Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
Руслан Берденовтың жағдайы туралы не белгілі

Түнде операциялар жүргізілді. Жағдайы – тұрақты ауыр. Өміріне қауіп жоқ. Өкпесі мен бауыры зақымдалған.

22 сәуірге қараған түні қалалық әкімдік аталған оқиғаға байланысты арнайы мәлімдеме жасады. Шенеуніктер шабуылдың болжалды себебі туралы тараған қауесеттерді жоққа шығарып, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.
«Қазіргі уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде шабуылдың себебі – шабуылдаушының әйеліне жасалған қысым болуы мүмкін деген жалған ақпарат тарауда. Бұл шындыққа жанаспайды», – деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бірқатар БАҚ өзінің дереккөздеріне сүйене отырып, күдікті ретінде аталған адамды жариялады: ол – 1994 жылы туған, 30 жастағы Ернар Жиенбай, Шымкент қалалық әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» коммуналдық кәсіпорнының басшысы.

Бейресми деректер бойынша, ұсталған азамат жақында қызметінен босатылған.

Руслан Берденовтың партияласы Бейбіт Әлібеков бұл қастандық құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекеттерімен байланысты болуы мүмкін екенін айтты.
🇰🇿🇹🇲Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді

➤ Мемлекет басшысы мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, еліміздің рухани астанасы, түркі халықтарына ортақ қасиетті мекен саналатын Түркістан қаласына сапармен келгені үшін ризашылығын жеткізді.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Халықаралық бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Оның айтуынша, БҰҰ қолдаған бұл бастама Түрікменстанның әлемдік деңгейдегі абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді.

🇹🇲 Халк Маслахатының Төрағасы Мемлекет басшысына киелі Түркістанда қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтты. Сонымен қатар Қазақстан Түрікменстанның ең негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі екенін жеткізді.

✔️Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың барлық бағыты бойынша сан қырлы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланды.

✔️Өзара сауда-саттық көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін байланыстарды дамытудың тың мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігі атап өтілді.

Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді

✔️Мемлекет басшысы «Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак» темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.

✔️Сонымен қатар Солтүстік – Оңтүстік бағытындағы транзит әлеуетін арттыруда «Қазақстан – Түрікменстан – Иран» темір жол магистралы мен құрылысы жүріп жатқан «Түрікменбашы – Гарабогаз – Қазақстан шекарасы» автокөлік жолы маңызды рөл атқарады.

✔️Бұдан бөлек, кездесуде білім беру, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді ықпалдастық мәселелері талқыланды.

✔️Қазақстан тарапы Түрікменстанға мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, сондай-ақ IT-мамандардың біліктілігін арттыру ісінде жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов өнеркәсіп көрмесін аралап көрді

✔️Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы SPK Turkistan индустриалды паркіне барды.

✔️Қазіргі таңда мұнда жалпы құны 36,5 миллиард теңге болатын 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерінің, ауыл шаруашылығы тракторлары, білім мен медицина мекемелеріне арналған жиһаздар, есіктер және өндірістік тоңазытқыштар өндірісі жолға қойылған.

✔️Өндіріс паркін дамытудың келесі кезеңінде 70 гектар аумаққа 112 ғимарат салу, сондай-ақ жалпы сомасы 39,7 миллиард теңге болатын 13 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов ғарыш саласында, машина жасау, металлургия, құрылыс индустриясы, жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібінде қызмет ететін қазақстандық өндірушілердің көрмесімен танысты.

✔️Экспозицияға отандық кәсіпорындар шығаратын автокөліктер, ауыл шаруашылығы техникалары, тұрмыстық техника, медициналық құрылғылар, өндірістік аккумуляторлар, жиһаздар, текстиль, киім және тағы да басқа тауар түрлері қойылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

💰 Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) жаһандық экономикалық келешекке қатысты кезекті есебін жариялады.

АҚШ енгізген рекордтық импорттық тарифтер әлемдік экономикаға соққы беріп, белгісіздікті арттырды және болжау үдерісін күрделендірді.

ХВҚ деректеріне сәйкес, жаһандық ЖІӨ өсімі 2025 жылы 2,8%-ға, ал 2026 жылы 3%-ға дейін төмендейді – бұл қаңтардағы болжамдардан төмен.

