Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды

🟦Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.

🟦Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады.

🟦Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.

🟦Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы

Қадірлі отандастар!

Ораза айт мейрамы құтты болсын!

Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша.

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі.

Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін.

Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын!

Айт қабыл болсын, ағайын!
📌Аптаның қорытынды жаңалықтары – біздің дәстүрлі жексенбілік дайджесте

🔸Үкімет отырысы – коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқару мәселелері қаралды:
✔️Олжас Бектенов жобаларды іске асыру, жабдықтарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды
✔️Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасы 1 қыркүйеккке дейін әзірленеді. Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды қолдау шаралары қарастырылады.

🔸Қайтарылған активтер есебінен Ақмола облысының 10 ауылында жаңа медициналық нысандар салынады – Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан 1,7 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады

🔸Үкімет Қостанай қаласындағы индустриялық аймақта KIA автокөлігін өндіретін зауытқа кірме жолдары мен 3-ші санаттағы теміржолдарды салуға 6,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

🔸Олжас Бектеновтің Павлодар облысына жұмыс сапары:
✔️Олжас Бектенов Павлодар облысында Президенттің өнеркәсіпті дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты
✔️Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді
✔️ Павлодар облысының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен экономиканың нақты секторын мемлекеттік қолдау шараларын талқыланды
✔️Премьер-министр Павлодар облысының ТжКБ дамыту және жұмысшы мамандықтарын қолдау тәжірибесін кеңейтуді тапсырды

🔸Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен Түркістан облысында құны 200 млрд теңгеден асатын мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады

🔸Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында орын алған жер сілкінісіне байланысты жағдайды талдау, жедел шаралар қабылдау, келтірілген шығынды анықтау және бағалау үшін үкіметтік жұмыс тобы өңірге жіберілді.

🔸Атырау облысы Жем және Ойыл өзендері арқылы су тасқынының шарықтау шегі өтеді. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша Қанат Бозымбаев өңірдің су тасқынына дайындығын тексерді

🔸 Үкіметте ұлттық экономика вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының экономикалық дамуы, IT-саланың өсу әлеуеті қаралды

🔸Зайсан әуежайында негізгі құрылыс жұмыстары басталды. Жоба Мемлекет басшысының Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында үш жаңа әуежай салу жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізілуде
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде қала әкімі Ерболат Досаевты қабылдап, шаһарды жарықтандыру, пәтерлерге суды уақтылы және толық беру, көшелер мен аулаларды абаттандыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын тұрақты әрі өз деңгейінде өткізудің, қаланы көгалдандырудың, экологиялық ахуалды жақсарту үшін көлік қозғалысын реттеудің, сондай-ақ алматылықтарды алаңдататын басқа да мәселелерді шешудің маңызын атап өтті.

Ерболат Досаевқа еліміздің ең ірі қаласының қаржы, спорт, туристік әрі мәдени хабы ретіндегі мәртебесін нығайту және тиісті тәртіпке келтіру үшін басқару қызметін күшейту тапсырылды.

Қала әкімі Президентке жүргізілген жұмыстар және қабылданған шаралар туралы екі аптада бір рет баяндап отырады.
🌐🌐🌐 Әлемдегi жаңалықтар:

🇺🇸 🇺🇦 Трамптың ақпараты бойынша, Зеленский АҚШ пен Украина арасындағы ресурстар тұралы келісімге қол қоймайды, хабарлайды Reuters.

🇺🇸 🔥АҚШ-тың Нью-Мексико штатында Республикалық партияның бөлімшесін өртеген, хабарлайды CBS News.

От Альбукерке қаласындағы ғимараттың кіреберісін зақымдаған. Жарақат алғандар жоқ. Сондай-ақ, бұзушылар аэрозольды бояумен жазу қалдырған, онда АҚШ-тың иммиграциялық және кедендік полициясы Ку-клукс-кланмен теңестірілген.

🇺🇸🇮🇷Трамп Иранға ядролық келісімден бас тартқаны үшін «көріңбеген бомбалаулармен» қорқытты.

