💵🇺🇸 АҚШ-ТАҒЫ САЯСИ ТҰРАҚСЫЗДЫҚ ДОЛЛАРДАН ЖАППАЙ ҚАШУҒА ӘКЕЛЕ МЕ? ⨯ [Bloomberg]
— Долларды қоса алғанда барлық негізгі активтердің құлдырауы инвесторлардың стагфляция, инфляцияның өсуі және ФРЖ мөлшерлемесінің төмендеу қаупін ескеріп жатқанының белгісі болды.
❗️Егер долларға деген сенім төмендей берсе, бұл капиталдың жаппай кетуіне және қаржылық дағдарысқа әкелуі мүмкін. Билік үшін сенімді қалпына келтіру — жедел міндет.
❗️🇺🇸 Ақ үй Қытай қандай тарифтерге тап болып жатқанын түсіндірді (фотоны қараңыз):
– Қарымта тариф: 125%
– Фентанилге қатысты дағдарысқа байланысты тариф: 20%
– 301-бөлім бойынша кейбір тауарларға: 7,5%-дан 100%-ға дейін
🇺🇸 🇮🇷 🇮🇱 АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына қарсы жоспарланған Израиль шабуылын тоқтатып, оның орнына Иранмен ядролық бағдарламаны шектеу жөніндегі келіссөздерге басымдық беруді шешті, деп хабарлайды New York Times.
Израиль мамыр айына шабуыл жоспарын дайындаған, мақсаты — Иранның ядролық қару жасау мүмкіндігін кемінде бір жылға кейінге шегеру.
🇺🇸 🏦 АҚШ Федералды резервінің төрағасы Джером Пауэлл Трамптың тарифтері инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру мен еңбек нарығының тұрақтылығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті.
Оның мәлімдемесінен кейін қор нарығы төмендеді. Бұған дейін Трамп күтпеген жерден жапон делегациясымен тарифтерді төмендету жөнінде Вашингтондағы кездесуге қатысатынын мәлімдеген еді.
🇮🇷 Иран алдағы демалыс күндері өтетін келіссөздердің алдында уранды байыту құқығы талқылауға жатпайтынын мәлімдеді.
Иран сыртқы істер министрі Трамптың өкілі Стив Виткоффтан АҚШ талаптарына қатысты қарама-қайшы мәлімдемелер естігенін айтты. Бұған дейін Виткофф Иран уранды байытуды тоқтатуы тиіс деген.
👨⚖️🔨 🇺🇸 АҚШ-тың федералды судьясы Трамп әкімшілігінің 238 адамды Сальвадорға жеткізуі тиіс ұшақтарды іске қосу туралы сот шешіміне «қасақана немқұрайдылық» танытқанын айтты.
Судья Джеймс Боасберг егер үкімет бұл адамдарға елден заңды түрде кетпеуге мүмкіндік бермесе, сотқа құрмет көрсетпеді деп ресми тергеу басталатынын ескертті. Үкімет бұл шешімге апелляция беретінін хабарлады.
🇬🇧 🔨👨⚖️ Ұлыбританияның Жоғарғы соты «әйел» ұғымының биологиялық жынысқа негізделгенін шешті.
Судьялар бұл мәселені 2023 жылдың қарашасында өткен екі күндік тыңдауда қарады. Шотландия үкіметі «әйел» сөзін 2010 жылғы Теңдік туралы заңда кеңірек түсіндірген, ал сот оны заңды орындалмайтындай етеді деп таныды.
🇮🇱 Израиль Қорғаныс министрінің айтуынша, Израиль армиясы өткен жылдан бері басып алынған Газа, Ливан және Сирия аймақтарында «буферлік аймақ» ретінде қалады.
Бұл шешім ХАМАС-пен атысты тоқтату жөніндегі келіссөздерді қиындатады. Израильдік тұтқындардың туыстары үкіметті аумақты тұтқындардан жоғары қойғаны үшін сынға алды.
🇬🇧 💸 Ұлыбританияда инфляция наурызда 2,6%-ға дейін төмендеді.
Құлдырау қызмет көрсету секторы мен жанармай бағасының төмендеуіне байланысты болды.
Англия банкі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының ықтимал салдарына дайындалып жатыр, бұл инфляцияның қайта өсуіне алып келуі мүмкін. Банк 2%-дық мақсатты ұстап отыр
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады
«Ақорда» резиденциясында жеті мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын табыстау рәсімі өтті.