Дамыған елдерде: өсім 1,4%-ға дейін баяулайды. АҚШ-та: 1,8%. Еуроаймақта: 0,8%.
Дамушы елдерде: өсім 2025 жылы 3,7%-ға дейін төмендейді, Қытайда: 4%-ға дейін. Вьетнам ең көп зардап шегеді: ЖІӨ өсімі 2024 жылғы 7,2%-дан 2026 жылы 5,2%-ға, одан кейін 4%-ға дейін құлдырайды.

Қауіптерге мыналар жатады: сауда соғыстарының ушығуы, қаржы тұрақсыздығы, қарыз дағдарыстары және әлеуметтік толқулар.

Тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін сауда саясатын үйлестіру, бюджеттік резервтерді қалпына келтіру және құрылымдық реформалар қажет.
Орталық банктерге инфляция мен экономикалық өсім арасындағы тепе-теңдікті сақтау, мемлекеттік қарыздарды бақылауда ұстау, ал үкіметтерге миграцияны реттеу мен демографиялық өзгерістерге ерекше назар аудару ұсынылады.

🇰🇿 Қазақстан бойынша ХВҚ болжамы:

ЖІӨ өсімі:
2025 ж. – 4,9%
2026 ж. – 4,8%
Инфляция:
2025 ж. – 9,9%
2026 ж. – 9,4%
Сауда балансының тапшылығының артуы:
2025 ж. – -3,6%
2026 ж. – -3,7% Анықтама үшін: 2024 ж. – -1,3%
Жұмыссыздық:
2025 және 2026 жж. – 4,6%

🇺🇸🇺🇦🇷🇺 АҚШ Украинаға қатысты 7 тармақтан тұратын бейбіт жоспарды Лондонда таныстырады – деп хабарлайды The Telegraph:
▪️ АҚШ-тың Ресейге қарсы барлық санкцияларын жою; ▪️ АҚШ пен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық; ▪️ Қырымды Ресейдің бөлігі ретінде мойындау; ▪️ Атысты тоқтату; ▪️ Украина мен Ресей арасындағы тікелей келіссөздер; ▪️ Украинаның НАТО-ға кіруден бас тартуы; ▪️ Украина мен АҚШ арасында пайдалы қазбалар жөнінде келісімге қол қою.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинаны бейбіт реттеу жөніндегі Лондондағы келіссөздерге қатыспайды, – деді Мемдепартаменттің өкілі Тэмми Брюс.

Бұған дейін Рубио сапарға баратынын мәлімдеген болатын.
Британ әріптесімен сөйлескеннен кейін Рубио Ұлыбританияға сапарын бірнеше айға шегеретінін хабарлады. Оның Лондонға барудан бас тартуы – Трамп әкімшілігі үшін Украинадағы қақтығысты шешудің маңыздылығы төмендегенінің белгісі болуы мүмкін.

🇺🇸🇨🇳 Скотт Бессент Қытаймен тарифтік шиеленістің бәсеңдейтінін болжайды.

Бессенттің айтуынша, тарифтік текетірестің ұзаққа созылуы мүмкін емес және ол жағдайдың жұмсаруын күтеді.

Осы ақпарат жарияланған кейін АҚШ қор нарығында оң өзгерістер байқалды: S&P 500 индексі 2,9%-ға өсті, ал доллар мен қазынашылық облигациялар тұрақталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Ruslan Zheldibay
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын.

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.

– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
🇰🇿🇮🇳 Мемлекет басшысы Үндістанның Премьер-министріне көңіл айтты

✉️ Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модиге Үндістанның солтүстігінде орналасқан Пахалгам қаласындағы жантүршігерлік лаңкестік әрекет салдарынан бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

➤ Президент халыққа қарсы жасалған бұл зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын жеткізіп, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

🇮🇳 🇵🇰 Үндістан сәрсенбі күні Пәкістанмен қарым-қатынасты төмендету бойынша бірқатар шараларды жариялады.

Бұл шешім Кашмирде болжамды содырлар 26 туристі өлтірген, соңғы жиырма жылдағы ең ауыр шабуылдан кейін қабылданды.
Ядролық қаруы бар Оңтүстік Азиядағы көршілер арасындағы дипломатиялық байланыстар төмен денгейге дейін , әсіресе Үндістан 2019 жылы Кашмирдің арнайы мәртебесін жойғаннан кейін түсті, Пәкістан өз елшісін кері шақырып, Үндістанға елші жібермеген.