👔 Дональд Трамп жексенбі күні АҚШ Конституциясына қайшы келетін үшінші президенттік мерзімге үміткерлік туралы айтқан сөзіне қатысты «қалжындамадым» деп мәлімдеді, бірақ бұл туралы әлі ойлану «ерте» деп қосты.

🇷🇺 S&P Global деректері бойынша, Ресей 586 кемеден тұратын тарихтағы ең үлкен танкерлік флотты басқарып отыр, бұл Иран мен Венесуэла флоттарынан бірге алып қарағанда бес есе көп.

Ресей танкерлері күніне шамамен 3,5 миллион баррель мұнай тасиды.

Ресей мұнайының негізгі сатып алушылары — Үндістан мен Қытай сияқты Азиялық гиганттар, олардың өсіп келе жатқан сұранысы батыс санкцияларының әсерін бәсеңдетеді.

🇺🇸 🇯🇵 🇨🇳 АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет елдің Қарулы Күштері Үнді-Тынық мұхиттер аймағында Қытайға қарсы тұру үшін Жапонияда «соғыс» командалық базасын құратынын мәлімдеді.

Токиодағы сапары кезінде Хегсет Жапониямен одақтың маңыздылығын атап өтіп, Дональд Трамптың «Америка бірінші» саясатының аймақтағы одақтастарға әскери қолдауды әлсіретпейтінін айтты.

🇯🇵 🇰🇷 🇨🇳 Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай Сеулдағы сауда министрлерінің кездесуінде «тығыз ынтымақтасуға» және «жоғары деңгейде» сауда келіссөздерін жүргізуге келісті.

Бірлескен мәлімдемеде министрлер үштік экономикалық ынтымақтастықтың «туындаған мәселелерді тиімді шешу үшін» қажеттілігін атап өтті, бұл Трамптың тарифтеріне сілтеу болуы мүмкін. Бұл соңғы бес жылдағы алғашқы осындай кездесу болды.

🇫🇮Финляндия президенті Александер Стубб 20 сәуірден бастап Украинада толық атысты тоқтату туралы бастама ұсынды.

Ол ұсынысты Флоридада Трамппен жеке кездесуінен кейін айтты, онда лидерлер гольф ойнап келіссөздер жүргізді.

🇮🇱 🇵🇸 Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдің ХАМАС-қа қарсы шабуылын жалғастыратынын мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇮Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🟦Мемлекет басшысы словен делегациясына құрмет көрсетіп, Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі Словениямен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға бейіл екенін растады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынастарға тың серпін беретін бағыттарды атап өтіп, Қазақстанда Словения бизнесіне қолайлы жағдай жасауға ниетті екенін жеткізді. Бұл үшін кәсіпкерлік қызметті реттеудің ашықтығын қамтамасыз ету, инвестицияны қорғау мен экономиканы әртараптандыру көзделіп отыр.

🟦Мемлекет басшысы Астанада өтетін Қазақстан-Словения бизнес-форумына ерекше мән беретінін жеткізіп, аталған жиын екі елдің сауда-инвестициялық байланысын одан әрі кеңейтетініне тоқталды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Ресми делегация мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды
:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇸🇮 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

✔️Мемлекет басшысы өзінің шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Наташа Пирц-Мусарға ризашылығын білдірді. Президенттің айтуынша, Словения – Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды серіктесі әрі екі елдің қарым-қатынасы достық және өзара сыйластық рухында нығайып келеді. Оның айқын дәлелі – былтыр Любляна қаласында Қазақстан Елшілігінің ашылуы.

