Мысыр азаматы Алматыда қазақстандық қызға жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған.
Оқиға 2 қазан күні түнде Алматыдағы Терренкурда болған. Ер адам әйелдің бөксесінен ұстап алған. Жәбірленуші оны қуып жетпек болғанда, ол осы әрекетін тағы қайталаған. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адам күдіктіні ұстауға көмектескен.
Кейін жәбірленуші бейнебақылау камераларының жазбаларын полицияға өзі тапсыруға мәжбүр болған. Оның айтуынша, ер адамды алдымен қолхатпен босатып жіберген. Жәбірленуші бейнежазбаны полицияға тапсырғаннан кейін ғана, 5 қазанда оны қайтадан изоляторға қамаған.
6 қазанда сот отырысы өтті. Іс ұсақ бұзақылық бабы бойынша қайта сараланды. Сот ер адамды 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.
Жәбірленушінің айтуынша, ер адам Мысыр азаматы және Қазақстанда заңсыз жұмыс істейді. Ол учаскелік полиция қызметкерінің хабарламаларына жауап бермей қойғанын да мәлімдеді. Осыдан кейін әйел көші-қон полициясына жүгінген. Қазір бұл істі прокуратура қарап жатыр.

Танымал рэпер NAVAI Қазақстанға келді. Бірақ көп ұзамай екі айға қамауға алынды!
Қырғызстанмен шекарада әншінің көлігінен есірткі табылған. Енді NAVAI қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сот оны екі айға тергеу изоляторына қамады.
Адвокат бұл шешіммен келіспейді. Оның айтуынша, табылған зат небәрі екі грамм. Оның кімге тиесілі екені де әлі анықталмаған. Қорғаушы мұндай жағдайда айыппұлмен де шектелуге болатынын айтты.
Бірақ әзірге NAVAI сахнада емес, тергеу изоляторында отыр. Қорғаушы тарап сот шешіміне шағымданбақ.