Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
Мемлекет басшысы «Әйел – сұлулықтың әуені» атты мерекелік концертті тамашалады

📌«Астана Опера» театрында өткен салтанатты кеште елімізге танымал мәдениет қайраткерлері, эстрада жұлдыздары мен түрлі шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Қымбатты ханымдар!


Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.

Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.

Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Барлық әйелдердің адал еңбегі ең жоғары бағаға лайық. Осы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы аналар мен арулардың бәріне шынайы ризашылығымды білдіремін.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғауға және барша азаматтың жан-жақты дамуы үшін жағдай жасауға әрдайым баса назар аударады.
📣📣📣ҚР Премьер-министрі Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанның әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Аяулы аналар! Құрметті арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Халқымызда «Ізгілік атаулының бәрі күннің нұры мен ананың ақ сүтінен жаралған» деген даналық сөз бар. Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің бастау бұлағы, шексіз мейірімнің қайнары. Әр шаңырақтың ұйытқысы, жер бетіндегі жақсылық пен әдеміліктің асыл тәжі – әйелдер қауымы ұлағатты ұрпақ өсіріп қана қоймай, елге деген шынайы жанашырлықтың үлгісін көрсетіп келеді. Білім беру мен денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп, бизнес пен спорт, қоғамдық өмірдің және басқа да сан түрлі саласында жүрген аяулы жандардың еңбегі шексіз құрметке лайық. Бұл орайда, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, отбасы институтын нығайту, әйелдерді қолдау мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы болып қала бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, бақытты ғұмыр, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін.

Көктемнің шуақты күніндей сәулелі сәттеріңіз көп болсын!

Ізгі ниетпен, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жан анам

Өз балаңнан, артық бала, бар ма ана?!
Мәз боласың жарай қалса шаруана.
Теңіздіде кешіп өтіп жетпей ме,
Жан ботасын сағынғанда ару ана.

Ару анасың тек балаңа жан ана
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?!
Сенсіз менің айым туып алдымнан,
Атым шауып бас бәйгені ала ма!

Асыл ана, сенен қуат алайын
Алдым сенен атар таның арайын
🤩5🎉4👍3🥰2😍2❤‍🔥2💯2🔥1
📣📣📣НДС 0-10-16: Салық реформасынан кейін тамақ арзандай ма?

Қазақстанда қосымша құн салығының 0,10 және 16 пайыздық шкалалары енгізілмек. Ауыл шаруашылығы, ондағы өңдеу, жалпы отандық азық-түлік өндіру НДС төлемейтін болады. Отандық дәрі шығару, фармацевтика, ветеринарияға төмендетілген 10% қосымша құн салығы бұйырды. Қалғандары 16% қосымша құн салығында отырмақ. Сонда НДС-тың ең жоғарғы шегі 16% болады. Демек қазіргі 12 пайыздан өсетіні тек 4 пайыз ғана.


❗️Бұған дейін қазіргі шекті межеден асып кеткен агроөндірістік кешен қосымша құн салығын жеңілдікпен төлейтін. Енді жеңілдік емес, мүлде босатылмақ. Үкіметтің мұндағы ең басты логикасы – біздегі ауыл шаруашылығы шетелдік инвесторлар үшін әлдақайда тартымды бола түсуі тиіс. Және салық жүктемесінің азаюы отандық азық-түліктің арзандауына, болмағанда бағаны тұрақтатуға септігін тигізеді деген үміті бар.

🔻Инфляцияның үлкен проблемаға айналғанын біз бүгін Ұлттық Банк кеңесінің базалық ставканы бірден 125 базисті пунктке көтеріп жібергенінен көрдік. Қосымша құн салығы факторы да инфляцияның қысқа мерзімді серпілісіне әсер беретіні сөзсіз. Бірақ ол НДС-тің 12 ден 16 пайызға өскенінен тумайды. Ол енді барлығының жаппай қосымша құн салығын төлеуінен келуі тиіс. Қазір еліміздегі барлық бизнестің тек 4 пайызы ғана НДС төлейді. Ал реформадан кейін бизнестің кемінде тең жартысы қосымша құн салығына ілінбек. Себебі, обороты жылына 15 миллион теңгеден аспайтын ИП-ларға бөлшектену көп жағдайда мүмкін емес.

✅Жасайық десек, салық реформасының мәнін, тұзын жоғалтпай тездетіп енгізген жөн. Бұл еліміздегі орта бизнес секторының дамуына алып келеді. Баяғыда бизнесті өсірмей, шағын қылып ұстап отыру арқылы салықтан үнемдеуге болар еді. Ал енді кішісің бе, үлкенсің бе бірдей төлейтін болғандықтан енді бәрібір. Демек біздегі кәсіпкерлік экспанциясы басталып, фирмалар өсе бастайды.

✨Мұның барлығын кезінде уақыт барда өте жұмсақ, біртіндеп енгізуге болар еді. Бірақ біз мүмкіндіктер уақытын жіберіп алдық. Енді Үкімет шалт қимылдап шок режимінде жұмыс істеуге мәжбүр. Аяқты кесіп жатқан хирургті елестетеді. Әрине, ауырады, жылаймыз. Бірақ жазыламыз.

