Закон и Порядок
8.59K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
✈️Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Астанаға келді

Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров «Орталық Азия – Германия» кездесуіне қатысады.

Фото: Қырғызстан, Тәжікстан президенттерінің баспасөз қызметі

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9
⚡️🏡Жалға берілетін тұрғын үйге өтінімдер қабылдау басталады

Астанада «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады.

Өтінім биыл 23 қыркүйек бастап 7 қазанға дейін таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 6-ға дейін birge.astana.kz порталында қабылданады.

▫️«Көпбалалы отбасылар» санаты үшін пәтерлер саны – 223;
▫️«Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына арналған пәтерлер саны – 154;
▫️«Халықтың әлеуметтік осал тобы» басқа санатына арналған пәтерлер саны – 458.

Пәтерлер қаладағы Қорғалжын тас жолы, Нұрғиса Тілендиев даңғылы, Астана-Қарағанды тас жолындағы аудандарда орналасқан.

Өтінімді баспана кезегінде тұрғандардың барлығы бере алады. Алайда басымдық бұрын кезекте тұрғандарға беріледі.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Елімізде жатыр мойны обырының алдын алу үшін вакцинациялау басталды

11 жасқа толған қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады.

Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.

▪️Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. Жыл сайын елде бұл аурудың 1900-ға жуық жаңа жағдайы тіркеледі.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сегіз айда мопед кесірінен 50-ге жуық адам қаза тапты

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда 80 мыңнан аса мопед бар. Оларды тіркеу міндетті емес. Алайда мопед қатысуымен тіркелетін жол апаты азаяр емес.

Биыл 8 айда осындай 962 көлік апаты тіркелді. 48 адам қаза тапты, 1 024 адам жараланды, - деді министрдің орынбасары Игорь Лепеха.
👍6
🗣Ұлттық банк алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді

«Шоттағы ақшаны қолды қылғаннан кейін алаяқтар алданған қазақстандықтарға қайта хабарласып, өздерін Ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырады. Сөйтіп, екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын орнатып, ақшалай немесе тауар түріндегі кредитті рәсімдейді. Қаскөйлер өз әрекетінің заңдылығын растау үшін Ұлттық Банк қызметкерінің қолдан жасалған қызметтік куәлігін, Ұлттық банктің жалған құжаттарын, немесе банк аударымдарын жасау үшін хаттар мен реквизиттерді ұсынады», - деп жазылған хабарламада.


❗️Ұлттық банкі азаматтарды қырағы болуға және күдік туғызған қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ бейтаныс адамдардың нұсқауымен HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer сияқты қашықтан басқаратын басқа да қосымшаларды орнатпауға шақырады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
🗣Абай облысындағы шахтада қайғылы оқиға болды

19 қыркүйекте шамамен сағат 14:20-да Орлов шахтасында кәсіпорынның 2 жұмысшысы жарақат алған еді. Оған тау-кен массасының опырылуы себеп болған.

▪️Алған жарақаттардың салдарынан зардап шеккендердің бірі ауруханада қайтыс болды. Екінші жұмысшы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне қайтты.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

KAZ Minerals тобы директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук жазатайым оқиғаны тергеуге қатысу үшін өңірге барды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢8👍4❤2
🗣Аягөзде әскери қызметкер өзіне қол салды

Аягөз гарнизонының баспасөз қызметінің дерегінше, қайғылы оқиға 19 қыркүйекте жұмыстан тыс уақытта болған.

Гарнизондағы әскери бөлімдердің бірінде қызмет ететін офицердің денесі үйінен табылды.

Алдын ала ақпарат бойынша офицер өзіне-өзі қол жұмсаған. Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢12❤1👍1🤯1
🗣Астана әкімдігі жылыту маусымы қашан басталатынын хабарлады

Астанада әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады.

Әкімдіктің мәліметінше, жылыту маусымын дайындау және өткізу қағидаларына сәйкес елордада жылыту маусымы сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +10 °С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде басталады.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1
🗣«Өзін керексіз сезінгенде хабарласады»: баланы қауіпті онлайн ойындардан қалай қорғауға болады?

📞«150» сенім нөмірі дүйсенбі-жұма аралығында таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Бұл нөмірге хабарласқан балалар мен жасөспірімдер әдетте өзінің атын атамайды.

