Закон и Порядок
8.59K subscribers
2K photos
1.15K videos
4 files
3.28K links
Download Telegram
🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

https://t.me/halyquni
👍19
🇰🇿🇬🇼18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

https://t.me/halyquni
👍10❤2🤬2🤡2
Тоқаев Эмманюэль Макронға көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, Франция қарамағындағы Үнді Мұхитында орналасқан Майотта аралында соңғы 90 жылдағы ең күшті циклон болды. Салдарынан жүздеген адам зардап шегіп, тұрғын үйлер мен ғимараттар қирады. Ел президенті Эмманюэль Макрон жағдайға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялап, жақын уақытта аралға баратынын мәлімдеді.

https://t.me/halyquni
👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішуге және оны сатуға тыйым салуды ұсынды

https://t.me/halyquni
👍24😁17
👥Солтүстік өңірлерде халық саны азайып жатыр

Telegram-дағы Economy_kz арнасың мәліметінше, 2024 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша Қазақстанда 20 млн 244 мың адам тұрады, бір жылдағы өсім – 1,3%. Оны табиғи өсім мен көші-қон ағыны қамтамасыз етті.

Ал қалаларда 12 млн 727,4 мың адам, ауылдарда 7 млн 516,6 мың адам тұрып жатыр.

📈Табиғи өсім:
▫️Астана +94,6 мың адам;
▫️Алматы: +62,6 мың адам;
▫️Шымкент: +33,5 мың адам.

📉Проблемасы бар өңірлер:

▫️Солтүстік Қазақстан облысы – 7,7 мың адамға азайған;
▫️Қостанай облысы – 4,3 мың адамға азайған.

https://t.me/halyquni
👍14😢2❤1
Биыл 18 мыңнан аса адам елге оралды

Жыл басынан бері 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратына сәйкес, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 146,4 мың этникалық қазақ оралған.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 45,4%-ы Қытайдан, 38,9%-ы Өзбекстаннан, 6%-ы Моңғолиядан, 5,8%-ы Түрікменстаннан, 2,7% -ы Ресейден және 1,3% басқа елдерден оралған.

https://t.me/halyquni
👍21❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Семейде шырша безендіру кезінде құлап кеткен мұғалімнің қазіргі жағдайы айтылды

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбаеваның айтуынша, мұғалімнің жағдайы жақсы, қазір ол есін жиды.

Айта кетсек, Семейде жаңа жылдық шыршаны безендіру кезінде мұғалімдердің бірі жарақат алған болатын.

https://t.me/halyquni
👍7❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ақтауда ұшақ құлады

Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 адамы мен 11 техникасы ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатыр.

Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды.

Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатыр.

https://t.me/halyquni
😱13😢3👍2❤1👎1
Закон и Порядок
Ақтауда ұшақ құлады Төтенше жағдайлар министрлігінің 52 адамы мен 11 техникасы ұшақ құлаған жерде жұмыс істеп жатыр. Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы…
Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, бортта 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған

ТЖМ күштері өртті толық сөндірді.

Оқиға орнында ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері мен психологтары жұмыс істеп жатыр.

Баку-Грозный бағытындағы ұшақтың Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі екені анықталды.

https://t.me/halyquni
👍4🙏1
Ақтау маңында құлаған ұшақта болған жолаушылар тізімі шықты

Бортта 67 адам болған.

ТЖМ мәліметінше, аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

https://t.me/halyquni
😢9❤2👍1🙏1
Ұшақ апатынан аман қалғандар саны 28 адамға жетті, оның екеуі бала.

https://t.me/halyquni
🙏7😢2
Ақтаудағы ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия құрылды

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Комиссияға оқиға орнына дереу ұшып барып, ұшақтың апатқа ұшырау себептерін жан-жақты тексеруді қамтамасыз ету, қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету шараларын қабылдау тапсырылды.

🇰🇿🇦🇿Қазақстан Үкіметі Әзербайжан Үкіметімен болған оқиғаның себептерін жан-жақты тергеу және алғашқы көмек көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

https://t.me/halyquni
👍6😢3
Ақтауда ұшақ апаты дерегі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды

Қылмыстық кодекстің 344-бабы 3-бөлігі («Көлік құралын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деп жазылған көліктегі полиция департаменті.


Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

https://t.me/halyquni
👍5🤯1
Ұшақ апатынан аман қалғандардың тізімі жарияланды

Онда 29 адамның аты-жөні жазылған. Тізімде Қазақстан азаматтары жоқ.

https://t.me/halyquni
👍6🤯2😢1
Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты

Санкт-Петербург қаласында ТМД мемлекеттерінің бейресми кездесуі өтті.

Іс-шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

https://t.me/halyquni
👎16👍2🤯1🤮1
Ұшақ апатынан қаза тапқан
Қазақстан азаматтарының аты-жөні жарияланды

Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, 16.11.1988 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы, 30.09.1985 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны.

Махсудова Галина Растамбековна, 12.01.1978 ж.т., туылған жері: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының тұрғыны.

Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы, 17.07.1975 ж.т., туылған жері: Алматы қ., Астана қаласының тұрғыны.

Жұмағат Эльдар 23.08.2013 ж.т., Астана қ. тұрғыны.

Джутаева Салима Аманжолқызы, 21.02.1995 ж.т., туылған жері: Қостанай облысы, Қарағанды қаласының тұрғыны.

https://t.me/halyquni
😢17🕊7👍5❤4
Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды

Апаттан 38 адам көз жұмды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді. 7 адамның денесі анықталды. Кеше ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - деп жазылған хабарламада.

Кеше авариялық-құтқару жұмысын жүргізу нәтижесінде Ақтау қаласының медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілді.

Қазір Ақтау қаласында апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

https://t.me/halyquni
😢12👍10❤5👎2😁2
Channel name was changed to «Закон и порядок»
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В СКО раскрыли интернет-мошенников: ущерб превысил 38 млн тенге

В Северо-Казахстанской области ликвидировано звено международной сети интернет-мошенников, сообщает пресс-служба ДП региона.

В районном центре Булаево района Магжана Жумабаева при координации Департамента по противодействию киберпреступности МВД РК и прокуратуры задержаны пятеро местных жителей в возрасте от 19 до 24 лет.

По данным следствия, 21-летний житель Аккайынского района создал организованную преступную группу, входящую в международную сеть интернет-мошенничества. Он координировал действия четырёх «дроповодов» — лиц, обеспечивавших через сеть «дропперов» перевод денег от потерпевших к «обнальщикам».

Правоохранители установили причастность задержанных к восьми эпизодам мошенничества в разных регионах страны, в том числе в СКО. Общий ущерб от их действий составил 38,5 млн тенге.

Сейчас ведётся проверка на причастность группы к другим аналогичным преступлениям. В полиции отметили, что борьба с интернет-мошенничеством остаётся одним из приоритетов концепции «Закон и Порядок» и находится под особым контролем руководства областного департамента полиции.
👍13❤5