🇹🇷 Стамбулда жер сілкінісі кезінде сәрсенбі күні 150-ден астам адам жарақат алды. Көптеген тұрғындар ғимараттардан секіріп шыққан.
Адамдар парктерге жиналды, кейбіреулер үйлерінің алдында отырды немесе тұрды. Қаланың еуропалық бөлігінде магнитудасы 6,2 болатын жерасты дүмпулері сезілді.

🇺🇸 🇨🇳 Wall Street Journal мәліметі бойынша, АҚШ Қытаймен тарифтік шиеленісті азайту үшін кейбір кедендік баждарды төмендетуді қарастыруда.

Трамп әкімшілігі Қытайға қатысты ұстанымын жұмсартуы мүмкін екенін білдірген соң, АҚШ қор индекстері өсті.

АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент Қытайға жоғары тарифтер «ұзақмерзімді шешім емес» екенін айтты.

Бұған дейін Трамп Федералдық резерв төрағасы Джером Пауэллды қызметінен босатпайтынын мәлімдеген еді.

🇺🇸 Трамптың кейбір министрлері мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің ықпалын шектеу бойынша шаралар қабылдайды деп күтілуде. Илон Маск бұл органнан кеткен соң, олар бюджет пен кадрлық саясатты қайта бақылауға алмақ, деп хабарлайды Reuters.

🇺🇸 🇷🇺 Politico мәліметінше, Украина бойынша келіссөздер аясында АҚШ «Солтүстік ағын–2» газ құбыры мен Еуропадағы кейбір ресейлік активтерге салынған санкцияларды алып тастауды қарастырып жатыр.

👔👔❗️Трамп Сауд Арабиясындағы сапары кезінде Путинмен кездесуі екіталай екенін айтты. Кездесу, болжам бойынша, кейінге қалады.

🇷🇺 🇪🇺 Еуропа 2030 жылға қарай Ресеймен соғысқа дайын болғысы келеді. ЕО елдері ашық түрде дайындықты бастап кетті, – деді Сергей Шойгу ТАСС-қа берген сұхбатында.

РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Еуропада мұндай соғыстың 3–5 жыл ішінде болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатқанын айтты.

Шойгу Ресейдің ядролық сынақтарын қайта бастауы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Соңғы кеңестік ядролық жарылыс 1990 жылы 24 қазанда Жаңа Жерде жүргізілді. Одан кейін КСРО біржақты мораторий жариялап, оны Ресей жалғастырып келеді. 1949–1990 жылдар аралығында КСРО 715 ядролық сынақ өткізген.

🇺🇦 🇨🇳 Қытай елшісі Украина СІМ-ге шақырылды. Бұл Қытай сарбаздарының Украинада болуы туралы хабарларға байланысты. Қытай СІМ бұл айыптаулардың негізсіз екенін және саяси манипуляция екенін айтты.

🇬🇧 🇩🇪 🇫🇷 🇺🇦 Financial Times (FT) дерегінше, Ұлыбритания, Германия және Франция АҚШ-тың келіссөздерден шығуы мүмкін екеніне алаңдаулы.

Лондондағы келіссөздерге қатысы бар дереккөздің айтуынша, еуропалық үштік Киевке өз "қызыл сызықтарын" сақтауға мүмкіндік беретін, бірақ Украина билігін кейбір аумақтардан бас тартуға итермелейтін ымыра іздеуде. FT нақты қай аумақтар туралы екенін ашып айтпаған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Президент жариялаған стратегиялық тезистер:

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған сөзі мерекелік риторикамен шектелген жоқ.

Әлемдік тұрақсыздық күшейіп жатқан жағдайда Мемлекет басшысы ел болашағы қандай ұстанымдарға сүйеніп құрылатынын анық айтты. Олар– ресми бірлік туралы емес, ескі одақтар күйреп, жаңалары әлі қалыптаспаған заманда өмір сүрудің нақты моделі .

1. Неліктен тұрақтылық – басты құндылық

Тоқаевтың «кейбір көршілес мемлекеттердегі» жағдайға арнайы тоқталғаны бекер емес. Еуразия өңіріндегі қақтығыстар аясында Қазақстан өзін болжамды және тұрақты мемлекет ретінде көрсетіп тұр.