➤ Сенім грамоталарын
🇧🇾 Беларусь Республикасының елшісі Алексей Богданов,
🇹🇭 Таиланд Корольдігінің елшісі Пияпин Нийомреркс,
🇲🇩 Молдова Республикасының елшісі Штефан Горда,
🇲🇲 Мьянма Одағы Республикасының елшісі Тит Линн Оун,
🇰🇪 Кения Республикасының елшісі Питер Мутуку Матуки,
🇦🇱 Албания Республикасының елшісі Блерта Кадзадеш,
🇮🇹 Италия Республикасының елшісі Антонелло де Риу тапсырды.
➤ Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының басталуымен құттықтап, еліміздің өзара мүддеге негізделген ынтымақтастықты дамытуға жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.
➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бейбіт әрі көпвекторлы сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Президенттің айтуынша, халықаралық қатынастарда диалог пен ықпалдастық қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс және БҰҰ Жарғысын қатаң сақтау айрықша маңызды.
t.me/aqorda_resmi

Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
➤ Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.
🎖Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.
➤ Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.
🎖Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі.
➤ ҚХА-ның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі
✔️ Президент қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру ісінде ҚХА ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
➤ Мерейтой мен сессияға дайындық
✔️ Мемлекет басшысына:
- Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы;
- аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
➤ Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.
❗️Президенттің тапсырмасы
Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңадан тағайындалған орынбасарлары Дмитрий Останькович пен Расул Ахметовті қабылдап, қызметтеріне табыс тіледі.
➤ ҚХА-ның қоғамдық келісімді нығайтудағы рөлі
➤ Мерейтой мен сессияға дайындық
- Ассамблеяның алдағы XXXIV сессиясына дайындық барысы;
- аталған институттың 30 жылдығы аясында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
➤ Мемлекет басшысы мерейтойлық іс-шараларды ұйымдастыруға Ассамблеяның барлық этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарын кеңінен тарту маңызды екеніне назар аударды.
❗️Президенттің тапсырмасы
Кездесу соңында Президент этносаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
✔️ Президенттер Қазақстан мен Ресейдің көпжақты ынтымақтастығы дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
✔️ Бұдан бөлек, энергетика саласындағы ықпалдастыққа назар аударылды.
✔️ Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін қарастырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:
👔 👔 Трамп Зеленский туралы тағы да пікір білдіріп, оны қақтығыстың арандатушысы деп айыптады: «Ресей Украинаға гөрң әлдеқайда ірі. Оның әскери күші қуаттырақ. Егер адам ақылды болса, мұндай соғысқа кірмеушеді»
🇺🇦 🇺🇸 ✅ Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар бойынша келісім туралы меморандумға қол қойды.
Бұл жөнінде Украина вице-премьері Юлия Свириденко хабарлады. Зеленский бұл толық келісім емес, алдын ала құжат екенін нақтылады. Ал Трамп соңғы келісімге келесі бейсенбіде қол қойылатынын мәлімдеді.
🇺🇦 🇨🇳 Осы уақытта Зеленский Қытайды алғаш рет ашық түрде Ресейді қарумен қамтамасыз етті деп айыптады.
Украина президенті баспасөз мәслихатында Қытайдың Ресей аумағында қару өндіріп жатқаны туралы барлау деректері бар екенін айтып, қосымша мәлімет ұсынуға дайын екенін жеткізді.
👔 🏦 Дональд Трамп кеше жарияланған Пауэлдің сұхбатына наразы. Ол АҚШ-тың бас банкирін қызметтен босатудың жолдарын қарастырып бастады.
Себебі, ФРЖ саясаты мен оның сын-ескертпелері Трампқа ұнамады. Алайда Скотт Бессент пен Кевин Хассент Пауэлді жұмыстан шығару АҚШ-тың қаржы жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, экономикалық өсімге кері әсер етеді деп есептейді.
Трамп болса өзінің саясатын табысты деп бағалап, мұнай бағасының төмендеуі арқылы инфляцияның төмендеуін және тарифтер есебінен АҚШ бюджетіне кірістің артуы туралы айтты.
🇺🇸 🇸🇾 АҚШ Сирияның солтүстік-шығысынан жүздеген сарбазын шығара бастады — New York Times.
Әскерилер сегіз шағын операциялық базаның үшеуін жауып, контингентті 2000-нан 1400 адамға дейін қысқартады.