– Мен мұны ықпалдастығымызды дамыту жолындағы маңызды қадам деп санаймын. Қазақстан екі ел арасындағы достықты одан әрі тереңдетуге мүдделі. Сондықтан бұл сапардың мән-маңызы айрықша. Біз бүгін құрметті Президент Пирц-Мусар ханыммен мазмұнды әрі жемісті келіссөз жүргіздік. Қазақ-словен ынтымақтастығының аясын кеңейту жолын талқыладық. Нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Сондай-ақ бүгін бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық келісім жасалды. Соның ішінде денсаулық сақтау, туризм, білім беру салаларына қатысты маңызды құжаттар бар. Бұл келісімдерді тиімді іске асыру арқылы екі елдің ынтымақтастығын жандандыра түсеміз деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Президенттер екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды арттыруға келісті. Қазір қос мемлекет фармацевтика, жаңартылатын энергия, инженерия, телекоммуникация бағыттарында маңызды жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мемлекет басшысы елімізде осы салаларда 20-ға жуық словен компаниясы табысты жұмыс істеп жатқанына тоқталып, экономикалық байланыстардың ауқымын одан әрі кеңейтудің маңызын атап өтті.

– Тау-кен, жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, цифрландыру және инновация, денсаулық сақтау, туризм салаларында тың жобаларды жүзеге асыруға келістік. Қолда бар мүмкіндікті тиімді пайдалану үшін Үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандырып, оның қызметін жаңа деңгейге көтеруге шақырдым. Екі ел бизнес өкілдерінің байланысын тереңдету – маңызды міндеттің бірі. Осыған орай, «Қазақстан – Словения» іскерлік кеңесін құру мәселесін талқыладық. Елімізге Словенияның ірі кәсіпкерлері де келді. Ертең олардың қатысуымен бизнес-форум өтеді. Бұл іс-шара осы бағыттағы жұмысты күшейтуге ықпал етеді деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.


🇰🇿🇸🇮Екі ел басшылары көлік-логистика саласындағы байланыс аясын кеңейту мәселесін талқылады

✔️Атап айтқанда, Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына Словенияның «Лука Копер» теңіз портын қатыстыру жөнінде ортақ пікірге келді. Өзара алыс-берістің көлемін арттыру үшін президенттер құзырлы органдарға нақты шаралар қабылдау туралы тапсырма берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның су ресурстарын басқару ісінде словен тарапының озық тәжірибесін зерделеп, бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

✔️Бұдан бөлек, тараптар мәдени-гуманитарлық ықпалдастық жайында да пікір алмасты.

– Білім, ғылым және мәдениет салаларындағы қарым-қатынасты жандандыруға мол мүмкіндік бар. Жалпы Словенияның білім беру жүйесі дүние жүзінде озық жүйе ретінде мойындалған. Сондықтан біз екі ел университеттері арасында байланыс орнатуға мүдделіміз. Словенияның Йожеф Стефан институты Назарбаев университетімен байланыс орнатуға қызығушылық танытып отыр. Қазақстан Словенияның жоғары оқу орындарымен және зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықты нығайтуға дайын, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Тараптар халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылап, ұстанымдарының ортақ екенін жеткізді.

– Қазіргі геосаяси жағдай өте күрделі. Президент Пирц-Мусар екеуіміз әлемдегі қақтығыстарды Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарына сай бейбіт жолмен шешу қажет екенін құптадық. Көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастықты одан әрі күшейтуге мүдделі екенімізді растадық. Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының аймақтық орталығын ашу туралы бастаманы қолдаған Словения тарапына ризашылығымды білдіремін. Жалпы бүгінгі келіссөздер жемісті болды деп күмәнсіз айтуға болады. Осы сапардың нәтижесінде қазақ-словен ықпалдастығы нығайып, жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Олжас Бектенов Президенттің тапсырмаларын іске асыру шеңберінде геологиялық барлау мен жер қойнауын пайдалануды дамыту жөнінде кеңес өткізді

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында және биыл қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойылған міндеттерді іске асыру шеңберінде геология мен жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

🔷 Кеңесте Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің геологиялық-геофизикалық зерделеу алаңын кеңейту, салаға инвестициялар тарту, жаңа перспективалы жобаларды іске асыру жөніндегі тәсілдері қаралды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Тау-Кен Самұрық» АҚ басшылығы да қатысты.

