Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитінде cөз сөйледі

➤ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» саммитіне қатысты. Жиынға орнықты дамудың жаһандық сын-қатерлерін талқылау үшін әлем көшбасшылары мен сарапшылар келді.

– Бүкіл әлем бойынша парниктік газ шығарындыларының 75 пайызы энергетикалық жүйелерге тиесілі. Биоалуантүрліліктің 10 пайызы соның салдарынан жойылады. Осы тұрғыдан алғанда, Masdar, Total, Eni сияқты халықаралық серіктестердің Қазақстанда жалпы қуаты 43 ГВт болатын жасыл энергетика жобаларын жүзеге асыруға міндеттеме алуының мәні зор. Бұл бастама жалпыұлттық референдумда қолдау тапқан. Сонымен қатар Қазақстан әлемдік нарыққа аса маңызды шикізат түрлерін жеткізуге ұмтылып отыр. Ауаға тарайтын көміртегі мөлшерін азайту жөніндегі жаһандық мақсатты орындау үшін бұл материалдар өте қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
🇰🇿🇳🇬 Мемлекет басшысы Нигерия Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті

▪️«Абу Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті алаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Федеративті Республикасының Президенті Бола Ахмет Тинубумен кездесті.

▪️Мемлекет басшысы еліміз Африка құрлығындағы халық тығыз қоныстанған және ірі экономикасы бар Нигериямен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін жеткізді.

🇳🇬 Бола Ахмет Тинубу екіжақты қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге көтеру үшін бірлесе күш жұмсауға дайын екенін растады.

▪️Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

▪️Тараптар сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастықты дамыту перспективасын талқылады.

▪️Мемлекеттер басшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясындағы байланысты жандандыру маңызды екенін атап өтті.
📣📣📣Премьер-министр қысқы IX Азия ойындарына дайындық бойынша бірқатар тапсырма берді

📌 Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов бірқатар тапсырма берді.

✔️Туризм және спорт министрлігіне әкімдіктер, барлық мүдделі ұйым мен компанияларға – Қазақстан құрамасының Қытайда сәтті нәтиже көрсету үшін спортшыларымызға барлық жағдай жасау тапсырылды. Сыртқы істер министрлігіне ұлттық құрамаға дипломатиялық желі бойынша тиісті қолдау көрсету міндеті қойылды.

📌 Мәдениет және ақпарат министрлігіне қазақстандық спортшылар қатысатын Азия ойындарының үздіксіз әрі сапалы көрсетілімін қамтамасыз ету тапсырылды.

✔️Туризм және спорт министрлігі әкімдіктермен, Ұлттық Олимпиада комитеттерімен, федерациялармен бірлесіп, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына сапалы дайындық жұмыстарын барынша күшейтуі қажет.
Мемлекет басшысы Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахи мен ADNOC компаниясының қайта өңдеу және өткізу жөніндегі бас атқарушы директоры Халид Салминді қабылдады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Абу Дабиге жұмыс сапары аясында Masdar компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен кездесу өткізді.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан мен Masdar компаниясы арасындағы серіктестік жаңа әрі сапалы деңгейге көтерілгенін атап өтті. Президент компания өкілдерімен бірге Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясының құрылысын жүзеге асыруға қатысты келісімдерге қол жеткізілгенін айтты. Аталған ірі жобаға 1,4 миллиард доллар инвестиция салынады.

✔️Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи компанияның құрылыс жұмыстары бойынша жоспарымен бөлісті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Рамахи Masdar компаниясының Қазақстандағы қызмет аясын кеңейте отырып, жаңартылатын энергетика және цифрландыру салаларындағы маңызды жобаларды іске асыру жөнінде пікір алмасты.
Президент Abu Dhabi Ports Group бас директоры Мұхаммед Әл-Шамисимен кездесті

➤ Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективасы талқыланды, сондай-ақ көлік-логистика саласында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.

