This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.
▪️Бұған дейін Қазақстан халықаралық банктен тағы 269 млрд теңге қарыз алатыны хабарланған.
▪️Сондай-ақ еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,3 млрд иена (167,3 млрд теңге) қарыз алуды жоспарлап отыр.
▪️Сонымен қатар Ислам даму банкі 1,2 млрд доллар бөледі.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6😁5🤔3
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.
5 қаңтар - демалыс күні 3 қаңтарға, яғни жұмаға ауыстырылады.
🔸Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8
Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметін тыңдап, мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Уәкілетті құрылымдардың басшылығына президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.
▪️Айта кетейік, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасаған еді. Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс «жаһандық сипаттағы элементтерге» ие бола бастаған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты еліміздегі тиісті құрылымдарға шұғыл шаралар қабылдауды тапсырған болатын.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🤣5❤3
ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізу және оған әзірлік аясында 27-28 қараша күндері елорда көшелерінің жекелеген бөлігінде көлік құралдарының жүруіне уақытша шектеу қойылады.
Әзірлік шараларында ҚР арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және Қарулы Күштер ресурстарын, оның ішінде әскери авиация мен техниканы пайдалану көзделген.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға уақытында өткізілетін қауіпсіздікті қорғау шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деді ведомство.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩4🤔3❤2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еске салайық, биыл 14 қарашадан бастап Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы «Өзенмұнайгазға» қарасты «Бұрғылау жұмыстары басқармасы» жұмысшыларының ереуілге шыққан еді.
Олар жұмыс берушіден зейнетке шыққан және өндіріс салдарынан денсаулығынан айырылған мұнайшылар баласын жұмысқа орналастыруды, 55-58 жастағы жұмысқа жарамсыз болып қалған тұрғындар өз еркімен жұмыстан кеткен жағдайда 300 АЕК (1 млн 107 мың) өтемақы төлеуді, техниканы жаңартып, операторлар мен машинистер разрядын көтеруді, дербес еңбекақы жүйесіне өтіп, жалақыға салынатын салықты жұмыс беруші төлесін деп талап қойып отыр.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍13👎3🤯3🥱1
📺 📻 29 қарашада теледидар мен радио жұмыс істемейді
Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
https://t.me/halyquni
Сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.
https://t.me/halyquni
👍4😁2🤔1
Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Қазір елімізде 139 мың жүк вагоны бар.
Жолаушылар вагоны паркіне тоқталайын. Өткен жылы 118 жаңа вагон сатып алынса, биыл 143 вагон жеткізіледі (113 вагон жеткізілді, жыл соңына дейін тағы 30 вагон жеткізіледі деп жоспарланып отыр). Келесі жылы 226 вагон сатып алу жоспарланып отыр. Жалпы 2029 жылға дейін 1 мың 200-ге жуық жолаушылар вагоны сатып алынады. Нәтижесінде вагон паркі 3 мың данадан асып, оның тозу деңгейі 38%-ға дейін төмендейді (қазіргі көрсеткіш – 44%), -–деді Марат Қарабаев Үкімет отырысында.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤2💩2
Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан аумағында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмір жағатын жылу электр орталықтарын салу жобалары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарауға алды.
Келісім Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жылу электр орталықтарын салу жобаларын іске асыру бойынша Қазақстан Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы ынтымақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Келісім жабдықтарды жобалау, дайындау және жеткізу, жаңа жылу электр орталықтарын пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды, сондай-ақ қазақстандық тарапқа Ресейдің мемлекеттік экспорттық кредитін беруге жеңілдетілген қаржыландыру тетігін орындау шарттарын айқындайды, – деді Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы.
Ресей Қазақстанда салатын жылу электр орталықтарының қуаты төмендегідей:
Семейде – 360 МВт;
Өскеменде – 360 МВт;
Көкшетауда – 248 МВт.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤮14🤬10💩7❤1👍1🤯1
Kurs.kz ақпаратына сәйкес, Астанада америкалық валютаны 506-508 теңгеден алып, 513-515 теңгеден сатып жатыр.
Ал Ұлттық банктің ресми бағамы – 499,51 теңге.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤬4🤯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Керуен Медиа» ЖШС-ға қатысты оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады.
Ақпаратқа сәйкес, қазір оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.
«Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады», – делінген хабарламада.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14😁10🤬3❤1
Закон и Порядок
Ұлттық валютаның әлсіреуіне сыртқы және ішкі факторлар теріс әсер еткен.
АҚШ долларының жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі фактордың өзгеруі аясында дамушы нарықтағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты АҚШ долларының бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2%-ға нығайып, 106,2 пунктке дейін өсті (2024жылдың 28 қарашасында). ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0%-ға төмендеді, –деп жазылған хабарламада.
▪️Айта кетейік, теңгенің айырбас бағамы 1 доллар үшін 500 теңгеден асты.
https://t.me/halyquni
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💩5🤯4👍1
⚡️Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға көтерді
Бұған дейін базалық мөлшерлеме 14,25% болған еді.
https://t.me/halyquni
Бұған дейін базалық мөлшерлеме 14,25% болған еді.
https://t.me/halyquni
😱4🤬4🤯1🤡1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💸Теңге бағамын тұрақтандыруға
1 млрд доллар кеткен
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 16 қарашадан бастап теңгені тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсалған.
https://t.me/halyquni
1 млрд доллар кеткен
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 16 қарашадан бастап теңгені тұрақтандыруға 1 млрд доллар жұмсалған.
16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз. Соған 1 млрд доллар кетті. Бұл жеке тұлғаларға ешқандай әсер етпеді. Тек қана қор биржасындағы заңды тұлғалар қатысты, - дейді Сүлейменов.
https://t.me/halyquni
🤡12👍6🤬3❤1
💸Ұлттық қордан 1,2 млрд доллар сатылды
Биыл қарашада республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 млрд 260 млн доллар сатылды.
Ұлттық банктің мәліметінше, қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 доллар 512,52 теңге болды.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 278 млн доллардан 262 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5,5 млрд доллар.
https://t.me/halyquni
Биыл қарашада республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 млрд 260 млн доллар сатылды.
Ұлттық банктің мәліметінше, қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 доллар 512,52 теңге болды.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 278 млн доллардан 262 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5,5 млрд доллар.
https://t.me/halyquni
🤯4🤬3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ұлттық экономика министрі отставкаға кете ме?
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді.
https://t.me/halyquni
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді.
https://t.me/halyquni
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ресейде қазақ мектептері қашан салынады?
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді.
https://t.me/halyquni
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді.
https://t.me/halyquni
❤7😁3👍2
«Каспий» футбол клубы жиындарына бөлінген 27 млн теңге жымқырылған
Маңғыстау облысы прокуратурасы мәліметінше, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар оны қорқытып, 15 млн теңге алуға әрекеттенген.
3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысы мен тағы екі адамды қамауға алуға санкция берілді.
https://t.me/halyquni
Маңғыстау облысы прокуратурасы мәліметінше, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар оны қорқытып, 15 млн теңге алуға әрекеттенген.
3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысы мен тағы екі адамды қамауға алуға санкция берілді.
https://t.me/halyquni
🤯5👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді
Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.
https://t.me/halyquni
Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.
https://t.me/halyquni
👍8🤮5🤯4❤1🤔1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Үкімет теңге тағы құнсызданбас үшін не істейді?
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге тағы құнсызданбас үшін не істейтінін айтты.
https://t.me/halyquni
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге тағы құнсызданбас үшін не істейтінін айтты.
«Келесі жылға Үкіметтің ең басты мақсаты – бірқатар ірі жобаны іске қосу. Оның ішінде инфрақұрылымдық, өнеркәсіп, жалпы
17 жоба бар. Оларды іске асыруды бастап кеттік. Жақында коммуналдық жүйені жаңғырту бағдарламасы қабылданады.
Сондай-ақ биыл көптеген шетелдік қаржы ұйымымен нақты келісімдерге отырдық. Нәтижесінде 2025 жылы біз елімізге шетел валютасында инвестицияны тарту көлемін күрт көбейеді деп есептеп отырмыз. Нәтижесінде бұл валютаның бәрі (доллар) ішкі нарық арқылы өтеді. Сол арқылы жаңа жобаларды қаржыландыратын боламыз», - деді Нұрлан Байбазаров Сенаттың жалпы отырысында.
https://t.me/halyquni
🤣9👍5💩4🤡1