Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
📣📣📣Абай облысында қайтарылған активтер есебінен Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы салынады

📌 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңыз бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

✅Үкімет Семей қаласындағы 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылысына 2,6 млрд теңге бөлді, бұл азаматтарды сапалы медициналық көмекпен қамтуды арттыруға мүмкіндік береді.

🔹Бүгінгі таңда Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан әлеуметтік маңызы бар 13 нысанның құрылысына шамамен 59,4 млрд теңге бөлді. Олардың қатарында Атырау облысындағы Жамансор, Жетісу облысының Рудничный және Көксай, Ұлытау облысындағы Мыңадыр және Қаражал ауылдарындағы мектептер, Түркістан облысы Темірлан ауылындағы музыкалық мектеп, Ақмола және Алматы облыстарындағы Зеренді және Жалағаш ауылдарындағы спорт кешендері, Риддердегі көпсалалы аурухана кешені, Шымкенттегі жатақхана, Ақтөбе мен Петропавлдағы 2 балабақша бар.

🔹Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңда көзделген субъектілердің қаражаты есебінен Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешені, Астана қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығы, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған жаттығу орталығының құрылысы жүргізілуде.

✅Жұмыс жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинді қабылдады.

➤ Кездесуде Президент Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынас барлық бағыт бойынша оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың мәні зор екенін айтты.

➤ Мемлекет басшысы былтыр қол қойылған Одақтастық қатынастар туралы шарт Астана мен Душанбенің сан қырлы және табысты ынтымақтастығының маңызды кезеңі болғанын еске салды.

– Біз Тәжікстанмен достыққа құрылған қатынастарды жоғары бағалаймыз. Екі елдің арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе жоқ. Қазақстан жұртшылығы бауырлас тәжік халқына ерекше ықылас танытады. Елдеріміз әрдайым бір-біріне қолдау көрсетіп келеді. Бұл екіжақты байланысты белсенді дамытуға ұмтылысымыздан да байқалады, – деді Президент.
📣📣📣Бизнеспен ашық диалог: Ақтөбе облысында Салық кодексіне енгізілген түзетулер талқыланды

📌 Үкімет өкілдері Ақтөбе облысының бизнес-қауымдастығымен Салық кодексіне енгізілген түзетулер туралы талқылады. Құрамында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов бар жұмыс тобы 250-ден астам қатысушының басын қосты, кездесуге кәсіпкерлер, мәслихат пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

🔻Кездесудің басты тақырыбы Үкіметтің ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлемелерін белгілеу: 16%, 10%, 0% және босату жөніндегі ұсыныстарын талқылау болды. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешені үшін ҚҚС-ты толығымен алып тастау және денсаулық сақтау мен коммерциялық медицина салалары үшін 10%-дық аралық мөлшерлемені енгізу бойынша ұсыныстар қарастырылды.

«Біз 2023 жылдан бері ұсыныс ретінде айтып келе жатқан 0% және 10% сараланған мөлшерлеме тұжырымын қабылдағанымызға разымыз. Сіздер әзірге медицинаға 10% деп отырсыздар. Басқа нұсқалар болады ма, әлде біз қазір кімді қосуға болатынын ұсына аламыз ба?»,

— деп сұрақ қойды «Атамекен» палатасы Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің қаржылық қызмет кіші секторының басшысы, кәсіпкер Виктория Исарова.

🔻 Ұлттық экономика вице-министрі бұл мәселеде ҚҚС бюджетті толықтырудың негізгі көздерінің бірі екенін түсіну маңызды екенін атап өтті.

«ҚҚС мөлшерлемесін арттыру және саралау бюджеттің мұнайдан түсетін өзгермелі кірістеріне тәуелділігін азайтуға және мемлекеттік басым жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ҚҚС-тан босатуды ұсынамыз. Қазіргі уақытта шаруа қожалықтары ҚҚС төлемейді және біз оны солай қалдырамыз. Ауыл шаруашылығымен айналысатын заңды тұлғалар қажетті соманың 30%-ын төлейді. Енді олар бұл салықтан босатылып, картоп, қызанақ, пияз және қырыққабат сияқты басқа да өнімдерді бәсекеге қабілетті етеді. 10%-дық мөлшерлеме кімге қатысты беріледі деген сұрақ қосымша талқылауды қажет етеді. Сондай-ақ біз денсаулық сақтау саласы үшін төмендетілген мөлшерлемені ұсынамыз. Барлық ұсыныс жинақталып, талқыланады, содан кейін барып Сіздермен бірлесіп шешіледі»,

— деді Бауыржан Омарбеков.