➤ Мемлекет басшысы көлік инфрақұрылымы мен тасымал дәліздерін дамыту еліміздің орнықты экономикалық өсімін қамтамасыз етуде және халықаралық сауданы жандандыруда ерекше рөл атқаратынын жеткізді.

➤ Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында ұдайы қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ Президентке «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен тиімді серіктестік орнатқаны туралы мәлімет берді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мұхаммед Әл-Шамиси бірлескен жобалардың табысты жүзеге асатынына сенім білдірді.
🇰🇿🇮🇹 Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

✔️Мемлекет басшысы «Абу Дабидің орнықты даму апталығы» алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтап, достас Италия халқының игілігі жолындағы мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

✔️Президент былтыр Римге жасаған ресми сапарын ықыласпен еске алып, соның нәтижесінде Қазақстан-Италия қатынастарының жаңа кезеңіне жол ашылғанын атап өтті.

✔️Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.
📣📣📣Бензин бағасы: Қазақстан қалай бағаны төмен ұстап тұр және бұның соңы неге әкеледі?

Кеше Мәскеуді аралап жүріп, «Роснефть» жанармай құю станциясындағы бензин бағасын байқадым да, ойланып қалдым. Біз жыл сайын Ресейден бензин мен дизель отынын сатып аламыз, бірақ Қазақстанда бензин бағасы Ресейден де төмен. Бұл қалай?


🔻Өзіңіз де бағамдап отырған шығарсыз, Ресей бізге жанармайды нарық бағасынан төмен бағамен сатуы екіталай. Сонда біз жанар-жағармайды Ресейден алып, сосын Қазақстанға сатып, айырманы мемлекет есебінен өтейміз бе?
Жауабын білу үшін басқа ТМД елдеріндегі және әлемдегі бензин бағасына үңілуді жөн көрдім.

Нәтижесінде:
(GlobalPetrolPrices сәйкес)
• Қазақстан: литріне 46,1 цент.
• Ресей: 58,6 цент.
• Беларусь: 74,5 цент.
• Қырғызстан: 82,5 цент.
• Өзбекстан: 99,5 цент.
• Армения: $1,33.
• Украина: $1,37.
• Литва: $1,51.
• Латвия: $1,60.


📍ТМД елдерінің ішінде бензин Қазақстанда әлдеқайда арзан, тек Түркіменстанда ғана баға мемлекет тарапынан субсидияланады. Салыстыру үшін айта кетейік, біздің қазақтар жақсы көретін Грузияда бір литр бензин 1,09 доллар, БАӘ-де 68,1 цент тұрады.
Яғни, Қазақстан әлемдегі ең арзан бензинге ие ел.
Бұл туралы біздің азаматтардың не айтатынын сезіп тұрмын. Біз мұнай өндіруші елміз, бұл жерде бензин арзан болуы керек, т.б. Бірақ ғафу етіңіз, Ресей бізден көп мұнай өндіреді, олардың бағасы Қазақстанға қарағанда 15% жоғары. Біріккен Араб Әмірліктері жалпы алғанда бензинді бізден 50%-ға жоғары бағамен сатады, бірақ олар бізден екі есе көп мұнай өндіреді. Және өндірістік құны біздікінен 4 есе төмен, ал жергілікті халқы 20 есе аз.
Қазақстанның мұнай өндіруші ел ретіндегі артықшылығы бар. Ол - өз ресурстарына қол жеткізу. Бұл ішкі нарықта бағаны төмен ұстауға мүмкіндік береді, бірақ қандай шығынмен десеңізші?

