Астанада ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді
Астана қаласының әкімдігі Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған төлемақы мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайтты.
Қазіргі таңда елордада 6 ардагер тұрып жатыр, олардың әрқайсысы бұл қаржылай қолдауды алады.
Сонымен қатар, соғыс жылдарында ерен еңбек сіңірген және әскери міндетін атқарған азаматтарға да төлемақы қарастырылған:
- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға 45 АЕК (176 940 теңге);
- Шет мемлекеттер аумағындағы әскери қимылдарға қатысушыларға 45 АЕК (176 940 теңге);
- Тыл еңбеккерлері мен ҰОС ардагерлерінің жұбайларына 15 АЕК (58 980 теңге).

📣📣📣📣 Еңсебеков ісінде 11 жыл сотта мүдделерін қорғау бойынша тәжірибесі бар заңгер ретінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес қылмыс бар деп есептеймін.
Әнде қорлау көп. Сондықтан тәртіп сақшыларының әрекеті заңды.
Досым Сәтбаев және оны қорғап сөйлейтіндерге сауалым: әндегі «орыстар» сөзін «қазақтар» деп ауыстырса, ұнай ма? Әннің қай жері күлкілі?
🔻Меніңше, оның жазбаларында «Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату» бабына жататын элементтер де бар. Өкініштісі, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша айып тағуға батылымыз жетпеді…
Бұл әзіл не сын емес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған арандатушылық.
Еңсебековке «йоу Орыстар» әнін көпшілік алдында орындағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша айып тағылып отыр. Әннің өң бойы орыс халқын қорлаудан тұрады.
174-бапта бүй дейді: «Әлеуметтік, ұлттық алауыздық тудыру, т.б., сондай-ақ тапқа, ұлтқа қатынасы негізінде олардың ерекшелігін, артықшылығын немесе төмендігін насихаттау әрекеттері жария түрде жасалса...»
Әнде қорлау көп. Сондықтан тәртіп сақшыларының әрекеті заңды.
Досым Сәтбаев және оны қорғап сөйлейтіндерге сауалым: әндегі «орыстар» сөзін «қазақтар» деп ауыстырса, ұнай ма? Әннің қай жері күлкілі?
🔻Меніңше, оның жазбаларында «Көпе-көрнеу жалған ақпарат тарату» бабына жататын элементтер де бар. Өкініштісі, Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша айып тағуға батылымыз жетпеді…
Бұл әзіл не сын емес, бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған арандатушылық.
📣📣📣Президент белгілі жазушы Төлен Әбдікке жеделхат жолдады
✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдікке «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған сұхбатына орай жеделхат жолдады.

– «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатыңызды мұқият оқып шықтым. Өзекті ой-толғамдарыңыз арқылы ұлт руханияты үшін құнды дүниелер айтылған. Төл әдебиетіміздің даму көкжиегіне қатысты сын-пікірлеріңіз бен жас буынға қарата айтқан ақыл-кеңестеріңіз орынды деп санаймын. Шын мәнінде, жаһанды жайлаған қазіргідей құбылмалы заманда жазушылар қауымы көркем туындылары арқылы әділдік, жақсылық және адамдық құндылықтарын кеңінен дәріптегені жөн. Бұл еліміздің келешегі үшін өте маңызды. Қаламыңыз қарымды болсын! Сізге мықты денсаулық, бақ-береке және толайым табыс тілеймін! – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады
Ермек Сағымбаев:
➤ ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндады;
➤ ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді;
➤ арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтты;
➤ халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы жеткізді.
❗️Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың 47-ші Президенті Дональд Трампқа жеделхат жолдап, оны 20 қаңтарда Вашингтонда өткен ұлықтау рәсімінде АҚШ Президенті қызметіне ресми түрде кірісуімен құттықтады
✉️Жеделхатта Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының энергетика, ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығы одан әрі табысты дамитынына сенім білдірілген.