Бұл жай ғана әдемі сөз емес – бұл стратегиялық артықшылық:
✔️ Бизнесті тартады (Ресей мен Қытайдан өндірістерді көшіру); ✔️ Инвестициялық тартымдылықты арттырады (Құқық үстемдігі индексінде 43-орын – Орталық Азияда ең жоғары); ✔️ Дипломатиялық артықшылық береді (бейтараптық және көпвекторлы саясат).

Алайда кері әсері де бар: сыртқы ойыншылар ел ішіндегі жағдайды шайқалтуға тырысады.
Осыған байланысты Президент грант алушыларға қатысты қатаң мәлімдеме жасады.

2. «Заң мен тәртіп» пен «Архаика» – жаңа идеологиялық қақтығыс

Президент: «Кеше жұмыс істеген әдістер бүгін тиімсіз болуы мүмкін» деп мәлімдеді.

Бұл – әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарынан тыс қалған негізгі тұжырым:
«Қолмен басқарудан» институттық жүйеге көшу (бірақ вертикальді құрылым сақталады);
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын реформалау және ықпалын арттыру.

3. «Архаикаға» оралуға жол жоқ

Мемлекет басшысы: «Архаикаға кетуге жол бермейміз» деп нақты ескертті. Билік қоғамның консервативтік бағытқа бұрылу қаупін көріп отыр және дәстүр мен жаңғыру арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысуда.

4. «Таза Қазақстан» – бұл тек қоқыс туралы емес

Елді тазарту акциясы «шынайы патриотизмнің көрінісі» ретінде ұсынылып жатыр, бірақ экологиялық ұрандардың артында терең мақсаттар тұр:
✔️ Тәртіпке баулу (тазалық = нормаларды сақтау); ✔️ Тазалықты бақылауды заңдастыру; ✔️ Қарапайым идеялар төңірегінде халықты біріктіру.

5. Көршілермен қарым-қатынас: бауырластық пен прагматизм арасы

Тоқаев басымдықтарды нақты атап өтті:

🇷🇺 Ресей – «Қазақстанның басты стратегиялық әріптесі және сенімді одақтасы»

🇨🇳 Қытай – терең тамырлы ынтымақтастық, «Қытай халқы қазақ халқына ешқашан зиян келтірмеген және келтірмейді»

Орталық Азия – бауырлас халықтар риторикасы, бірақ нақты шекаралар мен экономикалық әріптестікке басымдық беріледі.

Шекара мәселелерін шешуге ерекше назар аударылды. Бұл – жай ғана дипломатиялық жетістік емес:
Көлік дәліздерін дамытуға жол ашады
Шекарааралық сауданы жандандырады
Орталық Азияда ортақ еңбек нарығын құруға негіз қалайды
Бастысы – Президент нақты айтты: шекаралар қайта қаралмайды. Бұл – қазіргі геосаяси қысым жағдайында принципті ұстаным.

6. Экономика: инвестициялар мен өзін-өзі қамту арасында

Сөз саясатқа арналса да, оның арасында маңызды экономикалық сигналдар байқалды:

«Өз күшімізге сүйену» – жаһандық жаңа тұрақсыздықтарға дайындық

Индустрияландыруды жалғастыру – «Жұмысшы мамандықтар жылының» жариялануы кездейсоқ емес

Инфрақұрылымды дамыту – Достық үйлері тек мәдениет үшін емес, аймақтық даму үшін де маңызды

7. Жастар: жаңа әлеуметтік келісім
Бүкіл баяндаманың өзегінде жастар мәселесі тұрды:
«Адал азамат» – жаңа элитаны қалыптастыру
Білім беру мен патриотизмге басымдық беру
Бұл – қазіргі бағытты қолдайтын жаңа буынды қалыптастыруға жасалған қадам.

Қорытынды:
Әлем блоктарға бөлініп жатқан жағдайда Қазақстан:
✔️ Көпвекторлы саясатты жалғастырады, бірақ ұлттық мүддеге сүйеніп ✔️ Ішкі тұрақтылыққа мән береді ✔️ Ұзақ мерзімді жаһандық тұрақсыздыққа дайындалып жатыр

Президент Тоқаевтың сөзінің тональдылығына қарағанда, ол бұл бағытта батыл әрекет етуге дайын.
🌐🌐🌐 әлем жаңалықтары қысқаша:

🇺🇸 👔тың Гарвардпен соғыс жалғасуда... (1-суретті қараңыз)

«Гарвард — антисемиттік, аса солшыл оқу орны, басқа да осындай университеттер сияқты, бүкіл әлемнен келген студенттерді қабылдайды, олар біздің елімізді бөлшектеуге тырысады.