🚀 Илон Масктың SpaceX компаниясы және оның екі серіктесі президент Дональд Трамптың «Алтын күмбез» деп аталатын зымыраннан қорғану жүйесі жобасының шешуші бөлігін жасауға басты үміткер болды - Reuters.
Масктың зымыран және спутник шығаратын компаниясы Palantir бағдарламалық жасақтама өндірушісімен және Anduril дрон өндірушісімен бірлесіп, жобаға қатысты тендерге қатысуда. Бұл техносектордағы қорғаныс стартаптарының қызығушылығын арттырды.
✈️❌ Белизде америкалық азамат ұшақ басып алып, жолаушыларға пышақпен шабуыл жасады – ABC News.
Ұшақта 14 адам болған. Үш адам пышақ жарақатын алды. Қаскүнемді қаруы бар жолаушы атып өлтірді.
🇺🇸 🔫 Флорида штаты университетінде шерифтің орынбасарының ұлы екі адамды атып өлтіріп, тағы төрт адамды жаралады.
Кейін оны полицейлер жаралап, ауруханаға жеткізді.
Полиция шабуыл жасаған адамның жалғыз әрекет еткенін, оның мотиві белгісіз екенін айтты. Күдікті анасының бұрынғы қызметтік қаруын қолданған.
🥅 🏒 🇷🇺 Александр Овечкин өзінің 897-ші шайбасын соғып, NHL тарихындағы жаңа мергендік рекорд орнатты.
«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы бұл голды чемпионат аясында «Питтсбург Пингвинзге» қарсы сырт алаңдағы матчта соқты.
🇺🇦 🇺🇸 ✅ Украина мен АҚШ пайдалы қазбалар бойынша келісім туралы меморандумға қол қойды.
Бұл жөнінде Украина вице-премьері Юлия Свириденко хабарлады. Зеленский бұл толық келісім емес, алдын ала құжат екенін нақтылады. Ал Трамп соңғы келісімге келесі бейсенбіде қол қойылатынын мәлімдеді.
🇺🇦 🇨🇳 Осы уақытта Зеленский Қытайды алғаш рет ашық түрде Ресейді қарумен қамтамасыз етті деп айыптады.
Украина президенті баспасөз мәслихатында Қытайдың Ресей аумағында қару өндіріп жатқаны туралы барлау деректері бар екенін айтып, қосымша мәлімет ұсынуға дайын екенін жеткізді.
Себебі, ФРЖ саясаты мен оның сын-ескертпелері Трампқа ұнамады. Алайда Скотт Бессент пен Кевин Хассент Пауэлді жұмыстан шығару АҚШ-тың қаржы жүйесіне деген сенімді әлсіретіп, экономикалық өсімге кері әсер етеді деп есептейді.
Трамп болса өзінің саясатын табысты деп бағалап, мұнай бағасының төмендеуі арқылы инфляцияның төмендеуін және тарифтер есебінен АҚШ бюджетіне кірістің артуы туралы айтты.
🇺🇸 🇸🇾 АҚШ Сирияның солтүстік-шығысынан жүздеген сарбазын шығара бастады — New York Times.
Әскерилер сегіз шағын операциялық базаның үшеуін жауып, контингентті 2000-нан 1400 адамға дейін қысқартады.
🚀 Илон Масктың SpaceX компаниясы және оның екі серіктесі президент Дональд Трамптың «Алтын күмбез» деп аталатын зымыраннан қорғану жүйесі жобасының шешуші бөлігін жасауға басты үміткер болды - Reuters.
Масктың зымыран және спутник шығаратын компаниясы Palantir бағдарламалық жасақтама өндірушісімен және Anduril дрон өндірушісімен бірлесіп, жобаға қатысты тендерге қатысуда. Бұл техносектордағы қорғаныс стартаптарының қызығушылығын арттырды.
✈️
Ұшақта 14 адам болған. Үш адам пышақ жарақатын алды. Қаскүнемді қаруы бар жолаушы атып өлтірді.
🇺🇸 🔫 Флорида штаты университетінде шерифтің орынбасарының ұлы екі адамды атып өлтіріп, тағы төрт адамды жаралады.
Кейін оны полицейлер жаралап, ауруханаға жеткізді.
Полиция шабуыл жасаған адамның жалғыз әрекет еткенін, оның мотиві белгісіз екенін айтты. Күдікті анасының бұрынғы қызметтік қаруын қолданған.
🥅 🏒 🇷🇺 Александр Овечкин өзінің 897-ші шайбасын соғып, NHL тарихындағы жаңа мергендік рекорд орнатты.
