⚡️«Қазпоштадан» келген хабарлама қауіпті болуы мүмкін: Бас прокуратура дабыл қақты
Бас прокуратура қазақстандықтардың дербес деректерін ұрлауға бағытталған интернет-алаяқтықтың жаңа схемасы туралы ескерту жасады. Қаскөйлер өздерін «Қазпошта» қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға сәлемдеме жеткізу туралы жалған хабарламалар жіберіп жатыр.

⚡️Шарын шатқалы әлемдегі каньондар мен шатқалдар рейтингінде 17-орынға ие болды
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы басты табиғи көрікті орын әлемнің ең үздік шатқалдарының қатарына енді.Шарын «The Worldworthy 100» халықаралық рейтингінде 17-орынға тұрақтады.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің хабарлауынша,2026 жылғы рейтингке 46 елден 100 каньон мен шатқал кірді.Worldworthy тізімді саяхатшылардың пікірлері мен ұсыныстары,журналистік зерттеулер және ашық мәліметтер негізінде жасақтайды.Рейтинг редакциясы паркке арнайы лауреат сертификатын жолдады.

⚡️Италияда 300-ге жуық мектепке бомба туралы хабарлама келіп түсті
Италияның бірнеше өңіріндегі мектептерге бомба қойылғаны туралы электрондық хаттар келген. Бірқатар мектептен оқушылар мен мұғалімдер эвакуацияланды. Хаттардың бірінде премьер-министр Джорджа Мелониге де қоқан-лоқы жасалған.
Италияның білім министрі Джузеппе Вальдитара ел бойынша 300-ге жуық дабыл тіркелгенін айтты. Полиция мен карабинерлер мектеп ғимараттарын тексерді. Жарылғыш зат табылғаны туралы ақпарат жоқ.
Полиция хаттарды кім жібергенін анықтап жатыр. Қорғаныс министрі Гидо Крозетто оқиғаға қатысты парламентте баяндама жасайтынын мәлімдеді.

⚡️Қазақстанның ұлттық автокөлік бренді қашан шығады
Қазақстан өз автомобиль брендін шығаруға ниетті. Былтыр қарашада малайзиялық Proton компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, ұлттық автобренд қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне шыққан еді. Алайда арада уақыт өтсе де, жобаның нақты мерзімі, өндіріс орны мен инвестиция көлемі белгісіз. Қазір Proton-нан бөлек, Kia және Skoda компанияларымен де келіссөз жүргізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонда алғашқы қазақстандық автомобиль қашан конвейерден шығады? Ұлттық бренд құруға еліміздің өндірістік әлеуеті жете ме?

Қазақстанмен $10 млрд келісімі бар. Nvidia тыңшылық дауынан соң $360 млрд жоғалтты
11 қарашада әлемдегі ең ірі технологиялық компаниялардың бірі саналатын Nvidia акциялары сауда-саттықтың ашылуымен 7 пайыздан астам құлдырады. Бұған бір күн бұрын корпорация президенті әрі бас атқарушы директоры Дженсен Хуангтың Қытайдың тыңшысы болуы мүмкін деген әйелмен некеден тыс қарым-қатынасына қатысты тергеу басталғаны туралы ақпарат себеп болған

Жартылай жалаңаш ер адам мектеп терезесін сындырып, ішіне кірген
Бұл жағдай Қаскелең қаласындағы Әлімқұлов атындағы мектепте болған. Желіде оқиға орнынан видео тарады. Кадрдан киімсіз ер адамның мектеп терезесінен секіріп кіргенін көруге болады.
Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Қылмыстық іс қозғалды.
Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ.
Оған қоса күдіктінің психикалық жағдайына қатысты тексеру жүріп жатыр.

Димаштың мексикалық жанкүйерлері "Қазақстан!" деп ұрандатты
Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында жанкүйерлер кездесуі өтті. 10 қарашада ұйымдастырылған кешке әншінің ата-анасы Қанат және Светлана Айтбаевтар да қатысты.
Жиналған жұртқа Қазақстан туралы бейнетаныстырылым көрсетіліп, жанкүйерлер "Қазақстан! Қазақстан!" деп ұрандатты. Сондай-ақ олар қазақ тілінде ән шырқады.

🛡 ІІМ жастарды қылмыстық ықпалдан қорғау бағытындағы жұмысты күшейтуде
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мектептерде, колледждерде және басқа да білім беру ұйымдарында екі мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізді. Әсіресе бопсалаудың және қылмыстық әрекеттерді дәріптейтін теріс көзқарастың таралуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Испанияда соңғы 14 жылда болмаған митинг өтті
Елдегі 80-нен астам қалада халық жаппай наразылыққа шықты. Олар тұрғын үй мәселесін шешуді, жалақыны көтеруді және жалдау ақысы бағасын төмендетуді талап етті.
Жергілікті билік мәліметінше, Мадридте көшеге шамамен 120 мың адам, ал Барселонада 55 мың адам шыққан. Ереуілге байланысты елде 332 әуе рейсі тоқтады.
Наразылық шеруінен кейін кейбір қатысушылар полицияға тас пен бөтелке лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Оған қоса дүкендердің әйнегін сындырған. Ел бойынша 50-ге жуық адам ұсталды.

Басы дауға қалған кәсіпкер Nvidia басшылығынан кетуі мүмкін
Nvidia компаниясының директорлар кеңесі бас директор Дженсен Хуангты қызметінен шеттетуге дайындалып жатыр. Дереккөздерге сілтеме жасаған The Wall Street Journal осылай деп жазды. Кеңес бұл мәселені қарау үшін бүгін жиналады.
Хуанг әйеліне опасыздық жасағанын мойындады және отбасы мен әріптестерінің сенімін бұзғаны үшін кешірім сұрады. Оның некеден тыс екі байланысы әшкере болып отыр. Бұған дейін оның сингапурлық Megaspeed компаниясының басшысы Элис Хуангпен қарым-қатынасы туралы айтылған болатын. Енді кәсіпкердің компания вице-президенті Кимберли Пауэллмен де көңіл жарастырғаны туралы ақпарат тарады.
Бұл жаңалықтан кейін Nasdaq биржасында Nvidia акциялары 8,6%-ға құлдырады.

❗️«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары пара алуға оқталды деген күдікпен ұсталды
«Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиев уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларды ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ұстаған.
12 қараша күні таңертең Астанада Қонаев көшесіндегі Atlant-6 тұрғын үй кешенінің маңынан сегіз чемодан мен тротуарға шашылған долларға ұқсас банкноттар табылған. Бұл туралы полицияға «102» арнасы арқылы хабарлама түскен.
Ведомствоның мәліметінше, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 4-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Аталған баптар пара алуға оқталу әрекеті үшін жауапкершілікті көздейді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшылары ұсталған сәттен кадрлар жарияланды
Бұған дейін шашылған долларларға қатысты кадрлар қоғам назарын аударған еді.
Енді «Самұрық-Қазына» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталғаны белгілі болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті ақпаратты растады. Екі басшы да сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінген. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкентте қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселелері талқыланды
Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен этнос белсенділері, сондай-ақ «Қоғамдық келісім» мекемесі жанындағы қоғамдық құрылымдардың басшылары қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа қоғамдық институттың қызметі мен міндеттерін талқылау, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланысты дамыту және өңір тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді ортаға салу.
Жиында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы мен оның қоғам өміріндегі рөліне тоқталды.
Сонымен қатар жаңа Конституцияның маңызы, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген басым бағыттар, конституциялық реформалардың негізгі міндеттері және жалпыұлттық құндылықтардың мән-мазмұны жөнінде кеңінен баяндады.

Автокөліктерге қатысты ірі алаяқтық схема әшкереленді
48 адам полицияға жеткізілді. Олардың ішінде қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген алты адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ хабарлауынша, күдіктілер екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдары арқылы жалған тұлғалардың атына автокөліктерді кепілге рәсімдеген. Кейін көліктерді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге шығарып, қайта сатқан. Алдын ала мәлімет бойынша осындай жолмен шетелге 56 автокөлік шығарылған.

Трамптың арнайы өкілдері Путинмен кездесу үшін Мәскеуге барды
АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілдері Джаред Кушнер мен Стивен Уиткофф Абу-Дабидегі үшжақты келіссөздерден кейін Мәскеуге барды. Оларды Внуково әуежайында Ресей тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қарсы алды.
Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға делдалдық жасап жүрген АҚШ өкілдері Владимир Путинмен Абу-Дабиде көтерілген негізгі мәселелерді талқылайды. Кейін Кушнер мен Уиткофф Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуге аттанады.
10-11 қараша күндері Абу-Дабиде АҚШ-тың делдалдығымен Ресей мен Украина арасындағы келіссөздердің жаңа раунды өткен болатын. Мәскеу тараптардың «бейбітшілікке жақындағанын» айтса, Киев жыл соңына дейін нақты уағдаластыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін ілгерілеу байқалатынын мәлімдеді.

“Алтын-Емелде” сирек кездесетін сілеусін күшіктерімен бірге кадрға ілікті
“Алтын-Емел” ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген түркістан сілеусіні күшіктерімен бірге фототұзаққа түсті.
Парк мамандарының айтуынша, сілеусін өте сақ әрі жасырын тіршілік етеді. Сондықтан мұндай кадрлар олардың тіршілігін зерттеу үшін құнды.

"Самұрық-Қазына" Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
Олардың мәліметінше, қазір уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Қор құқық қорғау органдарымен жан-жақты ынтымақтастық орнатып, заңнама аясында қажет ақпарат пен материалдарды ұсынып жатыр екен. Оған қоса тергеу органдарына қажет көмек көрсетіп жатырмыз дейді.

Үлкенде 33 мың тұрғынға арналған қалашық салынады
Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» атом электр станциясында жұмыс істеп жүрген қазақстандық мамандармен кездесуі барысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, АЭС қызметкерлері қалашығы қолданыстағы Үлкен ауылымен біріктіріліп, біртұтас елді мекен ретінде дамытылады. Жоба аясында тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары салынады. Сонымен қатар қонақүй инфрақұрылымы, қызмет көрсету саласы мен кәсіпкерлікті дамыту көзделген.
Сәтқалиевтің сөзінше, АЭС құрылысы қызған кезеңде 15 мың, ал станция пайдалануға берілгеннен кейін оның тұрақты жұмысына шамамен 2 мың қызметкер қажет болады.

❤1
Сабақты жиі босататын оқушылар туралы мәлімет полицияға беріледі
Енді сабақты себепсіз жиі босататын оқушылар туралы мәлімет ай сайын полициямен келісіледі. Елімізде балаларды есепке алу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Жаңа талапқа сәйкес, 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай дерекқоры жүргізіледі.