📣📣📣Президентіміздің «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында әрбір азаматымызды толғандыратын бірнеше маңызды тақырыптар көтерілді.
Осы заңдардың қайсысы ел үшін негізгі іргетас болып қаланады және олар біздің өмірімізді қалай өзгертеді?
1. Әйелдер мен балаларға зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазаны қатайту.
Ең бастысы, балаларға қарсы қылмыстар үшін жаза қатайтылды. Кәмелетке толмаған баланы зорлағандар үшін жалғыз жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру, бұрын балама ретінде 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған еді.
16 жасқа толмағандарды жыныстық қудалау және өзін-өзі өлтіруге үгіттеу үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Кәмелетке толмағандарды қорлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді.
2. «Келешек» Бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін құру
Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға болашақта техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ақысын төлеуге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға бөлінеді.
3. 💵 ❌ Азаматтардың қарызын азайту
Азаматтардың қарызын азайтуға бағытталған заң қабылданды. Азаматтардың қарыздарының өсуіне жол бермеу мақсатында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға кепілсіз тұтынушылық несие беруге тыйым салынды.
2026 жылдың 1 мамырына дейін банктер мен микроқаржы ұйымдарына жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторларға аударуға тыйым салынады.
Алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында онлайн несиеге міндетті биометриялық сәйкестендіру енгізілді.
Алаяқтардың ықпалымен алынған несиелер бойынша қарыз алаяқтық фактісін растайтын сот қаулысы болған жағдайда есептен шығарылады.
4. Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау және әлеуметтік кепілдіктер күшейтілді.
5. Балалар мен жастар арасында нағыз індетке айналып бара жатқан вейптерді сатуға және таратуға тыйым салынады.
6. Есірткі өндіруге қатысты жаза қатайтылды. Бұл әрекет 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айырумен жазаланады.
7. Құмар ойындарға тәуелділікпен күресу
2024 жылы құмар ойындарға тәуелділікпен күресу туралы заң күшіне енді. Мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуы шектелген.
Ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қызметін реттеу тетіктері күшейтілді.
Букмекерлік кеңселер мен букмекерлік компанияларды жарнамалауға шектеу қойылды.
Қазақстан зиянды әдеттерден ада, дені сау ұлт құру жолын таңдады.
8. 2024 жылы бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіргені үшін жаза қатайтылды.
Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, жалпы пайдаланатын аумақтарды және т.б. 50 АЕК (бұрын 20 АЕК) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 5-тен 20 тәулікке дейін (бұрын 15 тәулікке) әкімшілік қамауға алу.
Сондай-ақ, «Қоғамдық аумақтарды ластағаны үшін» айыппұлдар өсірілді.
9. 👨⚖️2025 жылдың 1 шілдесінен бастап үш тәуелсіз кассациялық сот – қылмыстық, әкімшілік және азаматтық істер бойынша өз қызметін бастайды.
Кассациялық қарау кез келген алдын ала қараусыз барлық өтініштерге қатысты болады.
Сонымен қатар, 2027 жылғы 1 шілдеден бастап жеке тұлғалардың мүліктік мүдделеріне қатысты даулар бойынша, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар мен жеңіл емес қылмыстар бойынша шектеулер жойылады.
2024 жыл өзгерістер жылы болды, қабылданған шаралар қуатты Қазақстанды құрудың іргетасы болатынына сенімдімін.
Әңгіме қағаздағы өзгерістер туралы емес, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын және болашағын болжауға болатын қауіпсіз және әділ қоғам құруға бағытталған нақты қадамдар туралы болып отыр.
Өйткені, нағыз ілгерілеу әділ заңдардан басталады!
Жаңа заңнамалық бастамаларға қатысты сауалдарға Президент өткен жылы қабылданған әрбір заңда азаматтардың құқықтарын қорғауға және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзгерістер баршылық екенін атап өтті.

anatili.kazgazeta.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттары...
📣📣📣Үкіметте ІТ-қызметтері экспортын дамыту мәселелері қаралды
📌 ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ІТ-қызметтер мен өнімдер экспортын дамыту мәселелері қаралды.
📍Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды.
🖍️Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.
📍Премьер-министр ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруді тапсырды.
📍Венчурлық қор құру рәсімдерін жеделдету қажеттігіне ерекше назар аударылып, қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізілді, осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және лицензиялау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.

«Мемлекет басшысы 2026 жылға қарай IT-экспортының жалпы көлемін $1 млрд-қа дәйін жеткізу міндетін қойды.
IT-қызметтер мен өнімдер экспортын ұлғайту бойынша алдағы жұмыстарда өңірлердегі акселерация бағдарламаларын дамытуға және серіктес-инвесторлар қатарын кеңейтуге баса назар аудару керек. Осы саланың қозғаушы күші өңірлік IT-хабтар мен венчурлік қорлар болуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
📍Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Astana Hub және Қарағанды террикон алқабының үлгісі бойынша өңірлік IT-хабтарды қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу міндетін қойды. Әкімдіктерге қаржыландыру мәселесін жедел шешу тапсырылды.
🖍️Үкімет отырысы барысында ІТ-компаниялары өкілдері: Netcracker Technology компаниясы кеңселерінің техникалық директоры Павел Городов, Higgsfield АІ компаниясының бас директоры Ерзат Дулат, Grand Mobile бас директоры Роман Линейцев сөз сөйледі.
📍Премьер-министр ІТ-қызметі қызметтер мен өнімдер экспорттауға бағытталған IT-компаниялар үшін мемлекеттік қолдау шараларын өзектендіруді тапсырды.
📍Венчурлық қор құру рәсімдерін жеделдету қажеттігіне ерекше назар аударылып, қор көлемі 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа дейін жеткізілді, осыған байланысты Цифрлық даму министрлігіне наурыз айының соңына дейін Qazaqstan Venture Group басқарушы компаниясын құру және лицензиялау жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Сонымен қатар ғылыми және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу рәсімдерінің барлығын цифрландыру міндеті қойылды. Премьер-министр тиісті платформа қазір жұмыс істеп тұрғанына назар аударды. Мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосу қажет. Нәтижесінде, бұл отандық инновациялық әзірлемелерге деген сұранысты арттырып, олардың халықаралық нарықтарға шығуына ықпал етеді.
Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Асламбек Мерғалиев сот жүйесі қызметінің былтырғы қорытындысы туралы баяндады:
📌Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сотқа дейінгі татуласу рәсімдері көптеп қолданылып жатыр;
📌Алқабилердің құзыреті кеңейді, олар қарайтын істердің саны (147-ден 261-ге дейін) 2 есеге өскен;
📌Материалдар мен істердің үштен бір бөлігі, яғни 2 миллион істің 665 мыңы роботты техниканы қолдану арқылы қаралған.
Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігін қамтамасыз етудің және қоғамның соттарға сенімін арттырудың маңызын атап өтті.

