен кездесті. Жасанды интеллектіні дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
📣📣📣Жұмысшы мамандығының беделін арттыру: негізгі шаралар мен бағыттар

🖍️
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова еліміздегі жұмысшы мамандығының беделін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты. Президент бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылын іске асырудағы басты қадамдардың бірі жаңа кәсіптердің өңірлік атластарын құру болды. Олар қазірдің өзінде тоғыз аймақтың жұмыс берушілерімен бірлесіп әзірленген, болашақта қандай мамандықтарға сұраныс болатынын анықтауға көмектеседі.

✔️
Қарағанды және Маңғыстау облыстарының әкімдері ауыл шаруашылығындағы дрондарды басқару және цифрлық технологиялар сияқты жоғары технологиялық салалар үшін кадр даярлау жоспарын ұсынып үлгерді.


«Біз жастарға қазір экономикамызға қажет жұмысшы мамандықтарының мүлдем жаңа деңгейі болатынын көрсетуіміз керек», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.


✔️
Әр аймақта 18 жоғары оқу орны, 20 колледж және бірқатар кәсіпорынды қамтитын Құзіреттер орталығы жұмыс істейді. Қазірдің өзінде 10 колледж халықаралық оқыту стандарттарын енгізіп, тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де жұмыс істеу үшін сертификатталған мамандар даярлай алады.

🖍️
Жұмысшы мамандықтары жылы шеңберінде мектептердегі кәсіптік бағдар беру тұжырымдамасы толығымен қайта қаралады. 7-11 сынып аралығындағы 100 мыңнан астам оқушы өз өңірлерінде сұранысқа ие мамандықтар көрсетілген арнайы курстан өтті. 91 ЖОО-да 900-ге жуық оқу бағдарламасы жаңартылды, 510-ы әзірленді.

Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысып, студенттерге практикалық дағдылар ұсына отырып, білікті кадрлар қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

🔻 Сондай-ақ вице-премьер энергетика саласында жыл сайын өндіріс қызметкерлері жалақысын 15%-ға арттыру жоспарланып отырғанын мысалға келтірді, бұл да жұмысшы мамандықтарының тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

«Егер құзіреттілік арта түссе, осы мамандықтарға қажеттілік туындап әрі біз оларды оқытатын болсақ, жалақы деңгейі де соған сай болады», — деп түйіндеді вице-премьер.
📣📣📣Бүгінгі Қазақстанның сыртқы саясаттағы белсенді әрі прагматикалық қадамдарының негізгі мақсаты барлық халықаралық платформалардың аясында тең әріптестік орната отырып, Ұлттық мүддемізді қорғау әрі халқымыздың бейбіт аспан астында өсіп-өркендеуін қамтамасыз етуден туындап отырғаны анық.

Соңғы бір жылдағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаның АҚШ-қа сапары, Германия, Франция мемлекеттеріне жасаған іссапарлар қорытындысымен қол қойылған келісімдер, жақында ШЫҰ-ның Астанада өткен саммиті, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кеңесі мен бүгінгі ежелден көршілес жатқан Ресей Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапары Қазақстанның прагматикалық, елеп-екшеген, өзара тең әріптестікке негізделген дана дипломатиясының бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл күрделі геосаяси шарттарда барлық тараппен ортақ мәмілеге келе отырып, Ұлттық мүддесін жемісті жүргізе білген Қазақстан сыртқы саясатының жемісі.


🔻Атап өту керек әлемдік ірі зерттеу орталықтары мен білікті мамандар еліміздің бүгінгі халықаралық қатынастағы қадамдарын ғылыми тұрғыда талдай келе Қазақстанды «Орта держава» мәртебесіне теңестіріп отырғаны да жасырын емес.