📍Елдегі жағдай өзгеріп, жанар-жағармай шығыны күннен-күнге артып келе жатқанын, кеңес заманынан бері 3 зауытпен ғана тоқтап қалғанымызды, сондықтан жанармай тапшылығын импортпен жауып жатқанымызды түсінуіміз керек. Біз тек бензинді ғана емес, дизельдік отын мен авиакеросинді де импорттаймыз.
Мысалы, 2023 жылдың ақпан-мамыр айлары аралығында Қазақстан «ҚазМұнайГаз» арқылы Ресейден 148 665 тонна дизельдік отын импорттаса, ҚТЖ тағы 150 мың тоннаны сатып алуға міндеттелді.
Нәтижесінде ресейліктерден бензинді 58,6 центтен сатып алып, оны өзімізге литріне 46,1 центтен сатады, яғни шығын 20 пайыздан асады. Бұл тұрақты төмен бағаны ұстап тұруға мүмкіндік береді, бірақ үлкен шығынға ұшыратады. Нәтижесінде бюджет есебінен жабылады.

🔸Демек, бензин бағасының төмен болуы мемлекеттің еңбегі екенін түсінуіміз керек. Бірақ бұны бәрі ұғып жүр ме екен?
Мен ұдайы бюджет тапшылығы туралы жазамын, бірақ бензинді, несиені, ауыл шаруашылығын, азық-түлікті, дүниедегі бардың бәрін субсидиялай беретін болсақ, тапшылықты қалай тоқтатады? Ең қызығы, азаматтар мұның бағасын білмейді, тіпті субсидиялардан халық бейхабар.

Дүниедегі бірде-бір мемлекет көршілерінен алғанын ішкі нарықта арзанға сатса, қарызсыз күн көре алмайтынын түсінетіндер кемде-кем. Иә, мемлекеттік бюджет шығынға ұшырайды, бірақ түптеп келгенде бұл шығындар мемлекеттік қарыздың деңгейін, яғни әрбір қазақстандықтың қарызын арттырады. Сонда ұрпағымызға қандай мұра қалдырамыз? Қарыздар ма?🤔
📣📣📣Жұмысшы мамандықтары жылы: Ақмола облысы дуальды оқыту арқылы мамандар даярлауда

🔸Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылы – еліміздің түрлі салаларындағы кадр тапшылығын шешу жолындағы маңызды қадам. Атап айтқанда, Ақмола облысында дуальды оқыту жүйесі арқылы мамандар даярлайтын оқу орындары қарқынды дамып келеді.


📍«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын бәріміз білеміз. Біз бұл маңызды шешімді қолдаймыз. Біздің өңірде білікті жұмысшы кадрлар тапшылығы бар. Осыған байланысты Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжі жетекші бірқатар кәсіпорынмен белсенді ынтымақтаса жұмыс істеуде. Біздің колледж түлектері Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл республика үшін де құнды маман болатынына сенімдіміз, ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосамыз», — деп атап өтті Щучинск қаласы Жоғары техникалық колледжінің директоры Әсел Рахымжан.

📍 «Жұмысшы мамандықтары жылы Ақмола облысындағы ветеринария саласында кадр тапшылығын жоюға көмектеседі. Біздің колледжде жұмысқа орналастыру көрсеткіші шамамен 88%-ды құрайды, бізге әлі де көп нәрсеге ұмтылу керек. Оқу орнымызда дуальды оқыту бойынша дайындық жүріп жатыр: студенттер білімін 60% тәжірибеде, 40% білім беру ұйымында шыңдайды. Бұл тәжірибелік дағдыларды алуға және оларды бекітуге ғана емес, сонымен қатар кейіннен жұмысқа орналасу арқылы кәсіпорындарда ақылы тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Осылайша облысымызды кадрмен қамтамасыз етуге тырысудамыз», — деді Ақмола облысы Ветеринария және биотехнология жоғары колледжінің директоры Айнұр Жансейітова.
📣📣📣Экономикалық блок жаңа рельске түспек

Қазақстан экономикасын өзгерістер күтіп тұр. Оның анонсын Премьер-Министр Олжас Бектенов өткен күндері жайлап айтып кеткен болатын.


«Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Президент Үкіметтің басты міндеті – ел экономикасының өсуін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Біз экономиканың қарқынды өсуін қамтамасыз етуіміз керек. Осыған байланысты Серік Макашұлының басшылығымен Үкіметтің экономикалық блогы сарапшылар тобымен бірлесіп, бюджет-салық және тарифтік саясатты реформалаудың жаңа тәсілдерін пысықтауда. Бұл тәсілдер әлеуметтік қамсыздандыру саласын да қамтитын болады. Аталған тәсілдер сарапшылар қауымдастығымен егжей-тегжейлі талқыланғаннан кейін жақын арада ұсынылады», – деген еді Олжас Бектенов.

✔️Бұл жаңалықтар Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылуы ғажап емес. Бюджет-салық және тарифтік саясатқа келсек, сонғы жылдары Қазақстан тарифтерді нарықтық ортаға шығаруға бет алғанын көреміз. Сонда ғана тарифтерден түскен қаржының бір бөлігі ескіріп жатқан энергетикалық және коммуналды құрылғыларды жаңартуға жететін болады. Әйтпесе ол инфрқұрылымды жаңалауға бюджетте мүмкіндігі жоқ.

📍Бюджет-салық саясатына қатысты, салық түсімдерін болжауда жаңа әдістер енгізілуі мүмкін. Экономикалық блокта осы жоспарлы болжам бойынша проблема бар екенін көрдік. Блоктық бюджет пен контрциклды бюджет саясатына көшу туралы айтылса, негізгі жаңалық осы болар еді.

Қалай болғанда да, Үкіметтің экономикалық саясаты диверсификацияға, өңдеу өнеркәсібін көбейту мен бюджетті мұнайға деген тәуелділіктен арылтуға негізделген. Бұл өте дұрыс бағыт. Мұнай шикі күйінде экспортқа емес, бізде өңделіп, одан пластик, түрлі қоспалар жасалатын деңгейге жетсек, әлемдік шикізат нарығындағы бағалар мен экспортты құбырлардың қауіпсіздігіне елеңдеп отыруды қоямыз.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту және баспана қолжетімділігін арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекет басшысының Ana tili газетіне берген сұхбатында айтқан тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс барысы қаралды. Кеңеске Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің, «Отбасы банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшылығы қатысты.

🔸 «Отбасы банкін» даму институтына айналдыру және саланы одан әрі дамыту үшін жеке қаражатты тарту жөніндегі жұмысты жандандыру тәсілдері, сондай-ақ жеңілдікті бағдарламаларды қаржыландыру, оның ішінде өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерін қолдау және жаңа өнімдерді шығару бойынша ұсыныстар талқыланды. Бүгінде «Қаражанбасмұнай», «Шұбаркөл көмір», «Еуроазияттық энергетикалық корпорация», «ССКӨБ», «Қазхром» ТҰК», «Қазақстан алюминиі», «Қазақстан электролиз зауыты» сияқты ірі кәсіпорындар және басқа да ұйымдармен жұмысшы кәсіп мамандары отбасыларының тұрмысын жақсарту жұмыстары басталды.

📍Премьер-министр Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарға арналған ипотекалық және жалға берілетін жеңілдікті тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін атап өтті. Банктің трансформациясы оның «бір терезе» қағидаты бойынша мұқтаж азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмысын күшейтуге және жалпы алғанда еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.

✔️Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің деректері бойынша, 2024 жылдың қорытындысында Қазақстанда рекордтық 18,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға артық. Саланың нақты көлем индексі бір жылда 113,1%-ды құрады. 2029 жылға қарай 111 млн шаршы метрге жеткізу жөніндегі Президент қойған міндеттерді орындау бойынша жұмыс жүргізілуде.

