Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
Қазақстан бастамаларына халықаралық мойындау: ПАСЕ депутаттары Орталық Азиядағы гендерлік және білім беру жобаларын қолдады

2025 жылдың 8 сәуірі Қазақстанның сыртқы саясаты үшін тарихи күн болды - Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының (ПАСЕ) депутаттары "Орталық Азия аймағында гендерлік тәсілді енгізу" деген маңызды декларацияны қабылдады.

Бұл құжат Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында ұсынған бастамасының маңыздылығын ерекше атап өтеді. Бұл бастама Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына арналған аймақтық орталығын құруға бағытталған.

Декларация бенқайтарылмас қолдауға ие болды - оны Еуропа Кеңесінің 12 мүше мемлекетінің барлық 5 саяси тобынан 21 депутат қолдады. Құжаттың ең белсенді қолдаушыларының қатарында П. Байр мен С. Шеннах (Аустрия), Л. Кастель (Испания), М. Вихель (Швеция) және С. Челенк Озен (Түркия) депутаттары кірді.

Құжатта ауған әйелдеріне арналған білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылды - 2027 жылға қарай Ауғанстанның 100-ден астам тұрғыны Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан университеттерінде оқу мүмкіндігіне ие болады.

Испания депутаты Л. Кастель атап өткендей: "БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясында Президент Тоқаевтың ұсынған бастамасы бұл мәселе бойынша халықаралық ынтымақтастықтың қажеттілігін айқын көрсетеді. Алматыдағы орталық - білім беру және экономикалық интеграциялық бағдарламалардың катализаторына айналуы мүмкін. Аймақтық хабтың құрылуы - бұл жай ғана символдық қадам емес, нақты көмек көрсету құралы".

Құжат Еуропа Кеңесінің мүше мемлекеттерін Алматыдағы БҰҰ Аймақтық орталығын қолдауға және онымен халықаралық күштерді үйлестіру мен Орталық Азия елдерінің ауған әйелдеріне көмек көрсету жөніндегі күш-жігерін қолдау үшін негізгі платформа ретінде ынтымақтасуға шақырады.

Декларацияның ресми мәтіні ПАСЕ сайтында осы сілтеме бойынша қолжетімді: https://pace.coe.int/en/files/34240/html.
Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жиын өткізді

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің және басқа да лауазымды тұлғалардың қатысуымен жиын өткізді. Онда әлемдік нарықтағы тарифтік қақтығыстардың салдарынан энергетика ресурстары және негізгі тауарлар бағасының құлдырауына байланысты ел экономикасында қалыптасқан ахуал қаралды.

➤ Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды. Бұл жұмыс қаржы-экономикалық дағдарыс кезінде өсімді және тартылатын инвестиция көлемін төмендетпеуді көздейді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі аса қолайсыз жағдайға қарамастан, еліміздің экономикалық дамуы бойынша өзі жариялаған басымдықтар, соның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту, ауыл шаруашылығы мен көлік-логистика саласын жаңғырту бастамалары толық жүзеге асырылатынын айтты.

➤ Президент келесі аптада осы мәселеге орай арнайы кеңес өткізуді жоспарлап отыр.
✍️ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Су кодексіне қол қойды

➤ Кодекстің бірінші блогы су үнемдеудің жаңа тетіктерін енгізуге және су нысандарын қорғауға бағытталған. Заңнамаға алғаш рет «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізілді. Бұл азаматтар мен ел экономикасын су тапшылығынан, ал су нысандарын ластанудан қорғауды, сондай-ақ трансшекаралық су нысандарын қорғау мен пайдалану саласында Қазақстан Республикасының мүддесіне қызмет етеді.

➤ Екінші блок саланы басқару тәсілдерін қайта қарастырады. Онда су ресурстарын қорғаудың басым бағыттарына, шешім қабылдауға жұртшылықты кеңінен тартуға және су шаруашылығы бассейндері негізінде басқаруға мән берілген.

➤ Үшінші блок су тасқынының, судан келетін зиян мен залалдың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қамтиды.