✔️ 2026 жылға қарай геологиялық-геофизикалық зерттеу алаңын 2,2 млн км2-ге дейін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға назар аударылды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев бүгінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу 1:200 000 масштабта жүргізіліп жатқанын баяндады. Перспективалы жобаларда 1:25 000 масштабты енгізу жоспарлануда, бұл әлеуетті кен орындарын анықтауға, сондай-ақ саланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және егжей-тегжейлі картаға түсіруге мүмкіндік береді.

🔘 Үкімет отырысында (2024 жылғы 3 желтоқсанда) жер асты ұлттық байлықты зерттеуге, мемлекеттік компанияларды тартуға қатысты бұрын қойылған міндеттер шеңберінде ведомство «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясымен өзара іс-қимылды күшейтті. Бірінші кезеңде министрлік перспективалы учаскелерді анықтай отырып, геологиялық барлау жүргізеді. Бұдан әрі ұлттық компания инвестиция алдындағы дайындықты (алдын ала барлау, технологияларды іріктеу, ТЭН әзірлеу) бастайды, содан кейін дербес немесе серіктестермен бірлесіп игеруге кіріседі. Осы процеске кірмеген учаскелер аукциондарға беріледі. Аталған тетік бойынша елімізде Қаратас (мыс), Жосабай (алтын), Солтүстік Қатпар, Жоғарғы Қайрақты (вольфрам) кен орындарында пилоттық жобалар іске асырылуда. Келесі жоба өткен жылы Қарағанды облысында ашылған және жартылай өткізгіштер мен қуатты магниттер өндірісінде пайдаланылатын жерде сирек кездесетін металдардың қомақты қорлары бар Күйректікөл кен орнын қарастырады. Жобаны іске асыру экономиканың аралас жоғары технологиялық салаларын дамытуға да ықпал етеді. 2024 жылы Қазақстанда барлығы 38 перспективалы ҚПҚ (қатты пайдалы қазбалар) алаңы анықталды.

Бұдан бөлек, геологиялық барлауға инвестициялар тарту мәселелері қаралды. Соңғы 6 жылда ҚПҚ барлауға жеке инвесторлар салымдарының көлемі үш есеге өсіп, 2024 жылы 100 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар геологиялық барлауға мемлекеттік инвестициялар жеткіліксіз деңгейде.

🔵 Премьер-министр инвестицияларды тарту, тиісті инфрақұрылымды дамыту және жер қойнауын зерттеуде жаңа ғылыми тәсілдерді енгізу жөніндегі алдағы жұмыстарға баса назар аударды. Тиісті Министрлікке және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ға елдің минералды-шикізат базасын кешенді дамытуға бағытталған цикл құру жөніндегі бірлескен шараларды күшейту тапсырылды. Қаржы министрлігіне геологиялық барлауды мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту үшін қаражат іздеу жөнінде тапсырма берілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Муфтият ЛГБТға қарсы укімі - КМДБ пэтуаны шығарды!


Казакстан мусылмандары діни баскармасынын(КМДБ) негізгі кызметі - Ислам діні мен
улттык, кундылыктарды насилаттау, халыкты рухани тургыдан дамыту.

Осыган орай, біздін улттык рухани кундылыктарымызга жат «ЛГБТ+» устанушылардын ундеулері мен іс-кимылдарына КМДБ ез карсылыгын білдіреді жэне когамды мундай арсыздыктан сактануга шакырады!
КМДБ Шаригат жане патуа белімінін аталмыш насихатка ресми мелімдемесімен танысу ушін, солта карай жылжытыныз.

