Посольство Казахстана в Узбекистане
654 subscribers
5.26K photos
471 videos
1.24K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Статья Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева Euroviews «Казахстан и Европейский союз: формируя следующую главу стратегического партнёрства»

В авторской статье для Euronews Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что партнерство между Казахстаном и Европейским союзом приобретает сегодня особое стратегическое значение на фоне глобальной геополитической нестабильности и трансформации мировой экономики.

Глава государства обозначил три ключевых приоритета нового этапа сотрудничества Казахстана и ЕС: укрепление устойчивости, расширение взаимосвязанности и создание новых возможностей для граждан.

Президент отметил, что Европейский союз остается крупнейшим торговым и инвестиционным партнером Казахстана, а сотрудничество охватывает энергетику, транспорт, сельское хозяйство, цифровые технологии, образование и инновации.

Особое внимание уделено развитию Среднего коридора, укреплению энергетической и продовольственной безопасности, а также взаимодействию в сфере искусственного интеллекта и цифровизации.

Глава государства подчеркнул, что Казахстан последовательно проводит политические и экономические реформы, направленные на обеспечение стабильного, прозрачного и предсказуемого инвестиционного климата. Казахстан намерен и далее укреплять стратегическое партнерство с Европейским союзом на основе взаимного уважения, прагматизма и общих интересов.

Статья опубликована накануне визита Президента Казахстана в Брюссель 22–23 июня 2026 года для проведения переговоров с руководством Европейского союза.

Подробнее по ссылке на Euroviews ↩️
👍2🔥1💯1
📞 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

🇰🇿🇺🇿Әңгімелесу барысында көшбасшылар қазақ-өзбек қарым-қатынасы жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Президенттер өзара ықпалдастықты одан әрі нығайту, биыл сәуір айында Бұхара қаласында өткен мемлекеттер басшылары кездесуінде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыру мәселелерін талқылады.

Президент әкімшіліктері, үкіметтер мен салалық ведомстволар арасындағы байланыстардың жандануы екіжақты ынтымақтастықты дәйекті түрде дамыту және бірлескен жобаларды ілгерілету үшін өте маңызды екеніне назар аударылды.

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің негізгі мәселелері жөнінде пікір алмасып, алдағы ортақ іс-шаралардың кестесін қарастырды.

t.me/aqorda_resmi

📞 Глава государства Касым-Жомарт Токаев провел телефонный разговор с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым
 
🇰🇿🇺🇿В ходе беседы лидеры двух стран с удовлетворением отметили высокую динамику развития казахско-узбекских отношений.
 
Президенты обсудили актуальные вопросы дальнейшего укрепления двустороннего взаимодействия, включая практическую реализацию договоренностей, достигнутых по итогам встречи глав государств в Бухаре в апреле текущего года.
 
Подчеркнута важность активных контактов по линии администраций президентов, правительств и профильных ведомств для обеспечения поступательного развития двустороннего сотрудничества и продвижения совместных инициатив. 
 
Собеседники также обменялись мнениями по ключевым вопросам региональной и международной повестки дня, а также рассмотрели график предстоящих двусторонних мероприятий.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2👌1
🔹2026 жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов Алмалық тау-кен металлургия комбинатында болып, кәсіпорынның қызметімен, өндірістік циклімен және экспорттық әлеуетімен танысты.
Қазіргі уақытта комбинат Орталық Азиядағы ең ірі мыс өндіруші кәсіпорын болып табылады, сондай-ақ Өзбекстандағы күміс өндірісінің шамамен 90% және алтын өндірісінің 20% жуығын қамтамасыз етеді.
Алмалық тау-кен металлургия комбинатының Басқарма Төрағасы А.Хурсановпен өткен кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тау-кен металлургия саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективалары, инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістік қуаттарды жаңғырту, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындармен өндірістік кооперацияны кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.
😊Толығырақ:

🔹3 июля 2026 года Посол Республики Казахстан в Республике Узбекистан Б.Атамкулов посетил Алмалыкский горно-металлургический комбинат, где ознакомился с деятельностью предприятия, производственным циклом и экспортным потенциалом комбината.
В настоящее время комбинат является крупнейшим производителем меди в Центральной Азии, а также обеспечивает около 90% производства серебра и порядка 20% производства золота в Узбекистане.
В ходе встречи с Председателем Правления Алмалыкского горно-металлургического комбината А.Хурсановым были обсуждены текущее состояние и перспективы казахстанско-узбекского сотрудничества в горно-металлургической отрасли, реализация инвестиционных проектов, модернизация производственных мощностей, а также возможности расширения кооперации с казахстанскими предприятиями.
😊Подробнее:


➡️O'zbek tilida:
➡️In English:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1🔥1🆒1
🔹2026 жылғы 3 шілдеде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі делегациясының Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитетінің және оған қарасты ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу 2026 жылғы 11 сәуірде Бұхара қаласында өткен бейресми кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзиёев қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне арналды. Сол кезде мемлекет басшылары өңірлік экологиялық бастамаларды дамытуға, оның ішінде шекара маңы аумақтарында «Таза ауа» жобасын іске асырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Іс-шара Орталық Азияның Қоршаған орта және климаттың өзгеруін зерттеу университетінде (Green University) кеңес және екі елдің салалық мамандары арасындағы пікірталас форматында өтті.
Қазақстан тарапынан кездесуге ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ерболат Қожықов, «Қазгидромет» РМК бас директоры Данара Әлімбаева, ҚР Ұлттық гидрометеорологиялық қызметінің Ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрсын Тілләкәрім, аталған ұйымдардың мамандары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Елшілігінің дипломаттары қатысты.
Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы ақпарат алмасты, мемлекеттік реттеу тәжірибесін таныстырды және «Таза ауа» бірлескен жобасын одан әрі іске асыру перспективаларын талқылады.
Сапар аясында қазақстандық делегация Ташкент облысындағы жылыжайларды демонтаждау жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, Ташкент жылу электр станциясындағы шығарындыларды тазарту және сүзгілеу жүйелерінің жұмысымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар трансшекаралық ауа ластануын азайтуға бағытталған осындай бірлескен практикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізуге уағдаласты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔹2026 жылғы 3 шілдеде Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі делегациясының Өзбекстан Республикасы Экология және климаттың өзгеруі жөніндегі ұлттық комитетінің және оған қарасты ұйымдардың өкілдерімен кездесуі өтті.…
🔸3 июля 2026 года в Ташкенте состоялась встреча делегации
Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан с
представителями Национального комитета по экологии и изменению климата
Республики Узбекистан и его подведомственных организаций.

Встреча была посвящена обсуждению реализации договоренностей
между Президентом Республики Казахстан К.К.Токаевым и Президентом
Республики Узбекистан Ш.М.Мирзиёевым, достигнутых в ходе неформальной
встречи в Бухаре 11 апреля 2026 г. Тогда Главы государств подчеркнули
важность развития региональных экологических инициатив, в том числе
реализации проекта «Чистый воздух» на приграничных территориях.
Мероприятие было проведено в Центрально-Азиатском университете по
изучению окружающей среды и изменения климата (Green University) в
формате совещания и дискуссии между профильными специалистами двух
стран.
От казахстанской стороны участие приняли председатель Комитета
экологического регулирования и контроля МЭПР РК Ерболат
Кожиков, генеральный директор РГП «Казгидромет» Данара Алимбаева,
директор Научно-исследовательского центра Национальной
гидрометеорологической службы РК Турсын Тиллакарим, специалисты
указанных организаций, а также дипломаты Посольства Казахстана.
В ходе встречи стороны обменялись информацией о реализуемых мерах
в области охраны окружающей среды, представили опыт государственного
регулирования и обсудили перспективы дальнейшей реализации совместного
проекта «Чистый воздух».
В рамках визита казахстанская делегация также посетила объекты в
Ташкентской области, где ведется демонтаж теплиц, ознакомилась с работой
систем очистки и фильтрации выбросов на Ташкентской ТЭС.
По итогам встречи стороны договорились проводить аналогичные
совместные практические мероприятия по минимизации трансграничного загрязнения воздуха
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!

Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.

Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.

Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі.

Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.

Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.

1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.

Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!

Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
👍4❤2🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева с Национальным днем Домбры
 
Дорогие соотечественники!

От всей души поздравляю вас с прекрасным праздником – Национальным днем Домбры!

Этот священный инструмент – неотъемлемая часть нашей идентичности, бесценное достояние, возвышающее дух народа.

Посредством Домбры на протяжении веков пестовались высокие нравственные идеалы нашего народа, сохранялась связь эпох и поколений.

По сути, Домбра – это голос нации, который проникновенно звучит и в радости, и в испытаниях, укрепляя дух и единство народа. В мелодиях Домбры мы черпаем вдохновение и находим духовные ориентиры уверенного движения вперед.

В эпоху нарастающих глобальных вызовов, размывания традиционных ценностей именно Домбра и связанное с ней богатейшее наследие Великой степи должны стать незыблемой основой казахской культуры.

Наш общенациональный долг – ознакомить международное сообщество с величавыми мелодиями казахской Домбры. Считаю, что неповторимый по образности афоризм выдающегося поэта Қадыр Мырза Әлі «Нағыз қазақ – Домбыра» («Истинный казах – это Домбра») должен стать путеводной звездой в нашей работе по масштабной популяризации Домбры. 

Символично, что в преддверии этого знаменательного дня мы открыли поистине судьбоносную главу в летописи нашей государственности – 1 июля вступила в силу Новая Конституция страны.

Сохранение историко-культурного наследия, поддержка национальной культуры впервые определены в качестве основополагающих принципов поистине Народной Конституции. Это полностью соответствует бытию, целям и интересам нашего народа, устремленного своими помыслами в будущее.

Выражаю сердечную признательность домбристам, преподавателям и всем, кто словом и делом развивает это уникальное искусство в Казахстане и достойно представляет его за рубежом.

Казахские кюи и песни будут и впредь согревать сердца всех соотечественников, вдохновляя нас на новые свершения во имя построения Сильного и Справедливого Казахстана!

Желаю каждому дому мира, счастья и благополучия!

t.me/aqorda_resmi
👍4❤2🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана күніне арналған құттықтауы
 
Құрметті отандастар!
 
Астана күні құтты болсын!

Астана – егемен еліміздің жүрегі. Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, жарқын болашаққа ұмтылған ұлтымыздың жасампаз күш-қуатының қайнары. Халқымыздың тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер осы қалада қабылданады.

Бас қаламыз ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналды. Астана сапалық тұрғыдан мүлде жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болды.

Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр.

Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады.

Елордамыздың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, оның мемлекет дамуындағы айрықша мән-маңызын айқындай түсті.

Бас шаһардың халықаралық абырой-беделі де нығайып келеді. Аймақтық және жаһандық саясаттың аса өзекті мәселелеріне қатысты шешімдердің Астанада қабылдануы – соның айқын дәлелі.

Бас қаламыз жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіпке», «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын көрінісі болуға тиіс.

Елордамыз Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі-өнеге көрсетіп, өсіп-өркендей береді деп сенемін.

Құрметті Астана тұрғындары, баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi
👍5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️ Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем столицы
 
Дорогие соотечественники!
 
Поздравляю вас с Днем столицы!

Именно в Астане бьется сердце суверенного Казахстана. Наша столица – символ Независимости государства, средоточие созидательной энергии нации, устремленной в будущее. В этом городе принимаются все судьбоносные для нашего народа решения.

Астана стала движущей силой масштабных исторических событий. Наша столица обрела статус «умного города», где внедрены системы качественно нового управления.

В то же время в столице появились парки, скверы, детские площадки – все это для жителей Астаны и ее гостей.

Символично, что накануне Дня столицы вступила в силу Народная Конституция, открывшая эпохальную по своей сути страницу в летописи нашего государства. Это поистине историческое событие ознаменовало модернизацию основных институтов власти и общества.

Новый Конституционный закон о статусе столицы усилил ведущую роль Астаны как политического, административного, экономического и культурного центра страны, подтвердил ее особое значение в дальнейшем развитии государства.

Последовательно укрепляется и международный авторитет Астаны, где принимаются решения по самым актуальным вопросам региональной и глобальной политики.

Астане предстоит стать ярким примером воплощения в жизнь новой общественной этики, основанной на фундаментальных принципах ответственного гражданства, «Закона и Порядка», «Таза Қазақстан».

Уверен, наша столица будет процветать и идти в авангарде строительства Справедливого Казахстана.

Желаю вам, дорогие жители Астаны, благополучия и успехов!

t.me/aqorda_resmi
👍7