✅Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар үшін қаржы институттары, ЕДБ, «Атамекен» палатасы және басқа да ұйымдар өкілдерінен консультациялық үстелдер ұйымдастырылды, бұл кәсіпкерлерге қосымша түсіндірмелер мен кеңес алуға мүмкіндік берді.
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Ахатханұлы Баялиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

✔️EXPO көрме алаңында болашақ мамандардың, жұмыс берушілер мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың басын қосқан «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестивалі өтіп жатыр. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған «Жұмысшы мамандықтары жылындағы» алғашқы ауқымды іс-шара.

✔️Фестиваль Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен және басқа да салалық ведомстволардың, ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындардың қолдауымен өтіп жатыр. Қалашықтағы 40 интерактивті көрмеде 200-ден астам мамандықтың қыр-сырына қанығып, экономика секторларының ерекшеліктерімен танысуға болады. Фестиваль аясында бірнеше күн бойы түрлі семинарлар, шеберлік сағаттары, инновациялық сессиялар мен жұмыс жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Алғашқы екі күнде іс-шараға 15 мыңнан астам адам келген.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, тау-кен, металлургия, мұнай-газ, құрылыс, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салаларға маман даярлау үдерісімен танысты.
Мемлекет басшысы «Жұмысшы мамандықтарының қаласын» аралап көрген соң өңірлерден келген жастармен жүздесті. Президент кез келген еңбек қадірлі, құрметке лайық екеніне назар аударып, жастарды аянбай еңбек етуге шақырды

✔️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп, еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

– Біз «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанып отырмыз.Мен баршаңызды осынау терең үдерісті толық түсінуге шақырамын. Сонда ғана табысқа жете аламыз. Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды. Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз, – деді Президент.
📣📣📣Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық-энергетикалық секторын жаңғырту қарқынымен танысты

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының барысымен және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты.

✔️ Жабдықтарды жөндеу және қалпына келтіру бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілген Петропавл 2-ЖЭО-ға ерекше назар аударылды. «СевКазЭнерго» АҚ бас директоры қазандық агрегаттары мен турбогенераторлар сияқты негізгі техникалық құралдардың тозу деңгейі 57,3%-ды құрайтынын хабарлады. 2024 жылы 2-ЖЭО-да №1, 9 қазандықтары мен №3, 6 турбиналарына күрделі жөндеу жүргізіліп, сондай-ақ төрт турбинаны жөндеу жұмыстары аяқталған.

✔️ Сонымен қатар биіктігі 180 метр №1 түтін мұржасының құрылысы аяқталды, оны пайдалануға беру жыл соңына жоспарланған. Сондай-ақ №3, 6, 11 үш қазандықта және №7 бір турбинада қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

➡️ Кәсіпорын басшылығының ақпаратына сәйкес, 2-ЖЭО көмір және мазутпен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Отын жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылуда.

🔘 Жылу электр орталықтарында уақтылы жүргізілген дайындық пен қалпына келтіру жұмыстары қаланың жылумен қамту жабдықтары мен жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ағымдағы жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. ҚР Энергетика министрлігі биыл нысанды қауіптің «қызыл» аймағынан «сары» аймаққа шығаруды жоспарлап отыр.

🔘 Кәсіпорында Премьер-министрге «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында 363 медициналық мекемені, 585 оқу орнын, 156 мәдениет және спорт нысанын, сондай-ақ 1435 көппәтерлі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз ететін 490 қазандық жұмыс істейді.
«Жылумен үздіксіз қамтамасыз ету Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі бойынша инженерлік желілердің тозу деңгейі 40%-ға дейін төмендеп, электр энергиясын өндіру қуаты 7,3 ГВт-қа артады деп болжануда. Сонымен қатар жобалар 3,5 мың жұмыс орнын ашуды көздейді»,
— деп атап өтті Премьер-министр.
Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ.

✔️Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.

✔️Президент Архивінде Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған.
📣📣📣📣📣Салық реформасы: Қарағанды қ. халықаралық «Сары-Арқа» әуежайының иесі Ерлан Оспанов дамыған елдерде салық төлемеу қылмыс екенін мәлімдеді...

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен кездесіп, салық реформасының негізгі аспектілерін талқылады.


Басты мақсат – адал бизнесті қолдайтын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін әділ және ашық жүйе құру.

🔹 Реформаның негізгі бағыттары:
- сараланған ҚҚС енгізу және тіркеу шегін азайту.
- Арнаулы салық режимдерін 364 қызмет түрінен 40-қа дейін қысқарту.
- Жалған мәмілелерді жою үшін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлерді тіркеуге бақылауды күшейту.
- салық төлеушілердің биометриялық сәйкестендіру және цифрлық профильдерін енгізу.

🔻Өкініштісі, Қазақстандағы кірістердің деңгейі ЖІӨ-нің шамамен 18% құрайды.

Ресейде бұл көрсеткіш 42% деңгейінде, дамыған елдерде 50% -дан астам.

Осылайша, мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін бюджеттік ресурстардың жетіспеушілігі сезіледі. Реформалар болмаған жағдайда, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қорды пайдалана берсек, ағымдағы динамикасына сай 2035-2036 жылдарға қарай ең төменгі деңгейге дейін таусылады.

🔹 Жалпы проблемалар мен қиындықтар:


– Бюджет тапшылығы мен өсіп келе жатқан әлеуметтік шығындар шұғыл шараларды қажет етеді.
– Салық төлеуден жалтару үшін бизнесті бөлшектеу, әсіресе құрылыс саласында жиі кездесетін құбылыс.
- Инфрақұрылымға, оның ішінде көлік пен энергетикаға инвестицияның жоқтығы.

🔹 Сарапшылар мен бизнесмендердің пікірлері:

✅Болат Жәмішев: «Бизнестің бөлшектенуіне жол бермеу үшін 15 миллион теңгенің төменгі шегін сақтау керек».

✅Абай Сарқұлов: «Бюджет тапшылығын қысқарту керек, бірақ мемлекеттік сатып алулар мен инвестиция тартудағы реформаларды жүргізу керек».

✅Марат Баққұлов: «Ешбір кәсіпкер салықты көтеруді «жақтаймын» деп айтпайды, бұл белгілі дүние. Бірақ адал және ашық жұмыс істейтін азаматтардың бәрі салық төлеу керек деп айтады. Яғни, салық төмендетілген жекелеген санаттар болмауы керек, өйткені бұл «сұр» схемаға ауысады».

Қысқасы, бизнесмендер заңды жұмыс істеп, салықты адал төлейтіндер адал салық жүйесінде заңның олқылықтарын жосықсыз бәсекеге, мемлекетті алдауға пайдаланбай, адал еңбек етуге әзір екенін айтуда.

Түптеп келгенде бәрі де халық үшін. Жолдар, көпірлер, электр энергиясы, су, жылу және т.б. Мемлекетті ұстаудың құны неге адал салық төлеушілерге салмақ болуы тиіс?

🔹 Кездесу қорытындысы:

Олжас Бектенов мемлекет адал бизнесті қолдап, өркениетті нарыққа жағдай жасауға ниетті екенін баса айтты.

«Біз салық төлейтіндерге назар аударуымыз керек. «Олар экономикамыздың негізі», - деді Премьер-Министр.


Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, ал бизнестің салықтық міндеттемелері бар.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз: https://primeminister.kz/ru/news/olzhas-bektenov-obsudil-s-ekspertami-nalogovuyu-reformu-i-nalogovoe-administrirovanie-posredstvom-tsifrovizatsii-29688
📣📣📣Салық реформасы: Үкімет түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде

Салық реформасын түсіндіру мақсатында Үкімет мүшелері еліміздің барлық өңірлеріне жол тартты. Талқылаулар барынша ашық жүруде. Кәсіпкерлер мен халықтың пікірлері мен ұсыныстары жинақталып, жаңа Кодекске кіргізілетін болады.


✅Осыдан екі күн бұрын Премьер-Министр Олжас Бектенов өңірлерде талқылау жүргізуді және 20 ақпанға дейін Салық кодексі жобасына түзетулерді Парламентке енгізуді тапсырған еді.

Осы аптада кездесулер белсенді өтеді. Манңғыстау өңірінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов бизнес-қоғамдастықпен кездесті.

200-ге жуық кәсіпкер қатысқан кездесу барысында жаңа Салық кодексі және оның бизнеске әсері талқыланды.

🔻ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков өз сөзінде Үкімет азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін микро және шағын бизнесті ҚҚС төлеуден толық босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

Ол кезде Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Шығыс-Қазақстан облысында кездесу өткізіп жатты. Ол еліміздің салық жүйесін реформалауға қатысты сұрақтарды талқылап, ШҚО кәсіпкерлерінің қосымша ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кәсіпкерлер Үкіметтің диалогқа ашық екендігін көріп отыр. Ең ұтымды баланс қажетін олар да түсінеді. Көрпені өзіне қарай тарта берсе бюджет кризисі басталады. Салық тым ауырласа бизнес зардап шегеді. Сондықтан осы талқылаулар тиімді баланс тауып беруі тиіс.

Созып жүретін уақыт жоқ. Осы аптада мәселені реттеу керек. Көп ұзатпай жаңа салық кодексін парламентте талқылап, Президенттің қол қоюына жібермесек, реформаның алтын уақытын өткізіп аламыз.

Айбар Олжай, қаржыгер
✉️Мемлекет басшысы Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇷🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады.

✔️Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.
Салық реформасы: Жетісу облысында жаңа ұсыныстар мен өзгерістер талқыланды

📌 Алдағы салық-бюджеттік реформаларға дайындық аясында ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков пен Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Ерлан Сағынаев бастаған бизнес-қоғамдастықпен талқылау үшін құрылған жұмыс тобы Жетісу облысында кездесу өткізді.

🔷 Жергілікті атқарушы органдар, мәслихаттар және облыстың Кәсіпкерлер палатасы өкілдері қатысқан кездесуде талқылаудың негізгі тақырыбы салық заңнамасындағы өзгерістер болды. Қатысушылар ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін көтеру және бірқатар басым сала үшін төмендетілген мөлшерлемені 10%-ға енгізу туралы ұсынысты қарастырды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді салықтан босату және ҚҚС бойынша тіркеу шегін 15 млн теңгеге дейін төмендету мәселесі талқыланды.
📣📣📣Аптаны дәстүрлі жексенбілік дайджесте қорытындылаймыз

🔸 Үкімет отырысы:

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы және ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері қалады.

🔸 Премьер-министр Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Премьер-министр Сергеев су торабына барып, Петропавл қаласында 1-ші көтергіш сорғы стансасы мен бөгеттің бекінісін реконструкциялау барысымен танысты. Сондай-ақ Петропавл ЖЭО-2 жаңғырту жұмыстарының және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша артқарылып жатқан шаралар барысын тексерді. Сонымен қатар елімізде су тасқыны мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен және бизнес өкілдерімен салық реформасы мәселесін талқылады.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесті.

🔸 ҚҚС шегін төмендету және тек B2C үшін жеңілдетілген режим: Серік Жұманғарин Алматыда бизнес өкілдерімен кездесті.

🔸 Салық заңнамасына енгізілген жаңа түзетулерді талқылау еліміздің барлық 17 өңірінде, сондай-ақ республикалық маңызы бар үш қалада – Астана, Алматы және Шымкентте өтті.

🔸 Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қазіргі уақытта тізімге мұнай-газ, мұнай-химия, энергетика, көлік-логистика және басқа да салалардағы жалпы құны 33,3 трлн теңгені құрайтын 46 инвестициялық жоба кіреді.

🔸 ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Сапар барысында делегация өңірдегі бірқатар нысанды, соның ішінде Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалы жұмысымен танысты.

🔸 Қанат Бозымбаев Алатауды дамыту мәселелері бойынша жобалық кеңсенің отырысын өткізіп, кәсіпкерлермен кездесті. Бүгінгі таңда Алатауда туризм, логистика, өнеркәсіп, білім беру және бизнес салаларында жоспарлаудың 11 жобасы әзірленуде.

🔸 Премьер-Министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев Дубайда, БАӘ-де өткен Дүниежүзілік үкіметтік саммитке қатысты. Сапар барысында Ғалымжан Қойшыбаев БАӘ Министрлер кабинеті істері жөніндегі министрі Мұхаммед Абдалла Әл-Гергауимен келіссөздер жүргізді.