Патуа жане мэлімдеме шыгарылым уакыты:
22.02.2022 | 07.04.2023
❤1
🌐🌐🌐 әлемдегі жаңалықтар:

🇨🇳☄️🇮🇳🇩🇪🇺🇸 2024 жылы жаһандық өнеркәсіптік өндірістің 26%-дан астамы Қытайға тиесілі, бұл Үндістан, Германия және АҚШ-тың көрсеткіштерінен асып түседі. (фото 1) Bloomberg✅

🇺🇸🇷🇺 АҚШ пен Ресей әлемдегі ядролық қарудың шамамен 88%-ына және әскери қолдануға дайын оқтұмсықтардың 84%-ына ие. (фото 2)

Ядролық оқтұмсықтар саны: 🇷🇺 Ресей: 5 449 🇺🇸 АҚШ: 5 277 🇨🇳 Қытай: 600 🇫🇷 Франция: 290 🇬🇧 Ұлыбритания: 225 🇮🇳 Үндістан: 180 🇵🇰 Пәкістан: 170 🇮🇱 Израиль: 90 🇰🇵 Солтүстік Корея: 50
Дереккөз: Америкалық ғалымдар федерациясы. Bloomberg✅

🇨🇳 🇷🇺 🇺🇸 🇺🇦 Ресей мен АҚШ қарым-қатынасты қалыпқа келтіру бағытында алғашқы қадам жасады, бұл оң сигнал деп мәлімдеді Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И ресейлік РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

"Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасты қалыпқа келтірудегі алғашқы қадамы – ірі державалар арасындағы күш тепе-теңдігін тұрақтандыруға ықпал етеді және халықаралық жағдайға оптимизм береді," – деді Ван И.

Қытайдың сыртқы істер министрі Ван И 31 наурыз – 2 сәуір аралығында Ресейге ресми сапармен барды.

🔹 Ван И-дің басқа мәлімдемелері:

Қытай Украинада бейбіт келіссөздерді жалғастыруға шақырады.

Ресей мен Қытай стратегиялық серіктестер.

Қытай Украинадағы қақтығысты шешуге көмектесуге дайын.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Владимир Путин мен Си Цзиньпин соңғы 10 жылда 40 реттен астам кездесті.

👔 Трамп Ле Пенге шыққан сот үкімін "өте үлкен мәселе" деп атап, өзінің АҚШ-тағы заңдық қудалауымен салыстырды. Ле Пен мен Трамптың көзқарастары миграция мен азшылықтарға қатысты ұқсас.

🇸🇦 🇶🇦 🇦🇪 🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп мамыр айында Сауд Арабиясына инвестициялық келісімге қол қою үшін баратынын мәлімдеді.

🔹 Сондай-ақ, Катар мен Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар жоспарланған. Бұл оның екінші президенттік мерзіміндегі алғашқы шетелдік сапары болмақ.

🇧🇷 Болсонару Франция сотының Ле Пенге шығарған үкімін сынға алды:
"Бұл – таза заңдық ойын," – деді ол.

🔹 Франциядағы одақтастары мен Еуропадағы ультраоңшыл көшбасшылар (Италия, Испания, Нидерланды) сот шешімін саяси қысым деп айыптады.

💵📈 S&P 500 және NASDAQ индекстері 2022 жылдан бергі ең нашар тоқсандық нәтижелерін көрсетті.

🔹 Наурызда S&P 500 индексі 5,8%-ға төмендеді, бұл 2022 жылдың желтоқсанынан бергі ең үлкен құлдырау.

🔹 Инвесторлар Дональд Трамптың тарифтік саясатынан және АҚШ экономикасының жалпы жағдайынан алаңдаулы.

🍏Францияның монополияға қарсы агенттігі Apple-ге 150 млн еуро (162 млн доллар) айыппұл салды.

🔹 Өткен жылы Еуропалық Одақ Apple-ге 1,8 млрд еуро айыппұл салған еді.

🇮🇱 🇵🇸 Израиль армиясы Газа секторының оңтүстігіндегі Рафах қаласының эвакуациялануын бұйырды.

🇯🇵 Жапония үкіметі елде болуы мүмкін мегажерсілкіністің 298 000 адам өмірін қиюы және 12,3 млн адамды эвакуациялауға мәжбүрлеуі мүмкін екенін ескертті.

🔹 2011 жылы Жапонияда 9,0 магнитудалық жерсілкінісінен 20 000-ға жуық адам қаза тапты.

