Ystyqnews
4.49K subscribers
2.1K photos
411 videos
1 file
576 links
Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар
Download Telegram
🌐🌐🌐 әлем жаңалықтары:

🇺🇸🇸🇾 Дональд Трамп Сирияға "ұлы болашаққа мүмкіндік беру үшін" барлық санкцияларды алып тастайтынын мәлімдеді.


Батыс елдері ұзақ жылдар бойы Башар Асад режимін оқшаулап келген. Алайда бұл шектеулер жаңа биліктің әлемдік экономикамен қайта байланыс орнатуына кедергі келтіруде. Трамп осы аптада Сауд Арабиясында Сирияның жаңа президенті Ахмед аш-Шараамен кездеседі деп күтілуде.

💰 Трамп пен Мұхаммед бин Салман $600 млрд көлеміндегі стратегиялық экономикалық серіктестікке қол қойды.

Бұл келісімге $142 млрд қару-жарақ саудасы мен Humain атты саудиялық AI-компанияның NVIDIA чиптері арқылы инфрақұрылым салу жобасы кіреді. Сәрсенбіде қос тарап аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.

🚗 Nissan компаниясы жыл қорытындысы бойынша ¥671 млрд (яғни $4.5 млрд) шығынға ұшырағанын хабарлады.

АҚШ пен Қытай нарығындағы үлесін жоғалтқан автокөлік алпауыты әлем бойынша 20,000 жұмыс орнын қысқартады. Алдағы жылға пайда болжай алмай отыр — тарифтік тұрақсыздық себеп.

📉 АҚШ-та сәуір айындағы жылдық инфляция 2.3%-ға дейін төмендеді (наурызда — 2.4%).

Негізгі инфляция деңгейі — 2.8%. Трамп енгізген тарифтердің шынайы әсері алдағы айларда байқала бастайды.

💻 Microsoft 6,000-ға жуық адамды жұмыстан босатады — бұл жалпы қызметкерлердің 3%-ы.

Бұл 2023 жылдан бергі ең ауқымды қысқарту. Компания басқару құрылымын оңтайландырып, тиімділікті арттыруды көздеп отыр.

🇮🇱 Израиль Газа секторында ХАМАС жетекшілерінің бірі Мұхаммед Синварға соққы жасады.

Шабуыл Хан-Юнис қаласындағы аурухана маңында орын алды, 6 адам қаза тапты. Синвардың өзі қаза тапты ма — белгісіз. Оның ағасы, Яхья Синвар, қазан айында өлтірілген болатын.

🇩🇪 Германияда "Рейх азаматтары" деп аталатын оңшыл экстремистік топтың мүшелері ұсталды.

Арасында өзін "Германия королімін" деп жариялаған Петер Фицек те бар. Ішкі істер министрлігі топты көлеңкелі экономика арқылы қаржыландырған деп айыптады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Әлем жаңалықтары қысқаша:

✈️ Трамп Катарда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Парсы шығанағы елдеріне сапарын жалғастырып, Катарға келді. Ақ үйдің хабарлауынша, Qatar Airways компаниясы 210 Boeing ұшағын сатып алуға келісім берді. Келісім құны — 96 млрд доллар. Сонымен қатар, Трамп Сирияға салынған барлық санкциялардың алынатынын мәлімдеп, елді Авраам келісімдеріне қосылып, Израильмен қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге шақырды.

🇩🇪 Германия мен «ресейлік із» Германия билігі үш украиналықты Ресей арнайы қызметтерімен келісіп, лаңкестік әрекеттерді жоспарлады деп айыптады. Олар Германиядан Украинаға жарылғыш сәлемдемелер жібермек болған. Канцлер Фридрих Мерц Бундестагтағы алғашқы сөзінде Ресейді тыңшылық, диверсия және жалған ақпарат тарату арқылы Германияға қарсы әрекет етуде деп айыптады.

🇭🇺 Орбан мен ҮЕҰ-ларға қысым Венгрияның билеуші ФИДЕС партиясы парламентке елдің егемендігіне қауіп төндірді деп танылған үкіметтік емес ұйымдардың активтерін бұғаттауға мүмкіндік беретін заң жобасын ұсынды. Премьер-министр Виктор Орбан оппозицияға қысымды күшейтуде — соңғы сауалнамаларда оның партиясы алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы TISZA партиясынан артта қалды.

💼 Burberry дағдарысы Британдық люкс бренд Burberry алдағы екі жылда 1 700 қызметкерін қысқартуы мүмкін екенін ескертті. Себеп — 75 млн фунт стерлинг көлеміндегі шығын және компанияның классикалық өнімдерге қайта бағытталуы.

🇵🇪 Перудегі саяси дағдарыс Перу премьер-министрі Густаво Адриансен сенімсіздік дауыс беру алдында отставкаға кетті. Себебі — елдегі қылмыстың күрт өсуі, оның ішінде 13 шахтердің өлтірілуі. Енді Президент Дина Болуарте барлық министрлер кабинетін ауыстыруға міндетті.

☕ Starbucks қызметкерлерінің наразылығы АҚШ-та 1 000-ға жуық Starbucks баристасы 75 кофеханада жұмысын тоқтатты. Наразылық себебі — компанияның жаңа біріздендірілген киім ережелері. Жаңа форманың мақсаты — «жасыл алжапқышты» айқындай түсу. Бұл — жаңа CEO-ның сатылымды көтеруге бағытталған өзгерістерінің бірі.

📊 Апта саны 47% — жылдық табысы $1 млн-нан асатын америкалықтардың Трампқа дауыс берген штаттарда тұратын үлесі. Он жыл бұрын бұл көрсеткіш 43% болған.
✈️ 🇰🇿 🇦🇪 Астана әуежайы: болашаққа инвестиция ма, әлде бос әңгімеге себеп пе?

Бүкіләлемдік экономика рецессия шегінде тұрған қазіргі жағдайда, жаһандық капитал аса талғампаз: санкциялар, дағдарыстар, тұрақсыздық – мұның бәрі инвесторлар үшін тәуекелді күшейтеді.

Осы күрделі жағдайда біздің ел көпшіліктің қолынан келмейтін іске қол жеткізді – нақты қаржысы мен айқын даму жоспары бар халықаралық ірі ойыншыны тарта алды.

‼️ Араб инвесторы — Terminals Holding компаниясы Қазақстанға келіп, Астана халықаралық әуежайын кеңейтуге 1,1 млрд АҚШ долларын салуға дайын екенін мәлімдеді.

Тек осы соманың ауқымын елестетіп көріңізші: БІР МИЛЛИАРД АҚШ ДОЛЛАРЫНАН АСТАМ қаржыны арабтар Астана әуежайына салуға келісіп отыр!

Тәуелсіз Қазақстан тарихында бұл — инвестор өзі иелік етпейтін нысанға осындай ірі қаржыны салып отырған алғашқы жоба! Әуежайдың иесі ретінде Қазақстан мемлекеті қала береді 🇰🇿‼️

Мұндай инвестицияны алуға әлемнің ондаған елі армандайды. Бірақ олар емес — біз сендіре алдық. Инвесторлар шешімді эмоциямен емес, суық есеппен және Қазақстанның әлеуетін көріп қабылдайды.

Бүгінгі таңда БАӘ-нің әуежайлары — әлемдегі ең үздік хабтардың қатарында. Елді дамыту деген — үздіктермен қатар жүру. Бұл қарапайым ақиқат: үздік болғың келсе — үздікпен жұмыс істе, үздікпен жарыс. Сол себепті біз стратегиялық тұрғыда әлемнің түрлі аймақтарындағы әуежайларды басқарып отырған БАӘ компаниясынасенім арттық.

Қазақстан не ұтады?
✔️ Мемлекеттік бюджет есебінсіз заманауи көлік хабы‼️ ✔️ Ұзындығы 3,5 км жаңа ұшу-қону жолағы — кез келген ұшақтарды қабылдай алады ✔️ Жаңа терминал және 2053 жылға дейін жолаушылар ағынын 30 млн адамға дейін ұлғайту ✔️ Жүк хабы: қазір 12 мың тонна болса, 130 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде ✔️ AeroCity көпфункционалды кешені: қонақүйлер, бизнес-орталықтар ✔️ Жаңа жұмыс орындары мен технология трансфері
Әуежайды дамыту деген – жай ғана жаңа ғимараттар салу емес. Бұл – елдің логистика, туризм және іскерлік белсенділік салаларын жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық жоба. Қазіргі әлемде көлік байланысы – экономикалық өсудің негізгі факторы.

Terminals Holding неге бізге инвестиция салуға шешім қабылдады?

Компанияның еншілес ұйымы 2023 жылдың қарашасында әуежайды операциялық басқаруға алды, ол кезде әуежайдың жылдық шығыны 14 млрд теңге болатын.
Бір жыл бойы due diligence рәсімі өтті — инвестор барлық тәуекелдерді зерттеп, жобаның тиімділігін есептеді.
Нәтиже: 2024 жылдың өзінде әуежай 790 млн теңге таза пайдаға шықты.
Инвестордың есебінше, Астана болашақта Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік рейстердің орталығына айнала алады.

Ал диван сарапшылары ешқайда кетпейді.

Инвестиция тарту үшін бар күшін салып жүргендер бар, ал сол уақытта өмірінде балмұздақ сататын дүңгіршекті де басқармаған «бәрін білгіш» мамандар әлеуметтік желіде миллиардтаған жобалар туралы пікір айтып отырады.

Диванда жатып алып, өзің мүлде түсінбейтін тақырыпта пікір айту — оңай.

Біреулер жылдар бойы халықаралық әріптестердің күдігін сейілтіп, инвестиция үшін күресіп жүрсе, екіншілері желідегі даулы жазбаларымен лайк жинап отыр.
Айырмашылық — алғашқысы нақты құндылықтар жасайды, ал екіншісі – шу ғана.

Сын айту оңай. Құру – қиын. Бірақ фактілер мынадай: ✔️ Инвестор – әлемдік деңгейдегі кәсіби компания ✔️ Қаржы – біздің емес, нақты ақша ✔️ Жоба – Қазақстанның толық бақылауында
Бүгін – ерекше күн, бұл – Мемлекет басшысымыздың туған күні.

Иә, ол бұл мерекені көпшілікпен атап өтпейтінін білеміз. Бірақ біз бұл тамаша күнмен құттықтамай қала алмаймыз.

Осы құттықтауға арнап, Балалармен бірге түскен Мемлекет басшысының жылы, шынайы сәттерін бейнелейтін фотоларды таңдадық.

Президенттің: «Балалар – Қазақстанның болашағы!» деген ұстанымы бізге өте жақын.

Расында да, бүгінде еліміз өскелең ұрпақ үшін көп жұмыс атқарып жатыр.

Бұрын-соңды – тіпті кеңес дәуірінде де – мемлекет балалық шақты қолдауға дәл осындай көңіл бөліп, осынша ресурстар жұмсаған емес. Жаңа мектептер, инклюзивті білім, сауықтыру және әлеуметтік қолдау бағдарламалары – мұның бәрі балаларымыздың өмірін жақсы жаққа өзгертетін нақты қадамдар.

Біздің арнамыз Мемлекет басшысына шын жүректен зор денсаулық, қажымас күш-қайрат, барлық жоспарларын жүзеге асыруда табыс тілейді. Еңбегі ел игілігі үшін табысты болсын, ал өмірі қуанышқа, жылулыққа және жақын жандардың қолдауына толы болсын.

Біз Мемлекет басшысының басшылығымен еліміздің дамудың және өркендеудің жолымен сенімді жүре беретініне кәміл сенеміз.

Ұзақ ғұмыр, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!
🌐🌐🌐 Әлем жаңалықтары қысқаша:

🇷🇴 Никушор Дан Румыниядағы президенттік сайлаудың екінші турында жеңіске жетті. ОСК мәліметі бойынша ол 54,17% дауыс жинаған.
◼️Оның қарсыласы, оппозициялық «Румынияны біріктіру альянсы» (AUR) партиясының жетекшісі Джордже Симион 46% дауысқа ие болды.
Қайта сайлау 2024 жылғы нәтижелер жойылғаннан кейін өткізілді. Ол кезде тәуелсіз кандидат Кэлин Джеорджеску жеңіске жеткен болатын, алайда әлеуметтік желілер арқылы ықпал ету күдігіне байланысты сайлау нәтижесі жарамсыз деп танылып, елде жаппай наразылықтар басталған.

🇷🇴🇫🇷 Франция сыртқы барлау қызметінің басшысы – Батыс Еуропадағы белгілі бір елдің өкілі – Румыниядағы консервативтік арналарды бұғаттауды талап еткен, деп мәлімдеді Павел Дуров.
«Демократияны қорғау үшін оны бұзуға болмайды. Сайлауға араласуға қарсы күресемін деп, өзің араласуға болмайды. Не сөз бостандығы мен ашық сайлау бар, не мүлде жоқ», – дейді Дуров.

Илон Маск Павел Дуровтың осы мәлімдемесін өз парақшасында репост етті.

🇺🇸 Джо Байденге қуықасты безінің агрессивті обыры диагнозы қойылды. Ісіктің сүйектерге метастаза бергені анықталған. 2024 жылы оның дәрігерлері Байденді «бұқадай мықты» деп сипаттап, жаңа мерзімге дайын екенін айтқан еді. Енді сол тұжырымдардың шынайылығы күмән туғызуда. Байден онкологиялық дертпен бұрын да бетпе-бет келген: 2023 жылы оған базальды жасушалы карциномаалынса, президент болмай тұрып меланомалық емес бірнеше тері ісігі алынған.

🇨🇳 Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун және Гуанси провинцияларында толассыз жаңбыр салдарынан 5 адам қаза тапты, бірнеше адам із-түссіз жоғалып кеткен. Билік нөсер жауын, тау су тасқыны мен лай көшкіні қаупіне байланысты ескерту жариялады.

🇬🇧🇺🇸🇫🇷🇩🇪🇮🇹 Киир Стармер Трамппен, Макронмен, Мерцпен және Мелонимен Украинаға қолдау көрсетумәселесін Путинмен келіссөздердің қарсаңында талқылады. Кездесу жексенбі күні өтті. Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы келіссөз 19 мамыр күні, EDT бойынша 10:00-де өтеді деп жоспарланған.
◼️Көшбасшылар соғысты тоқтатудың шартсыз қажеттілігін атап өтіп, Мәскеуді бейбіт келіссөздерді байыппен қарауға шақырды. Егер Ресей конструктивті диалогтан бас тартса, жаңа санкциялар енгізілетіні айтылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қараңыздаршы, видеода қандай ФАНТАСТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР салынуда Қазақстанда — бұл Мемлекет басшысының бастамасы!

Масштабты тұлғаның жобалары да ұлы болады. Халқымызға осындай Көшбасшының бұйырғаны – Алла тағаланың берген батасы.

🏫 «Жайлы мектептер» жобасы, Қасым-Жомарт Кемелұлының 2022 жылы бастаған бастамасы – небәрі бір жылдың ішінде елімізге 105 жаңа мектеп сыйлады! Тағы 112 мектептің құрылысы жүріп жатыр!

🔹 Заманауи зертханалар, STEM-сыныптар, интерактивті тақталар, коворкинг аймақтары және тіпті кіші және жоғары сыныптар үшін бөлек кіреберістер – мұндай шешімдер Қазақстан мектептерінде бұрын болмаған!

🔹 Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пандустар, лифтілер, тактильді бағыттағыштар.

🔹 Қауіпсіздік – бейнебақылау жүйелері, кіруді бақылау және өрт қауіпсіздігі.

💡 Қазақстан тарихында мұндай сапада және осыншама көлемде мектептер бұрын салынған емес!
Бұл жай ғана ғимараттар емес – білімнің шынайы шіркеулері, болашақ ұрпақ осы жерде өсіп, дамиды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізге Қазақстанның балаларына арналған осындай жобаңыз үшін алғысымыз шексіз!
🇰🇿 Еліміздің шын мәнінде жолы болды!

#ЖайлыМектептер #Тоқаев #Қазақстан #ЕлБолашағы

P. S. Бұл мектептерді өз көзіңізбен көргіңіз келе ме? Видеоны көріңіз — бұл білім саласындағы нағыз төңкеріс! 🎥🏗️
👍3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇭🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Будапештке келді

Мемлекет басшысы бүгін Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен келіссөз жүргізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇭🇺Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанға ілтипат білдіріп, былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапарын ықыласпен атап өтті. Оның аясында бірқатар стратегиялық маңызды келісімге қол қойылды.

➤ Мемлекет басшысының айтуынша, нақты уағдаластықтарға қол жеткізу, сондай-ақ Астана мен Будапешт арасындағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан аталған сапар нәтижелі болды.

➤ Президент Түркі мемлекеттері ұйымының ертеңгі бейресми саммитінің маңызына тоқталып, еліміз ТМҰ қызметінің барлық басым бағыты бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға бейіл екенін растады.

🇭🇺 Виктор Орбан сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, қазақ-мажар қатынастарының орнықты әрі қарқынды сипат алғанына назар аударды.

✔️Мажарстан Премьер-министрі соңғы жылдары екіжақты ынтымақтастық, әсіресе, экономика саласында белсенді дамып келе жатқанын жеткізді.

✔️Сонымен қатар саммитті ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесуде былтыр жоғары деңгейде өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың, соның ішінде энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың орындалу барысы талқыланды.

✔️Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💫«Қазақстан балалары»: Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды

2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді.

Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.

Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
🌐🌐🌐 әлем қысқаша:

🇷🇺 🇺🇦 Ресей мен Украина жұма күні бірдей – 390 тұтқын босатып, алдағы күндері тағы да 610 тұтқын босатылатынын мәлімдеді. Бұл бүкіл қақтығыс тарихындағы ірі тұтқын алмасу.

❗️🇷🇺 Путин цифрлік рубль операцияларына “қаржыны заңсыз тазалауға қарсы” шараларды қолдану туралы заңға қол қойды. Алғашқы дереккөзі
– ЦБ цифрлік рубль платформасының пайдаланушыларына (төмен, орта, жоғары) тәуекел топтарын белгілеп, “жоғары” тобына жатқандармен келісімді бұзуға міндетті болады. – Сондай-ақ, Ресей Банкі экстремизм мен терроризмге күдіктілердің есепшоттарын тоңдырып, ірі операциялар (1 млн рубль және одан жоғары) туралы мәліметтерді Росфинмониторингке береді.
❗️ Банктер ЦБ-ге клиенттерді идентификациялау және тәуекелдерді бағалау деректерін тапсырып, жоғары тәуекелді немесе санкцияға іліккен заңды тұлғалар мен ЖШС-ларға қызмет көрсетуден бас тартуға міндетті болады.
❗️ Заң 2025 жылғы маусымнан бері күшіне енеді, кейбір баптары – кейінірек. Цифрлік рубльдің жаппай енгізілуі кейінге шегерілді, жаңа мерзімдерді ЦБ жылдың соңында хабарлайды.

🇨🇳🇺🇸💵 Қытай АҚШ мемлекеттік борышын сақтаушылар тізімінде екінші орындағын босатты
📌 Енді Пекинде Лондонға қарағанда азырақ америкалық облигация бар.

🇺🇸 Дональд Дж. Трамп арнайы ядролық реакторларды мақұлдау және енгізу процесін жеделдетуге арналған Жарлыққа қол қойды.

🇺🇸 👔 АҚШ Президенті Дональд Трамп жұма күні 1 маусымнан бастап Еуроодақтан келетін тауарларға 50% тариф енгізу туралы тағы да ескертіп, Apple компаниясына барлық импортталатын iPhone-дарға 25% қосымша баж салынатынын хабарлады.

Әлеуметтік желілер арқылы жасалған бұл қос ескерту әлемдік нарықтарды дүр сілкіндірді: бірнеше апта бұрынгі деэскалацияға қарамастан тарифтік қақтығыс қайта күшейе бастады.

Негізгі АҚШ және Еуропа қор биржалары түсті, доллар әлсіреді, ал алтын бағасы өсті. АҚШ қазынашылық облигацияларының қайтарымы тарифтердің экономикалық өсімге әсерінен туындайтын алаңдаушылықпен төмендеді.

🇺🇸 🇸🇾 АҚШ Сирияға қарсы санкцияларды алып тастады: АҚШ Қаржы министрлігі елмен операцияларға рұқсат беретін лицензия шығарды. Сонымен бірге Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға пайда әкелетін мәмілелер әлі де тыйым салынған күйінде қалады.

🇺🇸 Гарвард университетіне шетелдік студенттерді оқытуға тыйым салу туралы Трамп әкімшілігінің шешімін уақытша тоқтататын сот шешімі шығарылды.
АҚШ штаттар аралық округтік сотының судьясы Эллисон Берроуз жұма күні үкіметтің бір күн бұрын енгізген тыйымын заңсыз деп танып, тоқтатты. Берроуз шешімін Гарвард Бостон федералды сотына талап арыз бергеннен бірнеше сағат өткен соң шығарды.
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Досаев Ерболат Аскарбекович освобожден от должности акима города Алматы.


t.me/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌐🌐🌐 әлем жаңалықтары қысқаша:

👔👔 АҚШ Президенті Дональд Трамп ресейге қарсы санкцияларды күшейтуді қарастырып жатқанын мәлімдеді.

📝 «Мен Путинге не болды екен, айтар жайым жоқ. Оны ұзақтан бері білемін. Әрқашан тату болдық. Бірақ ол қалаларға зымырандар атқызуда және адамдарды өлтіруде. Маған бұл ұнамайды. Бір қатты нәрсе болды – және бұл маған жағымсыз».

Бағдарлама бойынша Трамп АҚШ енді Украина мәселесі бойынша келіссөздерге өзара қатысуды мәжбүрлемейтінін айтқан еді. Бірақ риторикадан көрініп тұрғандай, қайтадан қысым қолдану ойға алынып отыр.

🇺🇸 🇪🇺 Reuters мәліметінше, Трамп Еуропалық Одақтан келетін тауарларға 50% баж салығын енгізуді 9 шілдеге шегеруге келісті.

🇺🇸 AP хабарлағандай, АҚШ құрамасы 1933 жылдан бері алғаш рет хоккейден әлем чемпионатында жеңіске жетті. Олар Стокгольмде өткен финалда Швейцария командасын овертаймда 1:0 есебімен ұтты.

🇫🇷 Францияның оңтүстігінде электр қуатын өшіру жауапкершілігін екі аноним анархистік топ өз мойнына алды. Олар диверсия ұйымдастырғанын айтты. Мақсаттары — Канн кинофестивалін, сондай-ақ Францияны «жойып жатқан» өнеркәсіптік кәсіпорындарды қуатсыз қалдыру болған. Анархистер Франция «өлім тарататынын» және әлем бойынша ең ірі қару жеткізуші екенін атап өтті. BFMTV мәліметінше, бұл мәлімдемеден кейін прокуратура тексеріс бастады.

🇫🇷 🇻🇳 Reuters хабарлағандай, Франция Президенті Эммануэль Макрон бүгін Ханойда Вьетнам жетекшілерімен кездесіп, онда ондаған келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл Макронның елге алғашқы ресми сапары және қарсы ел Президенті үшін он жылдағы алғашқы сапар; оған 12-ден астам ірі компания басшылары еріп келмек. Күтілген 30-ға жуық келісім авиация, ядролық энергетика, теміржол, жаңғырмалы энергия көздері, ғылыми зерттеулер, спутниктер және қорғаныс салаларын қамтиды.
Вьетнамнан кейін Макрон Индонезияға аттанып, сапарын Сингапурде өтетін Азиядағы ірі қорғаныс форумы — Shangri-La Dialogue конференциясында сөз сөйлеп түйіндейді.

🇯🇵 @banksta мәліметі бойынша, 2020 жылдан бастап Жапонияның 30 жылдық мемлекеттік облигацияларының рентабельдігі 15 есе өсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢 Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен төмендегідей іс-шаралар өтеді

🇰🇿🇷🇼 28-29 мамыр күндері Қазақстанға Руанда Президенті Поль Кагаме ресми сапармен келеді. Сапар аясында екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланып, бірқатар құжатқа қол қойылады.

🇰🇿🇩🇪 28 мамырда Германия Федеративтік Республикасы Бундесратының Төрағасы Анке Релингермен кездесу өтеді.

🇰🇿🇲🇰 28-29 мамыр күндері Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновская-Давкова жұмыс сапарымен келеді.

🇰🇿🇭🇷 28-29 мамырда Астанаға Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович жұмыс сапарымен келеді.

🤝 29 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына (AIF) қатысады және ресми делегация жетекшілерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен компаниялар басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.

🇰🇿🇮🇹 30 мамырда елімізге Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони ресми сапармен келеді. Сол күні аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірінші «Орталық Азия – Италия» саммиті өтеді.

✔️ 31 мамырда Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шараға қатысады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

➤ Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады.

➤ Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.
🌐🌐🌐 әлем қысқаша:

🇺🇸 🇷🇺 👔Трамп: «Егер мен болмасам, Ресейде өте жаман оқиғалар көп болар еді», ал Путин «отпен ойнайды».

🇷🇺 🇺🇸 👔 «Маған белгілі ең СОҢҒЫ ЖАМАН нәрсе — үшінші дүниежүзілік соғыс. Трамп бұл ойды түсінеді деп үміттенемін!» — осылай Дмитрий Медведев АҚШ президенті тіл қатқаны үшін жауап қайтарды.

📊 Мәлімет үшін — жуырда украин арнайы қызметтері ресейлік армияның резервін есептеп, қызметтен өткендер қатарындағы 24 миллион резервист пен 2,5 миллион әскери қызметшіні анықтаған.

🇺🇸 Дональд Трамп әкімшілігі шетелдегі елшіліктер мен консулдықтарға студенттік және алмасу визаларына өтініш берушілерге жаңа кездесу тағайындауды тоқтатуды бұйырды — Мемлекеттік департамент шетелдік студенттердің әлеуметтік желілердегі белсенділігін кеңейтілген тексеруге дайындығын жасауда.

👩‍🎓🇺🇸 Біздің жастарға — АҚШ-та білім алуды жоспарлап жүргендерге ескерту: Әлеуметтік желілер мансабыңды бұзуы мүмкін. Кейін «жүйкесі сыр берген» деп ауруханаға жату да көмектеспейді. Өркендеген елдерде өркендеу сол себепті — ережелер қатал.

🇫🇷 Франция президенті Эмманюэль Макрон индо­незиялық әріптесі Прабово Субианто­мен сәрсенбіде Джакартада кездеседі.

Күн тәртібінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Париждің ең ірі қару сатып алушысына қатысты қорғаныс ынтымақтастығы мәселелері күтілуде.

🇮🇩 Индонезия — Макронның Вьетнамнан кейінгі аймақтық сапарының екінші кезеңі, онда екі ел 10 миллиард доллардан астам келісімге қол қойды. Бейсенбіде Макрон Сингапурға аттанады.

🛢️ OPEC+ отырысы кейінге шегерілді Шілдедегі өндіру квотасын (+411 000 б/к) талқылайтын видеоконференция 31 мамырға ауыстырылды.

🛢️ Мұнай ОПЕК+ шешімін күтіп тұр: Brent шамамен $64,85/баррель, WTI — $61,59/баррель деңгейінде.

🇯🇵 Жапония чиптер арқылы дефицитті төмендетеді: Токиомен АҚШ-тан ¥1 трлн көлемінде жартылай өткізгіш өнімдерді субсидиямен импорттауды ұсынды.

📈 Nikkei 5%-ға дейін өсуі мүмкін: Reuters сауалнамасына қарағанда, Nikkei индексі жылғы соңына дейін шамамен 5% өседі.

💱 Азия нарықтары доллардаң бас тартады: Банктер мен брокерлер жергілікті валюталардағы туынды құралдарға сұранысты арттырып, доллардаң тәуелділікті төмендетуді көздейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Инвестициялар, фарма және стратегиялық серіктестіктер: Қазақстан бір күнде миллиондаған долларлық келісімдерге қол қойды.

Кеше Қазақстанда халықаралық кездесулерге бай күн өтті.

🇰🇿 🇷🇼 Мемлекет басшысы таңертең Руанда президентімен келіссөздер жүргізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме сапарын тарихи деп атап, сауда, IT және «жасыл» энергетика салаларында екіжақты байланысты нығайту маңызды екенін атап өтті. Руанда президенті жылы қабылдағандары үшін алғыс айтып, әсіресе экономика мен технология салаларында ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін білдірді.

Тараптар логистика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға келісіп, климат және академиялық алмасу мәселелерін талқылады.

🇰🇿 🇩🇪 Келесі кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Бундесрат төрайымы Анке Релингермен кездесті.

Мемлекет басшысы Германияны Қазақстан үшін Еуроодақтағы негізгі стратегиялық серіктес және еліміздің экономикасына ірі инвесторлардың бірі деп атады.

Келіссөздер барысында инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы баса айтылды. Кездесу екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға деген ортақ қызығушылықты растады.

🇰🇿 🇲🇰 Одан әрі Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давковамен кездесіп, дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығын атап өтті және Балқан өңіріндегі негізгі серіктес ретінде Солтүстік Македониямен ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық білдірді.

Тараптар сауда, инвестициялар, ауыл шаруашылығы және көлік салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ македондық фарма компаниясы Alkaloid-тің Алматыда өкілдігі ашылғанын қолдап, екі ел арасындағы көпқырлы әріптестікті дамытуға жаңа серпін берді.

🇰🇿 🤝 Кешке Мемлекет басшысы Ivanhoe Mines Ltd компаниясының атқарушы теңтөрағасы Роберт Фридландпен кездесті.

Кездесу барысында Чу-Сарысуй мыс бассейнінде геологиялық барлау және металл өндіру бойынша ынтымақтастық перспективалары, алғашқы кезеңге $18,7 млн инвестициялау және келесі төрт жылда инвестиция көлемін $115 млн-ға дейін ұлғайту жоспары талқыланды.

Жоба деректерді аэрогеофизикалық технологиялар мен цифрлық талдау арқылы өңдеуді көздейді, бұл Қазақстанды әлемдік мыс нарығында негізгі ойыншылардың қатарына шығаруы мүмкін.

🇰🇿 🇷🇺 Күннің соңында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

📞 Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және энергетикалық салалардағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
✔️ Қазақстан мен Ресей арасындағы арасындағы достық, көршілік және одақтастық рухындағы мемлекетаралық қарым-қатынастардың қарқынды дамуы баса айтылды.