«Вашингтон Кэпиталз» шабуылшысы бұл голды чемпионат аясында «Питтсбург Пингвинзге» қарсы сырт алаңдағы матчта соқты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бір жылда 180 жаңа жобалар - бұл инвестициялардың, жаңа жұмыс орындардың және жаңа технологиялардың анық белгісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасының негізгі қозғаушы күші ретінде өнеркәсіпті дамытуды ерекше атап өтті.
Қазақстанның өнеркәсіптік саласы сенімді өсім көрсетіп, елдің өңірдегі экономикалық көшбасшы ретіндегі орнын нығайтуда.
2024 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 106,8 млрд АҚШ долларына жетті. Бұл Өзбекстаннан 1,5 есе, Қырғызстаннан 16 есе және Түрікменстаннан шамамен 22 есе жоғары.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан өнеркәсіптік өндіріс көлемі бойынша Ресейден кейінгі екінші орынды иеленіп отыр (Ресей – $1,3 трлн).
Сонымен қатар өңдеу өнеркәсібінде де республика жоғары нәтижелер көрсетуде ($52,2 млрд), бұл көршілес елдердің көпшілігінен артық.
Негізгі жобалар қатарында:
🔹 Қостанай облысы: шойын құю зауыты (жылына 45 мың тонна)
🔹 Алматы облысы: вольфрам өндіру және өңдеу (жылына 10 мың тонна концентрат)
🔹 Қарағанды облысы: катодты мыс өндіру (жылына 30 мың тонна)
🔹 Ұлытау: алтын өндіру (жылына 1,78 тонна)
🔹 Алматы: жапқыш арматура шығару (жылына 45 мың дана)
Сонымен, 2025 жылы іске қосылуда:
🚗 Автозауыттар:
Алматы: Қытайлық брендтер зауыты (Chery, Changan, Haval, Tank) – жылына 90 мың көлік шығарады
Қостанай: KIA көлік шығаратын зауыт – жылына 70 мың көлік шығарады
🏗️ Металлургия және кен өндіру:
Ақтөбе: Лиманное кен орнын игеру (жылына 1,2 млн тонна кен), инвестиция көлемі – 241,4 млрд теңге, 460 жұмыс орны құрылмақ.
ТОО «ПЗТМ Ltd» рельс дәнекерлеу кәсіпорны: инвестиция – 21,4 млрд теңге, 297 жұмыс орны (825 км темір жол рельсі, 290 мың дана бетон шпал жылына).
Павлодар: ферросилиций зауыты (жылына 240 мың тонна)
Қарағанды: болат құбырлар өндіру (жылына 250 мың тонна) және алюминий радиаторлар шығару (жылына 3,7 млн секция)
📦 Өңдеу өнеркәсібі:
Шымкент: алюминий банкі зауытын жаңғырту (жылына 1,1 млрд банка)
Ірі өнеркәсіптік жобалардың іске асырылуы – Қазақстанның экономикалық саясатының тиімділігін көрсетеді. Өңдеу өнеркәсібін дамыту – ұлттық экономиканың тұрақты өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі басты бағыт болып қала береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент Маңғыстау өңіріндегі көлік-логистика инфрақұрылымының даму барысымен танысты
🔵 Бүгінде аталған нысандағы көпмақсатты заманауи терминал Шығыс – Батыс, Солтүстік – Оңтүстік бағыттары бойынша тәулік бойы жүк тиеу мен түсіру қызметін ұсынады. Порттың халықаралық көлік дәліздерінің тоғысында орналасуы ұлттық және өңірлік логистиканы нығайтудағы айрықша стратегиялық мәнін көрсетеді.
Көлік министрі Марат Қарабаев өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты
✔️ Былтыр Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойынша жүк тасымалы 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаға жеткен.
✔️ Аталған бағытпен 358 контейнерлік пойыз, 27 мың автокөлік жүк тасымалдаған. Экспорт көлемі 3,2 миллион тоннаны құраған. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 10 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
✔️ Ақтауда контейнерлік хаб салынып жатыр. Бұл жоба порттың жүк өткізу қабілетін 140 мыңнан 240 мың ЖФЭ-ге дейін ұлғайтады.
✔️ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі курорты аймағында жаңа әуежайдың құрылысы басталды. Әуежай сағатына 150 жолаушыны қабылдай алады. Кендірліні Алматы және Астана қалаларымен жалғайтын тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланған.