🔹 Сарапшылар мұндай тағы бір апаттың ел экономикасына 1,8 трлн доллар шығын әкелуі мүмкін екенін айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Жақыпұлы Сүттібаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.
👍2
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.
🌐🌐🌐 Әлемдік жаңалықтар:

❗️🇫🇷 Францияның Жоғарғы Апелляциялық Соты Марин Ле Пенге Франция президенттігіне кандидат болуға мүмкіндік берді. ⨯ [Bloomberg]

(Әдетте соттың шешімдері апелляциядан кейін заңды күшіне енеді.) Апелляция 2026 жылы қаралады.

Айта кетейік, Марин Ле Пенді мемлекеттік қызметке жарамсыз деп тапқан бірінші инстанцияның судьясы қорқытулардан кейін полиция қорғауына алынды. Ле Пен сот шешімін «саяси мотивтелген шешім» қабылдады деп айыптады.

🇪🇺 🇺🇸 Урсула фон дер Ляйен ЕО-ның Дональд Трамп енгізген баж салықтарына қарсы «жауап шараларының қатал жоспары» бар деп мәлімдеді.

АҚШ президентінің бүгін (сәрсенбі күні) «барлық елдерге» баж салықтарын енгізу туралы жаңа шешім жариялауы күтілуде; Вашингтон бұл шаралардың бірден күшіне енетінін айтты.

🇨🇳 🇹🇼 Қытай әскерлері Тайвань аймағында «Taiwan Strait Thunder-2025A» атты әскери жаттығуларды бастады. Бұл жаттығулар аралды блокадаға алу және нысандық соққылар беру қабілетін тексеруге бағытталған.

Жаттығулар Қытайдың Тайвань президенті Лай Цзинге қарсы риторикасының шиеленісуінен кейін жүргізілуде. Қытай оны «паразит» деп атады. Сонымен қатар, АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсеттің Азияға сапарында Пекинді сынауы да осыған себепші болды.

(Еске салайық, 19 ғасырда Ұлыбритания Қытайдың теңіз порттарын блокадаға алған болатын, қытайлар опиум саудасына тыйым салған кезде. Сол кезде Қытайдың Британияға қарсы тұратын флоты жоқ еді. Қазір ҚХР-дың әскери-теңіз флоты әлемдегі ең күштілердің бірі.)

Тайвань қорғаныс министрлігі бүгін соңғы 24 сағат ішінде 76 Қытай әскери ұшағы мен 15 әскери кемесін арал аймағында байқағанын хабарлады.

🇺🇸 🇮🇷 АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс күшейгеніне байланысты Таяу Шығыста АҚШ әскери қуатын күшейтті – Reuters.

Пентагонның қысқа мәлімдемесінде қандай ұшақтар жіберілгені немесе олардың нақты орналасқан жері көрсетілмеген. Дегенмен, анонимдік шартпен сөйлеген АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, соңғы апта ішінде Үнді мұхитындағы Диего-Гарсия американо-британ әскери базасына 6 B-2 бомбалаушы ұшақ жіберілген. Бұл ұшақтар жасырындық технологиясымен жабдықталған және АҚШ-тың ең ауыр, тіпті ядролық бомбаларын тасымалдай алады.

👔 Бұрын Трамп Иранға ядролық бағдарлама бойынша келісімге келмесе, «көрмеген бомбалауларды» уәде еткен болатын. Тегеран жауап ретінде АҚШ әскери базаларына соққы беруге және ядролық қару жасауға қауіп төндірді.

🇺🇸 🇷🇺 🇺🇦 Трамп әкімшілігінің жоғары лауазымды өкілдері соңғы күндері АҚШ-тың Украинамен бірнеше ай ішінде бейбітшілік келісіміне келе алмау ықтималдығын талқылап, Киев пен Мәскеуге қысым көрсетудің жаңа жоспарларын әзірлеуде – Reuters.

Президент Дональд Трамп өз мерзімінің басында сөзсіз атысты тоқтатуды сәуір-мамыр айларына қол жеткізуді көздеген болатын.