📲Ата-аналар iOS пен Android құрылғыларында бақылау функциясын пайдалана алады. Сондай-ақ қандай да бір бағдарламаны қолдауға рұқсат беруге арналған қосымшаны орнатуға болады. Мұның бәрі баланың қандай бағдарламаны қолданатынын және одан шектеуге мүмкіндік береді.

Баланың ойындарға деген саналы көзқарасын қалыптастыру үшін қай ойынды немесе бағдарламаны қолдануға болатынын, қай бағдарламаны қолдану қауіпті екенін бірге талқылау керек. Мұндай талаптар балаға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін тануға көмектеседі.

Толығырақ мына жерден оқи аласыз

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1
🗣«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшының мәйіті табылды

Қайғылы оқиға Жамбыл облысында 18 қыркүйекте болған. «Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшы Нұрдәулет Нұрмахановтың мәйіті табылды.

▪️Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Алтыналмас АК» АҚ «Ақбақай» тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесары болды.

Айта кетейік, арнайы комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтайды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢8👍1🤯1🤬1
🗣"Бос жұмыс орны жоқ": Қуандық Бишімбаев түрмеде немен айналысып жүр?

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев түрмеде әлі жұмысқа орналаспаған. Ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады.

Бос жұмыс орны жоқ, – деп жауап берді комитеттің баспасөз қызметі.


Айта кетейік, сот үкімімен Қуандық Бишімбаев түпкілікті 24 жылға сотталды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥴7👍6🤯2❤1
🗣Ұлттық ұлан сарбазын пойызда соққыға жыққандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Әлеуметтік желіде Ұлттық ұлан сарбазын біреулердің ұрып жатқаны бейнеленген жазба тараған. ІІМ ақпаратына сәйкес, оқиға 2023 жылдың күзінде қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін үйге қайтып бара жатқан запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілердің арасында болған.

Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі («Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды, – делінген хабарламада.


Күдіктілерді ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13
🚆1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.

▪️Айта кетейік, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.

https://t.me/halyquni
👎10🤬5👍2🤯2❤1
🗣Жедел жәрдем кей шақыртуға енді тәулік бойы бармауы мүмкін

Бұл санатқа азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың өршуі жатады.

🚨«Ашық НҚА» порталында 24 қыркүйекте жарияланған құжат жобасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі төртінші санаттағы шақыруларға жұмыс күндері сағат 8:00-ден 18:00 аралығында барады. Ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Төртінші санатқа жіті немесе созылмалы аурудың асқынуынан туындаған пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін жағдай жатады.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬6👍3😱2🤯1
🗣Жоғарғы сот мектептерде орамал тағу енді заңды деген талап шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді

БАҚ-та және және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат тарап жатыр.

Бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған, - деп жазылған Жоғарғы сот таратқан хабарламада.


https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1👎1
Закон и Порядок
🗣Жедел жәрдем кей шақыртуға енді тәулік бойы бармауы мүмкін Бұл санатқа азаматтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың өршуі жатады. 🚨«Ашық НҚА» порталында 24 қыркүйекте жарияланған құжат жобасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі төртінші…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кейбір БАҚ жедел жәрдемнің жұмысына қатысты өзгерістердің мәнін қате түсіндірген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Өзгерістер үйде қызмет көрсетуді тоқтатуды білдірмейді, мұны кейбір БАҚ дұрыс жеткізбеді. Керісінше, ол медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға бағытталған, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Айгерім Оразалиева.
🤮3🤣3👍2❤1👎1
⚡️Геннадий Головкин жаңа қызметке сайланды

▫️Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болды.

Айта кетейік, World Boxing былтыр сәуірде құрылған. Қазір ұйымға әлемнің 44 еліндегі ұлттық федерациялар мүше.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍32❤3
🇰🇿🇲🇦 Енді Мароккоға бару жеңілдейді

Қазақстан Үкіметі мен Марокко Корольдігінің үкіметі визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

🪪Келісімге сәйкес, қазақстандықтар Мароккода бір ай визасыз жүре алады. Ал білім алғысы немесе жұмысы істегісі келетін азаматтар виза алуға міндетті.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2
Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысында жүр

▪️Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы білім беру, мәдениет және спорт нысандарын аралап көреді. Сондай-ақ бірқатар кәсіпорынға барып, өңірде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысады.

Президенттің Түркістан облысына жұмыс сапары Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

https://t.me/halyquni
👍12❤3