Әкімдер әскери дайындықтан өтті
«Сарышаған» полигонында өткен әскери жиынға Қарағанды және Ұлытау облыстарынан 27 әкім мен олардың көмекшілері қатысты.
Олар Калашников автоматы мен Макаров тапаншасынан оқ атып, өзара жарысты.
Теміртау қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков пен Бұқар жырау ауданының әкімі Абылай Сұлтанғали үздік нәтиже көрсетті.
Фото: Қорғаныс министрлігі

👍12❤2😁2
⚡️Алаяқтардың құрбаны болмас үшін нені білу керек? Полициядан кеңес
• Күдікті сілтемелерге өтпеңіз. Егер сіз сілтемені ашып қойған болсаңыз, мессенджеріңізге қосылған барлық құрылғыны өшіріңіз;
• Бейтаныс абоненттерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіз;
• Банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің атынан жасалған нұсқауларды орындамаңыз. Есіңізде болсы арнайы операция телефон арқылы жүргізілмейді;
• Жеке ақпаратты, банк карталарының CVV-кодтарын, аударымдар туралы түбіртектерді, сондай-ақ, СМС-кодтар мен құпия сөздерді ешкімге бермеңіз;
• Бөгде адамдардың өтініші бойынша телефоныңызға қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпаңыз;
• Мобильді қосымшаларды орнату үшін тек ресми AppStore және Play Market платформаларын пайдаланыңыз;
• Күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз.

👍12❤1
⚡️Енді оң рульді көліктерге жолаушы тасымалдауға тыйым салынады
2025 жылдан бастап рулі оң жақтағы көліктерге такси қызметін атқаруға тыйым салынады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Яндекс, InDriver компаниялары оң рулді көліктерді анықтап, такси қызметін атқаруға рұқсат бермейді.

InDriver компаниясымен тиісті меморандумға қол қойдық. Құжатта оң рульді көліктерді InDriver жүйесінде тіркеуден бас тарту қарастырылған. Демек, оң рулді көліктерге такси қызметін атқаруға тыйым салынады. Сондықтан InDriver де, Яндекс компаниялары (мұндай көліктерді) өз қосымшаларында тіркемейді, - деді Марат Қарабаев Үкіметтің баспасөз орталығында.
2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Яндекс, InDriver компаниялары оң рулді көліктерді анықтап, такси қызметін атқаруға рұқсат бермейді.
👍21❤2
Елімізде бір жылда 80-ге жуық ауыл жабылған
Қазақстанда бір жылда шамамен 80 ауыл жабылды, деп хабарлайды Data Hub арнасы.
Биыл 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, елімізде 6 208 ауыл тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 78-ге аз.
Ауыл санының азаюы – тұрақты процесс. Соңғы уақытта ол тез жүріп жатыр.

😢14👍2
⚡️Ұшаққа домбыра алып кіру үшін қосымша ақша төлеуге міндеттісіз – әуе компания
Елімізде жолаушы ұшаққа домбырамен кіру үшін тағы бір орынға ақша төлеуге міндетті. Бұл туралы Air Astana компаниясының жерүсті қызмет көрсету жөніндегі вице-президенті Александр Небога айтты.

Біз ұшақтың резіңке сияқты созылмайтынын білеміз. Әуе кемесінде багаж бен қол жүгіне арналған орындар бар. Алайда онда олардың көлемі мен салмағы бойынша белгілі бір шектеулер қарастырылған. Тиісті музыкалық аспаптарды тасымалдауға рұқсат етіледі. Ол үшін қосымша орын сатып алу қажет. Бұл әлемде бар тәжірибе. Оны барлық әуе компания қолданады, – деді вице-президент.
🤯12👎11🤬4👍3
Су тасқыны: БҚО-да баспана мәселесі толық шешілді
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккендердің баспана мәселесі 100%-ға шешілді.
Бүгін ауданда «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржысына салынған 100 жаңа үйдің кілтін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев пен «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Болат Жәмішев тұрғындарды баспаналы болуымен құттықтады.
Тамыздың басында тағы 14 үйдің кілті табыс етілген. Осылайша, жалпы Сырым ауданында 114 үй салынды: Өлеңті ауылында – 40, Жымпитыда – 48, Бұлдырты ауылында – 25 және Көздіқара ауылында 1 үй.
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

👍7❤2
ҰҚК құжаты жоқ дәрі-дәрмекті сақталған орынды анықтады
Биыл 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.
Шығу тегі белгісіз 80 мың ампуланың ілеспе құжаттары болмаған. Дәрі-дәрмек теміржол контейнерінен табылды.
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Фото: ҰҚК

👍10❤3
⚡️Антикор жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы ескертті
Алаяқтар Антикор символикасы бар арнайы жасалған құжаттардың файлдарын жібереді. Жалған ақпаратқа сенбеуді, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.
❤2
«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауытының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады, - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
👍10❤1
⚡️Қазақстандықтардың 53,1%-ы АЭС салуды қолдайды – сауалнама
Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік сауалнаманың қорындысын жариялады.
Биыл 7-18 тамыз аралығында институттың тапсырысы бойынша
телефон арқылы сауалнама жүргізілген. Оған 1200 респондент қатысты.
Сауалнамадағы сұрақтарға 17 облыстан және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер жауап берген.
АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.
Сондай-ақ әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасамаған.