🔻Мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде азаматтарға жалға берілетін, несиелік баспанамен қамтамасыз етуі, «2-10-20», «5-10-20» және басқа да бағдарламалар іске асырылуда. 2024 жылы «Отбасы банкі» 1,29 трлн теңге сомасында 71 452 несие берді, оның 39,8%-ы бастапқы тұрғын үй сатып алуға арналған. «Отау» және «Наурыз» бағдарламалары бойынша жалпы 251,9 млрд теңгеге 10 003 қарыз берілді.
Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаевты қабылдады

Ақылбек Күрішбаев:

➤ Ұлттық ғылым академиясының былтырғы атқарған қызметінің негізгі нәтижелері жөнінде баяндады;

➤ 2024 жылы отандық ғылымның жағдайын бағамдап, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындау мақсатында жүргізілген кешенді жұмыс жөнінде мәлімет берді:
– былтыр бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру көзделген 113 ғылыми-техникалық тапсырмаға сараптама жүргізілген, сондай-ақ 3 интеграцияланған пәнаралық ғылыми-техникалық бағдарлама әзірленген.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ғылымның әлеуетін арттыру үшін одан әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды. Таяуда Ұлттық ғылым академиясына Президент жанындағы жоғары ғылыми ұйым мәртебесін беретін Жарлыққа қол қойылды. Үкіметке аталған Жарлықты жүзеге асыруға қатысты құқықтық мәселелерді жеделдету туралы тапсырма берілді.

❗️Мемлекет басшысы Ұлттық ғылым академиясына бірқатар міндет жүктеді.
Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Асхат Жұмағали:

✔️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің елімізде қабылдаған шаралары туралы есеп берді;
✔️Антикор қызметінің биылғы жоспары, соның ішінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру жөніндегі негізгі міндеттерін таныстырды;
✔️былтыр 1641 жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, жүйелі түрде жемқорлық жасаудың 68 фактісі анықталғанын жеткізді. Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленіп, сонымен қатар екі топқа үкім шығарылған. Сыбайлас жемқорлыққа жол берген 1493 адам ұсталған. Олардың ішінде түрлі деңгейдегі 229 басшы бар. 914 адам сотталған;
✔️агенттік 2022 жылдан бері мемлекетке жалпы сомасы 1,12 триллион теңгеге бағаланған мүліктік активтер мен қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз еткенін айтты.

❗️Мемлекет басшысы еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күресті одан әрі жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

📞 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестікке оң баға берді.

➤ Ең алдымен энергетика, қаржы және инвестиция салаларындағы жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді тиімді іске асыруға баса назар аударылды. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі жандандыру үшін бірлескен жұмысты жалғастырудың маңызына ден қойылды.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Виктор Орбан қазіргі жаһандық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты күшейтуге бейіл екендерін растады.

➤ Әңгімелесу соңында Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін Қазақстанға сапармен келуге шақырды.
📣📣📣Бүгін, 2025 жылдың 18 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толды.

Бұл маңызды құжатқа 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде екі елдің президенттері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.

Осылайша шамамен 7500 шақырымға созылатын ортақ шекараны делимитациялау процесі аяқталып,
Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардағы маңызды кезең басталды. Бұл - әлемдегі ең ұзын әрі үздіксіз жалғасқан құрлықтағы шекараға айналдырды.


✔️Бұл келісімге қол қою екі елдің аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы қағидаттарына адалдығын растады. Одан әрі ынтымақтастықтың негізін қалады.

Кейінгі жылдары Ресей мен Қазақстан өзара сенім мен құрметтің арқасында, қарым-қатынастарын нығайтып келеді.

Тұрақты кездесулер мен жоғары деңгейдегі келіссөздер туындаған мәселелерді жедел шешуге және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға ықпал етеді.

📍2013 жылы 21 ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шартқа қол қойылды. Ол бұрын қол жеткізілген келісімдердің заңды жалғасын және екі ел арасындағы әріптестіктің стратегиялық сипатын растады.

