Закон и Порядок
8.59K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
🗣🏡Енді қазақстандықтар тұрғын үй сертификатын eGov.kz-тен ала алады

Баспанаға мұқтаж және табыс теңгейі төмен отбасылар тұрғын үй сертификатын eGov.kz порталынан ала алады.

Сертификат Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша баспана алынған жағдайда беріледі.

Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде келесідей жағдайда беріледі:

🔸Өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;

🔸Орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;

🔸23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10
🇰🇿 Қазақстандықтар Ұлттық мереке – Республика күнін атап өтіп жатыр
👍16❤1
🗣Елімізде қай өңір тұрғындарының несиені көптеп ала бастағаны анықталды

Ұлттық банк мәліметінше, 1 қазандағы жағдай бойынша елімізде тұтынушылық несиелер көлемі 12,8 трлн теңгеге жеткен.

Қазір қарызға батқан аймақтар тізімін Алматы қаласы бастап тұр. Жергілікті тұрғындардың 3,9 трлн теңге несиесі бар.

Екінші орында 1,3 трлн теңге қарызбен Астана тұрса, алғашқы үштікті 1,01 трлн теңге берешекпен Шымкент қаласы түйіндейді.

Сондай-ақ тұтынушылық несиелер бойынша банк алдында қырызы артқан өңірлер қатарына Қарағанды (740,6 млрд теңге), Ақтөбе облыстары (543,6 млрд теңге) енген.

Несиенің төменгі мөлшері Ұлытау (122,1 млрд теңге), Алматы облыстарында (156,8 млрд теңге) тіркелген.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5😢3❤1
🗣Шерзат Полаттың өлімі: қылмыстық іс бес бап бойынша тіркелді

Алматы облысы полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу) және 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау) қылмыстық істерді тіркеп, тергеуге алған.

Қылмыстық іс аясында қасақана кісі өлтіруге қатысты күдікпен 8 адам және қылмыс туралы хабарламау бойынша 3 адам соттың санкциясымен қамауға алынған.


💬Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің Мәжіліс депутаттарына берген ресми жауабында айтылған.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇲🇳Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық көрсеткені үшін Ухнаагийн Хурэлсухке ризашылық білдіріп, өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі Моңғолияға алғашқы сапарына ерекше мән беретінін атап өтті.

– Құрметті Президент, бүгін Сіздің шақыруыңыз бойынша Моңғолияға мемлекеттік сапармен келіп отырмын. Маған және Қазақстан делегациясына, бұл – үлкен құрмет. Бүгін біз екіжақты маңызды құжаттарға, соның ішінде Қазақстан мен Моңғолия арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы декларацияға қол қоямыз. Бұл қадам елдеріміздің барлық деңгейдегі ықпалдастығын жандандыруға арқау болмақ. Сондай-ақ қос халықтың игілігі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Жақында Қытай көліктерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталады – министр

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

«Changan, Haval, Chery автомобильдерін шығаратын зауыттың құрылысы аяқталуға жақын. Бұл зауытта CKD әдісімен жылына 90 мың автокөлік шығарылады», - деді ол.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩15👍5🥴4❤1👎1🤡1
🗣Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

Бір қызығы, басым көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Одан кейін өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.
Жүргізілген сараптамаға сәйкес, қазақстандықтардың арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар (743 адам) көп. Ал өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11, - делінген ІІМ мәліметінде.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🤯3❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Қазақстанда бензин бағасы өссе де, ол азық-түлікке әсерін тигізбейді. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎27💩16🤣2🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🗣Елімізде мыңнан астам шетелдік жазасын өтеп жатыр

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Қазақстанның түзеу мекемелерінде 1085 шетел азаматы жазасын өтеп жатыр. Оның басым бөлігі ТМД елдерінің азаматтары. Өзбекстанның 527, Ресейдің 214 азаматы бар. Одан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан азаматтары жазасын өтеп жатыр.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🤯2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Ол есірткі контрабандасы үшін айыпталып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған. 2015 жылы Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Ақжарқынды есірткі қылмысына алдап итермелеген Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.

2022 жылғы 20 маусымда Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов күдікті Нигерия азаматы шетелде ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14❤3🤡1
🗣Шерзат Болаттың әкесіне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты.

«Талғар ауданындағы адам өліміне тоқталайын. Іс қырағы бақылауда. Күдіктілер ұсталып, оларға айып тағылды. (Марқұм Шерзат Болаттың) әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалмаған. Үйді өртеу дерегі бойынша іс тергеліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Жұмыс жүргізіліп жатыр», - деді Ғалымжан Қойгелдиев.