Бұл жер — белгілі бір топтың жынданған өкілдері аудиторияға кіріп-шығып, жалған ашу мен өшпенділікті төгуге мүмкіндік алатын либералды былық.

Бұл шын мәнінде қорқынышты! Біз сотқа жүгінгеннен бері, олар өздерін нағыз «американдық алма бәліші» сияқты етіп көрсетуде.

Гарвард — демократияға қауіп, ал мені қорғап жүрген адвокат бірден отставкаға кетуі немесе жұмыстан шығарылуы тиіс. Қалай болғанда да, ол аса қабілетті емес, менің үлкен әрі әдемі компаниям, қазіргі таңда ұлдарым басқарып отырған, одан тезірек құтылатын шығар деп үміттенемін!»

👔🇷🇺 🇺🇦 Трамп Ресей мен Украина арасындағы соғыс жөнінде тағы да мәлімдеме жасады:

«Біз екі тарап та бейбітшілікті қалайды деп сенеміз, бірақ олар келіссөз үстеліне отыруы керек. Біз тым ұзақ күттік. Оларды келіссөз бастауға мәжбүрлеу қажет.

Мен бұл соғысты тоқтатып, бейбітшілікке қол жеткізе аламыз деп ойлаймын. 5000 жас адамдардың өмірін сақтап қалғымыз келеді. Бұрын 2500 адам туралы айтатынмын, енді 5000 деп отырмын.

Апта сайын осы мағынасыз соғыста шамамен 5000 жас жігіт қаза табуда...

Қазір бұл әлдеқайда маңызды. Біз мыңдаған адамның өмірін сақтай аламыз. Бұл тым ұзаққа созылып жатыр, менің көңілім толмайды.

Бірақ мен екі тарап та бейбітшілікке ұмтылады деп сенемін. Ол жақта өшпенділік көп, қарым-қатынас нашар, сенім жоқ. Бірақ мен көптеген жастардың өмірі үшін біз бұл мақсатқа жетеміз деп үміттенемін. Менің өз мерзімім бар. Өз дедлайным бар. Біз мұның тезірек болуын қалаймыз.

Премьер-министр бізге көмектесіп жатыр, ол да осының тез орындалуын қалайды. Қазір НАТО-ның бәрі де мұның орындалуын қалайды. Бізде дедлайн бар, содан кейін біз бұл жағдайға мүлдем басқа көзқараспен қараймыз. Бірақ мен жетістікке жету мүмкіндігі жоғары деп ойлаймын.»


«Менің ойымша, бейбітшілікке кедергі Ресей емес.

Біз Украинадағы соғыс бойынша келісімге өте жақынбыз.»


Трамп Киевке жасалған шабуылды да сынады.

🇨🇳 Бұл уақытта Қытай АҚШ-қа экономикалық қысым жасау үшін өз қиындықтарына төзіп, табандылығын көрсетіп отыр — деп жазды Washington Post.

Трамп пен қаржы министрі Скотт Бессент осы аптада жұмсақ ұстаным танытса, Қытай үш таңбалы тарифтерге жауап ретінде Boeing ұшақтарынан бас тартты, америкалық сояны сатып алуды азайтты, АҚШ-қа экспортты шектеді. АҚШ-қа арналған негізгі шикізат экспорты да қысқарды.

Қытай СІМ бейсенбіде Трамп әкімшілігімен сауда жөнінде ешқандай келіссөз жүргізілмегенін мәлімдеді, әрі Бейжің АҚШ қысымы жағдайында келіссөз жүргізбейтінін қайталады.

Қытай басшылығы халықты бірігіп, Трамптың тарифтік шабуылына қарсы тұруға шақырады. Мақсат — Қытай экономикасының АҚШ-қа тәуелділігін азайтып, технологиялық серпілістер мен ішкі тұтыну арқылы өз-өзін қамтамасыз ету.

Пекин басқа елдерді де АҚШ-тың «біржақты қорқыту саясатына» қарсы шығуға үгіттеп отыр.

Сәрсенбі күні Пекиндегі кездесуде Си Цзиньпин Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке: «Сауда соғыстары барлық елдердің заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіреді, көпжақты сауда жүйесіне зиян тигізеді және жаһандық экономикалық тәртіпке әсер етеді», — деді.

💵🇺🇦 Украина 2,6 миллиард доллар қарызын қайта құрылымдау туралы келісімге жете алмады

— Украина 2015 жылы шығарылған ІЖӨ-ге байланған облигациялар бойынша $2,6 млрд қарызды қайта құрылымдау жөнінде инвесторлармен келісімге келе алмады. Бұл келісімнің мамырдағы мерзімі жақындаған сайын дефолт қаупін арттырады. Қаржы министрлігі келіссөздерді жалғастыратынын айтқанымен, егер мәміле жасалмаса, Киев 2023 жылғы экономикалық өсімге байланысты $600 млн төлем бойынша дефолт жариялауы мүмкін.

Киев бұл міндеттемелерді ескірген деп есептейді, өйткені олар соғыстан келген шығынды есепке алмайды. Халықаралық валюта қоры егер бұл мәселе шешілмесе, $15,5 млрд көлеміндегі қаржылай көмектің тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкін деп ескертті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
✍️ Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды;

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысы UEFA президенті Александер Чеферинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді.

➤ Қазақстанда:

🔵1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданады. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы.
🔵Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады.

➤ Футбол экожүйесін дамыту

Мемлекет басшысы:

✔️ отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастыру;
✔️ клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды;
✔️ Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді.

➤ UEFA тарапынан қолдау

🔵Александер Чеферин Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын екенін жеткізді.
🔵UEFA мен Қазақстан футбол федерациясы арасында берік байланыс орнағанын атап өтті.

🎖Касым-Жомарт Токаев вручил Александеру Чеферину орден «Достык» II степени за его вклад в развитие спорта в Казахстане
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ℹ️ℹ️ℹ️ Енді онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтер ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) шеңберіне енгізілді және МӘМС жүйесінен алынып тасталды.

Онкологиялық ауруларды анықтауға арналған амбулаториялық тексерулер халыққа бюджет есебінен көрсетіледі.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау, ойын бизнесі мәселелері және артық заңнамалық реттеуді алып тастау жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталған заңмен келесі құжаттарға өзгерістер енгізілді: — «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне, — «Жарнама туралы», — «Ойын бизнесі туралы», — «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңдарға.

‼️ Заңдағы алғашқы өзгерістер блогы — денсаулық сақтау саласындағы жекелеген мәселелерді шешуге бағытталған.

✔️Қабылданған өзгерістердің бірі — мүгедектігі жоқ науқастарды есту аппараттарымен қамтамасыз ету мәселесін реттейді.

‼️ Екінші өзгерістер блогында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасына тыйым салынған: — ұялы байланыс абоненттеріне тарату жолымен; — онлайн-платформаларда орналастыру арқылы.
Енді мұндай жарнамалар тек спорттық бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдарында ғана орналастырыла алады.

Сондай-ақ, — бас бостандығын шектеу немесе шартты түрде сотталған адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салынды.

Заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады. Ақпарат көзі: t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇮🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

🇷🇺 Владимир Путин Курск облысының толық азат етілгенін жариялады.

Бұл жаңалықты барлық батыстық БАҚ жариялады.
Украина әскері ауыр шығындарға ұшырады (76 мыңнан астам адам қаза тауып немесе жараланған). Біздің бұрынғы авторымыз бұл авантюраның болашағы жоқ екенін алғашқы күндерден бастап жазған еді.

❕ Кеше Батыс БАҚ күтпеген жерден көзін ашып, Ресей әскерінің Курск облысын толық азат етуін Киев үшін сәтсіздік деп бағалады. Бұл туралы Telegraph, Politico, New York Times, New York Post және Financial Times басылымдарында мақалалар шықты.

New York Times газетінің пайымдауынша, Курск облысының азат етілуі бейбіт келіссөздерге кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелердің бірін жоюы мүмкін.

Financial Times басылымы Зеленскийдің Курск облысындағы аумақтарды саудаласу құралы ретінде ұстап тұру мақсаты орындалмағанын атап өтті.
Ресей бейбіт келіссөздерге дайын, бірақ әзірге Зеленский уақытты созып отыр. Ресей армиясы бастаманы өз қолына алып, шабуылды жалғастыруда.

🇺🇸 🇺🇦 Кеше Дональд Трамп пен Владимир Зеленский Ватиканда қысқа келіссөздер жүргізді.
Кездесу бірнеше минут қана созылды, содан кейін Зеленский олардың сөйлесуді Папаның жерлеуінен кейін жалғастыратынын айтты. Бірақ қайталама кездесу болмады. Ватиканда үш адамға арналған кездесу дайындалған еді: Макрон қосылғысы келген, бірақ Трамп оған бірге отыруға мүмкіндік бермеді. Видеода үш орындықтың дайындалып, кейін үшіншісінің алынғаны көрінеді.

👔Дональд Трамп өзінің әлеуметтік желісінде жаңа жазба жариялады:

«Мен Ресей мен Украина бойынша қандай келісімге келсем де, ол қаншалықты жақсы болса да, тіпті тарихтағы ең ұлы мәміле болса да, сәтсіз New York Times оны бәрібір жамандайды.
Кішкентай Питер Бейкер, "The Times" газетінің өте біржақты әрі дарынсыз жазушысы, редакторының талабымен Украина барлық аумақтарын, соның ішінде Қырымды да қайтаруы керек деп жазды және басқа да ақылға қонымсыз талаптар қойды.
Неліктен осы жеңіл репортер Ресейдің Қырымды бір оқ атпай басып алуына Обаманың қалай мүмкіндік бергенін айтпайды? Бұл сол Питер Обама жайлы мадақтауға толы, бірақ нашар жазылған өмірбаян да шығарған еді. Бұл нағыз күлкілі болды! Бейкер Обаманың Қырымды беруін сынға алған ба еді? Жоқ, бір де бір рет, тек Трампты ғана сынады, мен бұл ақымақ соғысқа еш қатысым жоқ, тек ең басында Украинаға "Джавелин" қаруын бергенім болмаса. Ал Обама оларға тек төсек жаймалар жіберген еді.
Бұл — Ұйқышыл Джо Байденнің соғысы, менікі емес. Бұл соғыс алғашқы күннен бастап сәтсіз болды және мүлдем болмауы тиіс еді. Егер мен сол кезде президент болсам, соғыс басталмас еді. Қазір мен тек Обама мен Байден қалдырып кеткен былықты тазалап жатырмын.
❗️🇷🇺 Бірақ соңғы күндері Путиннің бейбіт тұрғындар тұратын қалалар мен ауылдарға зымыранмен шабуыл жасауы үшін ешқандай себеп жоқ еді. Бұл мені оның шын мәнінде соғысты тоқтатқысы келмей, мені алдап жүрген шығар деп ойлауға мәжбүр етті. Мүмкін, оған басқаша, мысалы "банк санкциялары" немесе "екіншілік санкциялар" арқылы жауап беру керек шығар? Өйткені тым көп адам қаза тауып жатыр!!!»

🇺🇸 Біз әлемді сұлулық құтқарады деп сенеміз.

Кеше әлемдегі ең әдемі бірінші ханымның туған күні болды. Біз Мелания Трампты туған күнімен құттықтаймыз!

Ол тек әдемі ғана емес, сонымен қатар өте ақылды және жүрегі мейірімді адам. Ол кибербуллингке қарсы кампаниялар жүргізді, балаларға арналған білім беру бағдарламаларын дамытты, ауыр науқас балалар мен жасөспірімдерге ота жасатуға көмектесті. Сонымен қатар, ол жас суретшілерді қолдайды.

Айтпақшы, Мелания Трамп католик дінін ұстанады. Ол ана тілі словен тілінен басқа ағылшын, неміс, француз, итальян және серб-хорват тілдерін еркін меңгерген.
2010 жылы Мелания өзінің зергерлік бұйымдар мен сағаттар желісі — «Melania Timepieces & Jewelry»-ді іске қосты. Ол АҚШ-тағы QVC дүкендерінде эксклюзивті сатылған.

Мелания Трамп өзінің «Мелания» атты мемуар кітабын шығарды. Бұл кітап New York Times нұсқасы бойынша бестселлер атанды. 2025 жылдың сәуіріндегі дерек бойынша Меланияның байлығы 50 миллион долларды құрайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.