✔️ Бұдан бөлек, Орталық – Батыс және Бейнеу – Сексеуіл секілді ауқымды жол құрылысы жобаларын жүзеге асыру көзделген. Соның нәтижесінде басты бағыттардағы логистиканы оңтайландырып, транзит және экспорт жүктерін тасымалдау шығындарын едәуір азайтуға мүмкіндік туады. Атап айтқанда, Астанадан Ақтауға дейінгі жол 800 шақырымға, ал Қорғастан Ақтауға дейінгі арақашықтық 900 шақырымға қысқарады.
❗️Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.
Көлік министрі Марат Қарабаев өңірде жалпы құны 1,9 триллион теңге болатын 24 инфрақұрылымдық жобаның жүзеге асырылып жатқанын айтты
❗️Мемлекет басшысы Кендірлі курорты аумағындағы әуежай құрылысын тезірек аяқтауды тапсырды. Президенттің айтуынша, Қазақстанды Еуразияның көлік-логистика хабына айналдыру жолында Маңғыстаудың алатын орны ерекше. Сондықтан оның әлеуетін тиімді пайдалану қажет. Өйткені бұл міндеттің стратегиялық маңызы зор.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
“ Менің алғашқы талабым – бәріміз адал еңбек етуіміз керек.
Екінші – бәріміз ілгері, заманауи болуымыз керек.
Үшінші – біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, дұрыс тәрбие беріп, олардың болашағына қажетті жағдай жасауымыз қажет.
Маңғыстау облысына келсек, бұл өңірді серпінді дамудың үлгісі ретінде көрсетуіміз керек. Аймақтың әлеуетін жан-жақты пайдалану қажет” - Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтті.
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: Күн тәртібінде – Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы
✔️ Соңғы екі жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 есеге артты.
✔️ Өткен жылдың 9 айында көрсеткіш 3,7 трлн теңгені құрады.
✔️ Соңғы екі жылда өңір экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.
✔️ Өңір күн санап өсіп келеді, халық саны 800 мыңнан асты.
Мемлекет басшысы халықтың бақылаусыз көшіп-қону мәселесін екінші рет көтерді, алғаш рет бір апта бұрын Шымкентте айтқан болатын.
Бұған дейін мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, білім мен медицина сапасын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистика әлеуеті мен туризмді дамыту мәселелері бойынша тапсырмалар берген едім. Бірқатар жұмыстар атқарылды, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Дегенмен, жүйелі кемшіліктер де бар. Мұны ашық мойындауымыз керек.
Басты міндет – облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсарту – деді Мемлекет басшысы.

– Бүгін мен арнайы жұмыс сапарымен Ақтауға келдім. Мақсатым – облыстың қазіргі жағдайымен танысып, өзекті мәселелерді талқылау. Маңғыстау еліміз үшін ерекше маңызға ие өңір екенін атап өткім келеді. Бұл – стратегиялық мәні бар аймақ әрі Қазақстанның батыс қақпасы. Мен әрдайым осы өңір тұрғындарының әл-ауқатына айрықша назар аударамын. Бүгін біз өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерді жан-жақты талқылаймыз. Сондай-ақ Үкімет пен облыс әкімінің есептері тыңдалады.
✔️ Соңғы екі жылда жалпы өңірлік өнім көлемі 1,3 есеге артты.
✔️ Өткен жылдың 9 айында көрсеткіш 3,7 трлн теңгені құрады.
✔️ Соңғы екі жылда өңір экономикасына 2 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды.
✔️ Өңір күн санап өсіп келеді, халық саны 800 мыңнан асты.
Мемлекет басшысы халықтың бақылаусыз көшіп-қону мәселесін екінші рет көтерді, алғаш рет бір апта бұрын Шымкентте айтқан болатын.
Бұған дейін мен тұрғындарды сумен қамтамасыз ету, білім мен медицина сапасын жақсарту, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік-логистика әлеуеті мен туризмді дамыту мәселелері бойынша тапсырмалар берген едім. Бірқатар жұмыстар атқарылды, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді. Дегенмен, жүйелі кемшіліктер де бар. Мұны ашық мойындауымыз керек.
Басты міндет – облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсарту – деді Мемлекет басшысы.
‼️ «Самұрық-Қазына» қорына өңірдегі су тапшылығын азайту бойынша нақты шаралар қабылдау тапсырылды.