🖍️Экономикалық ынтымақтастық 2021 жылғы 29 сәуірде бекітілген Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Үкіметтері арасындағы Экономикалық ынтымақтастықтың 2021–2025 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының арқасында да жаңа серпін алды. Бұл бағдарлама сауда-экономикалық байланыстарды, инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға және инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға бағытталған.

🔸Ресей мен Қазақстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстар нығая түсуде. Бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылым мен өнер саласындағы алмасулар екі ел халықтарының өзара түсінісуі мен қарым-қатынасына ықпал етеді.

🖍️Мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуын тойлай отырып, Ресей мен Қазақстан арасындағы жан-жақты және өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытудың берік іргетасы қаланды деп сеніммен айта аламыз.

Біздің ынтымақтастығымыз аумақтық тұтастық пен мемлекетаралық қатынастарға қатысты мәселелерді тиімді және бейбіт жолмен шешудің үлгісі, екі мемлекеттің одан әрі гүлденуі мен қауіпсіздігінің кепілі болып саналады.
🇰🇿🇷🇺Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың қабылданғанына 20 жыл толуымен құттықтады

✉️Қасым-Жомарт Тоқаев 2005 жылы 18 қаңтарда Мәскеуде қол қойылған Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа 20 жыл толуына орай Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады.

– Жалпыға бірдей халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алған бұл тарихи құжат әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасын құқықтық тұрғыдан рәсімдеуге берік негіз қалады және елдеріміздің мызғымас достығының, тату көршілік пен одақтастық қатынастарының символына айналды, – деп жазылған Қазақстан Президентінің жеделхатында.


Мемлекет басшысы көршілес екі елдің сан қырлы ынтымақтастығы алдағы уақытта да дамып, беки түсетініне сенім білдірді.
📣📣📣Мызғымас шекара - ашық аспан кепілі

Бүгін еліміздің Ресеймен іргесін халықаралық норма бойынша бекітіп алғанына 20 жыл толды. Дәл осы күні Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойылған болатын. Шарт өзін ақтап келеді және Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Әзірбайжанмен шекараларды БҰҰ халықаралық нормаларына сай тастай қылып алғанымыз - 2019 жылға дейінгі биліктің ең ауыз толтырып айтар шаруасы болды.


✔️Не десек те, географиядан аттап өте алмаймыз. Ресей алып ел. Теріскейде іргелес жатыр. Тарыдай шашылып қалмауымызға жылдар бойы дана дипломатиямыз сеп болып келеді. Алып көршімен шекіспей, қайда іргелестіктің пайда әкелер тұсын іздеп, барынша тырысып келеміз.

Шекаралас әріптестік өте тығыз, себебі құрлықтағы ең ұзын осы шекараны бойлай 32 миллион адам тұрады. Экономикалық, өнеркәсіктік, сауда және инфрақұрылымдық байланыстар біте байланған. 2024 жылдың 9 айында ресейлік инвестициялар ағыны 2,8 миллиард АҚШ долларын құрады. Ресейлік бизнестың отандық экономикадағы күрт артты. Бүгінде Қазақстанда 24 мыңға жуық ресейлік компания жұмыс істейді. Оның 4 мыңы өткен жылы ашылған.

📍Қазақстан бұдан профит пен дивиденд ала бастады. Енді арнаулы валюталық режим іске қосылып, ЕАЭС баж салықтары үлесін көбейте алсақ, онда біз алатын плюстер көбейері хақ.

🔻Энергетикамызға Ресей үш ТЭЦ салып, Екібастұз ГРЭС-ін жаңғыртып, еліміздің бірқатар өңірлерін газдандыру арқылы қатысуда. Атом энергетикасы бойынша әріптестікте перспективасы сақталып отыр.

Шекара бойынша келісімге 20 жыл толды. Осы келісім мәңгі болсын және ешқашан бұзылмасын деп тілейміз.