✅Осы орайда қоғамда талқыланып жатқан бір мәселеге де арнайы тоқталған жөн шығар. Әлемде Мемлекет басшыларының шетелге жасаған сапарлары мемлекеттік, ресми, жұмыс сапары деп бөлінеді. Дипломатияда мемлекеттік сапардың протоколы бойынша «Мәртебелі», «Жоғары мәртебелі» ағылшын тілінен алғанда «His excellency» сөздері қолданылады. Мұны барша әлемде қабылданған протокол, дипломатия тіліндегі қалыпты дүние ретінде дұрыс қабылдаған жөн деп ойлаймын.

✅Ең бастысы өзара келісімдер, тең әріптестік негізінде еліміздің мемлекеттік мүддесін прагматикалық қадамдармен сауатты қорғай білу, барша көршілерімізбен бейбіт әрі достық қатынасты сақтай отырып елімізді одан әрмен дамыту аса өзекті. Одан да маңыздысы бүгінгі тектоникалық мүдделер қақтығысы орын алған геосаяси шарттарда Қазақстан халқының бірлігі, ішкі тұтастығы, елдіктің тізгінін берік ұстап, тәуелсіздікті одан әрмен нығайта түсуі өзекті дүние.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, ортақ Отанымыз Қазақстанның іргесі берік болсын!

Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы
🇰🇿🇦🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.
🇦🇪 Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысуға келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

Сондай-ақ екі елдің ынтымақтастығын жоғары бағалап, Қазақстанмен арадағы саяси диалог пен экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтудің және бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды толық жүзеге асырудың маңызына тоқталды.

БАӘ Президенті Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыс 2025 жылы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеріліп, екі елдің дамуы мен өркендеуіне ықпал ететініне сенім білдірді. Ол халықаралық және аймақтық қауіпсіздік пен орнықты дамудағы өзекті мәселелерді шешуде Астананың үлесі зор деп санайды.
📣📣📣 «Президенттің бастамасымен жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жарияланды.

📍Бұл өте маңызды, өйткені кәсіпорындар мен біздің арамызда дуальды оқыту бойынша белгілі бір тәжірибе қалыптасқан. Біз әлеуметтік серіктестермен қарым-қатынасты өте жақсы дамыттық. Бұл бізге жыл сайынғы мониторинг жүргізуге, кімге қандай маман керегін, не дайындау керегін түсінуге көмектесті. Балалардың белгілі бір мамандық алуға деген қызығушылығы, әрине, әлеуметтік пакетке және деңгейін көтеруге дайындық жүргізілетін алаңға да байланысты. «Жас маман» бағдарламасының арқасында көптеген колледждер қажетті құрал-жабдықтар алды. Серіктестерімізбен бірлесе колледжімізге заманауи технологиялық жабдықтар сатып алдық. Олар тиімді түрде қолданысқа енгізілді. Қазіргі уақытта бізде 1 мың студент білім алып жатыр, оның 400-і жұмысшы мамандықтары бойынша дуальді оқыту жүйесімен оқиды. Олардың 60%-ы кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтеді. Біз мамандарды жұмыс берушілердің сұранысы бойынша дайындаймыз. Энергетика, машина жасау, теміржол және автомобиль көлігі сияқты салалар бойынша оқытамыз. Яғни, бұлардың барлығы өңірімізде сұранысқа ие мамандықтар», — деп атап өтті Петропавл машина жасау және көлік колледжінің директоры Анатолий Фурманюк.

📍 «Президент тарапынан бұл мәселеге көп көңіл бөлініп жатқанына өте қуаныштымыз. Біздің зауытта шынымен де жас мамандар жетіспейді. Әрі қарай даму үшін, үлкен көлемде жұмыстар атқарып, келісімшарттар жасауымыз керек. Бұған кадр даярлауға кететін уақытты қосыңыз. Біз қазір жас мамандарды шақырып,  оларды оқытудамыз. Өндірісте инженер, дәнекерлеуші, металл жонушы, тегістеуші секілді мамандар тапшы», — дейді Петропавл қаласындағы «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ бас директоры Алмас Нұрмағамбетов.