Айта кетейік, биыл 4 қазанға қараған түні Алматы облысы Талғар қаласында төбелес болып, 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді. 12 қазанда марқұмның отбасы тұрған үйді белгісіз біреулер өртеп кетті.

Полиция 5 бап бойынша қылмыстық істі тіркеді. 11 күдікті ұсталды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📱 Қазақстан «+7» телефон кодын Ресеймен бірге пайдалана береді

Қазақстан Үкіметі Ресей Үкіметімен арадағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Бұл туралы «Юрист «ПАРАГРАФ» телеграм-арнасы жазды.

Дегенмен, Қазақстан ғана пайдаланатын мынадай нөмірлер аралығы болады: 000-099, 600-699, 700-799. Ал 100-199, 800-809 және 881-899 аралығындағы нөмірлерді Ресеймен бірлесіп қолданады.

Ортақ кодқа қатысты санкция болмайды. +7-ні бірге қолданатынымыз анық. Бірақ осы «+7» аясында тек Қазақстанға ғана тиесілі қосымша нумерациялар бар. Мысалы, «+77», «+76» және осыларға қоса тағы «+70» бойынша да келіскелі жатырмыз, – деді министр.


https://t.me/halyquni
👎31👍3🤬3🥱1
🗣Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Ыстамбұлда ұсталды

Былтыр жазда ер адам таныстарымен бірге Сарыағаш қаласындағы дәмханалардың бірінде болып, келушімен жанжалдасқан. Салдарынан күдікті ер адамды пышақтап, мекеменің мүлкін бүлдірген.

Күдіктіні Ішкі істер министрлігінің сұрауы бойынша Интерпол ұлттық орталық бюросы ұстаған.

Қазір ол Қазақстанға жеткізілді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
🗣Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді

Ермағанбет Бөлекбаевқа жылыту маусымына дайындық жұмыстарына тиісінше бақылау жасамағаны үшін сөгіс берілді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🤡1
🗣Кассациялық судья, тариф, жалақы және қарақұрт. Елімізде қарашада не өзгереді?

🔸Кассациялық сот судьяларының талаптары белгіленді

🔸Кей өңірде электр энергиясы тарифі қымбаттайды

🔸Бірқатар металл түрінің экспортына тыйым салынады

🔸Орман, балық және аңшылық саласы қызметкерлеріне қосымша үстемеақы белгіленеді

🔸Әлеуметтік қызметкерлер аттестаттацияда тестілеуден өтпейді

🔸Қарақұртпен күрес шаралары бекітілді

🔸Балалар санаторийлерінің ережесі өзгереді

🔸ІІМ оқу орындарының қағидалары өзгереді

🔸Адам саудасына ұшырағандарға көмек пен қызмет көрсету қағидалары бекітілді

Толығырақ

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤1
🗣«Хутор» қылмыстық тобын басқаруы мүмкін деген Хасан Қасымбаев ұсталды

2024 жылғы 2 қарашада Қ. атты азамат адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірді және ұрлады деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл әрекетті 2021 жылғы маусымда жасаған, - деп жазылған Алматы облысы ПД таратқан хабарламада.

Қазір қылмысты жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу әрекеті кешенді жүргізіліп жатыр.

Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді.

Айта кетейік, Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Хасан Қасымбаевтың «Хутор» қылмыстық топтың басшысы деген ақпарат тараған еді. Алайда полиция Талғарда қандай да бір ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екенін жоққа шығарды.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍19🤔3❤2👎1
🗣Ливаннан 41 қазақстандық елге жеткізілді

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, аталған операция Ыстамбұл және Дубай арқылы ұйымдастырылып, 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматыға 41 адам аман-есен жеткізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты министрлік қазақстандықтарға аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға кеңес берген еді.

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍11❤1
🗣Банкке қарызы бар қазақстандықтардың саны 9 млн-ға жуықтады

Қазанның басындағы жағдай бойынша еліміздегі әр түрлі несие ұйымындағы жеке тұлғалардың жалпы несие портфелі 22,7 трлн теңгеге жеткен. Бұл қатарда банктер, микроқаржы ұйымдары, ломбардтар бар. Бірінші несие бюросының жазуынша, оның ішінде негізгі қарыз, есептелген сыйақы және есептен шығарылған келісімшарттар да бар.

Жалпы қарыз алушылар саны қазір 8 млн 935 мың адамға жеткен.

Кепілсіз тұтынушылық несиелерге келсек, оның портфелі 11,15 трлн теңгеге жеткен.

Толығырақ

https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬9👍5🤔3🥴3❤2