Айбар Олжай, қаржыгер
📣📣📣АШМ: Картоп қоры ішкі қажеттілікті толық қамтамасыз етуге жеткілікті
 
📌 Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері елдегі картоп нарығындағы қалыптасқан ахуалға тұрақты түрде бақылау жүргізуде.

🔸
Көрші елдердің, әсіресе Өзбекстан тарапынан сұраныстың артуына және экспорттық бағаның жоғары болуына байланысты биыл картоп экспорты 1,5 есеге, яғни 411 мың тоннадан 605 мың тоннаға дейін өсті. Картопқа деген аса жоғары сұраныс ішкі нарыққа әсер еткені атап өтілді. Мәселен, соңғы аптада экспортқа бағытталған өндірушілер арасында бағаның күрт өсуі (170 теңгеден 270 теңгеге дейін) тіркелді.

📍
Осыған байланысты, ішкі нарықтағы картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында 2025 жылғы 18 қаңтарда өткен Сауда қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында картопты үшінші елдерге әкетуді 6 ай мерзімге шектеу туралы шешім қабылданды. Бұл шара ЕАЭО елдеріне қолданылмайды, алайда бұл бағыттағы экспортқа бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар қалыптасқан жағдайды ескере отырып, биылғы 16 қаңтарда экспортқа фитосанитариялық сертификаттар беру толығымен тоқтатылды.

➡️
Қабылданған шаралар картоп бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге және нарыққа қатысушылар тарапынан алыпсатарлық әрекеттерге жол бермеуге бағытталған.

📍
Сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігінің аумақтық органдары монополияға қарсы органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесе отырып, жағдайға күшейтілген қадағалау жүргізеді және сауда қызметі мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда олар нарыққа қатысушыларға шұғыл ықпал ету шараларын қабылдайды.

➡️
ҚР АШМ деректері бойынша, бүгінгі таңда қолда бар қорлар 2025 жылғы ерте егін жинау науқанына дейін ішкі қажеттілікті толық жабу үшін жеткілікті. 19 қаңтардағы жағдай бойынша қорлар сауда желілеріндегі қорларды есепке алмағанда 850 мың тоннадан асады (картоп өсірушілер қауымдастығы бойынша 600 мың тонна, тұрақтандыру қорларындағы 68 мың тонна, жеке қосалқы және шағын шаруашылықтардағы жертөлелерде 200 мың тоннадан астам).
 
Анықтама үшін:
2024 жылы картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тоннаны құрады (оның ішінде ерте өнім - 300 мың тонна). 2024 жылы импорт 56 мың тоннаны құрады. Нарыққа тарату үшін картоптың көлемі 2024 жылдың тамыз айынан бастап 2,6 млн тоннаны құрайды, халықтың жалпы қажеттілігі – 1,5 млн тонна (оның ішінде қалалық 954 мың тонна) ерте егін жинау науқанына дейін (қаңтар-сәуір). 2024 жылғы тамыздан желтоқсанға дейін – 844 мың тонна, экспортталды – 620 мың тонна (2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейін). 2025 жылға арналған болжамды тұтыну көлемі (қаңтар-сәуір) – 675 мың тонна.
📣📣📣Үкіметтің тағы бір бақытқа бөлеуі: Баспана алуға қатысты мемлекет бағдарламаларында салық шегерімдері ашылды

Осыдан төрт жыл бұрын Салық кодексінде ортақ ипотекаға арналған салық шегерімдерінің күшіне енуі 2025 жылға дейін кейінге қалдырылған болатын. Ол уақытта шегерім тек тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша жұмыс істеп тұрды. Енді, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бері шегерім барлық ипотеканы қамтиды. Оның ішінде "7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекалары да бар.


✔️Шегерім сізге айлықтан төленетін жеке табыс салық мөлшерін қысқартып, қолыңызға көбірек жалақы алуға мүмкіндік береді. Сәл де болса үнемдейсіз. Ай сайын ипотекаға төлейтін соманың ішіндегі банк проценті осы шегерім ішіне кіреді.