➤ Төртінші блогта су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау қатаңдатылды. Бассейндік су инспекцияларына мемлекеттік бақылау функциясынан бөлек, жедел әрекет ете отырып мемлекеттік қадағалау жөніндегі өкілеттіліктер берілді.

➤ Бесінші блок гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Су кодексінің мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызылорда қаласында ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді

✍️ Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында Қызылорда облысының бюджетіне ыстық сумен жабдықтау желілерін салу үшін Үкімет резервінен нысаналы трансферттер түрінде шамамен 5 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

💧 Бүгінде Қызылорда қаласы – орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ республикадағы жалғыз облыс орталығы.

Қаладағы көп қабатты үйлер электр жылыту немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін.

📌 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 10 қазанда өңірге жұмыс сапары барысында қаланы 2025 жылдың соңына дейін орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырған болатын.

✔️ Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны жүзеге асыру екі кезең бойынша жоспарланған. Бірінші кезең – 2024 жылы 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмыстары басталды. Екінші кезеңде биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.

2024 жылы бірінші кезеңге Үкімет резервінен 11 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды.

🔷 Аталған қаулы негізінде Үкімет резервінен бөлінген 5 млрд теңге биыл екінші кезеңнің бірінші кезектегі жұмыстары үшін пайдаланылады.

Осылайша, жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Қызылорда қаласының 423 көп қабатты тұрғын үйі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

🇺🇸 АҚШ: Президент Трамп тарифтерге қатысты күтпеген шешім қабылдап, оларды уақытша тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім АҚШ нарығында оң реакция тудырды. Сарапшылар бұл қадамды қаржы нарығындағы тұрақсыздықпен және мұнай бағасына әсерімен байланыстырады. Мұнай магнаттары Трампты сынға алып, жұмыс орындарын қысқарту қаупін ескертті.

Трамптың сөзі: «Адамдар үрейлене бастады, сондықтан икемді болу қажет», — деді ол. Тарифтерге қатысты бұрынғы мәлімдемелерінен неге бас тартқаны туралы сұраққа ол: «Кейде қабырғаның астынан немесе айналып өту керек» деп жауап берді.

🇨🇳 Қытай: ҚХР АҚШ тауарларына қатысты кек қайтара отырып, тарифтерді 34%-дан 84%-ға дейін көтерді.

🧑‍💻 🇺🇸 Ноутбуктар шығаратын компаниялар: HP, Dell, Lenovo, Acer және басқа да компаниялар жаңа тарифтерге байланысты АҚШ нарығына жеткізілімдерін тоқтатты.

Таяу Шығыс пен Украина: Израиль Газаны бомбалауда, Украина Ресейдің шабуылдарына шағымдануда. Зеленский қару сұрауын жалғастырып жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌍 Астана халықаралық форумы 2025: 100% демеушілер есебінен, 0% бюджет шығыны!

✅ Форум толықтай серіктестер мен демеушілердің қаржысы есебінен ұйымдастырылады – бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Бұған дейін форум мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылған.

Басты тақырыптар:
🔹 Геосаясат және қауіпсіздік 🔹 Экономика және қаржы 🔹 Энергетика және климат
Форум – саясат, экономика және технологиялар түйіскен тұстағы жаһандық диалог алаңы.
#AstanaForum2025 #GlobalDialogue #Kazakhstan
Мемлекет басшысы YTO Express басқарма төрағасы Юй Хуэйцзяоны қабылдады

➤ Президентке «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясының бірлескен кәсіпорны «Qazpost – YTO» ЖШС-нің қызметі жөнінде мәлімет берілді.

➤ Бұл жобаның негізгі мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азия елдері аумағында заманауи әрі тиімді курьерлік желіні дамыту.