Айбар Олжай, қаржыгер
🔥5🥰5👍3😍3🤩2💯2❤1🎉1❤‍🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣📣📣Италия Президентінің ұшағы елорда әуежайына қонды

✅Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы қарсы алды. Одан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

🔻Президенттер бұған дейін 2024 жылы қаңтар айында Рим қаласында кездескен болатын.
👍5🎉5😍4💯4🥰3❤2🔥1🤩1
🇰🇿🇮🇹Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелламен кездесті

– Италияға былтырғы сапарымнан жақсы әсер алдым. Сіздің қонақжайлық танытып, нәтижелі келіссөз жүргізуге барынша жағдай жасағаныңыздың арқасында сапарым өте сәтті өтті. Екі мемлекет түрлі салада тығыз қарым-қатынас орнатқан. Біздің нарықта біраз италиялық компания жұмыс істейді. Олардың қатары қарқынды артып келеді. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз да ойдағыдай дамып жатыр. Сондықтан елдеріміздің арасында берік ынтымақтастық қалыптасқан деп санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇮🇹Серджо Маттарелла екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайын жоғары бағалап, өзара стратегиялық серіктестікті кеңейтуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.

– Біз шын мәнінде барлық бағытта, соның ішінде саяси, экономикалық, сауда және мәдени салаларда тамаша байланыс орнаттық, – деді Италия Президенті.
❤5🤩5🔥4😍2👍1🥰1🎉1❤‍🔥1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎉6❤5❤‍🔥5🤩4🥰3😍2🔥1
📣📣📣Аптаны қорытындылаймыз

🔸Үкімет отырысы: экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселелері қаралды
✔️Премьер-министр: Мемлекеттік органдар «бюрократияға мүлде жол жоқ» қағидаты бойынша жұмыс істеуі тиіс
✔️Елімізде 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі
✔️Олжас Бектенов инвесторларға қолдау көрсету туралы: Бизнестің бастамалары ведомстволардың арасындағы өзара байланыстардың нашарлығынан зардап шекпеуі тиіс

🔸Елімізде Екібастұз, Павлодар, Шымкент, Қызылорда және Түркістандағы бес теміржол вокзалында жөндеу жұмыстары аяқталды

🔸«Жомарт» кенішіндегі апатты тергеудің алдын ала қорытындылары: Комиссия тау-кен қазбасында метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады

🔸Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйесінің құрылысын аяқтауға бөлінді

🔸Олжас Бектенов Экономикалық саясат жөніндегі кеңес отырысын өткізді:макроэкономикалық саясаттың тепе-теңдігін жақсарту үшін ақша-несие саясаты мен фискалды саясат арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету тәсілдері талқыланды

🔸Үкіметте экономиканы ырықтандыру және жекешелендірудің қарқыны мәселелері қаралды

🔸Инвестициялық ынтымақтастық:
✔️Премьер-министр ESTA Construction компаниясымен екі апта ішінде құны $1,3 млрд болатын тыңайтқыш зауытының құрылысы бойынша Инвестициялар туралы келісім жасауды тапсырды
✔️Олжас Бектенов CAMCE компаниясының басшысы Ли Хайсинмен Алатау қаласында инвестициялық жобаларды іске асыру келешегін талқылады
✔️ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Gezhouba Group басшылығымен кездесу өткізді: Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін су құбырын салу жобасын талқыланды

🔸Премьер-министр FAO-ның өңірлік өкілі Виорел Гуцумен кездесті: АӨК және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық келешегі қарастырылды

🔸Халықаралық қатынастар. Олжас Бектенов Бакуге ресми сапармен барды: Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен және Премьер-министр Әли Асадовпен кездесулер өтті. Сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды

🔸Үкіметте Щучинск-Бурабай курорттық аймағы туризмін дамытудың 2029 жылға дейінгі жоспары бекітілді
💯5🎉3🤩3❤‍🔥3❤2👍2🔥2🥰2😍2
АҢДАТПА

📍Сейсенбі, 11 наурыз күні, сағат 10:00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді.

Күн тәртібі — ғылымды дамыту және цифрландыру.

📢📢 Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.

Үкімет отырысы қорытындысы бойынша ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.
😍5❤4👍4🤩4🥰3🎉3❤‍🔥3🔥1💯1🍾1
📣📣📣Уақыт өзгерісінің қазақстандықтардың денсаулығына әсері туралы зерттеу нәтижелері жарияланды

Қазақстан Үкіметі бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін жүргізілген мониторингтің қорытындысын шығарды. Зерттеулер денсаулықты, энергияны тұтынуды, еңбек тиімділігін және әлеуметтік көрсеткіштерді қоса алғанда, халық өмірінің негізгі аспектілерін қамтыды.


✅Халық денсаулығы:
Деректер әртүрлі жас топтары бойынша, соның ішінде қала және ауыл тұрғындарына талдау жасалды және зерттеуге 100 000-нан астам адам қатысты.