Қазақстандық IT-қызметтер экспорты $470 млн-нан асты
🔸Қазақстан 2024 жылдың 9 айында $471 млн-ға IT-қызметтерді экспорттады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі хабарлады. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26%-ға артық. Дегенмен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша одан да жоғары сандар күтілуде. Ведомствоның болжамы бойынша, IT-қызметтер экспортының сомасы шамамен $700 млн-ды құрауы мүмкін.
🔻Қазақстанның IT-экспортын ілгерілетуде Astana Hub басты рөл атқарады. Ондағы резиденттер саны 1,5 мың компаниядан асты, оның ішінде 400-і халықаралық компания. Олардың жалпы кірісі 2024 жылы 620 млрд теңгені құрады. Бұл ретте экспорттан түсетін табыс – 227 млрд теңге, яғни $479 млн.
✔️Astana Hub резиденттерінің экспорттық географиясы 90-нан астам елді қамтиды. Astana Hub резиденттерінен басқа «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның GovTech өнімдері алғаш рет экспортқа шықты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
➤ «Ақорда» резиденциясында тоғыз елдің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
➤ Сенім грамоталарын Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қытай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.
➤ Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді.
➤ Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.

📣📣📣Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді
➤ Отырыс барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
➤ Сонымен қатар Премьер-Министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов және бірқатар өңірдің әкімдері баяндама жасайды.

📣📣📣Қазақстандықтар жыламсырап, қайғыға батуды доғарғаны жөн! Жұмыс көп. Өзбекстаннан келген мигранттар бізге қалай жұмыс істеу керектігін көрсетіп жатқанда, азаматтарымыз арыздануға бейіл.
Сіз оның маған не деп жауап бергенін білесіз бе?
- “Сіз не деп тұрсыз? Бізді адам деп санамайсыз ба? Менің күйеуім аула сыпырушы болып жұмыс істемейді!” деді өктем үнмен.
Мен оған әдептен жат жұмыс ұсынғандай кейіппен ақшаны алды да, кетіп қалды.
🔻Бүгінде Қазақстанда Өзбекстаннан келген 322 мың еңбек мигранты еңбек етсе, халқымыз жұмыс таба алмай жүргенін айтып шағымдануда.
Өзбектер Қазақстанда жұмыс барын білгендіктен бізге қарай ағылуда. Мұнда мүмкіндіктер бар, жұмыс істеуге дайын жандарға әрқашан жол ашық.
Ал біз не істейміз?
«Жұмыс жоқ, жеңілдіктер аз, Мемлекет ештеңе бермейді» деп ренжіп жүреміз.
Өзбекстаннан келген мигранттар жұмыс істеуден қорықпайды. Соңғы бір жылда олардың саны 130 мыңға жетті. Ал кейбір азаматтарымыз өз өмірі мен амандығы үшін жауапкершілік әуелі өзіне жүктелетінін түсінбей, мемлекетке алақан жайып отыра береді.
Бұл жағдай әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің кемшілігі десек те болады. Ал Қазақстан қандай?
Мемлекет көмек береді, бірақ көбісі, өкінішке орай, оны уақытша шара ретінде емес, өмір сүру тәсілі ретінде қабылдайды.
‼️ Әлеуметтік көмек еңбектің баламасы емес, қиын жағдайда мемлекеттік қолдаудың уақытша шарасы екенін түсіну керек.
Көпшілікке жұмысқа шыққаннан гөрі митингте атойлап, бас пайданы талап ету оңайырақ көрінеді. Митингтер мен талаптар қою жағдайды түзетпейді, бәрін бірдей алтынмен аптап, күміспен күптемейді. Қайткен күнде де жұмыс баршылық, өйткені бізге мигранттар келеді.
Менталитетімізді өзгертіп, басқалардың жұмысына қарап, шағымдануды доғаратын кез келді. Бүгін сіз оларды жұмыспен қамтысаңыз, ертең біздің балаларымыз олар үшін жұмыс істейтінін түсінуіміз керек!
🖍️Депутат кезімде қабылдау өткізіп жатқан шағымда бес баланың анасы келгені есімде. Келіп, балаларының тамағы жоқ, жәрдемақысы жетпейді, күйеуінің жұмыс таба алмай жүргенін айтып шағымдана жөнелді. Мен оған азық-түлік үшін 10 000 теңге беріп, күйеуіне аула сыпырушы болып жұмысқа тұруды ұсындым. 2021 жыл, қолға тиетін жалақы - 120 000 тг еді.