➤ Биыл Алматы облысында сұрыптау хабының құрылысын бастау жоспарланып отыр. Аталған нысан пошта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

➤ «Qazpost – YTO» ЖШС сұрыптау хабына жақын маңнан Индустриалды парк салуға ниетті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев осындай бірлескен жобалардың стратегиялық маңызын атап өтіп, олар мемлекеттер мен халықаралық бизнес арасындағы тиімді ықпалдастықтың үлгісі болуға тиіс екеніне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Президенттің Жарлығымен бір топ ғалым мемлекеттік наградалармен марапатталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында бір топ ғалымды елеулі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Атап айтқанда, 4 ғалым «Парасат», 15 адам «Құрмет» орденіне ие болды.

Бұдан бөлек, 6 маманға «Ерен еңбегі үшін» медалі берілсе, тағы 2 ғалымға «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» құрметті атағы табыс етілді.

t.me/aqorda_resmi
Кәсібилік пен тіл талабы: Magnum оқиғасы туралы сарапшы пікірі

Magnum супермаркеттер желісіндегі курьердің жұмыстан шығарылуы қоғамда қызу пікірталасқа ұласты.

Оқиға курьердің клиенттен қазақ тілінде сөйлеуді талап етуінен кейін орын алды.

Саясаттанушы Ернұр Молдашев бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдіріп, ең алдымен жағдайды заң аясында бағалау қажет екенін айтты.
«Біз бәріміз құқықтық мемлекет құруды қалаймыз. Сондықтан кез келген жағдайға алдымен заң тұрғысынан қараған абзал. Әрине, әр адамның қолданыстағы заңмен келіспеуге, оны әділетсіз деп санауға және оны өзгертуге шақыруға құқығы бар. Дегенмен соған қарамастан, заңға бағыну – әр азаматтың міндеті. Бұл – құқықтық мемлекеттің негізгі қағидасы», – деді ол.

Оның айтуынша, заңмен реттелмеген тұстарда моральдық, діни немесе патриоттық көзқарастарды айтуға болады.

Бірақ осы жағдайда мәселе заңмен реттелген.
«Қолданыстағы заң бойынша кез келген азамат қазақ және орыс тілдерінде қызмет алуға құқылы. Сол себепті бизнес өкілдері де осы талапты орындауға міндетті», – деді саясаттанушы.

Сонымен қатар Ернұр Молдашев кәсібилік мәселесіне де назар аударды.
«Біз қазір экономикалық дамуға ұмтылып жатқан елміз, демек біз кәсіби мамандар тәрбиелеп шығаруымыз қажет. Кәсібилік дегеніміз – өзміндетіңді орындау барысында діни, ұлттық, патриоттық көзқарастарды шетке ысырып, заң мен қызмет сапасына сүйену. Қызмет көрсетуші осы ережелер аясында әрекет етуі тиіс», – деді ол.

Маман қосарланған стандарт мәселесін де көтерді. Оның айтуынша, бізде көбінесе қазақ тілін талап еткен жағдайда қоғамда пікірталас туындайды, ал кейбір компаниялар орыс тілін жетік білмейтіндерді кемсітіп, тіпті жұмысқа алмайды.

Осылайша, Молдашев мәселе тек курьердің әрекетінде емес, талаптың барлығына бірдей қойылмауында екенін атап өтті.
«Егер осы оқиғадан кейін Magnum қызметкерлері қазақ тілінде қызмет көрсете алмай қалса, бірақ сол үшін ешқандай шара қолданылмаса – бұл әділетсіздік болып саналады. Заң бәріне ортақ болуы тиіс. Қоғамда қандай жағдай болмасын, ең алдымен заңға сүйеніп әрекет етуіміз қажет. Қолданыстағы заңға наразылық болса, оны өзгертуге талап қоюға болады. Бірақ заң бар жерде, оған бағыну – міндет», – деп түйіндеді Ернұр Молдашев.