Қазіргі таңда МАЭК-тің су тұщытатын қуатының жеткіліксіздігіне байланысты тәуліктік тапшылық 23 мың текше метрді құрайды.
‼️ Үкіметке жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылу желілерін салу және жаңғырту жұмыстарын жалғастыру тапсырылды.
Тұрғын үйлерді жаңғырту және нүктелі құрылыс мәселелерін шешу.
‼️ Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысын аяқтап, іске қосу мәселесін Үкіметтін бақылауына берілді.
‼️ Облыс әкімдігі өңдеу өнеркәсібі мен жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беруі қажет.
Әсіресе, «Ақтау теңіз порты» АЭА-ны кеңейту, ШОБ-ты қолдауды күшейту және өндірістік жобаларды бюрократиялық кедергілерсіз жедел жүзеге асыруға ерекше назар аудару тапсырылды.
‼️ Облыс басшылығы туризмді дамыту үшін жағдай жасаумен айналысуы керек.
Осы салаға жеке инвестиция тарту маңызды.
‼️ Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі негізгі транзиттік хаб ретіндегі позициясын күшейту қажет.
Бұл – автожол, теміржол және порт инфрақұрылымын дамыту жобаларын жүзеге асыру арқылы жүзеге асады.
Жаңаөзеннен Түрікменстан шекарасына дейінгі жол учаскелерін жөндеу жұмыстарын бастау қажет.
6 жыл бойы бос тұрған Бейнеу терминалының толыққанды жұмысын қамтамасыз етіп, оның қуатын арттыру керек. Бұл терминалды Каспий маңы елдеріне экспортты қамтамасыз ететін құрлықтағы ауыстырып тиеу кешені ретінде пайдалану қажет.
‼️ Қасым-Жомарт Тоқаев өндірістік кәсіпорындардың экологиялық талаптарды бұлжытпай сақтау қажеттігін атап өтті.
«Сонымен қатар, өңірдегі қоқыс полигондарында 200 мың тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық жиналған. Бұдан бөлек, бейберекет тасталған қоқыстар да бар. Облыста 68 рұқсат етілмеген қоқыс орны тіркелген, оның 60-ы жойылды, 8-і жекеменшік кәсіпкерлердің аумағында орналасқан. Бұл мәселелер тұрғындардың өмір сапасына кері әсер етуде. Үкімет пен облыс әкімдігі бұл проблемаларды шешу үшін түбегейлі және шұғыл шаралар қабылдауы тиіс. Бұл мәселе бойынша Үкімет маған тоқсан сайын есеп беріп отыруы қажет», – деді Мемлекет басшысы.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Ақтауда көбірек ағаш отырғызу керек. Тазалық – халқымызға тән құндылыққа айналуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
‼️ Мемлекет басшысы өңірдегі білім сапасын арттырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
«Самұрық-Қазына» қорына облыс әкімдігімен бірлесіп, жайлы мектептер салу жұмысын жеделдету тапсырылды. Сонымен қатар, сапалы стандартты мектептердің құрылысын жалғастыру қажет.
‼️ Үкімет пен облыс әкімдігі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауға алуы тиіс.
Президент денсаулық сақтау саласының деңгейінің төмендігін және мектепте балалардың улану жағдайларын ерекше атап өтті. Әкімдік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен мұқият айналысуы қажет
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇲Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
🗣Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды. Бірлескен іс-шараларды өткізу Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ереванға жасаған ресми сапары барысында мемлекет басшылары қол жеткізген келісімдердің нәтижесінде мүмкін болды.
✔️Қазақстанның ресми делегациясын ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды.
Бүгін «Москва» кинотеатрында көрермендерге режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қазақ хандығы. Алтын тақ» атты тарихи кинотуындысы мен Фархат Шәріповтің «Стоп, ночь» фильмі ұсынылды.
Салтанатты жиында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық киноөндірістің даму маңыздылығына тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты заңға қол қойғанын атап өтті. Заңда бірқатар жаңа ережелер қамтылған.
Атап айтқанда, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Елдегі кинофильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы тікелей аталған киностудияға бағытталады. Бұл шешім студия жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Құрманбек Жұмағали киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері жайлы айтып, қазіргі қазақ фильмдері армян көрерменінің көңілінен шығатынына сенім білдірді.