Жалпы сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (53,1%) АЭС салу идеясын қолдайтынын айтты. АЭС салу идеясын қолдайтындар оған үлкен үміт артады және олар 2030 жылға қарай бұл нысан электр тапшылығы мәселесі шішіледі деп сенеді, - деп жазылған хабарламада.
АЭС салу идеясының қарсыластары (32,5%) негізінен ықтимал апаттар мен олардың қоршаған ортаға тигізетін зардаптарына алаңдаушылық танытады.
Сондай-ақ әрбір оныншы респондент (14,4%) өз таңдауын әлі жасамаған.
👎36🤬4👍3❤2🤡1
Антикор Astana LRT компаниясының бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Оған ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр: Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы.
Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады.
Алайда Талғат Ардан Қазақстаннан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Антикор Қылмыстық-процестік кодестің 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа алып, күдікті жауап алуға шақырылатынын БАҚ-та жариялайды.

Жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Талғат Ардан биыл 23 тамызда сағат 09:00-де Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «Б» блогы мекенжайындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келуі қажет.
👍9
Шекарада есірткі тасымалдағандар ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік әріптестерімен бірігіп, арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасының арнасы жойылды.
Арнайы операция биыл тамызда Ресеймен шекаралас аудандардың бірінде өткен. Оның қорытындысы бойынша халықаралық есірткі тобының 2 қатысушысы ұсталды.
Тінту барысында күдіктілерден 50 келіге жуық гашиш табылды. Есірткінің қара нарықта құны – шамамен 500 мың доллар.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

👍11❤1
«Қалай байығанын түсіндіре алмады». 10 млн доллардың активтері мемлекетке қайтарылды
Биыл Активтерді қайтару жөніндегі комитет сотқа құны 10 млн доллардан асатын активтерді мемлекет кірісіне қайтару туралы талап арыз берді.
Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді қалай иемденгенін, қалай байығанын дәлелдей алмады.
Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талабын толық қанағаттандырып, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, түбі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұразаттары (сарапшылардың пікірінше) мемлекет кірісіне айналдырылды, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.
👍14
Алматыда ағаштарды сындырған ер адам қамауға алынды
Алматыда полиция ағаштарды сындырған ер адам қамауға алды.
Polisia.kz мәліметінше, компания өкілі кесуге тыйым салынған көшеттердің сынғанын айтып, полицияға арызданған.
Оқиға Төле би мен Райымбек даңғылдарының қиылысында Алматы өзенінің бойында болған.
Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайырдың айтуынша, қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Арызданушы тексеріс барысында 36 дана көшет сынғанын айтты.
Қылмысты жасады деген күдікпен 27 жастағы жігіт ұсталды. Ол ағаштарды сындырғанын айтты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс сотқа жіберіледі, – деді басшы.
Фото: polisia.kz

❤7
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру: ІІМ мен ҚМА күресті бірігіп жүргізеді
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіру бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малахов кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша қос тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Келісім шеңберінде қаржы мониторингі органдарының қызметкерлері полицияның жедел-тергеу топтарының құрамына кіріп, follow the money қағидаты бойынша қаржылық тергеу әдісін енгізеді. Мұндай ынтымақтастық күрделі қаржылық схемаларды және қылмыстан пайда табатын адамдарды анықтауға мүмкіндік береді.
❤6👍2
«Тарифті заңсыз көтерген». «Яндекс.Такси» жүргізушілерге 10 млрд теңге төледі
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бизнеске жүргізілген маңызды тексерістің қорытындысын жариялады.
Сондай-ақ Air Astana АҚ-ның заңсыз отын алымының күшін жою нәтижесінде әуе билетінің құны 15%-ға төмендеді.
Бәсекелестікке қарсы жасаған әрекеттері үшін Petrosun және «ТЭК-Қазақстан» компанияларына 2,5 млрд теңгеге айыппұл салынды.

Тарифтерді заңсыз көтергені үшін «Яндекс.Такси» компаниясы жауапкершілікке тартылды. Бұл жүргізушілерге 10 млрд теңге төлеуге және 1,4 млн адам үшін такси құнының төмендеуіне сеп болды, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ Air Astana АҚ-ның заңсыз отын алымының күшін жою нәтижесінде әуе билетінің құны 15%-ға төмендеді.
Бәсекелестікке қарсы жасаған әрекеттері үшін Petrosun және «ТЭК-Қазақстан» компанияларына 2,5 млрд теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар Google-дің Android негізіндегі құрылғыларды пайдаланушыларға іздеу жүйесін өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру талабын орындауы маңызды оқиға болды. Бұл өзгеріс қазақстандық монополияға қарсы орган тарихындағы алғашқы прецедент болды, - деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.
🔥9👍6❤2
Жамбыл облысында парақор әкімге 26 млн теңге айыппұл салынды
Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және Kaly жеке кәсіпкерлік өкілі А. Шұбаев сотталды.
Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы функцияларды лауазымдық міндетінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Сондай-ақ Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаевқа 12 млн теңге, Әділбаевқа 26 млн теңге айыппұл салынып сотталды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
👍7❤3
Қазақстанда қымбатшылық қарқыны төмендейді
Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2025-2029 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы есеп берілді.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров елімізде бағаның өсуі сәл бәсеңдейтінін атап өтті.

2025 жылы инфляция деңгейі – 5,5-7,5%, 2026 жылы – 5-6% деңгейінде айқындалды. 2027-2029 жылдары 5%-ға дейін төмендейді, - деді үкімет басшысының орынбасары.
🤡8👍6🤮4
Астанада 5 құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
Астана қалалық әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен 5 компания құрылыс лицензиясынан айырылды. Олар құрылыс-монтаж жұмыстарын сапасыз орындаған:
• «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС;
• «Granite» ЖШС;
• «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС;
• «Sheberbuild» ЖШС;
• «Астана-Көктем С» ЖШС.

👍4👏1🤔1