📍Мысалы, сіздің жалақыңыз (оклад) 400 000 теңгені құрайды дейік.
Одан алынатын зейнатақы жарнасын есептейік: 400 000 / 10% = 40 000 теңге.
Ал сізден алынатын жеке табыс салығы былай есептелінеді: (Жалақы – зейнетақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш) / 10%. Тиісінше ол (400 000 – 40 000 – 85 000) / 10% = 27 500 теңге.


Сонда 400 мың теңге айлығыңыз болса, сіз 27 500 теңге табыс салығын (ИПН) төлейсіз, 40 000 теңге зейнетақы қорына кетеді, 8 000 теңге ОСМС алынады, ал қолыңызға тиетіні 324 500 теңге.

🖍️Енді, егер сіз ай сайын ипотека төлеп отырсаңыз, салық шегерімдері арқылы қандай сома үнемдейтініңізді есептеп көрейік.

Мысалы, сіз 4 жыл бұрын «7-20-25» ипотекасын алғансыз. Қазір төлеп жүрсіз дейік:
Пәтер құны — 20 000 000 теңге
Алғашқы жарна — 20% — 4 000 000 теңге
Несие мөлшері - 16 000 000 теңге
Төлем типі - аннуитет
Проценті - 7%
Несие мерзімі — 15 жыл.

Айына төлейтін ипотекаңыз 143 800 теңге. Оның ішінде шамамен қазіргі уақытта (180 айдың 60 айы өткеннен кейін) банк проценті 72 000 теңгедей болуы тиіс. Ай сайын ол шамамен 450 теңгеге азайып отырады.

Енді салық шегерімін іске қоссақ, қанша сома үнемдейміз?

Оклад – зейнатақы жарнасы – 1 төменгі айлық көрсеткіш — ОСМС - ай сайынғы ипотекалық төлемнің ішіндегі банк сыйақысы) / 10%, демек (400 000 – 40 000 – 85 000 – 8 000 - 72 000) / 10% = 19 500 теңге. Бұл біз төлейтін жеке табыс салығы. Оның алдындағы 27 500 салыққа қарағанда 8 000 теңгеге аз. Демек қолымызға енді 332 500 теңге тиіп отырады. Шегерімге дейін қолға 324 500 алып келген едік.

🔻Сонымен, егер ипотекалық шегерімдерді іске қоссақ, онда біз айына дәл қазір 8 000 теңгедей үнемдейміз. Бірақ ай сайын банк сыйақысы 450 теңгеге азайып отыратынын ескерсек, біздің үнемдеуіміз де ай сайын шамамен 45 теңгеге қысқарып отырады.

Егер сіз ресми бір жерде жұмыс істеп, айлық алатын болсаңыз, және "7-20-25" немесе "Баспана хит" ипотекасы төлеп жүрсеңіз, осы қарыз келісім-шартын, оның ішіндегі графикті бірге алып, өз бухгалтерияңызға барыңыз. Онда салық шегеріміне өтініш жазасыз. Бухгалтеріңіз сізге ай сайын шегерім есептеп отыратын болады.

Бұл тек мен айтқан ипотекаларға ғана емес, жалпы банк ипотекасына қатысты. Ақшаңыз мол, баспанаңыз кең болсын!

Айбар Олжай, қаржыгер
Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді

Астана қаласының әкімдігі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған төлемақы мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.

Қазіргі таңда елордада 6 ардагер тұрып жатыр, олардың әрқайсысы бұл қаржылай қолдауды алады.

Сонымен қатар, соғыс жылдарында ерен еңбек сіңірген және әскери міндетін атқарған азаматтарға да төлемақы қарастырылған:

- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 45 АЕК (176 940 теңге);
- Шет мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысушыларға 45 АЕК (176 940 теңге);
- Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жұбайларына 15 АЕК (58 980 теңге).