Кеше кешке АҚШ Сенатында Ресейге және одан шикізат сатып алатын елдерге қатысты қосымша санкциялар енгізу мәселесі талқыланды – Reuters.

❗️50 АҚШ сенаторы Ресей Украина бейбіт үдерісіне қатысудaң бас тартса, оған қарсы санкцияларды қатаңдатуға дайын екенін мәлімдеді.

Жаңа шектеулердің арасында Ресейден мұнай, газ және уран сатып алатын елдерге қойылатын жоғары баж салықтары талқыланды.

Бұл топта республикашылдар да, демократтар да бар.

🇺🇸 🇷🇺 💰 Ресейдің тәуелсіз әл-ауқат қорының басшысы Кирилл Дмитриев Вашингтонға сапарға шығады.

Ресейдің тәуелсіз әл-ауқат қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің осы аптада Вашингтонға барып, Трамп әкімшілігінің өкілдерімен кездесетіні күтілуде.

Бұл 2022 жылдан бері Ресейдің жоғары лауазымы бар қызметкерінің алғашқы сапары. Дмитриев АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткоффпен келіссөздер жүргізеді.

🚗 BYD 2025 жылдың бірінші тоқсанында 1 миллионнан астам автомобиль шығарды.

Өндірілген көліктердің 40%-дан көбі электромобильдер болды. Компания сонымен қатар, 2024 жылы сатылым көлемі алғаш рет 100 миллиард доллардан асқанын жариялады.
⚠️👁👁👁АҚШ-тың жаңа баж салықтары Қазақстан үшін қауіпті емес!

1️⃣ Тізімге автоматты түрде ену - аландауға себеб емес

АҚШ сауда балансында тапшылығы бар барлық елдерге бірқалыпты тарифтер енгізді.

Қазақстан саяси қайшылықтар емес, экономикалық критерий бойынша осы тізімге енді.

2024 жылы ҚР-дың жалпы сыртқы сауда айналымы - 116 млрд доллар (Қазақстан Республикасы Статистика комитетінің деректері)
АҚШ-қа экспорт - 2,33 млрд
АҚШ-тың Қазақстанмен саудадағы тапшылығы - 1,25 млрд (U.S. Census Bureau)

☄️ 27% баж салық қалай есептелді?
АҚШ формуласы:
(Сауда тапшылығы / Елдің АҚШ-қа экспорты) × 50%

Қазақстан үшін: (1,25 / 2,33) × 50% ≈ 27%


2️⃣ Ең бастысы: біздің АҚШ-қа экспортымызға еш қандай қиындықтар болмайды. Атаулы 27% болғанымен, нақты әсері нөлге жақын.

Қазақстанның АҚШ-қа негізгі экспорт тауарлары:
- Мұнай (48%)
- Ферроқорытпалар (38%)
- Уран, мыс, қорғасын

Бұл тауарлар АҚШ-тың ерекшеліктер тізіміне енгізілген. Сонымен қатар, жоғарылатылған баж салыққа жататындар:
✔ Фармацевтика өнімдері
✔ Жартылай өткізгіштер
✔ Критикалық минералдар (алюминий, болат және т.б.)

3️⃣ Қазақстан - «арнайы тобында» емес

Bloomberg пен Reuters аналитиктері «Dirty 15» - ең жоғары баж салықтар қолданылатын елдер тобын (Қытай - 34%, ЕО - 20% т.б.) бөліп көрсетті.

ҚР бұл тізімде жоқ.

АҚШ-тың біздің жалпы сауда айналымымыздағы үлесі - бар болғаны 3,4%. Тіпті теориялық тұрғыдан алғанда, баж салықтардың жоғарылауы ҚР экономикасына елеулі әсер етпейді.

Баж салықтар - Қазақстанға қарсы шабуыл емес, техникалық шара. Қазақстан тұрақты экономикасы бар сенімді серіктес ретінде қала береді. Тыныштық және прагматизм - кез келген өзгерістерге біздің жауабымыз.

#экономика #Қазақстан #АҚШ #сауда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM