Закон и Порядок
8.58K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
🗣Несие алу үшін жұбайының келісімі қажет: өзгеріс 1 қыркүйекте күшіне енеді

Несие аларда жұбайының келісімін қажет ететін заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Заң жобасы бойынша азаматтар 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) жоғары сомаға несие аларда жұбайының рұқсатын сұрайды.

Құжат 24 шілдеге дейін талқыланады.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤔3👏1
Несие алу үшін жұбайының келісімі қажет пе? Ойыңыз қандай?
Anonymous Poll
54%
Иә, келісім алу керек
34%
Жоқ, мұндай заң керек емес
8%
Соманы азайту керек
4%
Соманы көбейту керек
👍3
🗣Заңсыз берілген жер телімі мен «Сарыарқа» хоккей клубы мемлекетке қайтарылды

Хоккей клубының құны 900 млн теңгеге бағаланған. Сондай-ақ прокуратура заңсыз берілген 37 жер телімін қайтарған.

Қазір прокурорлар мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің заңдылығын тексеріп жатыр.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤3
🗣Базалық мөлшерлеме 14,25% дейін төмендеді

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4😁1🤔1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстанның Ұлттық спорт қауымдастығының шақыруымен Астанаға Голливуд жұлдызы келді

Танымал америкалық актер Эрик Робертс (Джулия Робертстің ағасы) Дүниежүзілік көшпенділер ойындарымен танысу үшін Астанаға арнайы ұшып келді.
👍14😢1
🗣Қазақстанда суды заңсыз пайдаланушылармен күрес күшейеді. Ол үшін жаңа комитет құрылды

Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті суды заңсыз пайдаланумен және оны есепке алу деректерінің бұрмалануымен күресетін болады. Сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметті анықтаумен айналысады.

🔹Еске салсақ, Қазақстанда Су ресурстары және ирригация министрлігі 2023 жылдың қыркүйек айында құрылған болатын. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған министрліктің жұмысын сынаған болатын.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9😁3🤔2❤1👎1
🗣Президент Геннадий Головкинді қабылдады

Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Париж олимпиадасына әзірлік жөнінде мәлімет берді.

Геннадий Головкин ұйымның халықаралық бағыттағы қызметін үйлестіру шаралары, сондай-ақ салалық білім беру жобалары туралы баяндады. Оның айтуынша, ҰОК Халықаралық олимпиада комитетімен, Азия олимпиада кеңесімен және басқа елдердің осындай құрылымдарымен байланысты жандандырып жатыр.

Сонымен қатар Ұлттық олимпиада комитеті спортшылардың құқығын қорғауға бағытталған жобаларға баса мән беріп келеді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1
⚡️Тоқаев бірқатар елшіні тағайындады

Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі ауысты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Абзал Сапарбекұлы Қазақстанның Мажарстандағы елшісі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті атқарған Жәнібек Әбдрашов лауазымынан босатылды.

Искандер Айсариев енді Албаниядағы елші қызметін атқарады. Бұл қызметті бұған дейін Түркиядағы елші Еркебұлан Сәпиев қоса атқарған.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎5👍1😁1🤔1
🗣Төлқұжат рәсімімен енді Сыртқы істер министрлігі айналысады

Сыртқы істер министрлігінің құзырына жаңа қызмет берілді.

Министрлік енді азаматтың төлқұжатын рәсімдейді, береді, ауыстырады, алып қояды және шетелдік мекемелерге жүгінген жағдайда жоя алады.

Айта кетейік, бұған дейін жеке куәлік пен төлқұжат беру қызметі Ішкі істер министрлігінің құзырында болып келді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔9👍5❤1
🗣Су тасқыны: өңір әкімдері салынып жатқан үйлердің сапасына жеке жауап береді

Премьер-министр су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Үкімет басшысы әкімдерге әрбір нысанға адамдар мен техника жұмылдыруды тапсырып, президент жүктеген міндеттерді орындау үшін шамамен 2,5 ай қалғанын еске салды. Бұл ретте премьер-министр құрылыс нормаларын бұзуға жол бермеу керектігін талап етті.

Қажет болса, біз ресурстарды қайта бөліп, техника мен адамдарды көбейтеміз. Барлық құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселелер азаматтарды алаңдатпауы керек. Өңірлердің әкімдері үйлердің сапасына жеке жауап береді, - Олжас Бектенов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤1👎1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣«Пакетті жұтып қойған». Шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан «Тәжен» кеден бекетінде Өзбекстан азаматынан есірткі пакеті табылды.

Тінту кезінде күдікті қызметкердің қолынан пакетті жұлып алып, оны жұтып қойған. Қызметкерлер азаматты орталық аудандық ауруханаға жеткізіп, асқазанына компьютерлік томография жасау кезінде бөгде зат табылды.

Қазір ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
🗣Қуандық Бишімбаев жазасын Ақмола облысындағы колонияда өтейді

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков мәлімдеді.

Сотталған азамат таяу арада Астанаға жақын Ақмола облысындағы қауіпсіздігі жоғары мекемеге жіберіледі, - деді Теңізжан Жәнібеков.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2
🗣«Астана Тазалық» мемлекет қаржысын көлік жөндеуді желеу етіп жымқырған

Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Астана Тазалық» ЖШС жалған көлік жөндеу жұмыстары үшін деп миллиондап ақша аударған. Ал шын мәнінде ол жұмыстар орындалмаған, тіпті кей жұмысты компания өз қызметкерлерінің мойнына артып қойған.

Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ Астана қаласы филиалының басшысы Дархан Құлжамбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Тексеру барысында 2022 жылы іс жүзінде 234 958 мың теңге игерілгені анықталған. Алайда қосалқы бөлшектерді ауыстыру бойынша жұмыстар іс жүзінде орындалмаған. Мұны жүргізушілердің түсіндірмелері мен құжаттары растайды, - дейді Дархан Құлжамбеков.


Сонымен қатар 2022 жылы жұмыстар нақты орындалмастан 2,8 млн теңге тағы төленген.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1🤯1🥴1
🗣Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

17 шілдеде соттың Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта анықталғандай, нысан 551 млн теңгеге арзан бағамен заңсыз сатылған.

▫️Мектеп аумағына 7,6 мың шаршы метр болатын әкімшілік ғимараттар, спорт залдары және басқа да құрылыстар, сондай-ақ 4,9 гектар жер кіреді.

Бұл мүлікке Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген азаматтарға тиесілі «Nomad's Land» ЖШС иелік еткен.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥2❤1😁1🥴1
🗣Майқайыңдағы апат: тағы бір құтқарушының мәйіті табылды

Бүгін «Майқайыңалтын» АҚ күшімен жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде 70 метр тереңдікте тағы бір құтқарушының мәйіті табылды.

Қайтыс болған адамның туыстарына психологиялық көмек көрсету үшін оқиға орнына ТЖД психологы да барған.

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында 4 құтқарушы мінген автобус опырылған топырақтың астына құлады. 2 адамның мәйіті жер бетіне шығарылды, тағы 2 құтқарушыны іздестіру жұмыстары қайта жанданған болатын.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢12👍2🤯1🙏1
⚡️Министрлік утиль алымына қатысты петиция талаптарын орындаудан бас тартты

«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, басқа да мемлекеттік органдар мен қоғам белсенділері арнайы жұмыс тобын құрып, утиль алымы мен алғашқы тіркеуге қатысты петицияны қарастырды. Петицияны қарау барысында барлық заңнамалық талаптар сақталды. Ашық қоғамдық талқылау нәтижесінде петиция талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданды», – деді Қанат Шарлапаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤡14🤯6👍3👎3🤔2
🗣Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифі көтеріледі

1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады.

🚌Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬7👍2❤1
🗣Су тасқыны: БҚО-да салынып жатқан үйлер күзде пайдалануға беріледі

Үкімет басшысы Олжас Бектенов батыс өңіріне жұмыс сапарымен барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған үйлердегі құрылыс жұмыстарын тексерді.

Теректі ауданындағы Подстепное ауылында, Деркөл кентінде және Орал қаласындағы «Жұлдыз» ықшамауданында 400-ге жуық тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13❤2🙏2
🗣Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23-26 шілде аралығында қысқа мерзімді еңбек демалысына шығады", делінген хабарламада.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🤬3❤2🤮2