Автор: Меруерт Райым.
❤1
Forwarded from ADYRNA.KZ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Magnum сауда желісінде болған дау аяқталды. Курьер мен тұтынушы халыққа арнайы видео үндеу жолдап, түсініспеушіліктің шешілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Видеода тапсырыс жеткізуші (ред. курьер) жұмысқа қайта орналасқанын айтып, тұтынушымен татуласқанын көрсетті. Екеуі де болған жағдайға қатысты халықтан мәселеге нүкте қоюды сұрап, барша қолдау білдіргендерге алғыс айтты.
"Соңғы күндері әлеуметтік желіде маған және Магнумға қатысты әңгіме болып жатыр. Сол туралы түсіндіріп кетсем деймін. Алдымен баршаңызға қолдау көрсетіп жатқаныңызға үлкен рақмет айтамын. Өмір болған соң түсініспеушілік болып тұрады. Бірақ бәріміз қазақпыз. Елімізге татулық керек. Біз кездесіп, қол алысып, татуластық. Қазір Магнумға жұмысымды жалғастырып жатырмын. Жұмыс берушіге еш шағымым жоқ. Бәріміз бір қазақпыз. Үлкен рақмет!" - деді тапсырыс жеткізуші.

https://adyrna.kz/post/233897
👎9😁3
Мемлекет басшысы Көлік министрін қабылдады

✔️Марат Қарабаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің былтыр атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды.

➤ Негізгі көрсеткіштер:

🟦көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6% өскен;
🟦Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы өтетін жүк тасымалы 4,5 млн тоннаны құрады (өсім – 62%);
🟦12 мың шақырым жол жөнделді;
🟦Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарын жаңғырту аяқталды.

➤ Авиация және әуежайлар:

🟦Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды;
🟦отандық әуе компаниялары 14,7 млн жолаушы тасымалдаған (өсім – 10%);
🟦әуежайларда 29,7 млн адамға қызмет көрсетілген (14% артқан);
🟦биыл Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашу жоспарланып отыр;
🟦Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды.

➤ Теміржол секторы:

🟦21 млн жолаушы тасымалданған (өсім – 3,9%);
🟦125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады;
🟦5 ірі инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылып жатыр.

📌 Президент:

✔️ қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.

📌 Мемлекет басшысы:

✔️ Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдетуді;
✔️ Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейтуді;
✔️ Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға ерекше назар аударуды;
✔️ ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейтуді;
✔️ көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейтуді тапсырды.

📌 Қасым-Жомарт Тоқаев:

✔️ көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызын атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 Әлемдегі жаңалықтар қысқаша:

🇺🇸 💵 АҚШ қор нарықтары бейсенбіде түсіп, Nasdaq индексі 4,3%, ал S&P 500 3,5%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, АҚШ-та жылдық инфляция деңгейі наурыз айында 2,4%-ға дейін түсті, бұл экономистердің күткенінен (2,6%) және ақпан айындағы көрсеткіштен (2,8%) төмен. Деректер Дональд Трамптың Қытаймен сауда соғысы басталғанға дейін жиналған, бұл бағаға әлдеқайда күшті әсер етуі мүмкін.

🇺🇸 🇺🇦 FT жазуынша, АҚШ-тың Украинадағы елшісі Трамп әкімшілігімен саяси келіспеушіліктері себепті қызметінен кетті.

Басқа деректерге сәйкес, Бриджит Бринк АҚШ президентінің командасының «ұлғайып келе жатқан қысымына» ұшыраған. Олар оның Киевке қатысты жаңа бағытты қолдауға дайындығына күмәнданады.

Бринк Байден кезінде Ресейді белсенді түрде сынап, Трамптың іс жүзінде қызметіне кіріскеннен кейін Мәскеуді конфликтте айыптауды тоқтатқаны атап өтілді.

🇪🇺 Еуропа Одағы БАӘ-мен «заманауи және амбициялы» еркін сауда келісімі бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Бұрын блок АҚШ-қа қарсы кедендік баждарды 90 күнге тоқтатқан болатын, себебі Трамп сәрсенбіде көптеген елдерге баждарды уақытша бекітті.

Еуропа болат пен алюминийге 25%-дық баждарға жауап ретінде АҚШ тауарларына шамамен 21 млрд еуро (23 млрд доллар) мөлшерінде жинақтар енгізді. Сонымен бірге Қытайдың АҚШ-қа қарсы кедендік шаралары күшіне енді.

🇹🇿 Танзания соты оппозиция көшбасшысы Тунду Лиссуға қазан айында өтетін сайлау алдында мемлекетке қарсы қылмыс жасады деген айып тағылды.

Бұл айып үшін ең ауыр жаза — өлім жазасы қарастырылған.

Лиссу 9 сәуірде сайлау реформаларын қолдау митингісінде қамауға алынды. Ол 2020 жылы Chadema партиясынан президенттікке үміткер болған кезде өлтірілуден құтылған болатын.

ℹ️ Prada Versace-ні (тағы бір италияндық люкс бренді) €1,25 млрд ($1,4 млрд) төлеп сатып алады.

Versace-нің қазіргі иесі — Capri Holdings 2019 жылы компания үшін $2,1 млрд төлеген, бірақ ол қиындықтарға тап болды. Versacенің сатылымы 2024 жылдың соңғы тоқсанында жылдық негізде 15%-ға түсті. Prada Трамптың баж туралы жариялауынан кейін қор нарықтарының құлдырауына байланысты елеулі жеңілдікке қол жеткізген.

🇮🇱 🇹🇷 Израиль Сириядағы қарулы күштер арасында «аймақтық тұрақтылықты сақтау» мақсатында Түркиямен бұл аптада келіссөздер бастағанын растады. Екі жақ жақында бір-бірін жанама соғыс қозғауда айыптаған болатын.

Түркия да келіссөздерді растады. Жаңа Сирия президенті Ахмед әл-Шараа (Режep Тайип Ердоған қолдайтын уақытша үкімет басшысы) бейсенбіде Түркияға сапарын бастайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті

📌 Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.

✔️ Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр.

Негізгі өсім:

🚗 машина жасау (17,7%),

🥣 🍞 тамақ өндірісі (13,2%),

⚙️ машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%)

🔨 тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.

Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті.

Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.

📌 Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Анықтама:
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында – 21%-ды, құрылыста – 16,9%-ды, өнеркәсіпте – 6,6%-ды, саудада – 6,3%-ды құрайды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️⚡️⚡️Президент Тоқаев Шымкентте: кейбіреулер сынап жатқанда, билік Қазақстанның жарқын болашағын құрып жатыр!

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келіп, қаланың қарқынды дамуын өз көзімен көрді.

«Диван сарапшылары» күмән таратқан кезде, нақты істер көзге көрініп тұр:

✈️ Жеке инвестиция есебінен 24 миллиард теңгеге салынған заманауи әуежай – бұл халықаралық хаб, рейстер санын 3,5 есеге арттырады! Енді Шымкент тек Қазақстанның ғана емес, Еуропа мен Азияның да әуе қақпасына айналмақ.

🚛 Almaar Logistics инновациялық логистикалық орталығы – 14,8 миллиард теңге жеке инвестициямен салынған, 24 000 м² жоғары технологиялық қойма. Бұл жай ғана нысан емес – бұл Қазақстанды сауданың жаңа деңгейіне көтеретін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаһандық дәлізінің бір бөлігі.

🌱 Барлығы 50 өңдеу кәсіпорны тек 2024 жылдың өзінде 168,5 миллиард теңгенің өнімін шығарды. Жақын арада оларға қосылатындар:

🇹🇷 Түркиялық жылыжай кешені – 650 миллион АҚШ долларына
🇵🇱 Польшалық Fabe Polska кәсіпорны – 136 миллион АҚШ долларына
🥤 Coca-Cola-ның жаңа зауыты – толық автоматтандырылған өндіріс, жылына 283 миллион литр сусын шығарады және жаңа жұмыс орындарын ашты.

Міне, бос сөздің емес – нақты жұмыстың үлгісі!

‼️ Кейбіреулер әлеуметтік желілерде шағымданып жүргенде, Президент пен инвесторлар нақты іс атқарып, құрып, дамытып жатыр.

Шымкент – Қазақстанның қандай қиындық болса да алға жылжи алатынының жарқын мысалы.

Сын айтушыларға сұрақ: Бүгін ел үшін сіз не істедіңіз? 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ℹ️ℹ️ℹ️ Шымкентте Мәдениет және өнер университеті ашылады: бұл неге маңызды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу туралы қоғамдық бастаманы қолдады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков пен Мәдениет министрі Аида Балаеваға тиісті тапсырмалар берілді.

«Неге Шымкентке мұндай жоғары оқу орны қажет?» — деп кейбір скептиктер сұрау мүмкін.

Жауап берейік:

✔️ Шымкент — Қазақстанның үшінші мегаполисі. Жаңа университет бүкіл оңтүстік аймақ үшін ірі білім беру және шығармашылық орталыққа айналады.

Мемлекет басшысы үнемі айтып келе жатқан басты құндылықтардың бірі — қоғамның мәдени және рухани деңгейін көтеру. Осы тұрғыда дәл осындай мәдени орталықтың маңызды қалада құрылуы — өте өзекті әрі уақыт талабына сай қадам. Бұл — кәсіби мамандар атқаратын іс. Өнер — мәдениеттің ажырамас бөлігі. Алайда, өкінішке қарай, біз әлі де өнер мен мәдениетке деген терең түсінік пен құрмет деңгейімен мақтана алмаймыз.

Қарапайым мысал: әлеуметтік желілерді парақтап көріңізші — театр сыншысы ретінде танымал бір маманды атай аласыз ба? Жоқ. Ал шын мәнінде, бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде әлеуметтік желілердің де міндеті — тек хайп пен дабыра емес, сонымен қатар ағарту, талғам қалыптастыру, сыни ойлау мәдениетін дамыту.

✔️ Университет өнер, музыка, театр және мәдениеттану саласында кәсіби білім алғысы келетін дарынды жастар үшін есік ашады.

Ең бастысы — жастар өзге өңірлерге кетуге мәжбүр болмайды. Алматыдағы жақындағы жағдайды еске түсірейік: жатақхана таппаған кейбір студенттер тіпті саябақтағы орындықтарда түнеген болатын. Соңғы екі жылда мемлекет студенттер ағынын өңірлерге бағыттау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Шымкентте осындай университет ашу — сол саясаттың қисынды жалғасы.

✔️ Сонымен қатар, университет қазақтың дәстүрлі және заманауи өнерін терең зерттеу мен насихаттаудың маңызды алаңына айналады.

Бұл — аса маңызды міндет. Ұлттық мәдени кодты сақтау жеткіліксіз — оны дамыту қажет.

‼️ Өйткені мәдениет — халықтың жан дүниесі.

Алдағы уақытта университеттің тұжырымдамасы әзірленіп, білім беру бағдарламалары айқындалып, оқытушылар құрамын қалыптастыру жұмысы басталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖🇰🇿Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден (шамамен $10 мың) төленді.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл төлемді елордада тұратын 6 ардагер алды. Тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған ардагерлердің жұбайларына 58 980 теңге ($118) беріледі.

Сонымен қатар, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға (блокада тұрғындары, кәмелетке толмаған тұтқындар, ядролық сынақ мүгедектері) 176 940 теңге ($354) төленеді.

Төлемдер сәуір айының соңына дейін жүргізіледі.
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Мемлекет басшысы «Барыс» хоккей клубының балалар мен жасөспірімдер командасы ойыншылары ата-аналарының шағымына назар аударды.

Ата-аналар хатта қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелерге байланысты Қазақстандағы балалар хоккейінің келешегіне алаңдаушылықтарын жеткізген. Олардың жазуынша, аталған мәселеге клубтың қазіргі басшылығы көз жұма қараған. Сондықтан Президенттің осы іске араласуын сұраған.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған мәселеге орай жауапты органдарға тапсырма берді. Нәтижесінде «Барыс» хоккей клубының тәрбиеленушілерін Ресейдің осы маусымдағы чемпионатына қатыстыру жұмыстары қолға алынды.