✅Қуатты тұтыну:
Ең жоғары жүктеме және жалпы электр энергиясын тұтыну зерттелді.

✅Еңбек өнімділігі:
Өнімділік көрсеткіштері, кешіктіру, жұмысқа келмеу және жарақаттану көрсеткіштері ескерілді.

✅Әлеуметтік аспектілері:
жол-көлік оқиғаларының деңгейі, қылмыс және оқушылардың үлгерімі.

Нәтижелер біркелкі уақытқа көшу денсаулыққа, энергия тұтынуға немесе жұмыс белсенділігіне теріс әсер етпейтінін көрсетті.

Келесі оң өзгерістер анықталды:

Табиғи күндізгі жарықпен синхрондау арқасында таңғы сағат өнімдірек болды.

Өңірлер арасындағы уақыт алшақтығын жою арқылы жұмыс процестері жеңілдетілді. Ішкі рейстер, логистика, онлайн конференциялар оңай әрі ыңғайлы болды.

Мектеп оқушылары енді оқу уақытын күндізгі уақытта бастайды, бұл олардың таңғы уақыттарын қауіпсіз әрі жайлы етуде.

Халықтың айтарлықтай бөлігінде ұйқы сапасы мен жалпы әл-ауқат жақсарды.

Табиғи ырғақтарға сәйкес Қазақстан қазір астрономиялық уақыт белдеуі бойынша өмір сүріп жатыр, бұл елдің географиялық жағдайына сәйкес келеді.

Стратегиялық шешім: Бірыңғай уақыт белдеуін енгізу – бүкіл елдің тиімділігін арттыруға бағытталған қадам, бұл экономиканың мүддесі мен азаматтардың қолайлығы үшін.

"Деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті. Сонымен бірге, бірқатар мәслихаттар жұмыс кестесін сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін түзетуді қолдады. Бұл шаралар кәсіби және жеке өмір арасындағы теңгерімді жақсартуға бағытталған. Бұл тәжірибе қажет болған жағдайда басқа өңірлерге де таралатын болады", - деді Арман Шаққалиев.
🎉4🔥3🥰3🤩3💯3👍2❤‍🔥2❤1😍1
📣📣📣📣📣Ғылымға басымдық беру: Қазақстан болашаққа бәс тігуде (және бұл шын мәнінде ғаламат жаңалық!)

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ғылымды дамыту мен цифрландырудың өзекті мәселелері талқыланды.


📌 Не істелді?

‼️ Соңғы 6 жылда республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру 6 есеге өсті.

‼️ 2023 жылы ғылыми зерттеулер мен инновацияларға 252,5 млрд. бөлінді.

📌 Жоспарда не бар?

✔️✔️✔️ Ғылымды дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес бұл саланы қаржыландыру ішкі жалпы өнімнің 1 пайызына дейін ұлғайтылады.

🔵 Неліктен маңызды?

✔️ Технологиялық даму және экономикалық өсу:

Ғылымға салынған инвестициялар коммерциялануы мүмкін жаңа технологияларды құруды ынталандырады. Бұл өз кезегінде биотехнология, IT, жаңартылатын энергия және нанотехнология сияқты жоғары технологиялық салалардың пайда болуына әкеледі. Бұл салалар қосымша құн жасап қана қоймайды, сонымен қатар экономиканы әртараптандыруға, шикізат секторына тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Astana Hub экожүйесінде стартаптар қалыптасып үлгергенін, олар терең технологиялық салада өнім әзірлеп, айтарлықтай ғылыми базаға ие болғанын хабарлады. Кейбір компаниялар өз ғылыми жобаларын монетизациялап, 10,6 миллиард теңгеден астам табыс тауып, жүздеген жұмыс орындарын ашты.

✔️Ғалымдарға қолдау көрсету:

Ғылымды қаржыландырудың ұлғаюы жоғары технологиялық салалардағы ғалымдар, инженерлер мен мамандар үшін жаңа жұмыс орындарын ашады. Осылайша біз мидың суша ағуын тоқтата аламыз. Мүмкін тіпті шетелден таланттарды тартатын шығармыз.

✔️Ұзақ мерзімді әсер

Ғылым бірден нәтиже емес, ол болашақтың негізі. Бүгінгі таңдағы зерттеулерге салынған инвестиция ертеңгі технологиялық серпілістердің негізін қалады.

Осылайша, ғылымды қаржыландыруды ұлғайту елдің тұрақты дамуына стратегиялық инвестиция ретінде саналады. Олар өмірдің барлық салаларына әсер ететін мультипликативті әсерді тудырады: экономика мен экологиядан білім мен өмір сапасына дейін. Біз дұрыс бағытта келе жатырмыз!
😍6🔥4❤2👍2🥰2🎉2🤩2❤‍🔥2💯1
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Айжан Болатқызы Шайназарова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
😍5🥰4❤‍🔥4🎉3👍2💯2❤1🔥1🤩1
✉️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
😍7🤩4💯4❤‍🔥2👍1🔥1🥰1🎉1