👉👉👉👉 https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/979425?lang=kk

🇰🇿 🌍 Қазақстан мен әлемдік көшбасшы PGI Management Алматыда халықаралық деңгейдегі тау шаңғысы курортын салады
⛷️ Алматылық тау кластері Орталық Азиядағы жаңа туризм орталығына айналады
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Давос (Швейцария), Куршевель (Франция) және Аспен (АҚШ) секілді аңызға айналған курорттардың артында тұрған PGI Management компаниясының президенті Жоан Виладоматпен кездесу өткізді.
Неліктен Алматы әлі күнге дейін әлемдік деңгейдегі курортқа айнала алмады?
Бізде шаңғы трассалар өте аз. Барлық тау курорттарды қоссақ, бар болғаны 41 км ғана.
Еуропалық курорттар – ұзақ шаңғы аймақтарының желісі, мұнда шаңғышылар бір аймақтан екіншісіне еркін өтеді – айналма немесе әртүрлі трассалар арқылы.
Алматыда да осыған ұқсас мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Біздің таулар бұған әбден мүмкіндік береді. Халық саны артып келеді, жастарға жұмыс орындары керек, ал мемлекетке – салық.
🔹 Не жоспарлануда?
✅ Туристерді қабылдау қуаттылығы күніне 6 000-нан 34 000 адамға дейін артады
✅ Шаңғы трассаларының ұзындығы 41 км-ден 227 км-ге дейін кеңейтіледі
✅ Туристер саны жылына 2 млн-нан 7,5 млн адамға дейін ұлғаяды
✅ 10 000 жаңа жұмыс орны құрылады (қазіргіден 5 есе көп)
📌 Күтілетін экономикалық тиімділік:
Салық түсімдерінің 185,9 млрд теңгеге дейін артуы
Ілеспе салалардың дамуы – көлік, HoReCa, бөлшек сауда
📌 Төрт маусымдық туризм:
Жазда – хайкинг, велотуризм, альпинизм
Қыста – тау шаңғысы, сноуборд, фрирайд
Қазақстан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, туризмді экономиканың жаңа өсу нүктесі ретінде дамытуымыз қажет.
PGI Managementпен серіктестік – Алматыны екінші Куршевельге айналдырудың, тіпті одан да жақсы ету мүмкіндігінің нағыз сәті.

👍1
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пасха мерекесімен құттықтауы
Құрметті отандастар!
Елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор.
Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады.
Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін.
Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін!
Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇲Арменияда өткен Қазақстанның мәдени күндерінің қорытынды іс-шарасы - қазақстандық өнерпаздардың гала-концертін тамашалаған көрермендер алған әсерлерімен бөлісіп, ыстық лебіздерін білдірді.
📣 21-22 сәуір күндері Түркістанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді
Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективалары және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.
Келіссөз барысында қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективалары және өңірдің күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады.
🇮🇱 🇵🇸 Израиль 23 наурызда Газа секторында гуманитарлық ұйымның 15 қызметкерінің қазасы «операциялық түсінбеушілік» салдарынан болғанын мәлімдеді.
Бұл қорытынды Израиль Қорғаныс армиясы жүргізген тергеу нәтижесінде жасалды. Армия батальон командирінің орынбасарын қызметінен босатты. Сенбі күні Биньямин Нетаньяху Израильдің Газада соғысты жалғастырудан басқа амалы болмағанын айтты.
🇧🇯 «Аль-Каида» ұйымының филиалы Бениннің солтүстігінде екі әскери бекетке жасалған шабуылдан 70 сарбазды өлтіргенін мәлімдеді.
Бұл ақпараттар әлі тәуелсіз расталған жоқ. «Аль-Каида» мен «Ислам мемлекеті» ұйымдарымен байланысты топтар соңғы уақытта Бенин мен оның көршісі Тогода бірнеше шабуыл жасаған. Жихадшылар бұл аймақта, яғни Сахельге жақын өңірде, нығая түсуде.
🇻🇦 🇺🇸 Папа Франциск АҚШ вице-президенті Дж. Д. Вэнспен Ватиканда қысқаша кездесу өткізді.
Понтифик Трамп әкімшілігінің көші-қон саясатын сынға алды. Бұған дейін, Пасха жексенбісінде, Франциск Әулие Петр соборының балконынан сенушілерге құттықтау айтты. Өткен айда ол пневмониямен ауруханада емделіп, кейін шыққан болатын.
👨⚖️ 🇺🇸 Судья Сэмюэль Алито Жоғарғы соттың Трамп әкімшілігінің Венесуэла азаматтарын Техастан депортациялау жоспарын бұғаттау шешімімен келіспеді.
Ол бұл шешімді «прецедентсіз және заңдылық тұрғысынан күмәнді» деп атады.
🇺🇸 АҚШ-тың бірнеше қаласында мыңдаған адам Трамптың саясатына қарсы шерулерге шықты.
50501 деп аталатын топ ұйымдастырған 400-ден астам митинг өтті. Ұқсас наразылықтар 5 сәуірде де болған. 50501 өзін «демократиялық, конституцияны қолдайтын, билікке қарсы емес, бейбіт халық қозғалысы» ретінде сипаттайды.
🇬🇧 Бирмингем қаласында (Ұлыбритания) қоқысшылар ереуілге шыққаннан кейін жол жиегінде 17 000 тонна қоқыс жиналып қалды.
Қоқыс жинаушылар әкімдіктің штат қысқарту шешіміне байланысты жұмысқа шықпаған.
🇷🇺 🇺🇦 Ресей мен Украина Пасха қарсаңында жарияланған бір күндік атысты тоқтату режимін бұзды деп бір-бірін айыптады, Reuters ақпараты бойынша.
Зеленский бұл аралықты тағы 30 күнге ұзартуды сұрады.
Жақында Миршаймердің сұхбаты жарияланды, онда ол Ресейге атысты тоқтату қажет емес, себебі ол жеңіп келеді деген пікірін білдірді. Ал Украинаға болса, әскер мен қару-жарақты толықтыру үшін қажет.
🇺🇦 Украинада бұрынғы мерзімді әскери қызметкерлерге берілген мобилизациядан босату мерзімі маусымда аяқталады – осыдан кейін оларды майданға жібере бастайды, деп хабарлайды украин БАҚтары.
Киев билігі шақыру ережелерін күшейтуді жалғастыруда.
Мобилизацияға әскери кафедрадан өткендер, запастағы офицерлер және шектеулі жарамдылар да ілігеді.
👔 Трамп Ресей мен Украинаның келесі аптада келісімге келеді деп күтүде:
«Үміттенемін, Ресей мен Украина осы аптада келісімге келеді», – деп жазды Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде.
«Содан кейін екі ел де АҚШ-пен ауқымды бизнес жүргізе бастайды, ол өркендеп, олар байып кетеді!» – деп қосты Трамп. Ол сонымен қатар, өзінің келіссөздер жүргізу тәсілінің тиімділігін еске салды.
АҚШ Запорожье АЭС айналасындағы аумақтарға бейтарап мәртебе беруді ұсынып отыр, деп жазды The Wall Street Journal. Бұл Украинадағы қақтығысты реттеу үшін қажет делінген.
➖ Бұған дейін РФ Сыртқы істер министрлігі Запорожье АЭС-ті Украинаға немесе басқа елге бермейтінін мәлімдеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📣 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 сәуір күндері Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Қазақстанға ресми сапармен келеді
🇰🇿🇮🇹 Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективасын талқылайды.
27 сәуір күні Астанада «Орталық Азия – Италия» форматындағы тұңғыш саммит өтеді.

This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы «Жастар» саябағында ағаш екті
✔️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалі аясында Астана қаласындағы «Жастар» саябағында экобелсенділермен бірге ағаш екті.
🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.
Э
🌳 Айта кетелік, «Бүкіл қазақстандық ағаш егу күні» акциясы аясында еліміз бойынша соңғы үш күнде 4,5 миллионға жуық көшет егіліп, орман алқабымызды толтырды.
Э
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Руслан Берденовтың жағдайы туралы не белгілі
Түнде операциялар жүргізілді. Жағдайы – тұрақты ауыр. Өміріне қауіп жоқ. Өкпесі мен бауыры зақымдалған.
22 сәуірге қараған түні қалалық әкімдік аталған оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Шенеуніктер шабуылдың болжалды себебі туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
«Қазіргі уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде шабуылдың себебі – шабуылдаушының әйеліне жасалған қысым болуы мүмкін деген жалған ақпарат тарауда. Бұл шындыққа жанаспайды», – деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бірқатар БАҚ өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, күдікті ретінде аталған адамды жариялады: ол – 1994 жылы туған, 30 жастағы Ернар Жиенбай, Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» коммуналдық кәсіпорнының басшысы.
Бейресми деректер бойынша, ұсталған азамат жақында қызметінен босатылған.
Руслан Берденовтың партияласы Бейбіт Әлібеков бұл қастандық құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.