Шағымда көтерілген мәселелердің бәрі, соның ішінде клубтың отандық және шетелдік ойыншылар, жаттықтырушылар, басқа да ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелері бюджет шығындарын оңтайландыру арқылы шешімін тапты.

Клубтағы қаржылық жағдайдың нашарлауына кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты тиісті шара қабылданды.
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

🇨🇳 🇺🇸 Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қытай Бейжіңдегі азаматтық үкімет шенеуніктерін «соғыс жағдайына» көшіріп, АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген кедендік тарифтерге қарсы өзге елдерді жұмылдыруға бағытталған дипломатиялық науқанды бастауға бұйрық берген.

«Соғыс жағдайының» аясында (мұны алғаш рет Reuters хабарлады), сыртқы істер және сауда министрліктерінің қызметкерлеріне демалыс жоспарларын тоқтатып, ұялы телефондарын тәулік бойы қосулы ұстау тапсырылды.

🇨🇳 🇻🇳 Си Цзиньпин бүгін Ханойда Вьетнам басшылығымен кездеседі. Бұл оның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы үш елге жоспарланған сапарының алғашқы бөлігі.

Си 14–15 сәуір аралығында Вьетнамда болады, ал 🇲🇾 Малайзия мен 🇰🇭 Камбоджада — 15–18 сәуір аралығында. Соңғы рет ол Камбоджаға 9 жыл, ал Малайзияға 12 жыл бұрын барған.

Сидің Ханойға сапары — соңғы 18 айда екінші мәрте — Қытайдың стратегиялық көршісімен қарым-қатынасты нығайтуды көздейді. Соңғы жылдары бұл елге Қытай тарапынан миллиардтаған доллар инвестиция тартылды. Себебі, қытайлық өндірістер алғашқы Трамп әкімшілігі енгізген баж салығынан қашу үшін оңтүстікке көше бастады.

🇺🇸 👔🇨🇳 Дональд Трамп жексенбі күні Қытайдан әкелінетін смартфондар мен компьютерлерге қатысты жеңілдіктер ұзаққа бармайтынын айтып, жартылай өткізгіштер саласында ұлттық қауіпсіздік бойынша тергеу жүргізуге уәде берді.

«Бұл электроника тек басқа “тарифтік себетке” көшіріледі», — деп жазды Трамп әлеуметтік желідегі хабарламасында. «Біз алдағы NSA тергеулерінде жартылай өткізгіштер мен ЭЛЕКТРОНИКАНЫҢ БАРЛЫҚ ЖЕТКІЗУ ТІЗБЕГІН қарастырамыз».

Сол күні Трамптың сауда министрі Говард Лютник келесі екі ай ішінде Қытайдан келетін ең маңызды технологиялық өнімдерге, оның ішінде жартылай өткізгіштерге де жаңа жеке кедендік баж салығы енгізілетінін мәлімдеді.

🇬🇦 Брис Клотер Олигуи Нгема Габон президенті болып сайланды. Ол сайлаушылардың 90,35% дауысын алды.

🇮🇱 🇵🇸 Израиль Газа қаласындағы жұмыс істеп тұрған жалғыз аурухана — Аль-Ахли баптист ауруханасына әуе соққысын жасады, The Economist хабарлайды.

Израиль Қорғаныс армиясы шабуылдың алдында эвакуацияға бұйрық берген. Айтуларынша, соққы аурухана ғимаратында орналасқан ХАМАС-тың «басшылық және бақылау» орталығын жоюға бағытталған.

🇭🇺 Будапештте ЛГБТ және оппозициялық қозғалыстар гей-парадтың тыйым салынуына қарсы наразылық шараларын өткізуде.

Премьер-министр Виктор Орбанның партиясы Fidesz және парламенттегі басым күш ЛГБТ+ фестивалі балаларға зиян келтіруі мүмкін деп санайды. Венгрия үкіметі елде көбейіп кеткен гомосексуалдарды ұзақ уақыт бойы шектеуге тырысып келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM