Посольство Казахстана в Узбекистане
654 subscribers
5.26K photos
471 videos
1.24K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🔹Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты

📌 Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында болды.

Кездесу барысында Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді. Екі ел арасындағы өзара іс-қимыл сенімге, өзара түсіністікке және бауырлас халықтар арасындағы берік достыққа негізделген стратегиялық әріптестік пен одақтастықтың жарқын үлгісі екені атап өтілді. Екі мемлекеттің басшылары қол жеткізген уағдаластықтардың көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға тың серпін беріп отырғаны айтылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда көлемі 16,2%-ға артып, $4,8 млрд-қа жетті. Биылғы қаңтар-сәуір айларында екіжақты тауар айналымы $1,9 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 42,1%-ға артық. Кездесуде сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, өнеркәсіп кооперациясын кеңейту, көлік-логистика саласындағы өзара ықпалдастықты нығайту, сондай-ақ энергетика, су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Форум жұмысына Өзбекстан мен Албания президенттері, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Тәжікстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ бизнес, халықаралық даму банктері мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тұрақты экономикалық даму, инвестициялар тарту және инновациялар енгізу мәселелері талқыланды.

Форумда сөз сөйлеген Олжас Бектенов Қазақстан Орталық Азияның экономикалық әлеуетін ашу мақсатында өңір елдері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуді қолдайтынын атап өтті.

Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан институционалдық реформалар орнықты әртараптандырылған экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған. Инвестициялық ахуалды жақсартуға және іскерлік белсенділікті арттыруға ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әділетті әрі қуатты мемлекет құрудың берік негізі қаланып, бұл еліміздегі іскерлік ортаны одан әрі жетілдіруге және инвестициялық тартымдылықты арттыруға қосымша мүмкіндік жасайды.

Қазіргі таңда 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасы жаңартылды. Шетелдік капитал тарту көлемін кеңейту үшін Kazakh Invest ұлттық компаниясының басым нарықтарға қатысуы күшейтілуде. Бас прокуратура жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті бизнестің заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Инвесторлар мен жоғары білікті мамандар үшін елде болу шарттарын жеңілдетуді көздейтін «Altyn Visa» жаңа арнайы визалық режимі енгізілуде. Бірлесіп қабылданған бұл шаралар инвестициялық белсенділікті ынталандыруға және Қазақстандағы жоғары технологиялы жаңа салалардың дамуын жеделдетуге бағытталған.

ҚР Премьер-министрі цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін атап өтті. Қазақстан жаңа буынның IT-экожүйесін белсенді қалыптастыруда: екі суперкомпьютер пайдалануға берілді, Аlem.аі халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылды. Орталық Азиядағы цифрлық хабқа айналуға бағытталған «ДӨО алқабы» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаны дамытуға әлемдік IT алпауыттары – Firebird және NVIDIA қазірдің өзінде $10 млрд көлемінде инвестиция салып отыр.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2⚡1🔥1👏1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔹Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысты 📌 Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов V Ташкент халықаралық инвестициялық форумына қатысып, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің қабылдауында…
🔹Олжас Бектенов принял участие в V Ташкентском международном инвестиционном форуме

📌 Сегодня Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов принял участие в V Ташкентском международном инвестиционном форуме и был принят Президентом Республики Узбекистан Шавкатом Мирзиёевым.

В ходе встречи Олжас Бектенов передал теплые слова приветствия и наилучшие пожелания от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева. Отмечено, что взаимодействие двух стран является ярким примером стратегического партнерства и союзничества, основанного на доверии, взаимопонимании между братскими народами. Подчеркнуто, что достигнутые главами государств договоренности придают дополнительный импульс дальнейшему развитию многопланового сотрудничества. По итогам 2025 года объем взаимной торговли между Казахстаном и Узбекистаном увеличился на 16,2% и достиг $4,8 млрд. За январь–апрель т.г. двусторонний товарооборот составил $1,9 млрд, что на 42,1% больше показателя аналогичного периода прошлого года. Внимание уделено вопросам развития торгово-экономических связей, промышленной кооперации, транспортно-логистической взаимосвязанности, а также взаимодействию в сферах энергетики, водных ресурсов, туризма.

В работе форума приняли участие президенты Узбекистана, Албании, главы правительств Азербайджана, Беларуси, Кыргызстана, Российской Федерации, Таджикистана, а также представители бизнеса, международных банков развития и госорганов. Обсуждены вопросы устойчивого экономического развития, привлечение инвестиций и внедрение инноваций.

Выступая на форуме, Олжас Бектенов отметил, что Казахстан поддерживает дальнейшее углубление взаимодействия между странами региона в целях раскрытия экономического потенциала Центральной Азии.

В Казахстане реализуются институциональные реформы, инициированные Президентом Касым-Жомартом Токаевым и направленные на устойчивый диверсифицированный экономический рост. Особое внимание уделяется совершенствованию инвестиционного климата и повышению деловой активности. В новой Конституции РК заложен фундамент построения Справедливого и Сильного государства, что создает дополнительные условия для дальнейшего улучшения деловой среды и укрепления инвестиционной привлекательности страны.

На сегодня обновлена Концепция инвестиционной политики до 2030 года. Для расширения внешнего привлечения капитала усиливается присутствие национальной компании Kazakh Invest на приоритетных рынках. При Генеральной прокуратуре работает Комитет по защите прав инвесторов, обеспечивающий защиту законных интересов бизнеса. Вводится новый специальный визовый режим – «Altyn Visa», предусматривающий упрощенные условия пребывания в стране для инвесторов и высококвалифицированных специалистов. В совокупности данные меры призваны стимулировать инвестиционную активность и ускорить развитие новых высокотехнологичных отраслей в Казахстане.

Отдельно руководитель Правительства Казахстана отметил потенциал для сотрудничества в сфере цифровых технологий и ИИ. Казахстан активно формирует IT-экосистему нового поколения: введены в эксплуатацию два суперкомпьютера, создан Международный центр искусственного интеллекта Alem.AI. Реализуется проект «Долина ЦОДов», призванный стать цифровым хабом Центральной Азии, в развитие которого только мировые IT-гиганты Firebird и NVIDIA уже вкладывают $10 млрд инвестиций.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2🔥2👌1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёеваны қабылдады
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваның сапары Астана мен Ташкенттің стратегиялық серіктестігін ілгерілету тұрғысынан ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңыз Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ ынтымақтастықты дамыту үшін өте пайдалы болады деп санаймыз. Біздің саяси жүйелерімізде президент әкімшіліктері айрықша рөл атқарады. Мен әкімшіліктер арасындағы жұмыс қатынастарының жанданғанын әрдайым қолдаймын. Бір-бірімізбен байланыстарымыз артқан сайын Орталық Азиядағы тұрақтылық, өңірлік ықпалдастық нығая түседі. Өйткені Қазақстан да, Өзбекстан да тұтас көрсеткіштер бойынша ірі мемлекеттер саналады. Елдеріміз қазір дамудың бетбұрыс кезеңінде тұр. Бізге бейбітшілік пен қауіпсіздік қажет. Сонда ғана реформаларды сәтті іске асыра аламыз, – деді Президент.


✔️Мемлекет басшысы 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанына тоқталды.

– Мен Бұхараға жасаған жұмыс сапарымды ризашылықпен еске аламын. Біз Өзбекстанның көптеген салада, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу мен цифрландыру бағытында қол жеткізген табыстарымен танысуға мүмкіндік алдық. Әлем жасанды интеллектіні қарқынды түрде дамытуға бет бұрды. Осы орайда біз де қазіргі заман ағымына ілесе білуіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


✔️Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5⚡1👌1🆒1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Глава государства принял Руководителя Администрации Президента Узбекистана Саиду Мирзиёеву
 
✔️Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что визит Саиды Мирзиёевой имеет большое значение с точки зрения продвижения стратегического партнерства Астаны и Ташкента.

– Мы рассматриваем Ваш визит как очень полезный для развития сотрудничества между Казахстаном и Узбекистаном. В наших политических системах администрации президентов играют важную роль, и я всячески поддерживаю развитие активных рабочих контактов между администрациями. Чем теснее мы будем взаимодействовать друг с другом, тем лучше для обеспечения стабильности в Центральной Азии, укрепления регионального сотрудничества, поскольку и Казахстан, и Узбекистан являются крупными государствами по целому ряду показателей. Наши страны сейчас находятся на решающем этапе своего развития. Нам нужны мир и безопасность. Только в этих условиях мы сможем успешно проводить реформы, – сказал Президент.


✔️Глава государства напомнил, что 2026 год объявлен в Казахстане Годом цифровизации и искусственного интеллекта.

– Я с большим удовольствием вспоминаю свой рабочий визит в Бухару. Мы имели возможность посмотреть успехи Узбекистана в целом ряде отраслей, в том числе в развитии искусственного интеллекта, цифровизации. Мир стремительно движется в сторону развития искусственного интеллекта, и надо быть готовыми идти в ногу с нынешней эпохой, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев.


✔️Глава государства передал теплые пожелания Президенту Узбекистана Шавкату Мирзиёеву.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👏2👌1🕊1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Саида Мирзиёева кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

– Сізге Өзбекстан Президентінің ізгі сәлемін жеткізуді зор мәртебе санаймын. Шавкат Миромонович Қазақстанмен көпжоспарлы ықпалдастықты тереңдетуге ерекше мән береді. Сонымен қатар жоғары деңгейдегі уағдаластықтар мен бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысын айрықша бақылауда ұстайды. Өзбекстан мен Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық және орнықты даму жолында бірге жұмыс істеп жатыр. Оның нәтижесі байқалады. Біз бірлесе отырып, аймақ үнін жаһандық аренаға жеткізе аламыз. Өзбекстан бүгінде бауырлас Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгерістерді құптайды. Қазақстан – сенімді одақтасымыз. Бұл жайында ұдайы айтып келеміз, – деді Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы.


✔️Кездесу барысында екі елдің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестігін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстанда қолға алынған жүйелі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде пікір алмасу өтті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏2💯2👌1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇺🇿Саида Мирзиёева выразила признательность Касым-Жомарту Токаеву за возможность встречи

– Большая честь передать искреннее приветствие Президента Узбекистана. Шавкат Миромонович неизменно придает особое значение углублению многопланового взаимодействия с Казахстаном. Он держит на особом контроле ход реализации всех договоренностей на высшем уровне и совместных проектов. Узбекистан и Казахстан совместно работают на благо стабильности и устойчивого развития Центральной Азии, и это приносит свои плоды. Вместе мы делаем голос нашего региона единым и слышимым на глобальной арене. Мы в Узбекистане искренне приветствуем все преобразования, которые сегодня происходят в братском Казахстане. Казахстан – наш надежный союзник, и мы об этом говорим неустанно, – заявила Руководитель Администрации Президента Узбекистана.


✔️В ходе встречи были обсуждены вопросы дальнейшего расширения партнерства двух стран в торгово-экономической и культурно-гуманитарной сферах. Состоялся обмен мнениями о проводимых в двух странах системных политических и социально-экономических преобразованиях.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2👌2🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇿Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы Саида Мирзиёевамен кездесу

📍Ақорда

****

🇰🇿🇺🇿Встреча с Руководителем Администрации Президента Узбекистана Саидой Мирзиёевой

📍Акорда

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2😍2⚡1
📖2026 жылғы 21 маусымда Ташкент қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мен Өзбекстан Республикасының Мектепке дейінгі және мектеп білімі министрі Эъзозхон Каримованың ресми кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мектепке дейінгі және мектеп білімі саласындағы ынтымақтастықтың сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Сонымен бірге, екі ел өкілдерінің пәндік олимпиадаларға, білім беру форумдарына және ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысуына ерекше назар аударылды. Бұл өз кезегінде кәсіби байланыстарды нығайтуға және білім саласындағы озық тәжірибе алмасуды жандандыруға ықпал етеді.

Басқосуда педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, білім беру үдерісіне жасанды интеллект технологияларын енгізу сынды келешегі зор бағыттар бойынша екіжақты іс-қимылды одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.

Ташкентке сапары аясында министр Жұлдыз Сүлейменова Абдулла Авлони атындағы Ұлттық педагогикалық шеберлік институтына барды. Мекемеде ведомство басшысы педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесімен, цифрлық білім беру платформаларының жұмысымен және мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған заманауи тәсілдермен танысты.

Қазақстандық делегацияға «Менеджмент» оқу курсын іске асыру нәтижелері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған «Кәсіби даму күні» және «Кәсіби даму сағаты» жобалары таныстырылды.

Сонымен қатар министр Абдулла Авлонидің мемориалдық мұражайын, институт кітапханасын, JALINGA бейнестудиясын және STEAM орталығын аралап, мекеменің заманауи білім беру технологияларымен және инновациялық инфракұрылымымен танысты.

📖21 июня 2026 года в Ташкенте состоялась встреча Министра просвещения Республики Казахстан Жулдыз Сулейменова с Министром дошкольного и школьного образования Республики Узбекистан Эъзозхон Каримовой.

В ходе переговоров стороны отметили, что сотрудничество между Казахстаном и Узбекистаном в сфере дошкольного и школьного образования выходит на качественно новый уровень. Отдельное внимание было уделено активному участию представителей двух стран в престижных международных мероприятиях, включая предметные олимпиады, образовательные форумы и научно-практические конференции, что способствует укреплению профессиональных контактов и развитию обмена передовым опытом в образовательной сфере.

Особое внимание в ходе встречи было уделено вопросам дальнейшего расширения двустороннего взаимодействия по перспективным направлениям, таким как повышение квалификации педагогических кадров, обмен передовым опытом, а также внедрение технологий искусственного интеллекта в образовательный процесс.
В рамках визита в Ташкент Министр Жулдыз Сулейменова посетила Национальный институт педагогического мастерства имени Абдуллы Авлони, где ознакомилась с системой повышения квалификации педагогов, деятельностью цифровых образовательных платформ и современными подходами к профессиональному развитию учителей.

Казахстанской делегации были представлены результаты реализации учебного курса «Менеджмент», а также проектов «День профессионального развития» и «Час профессионального развития», направленных на совершенствование профессиональных компетенций педагогов.

Кроме того, Министр посетила мемориальный музей Абдуллы Авлони, библиотеку института, видеостудию JALINGA и STEAM-центр, где ознакомилась с современными образовательными технологиями и инновационной инфраструктурой учреждения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2👌1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩺Ташкентте Астана қаласының медициналық мүмкіндіктері таныстырылды.
Әсіресе Өзбекстан азаматтары үшін үлкен сұранысқа ие нейрохирургия, кардиохирургия, травматология сияқты бағыттар насихатталды.
Елорданың үздік медицина мамандары Ташкент тұрғындарына тегін қызмет көрсетіп, іскерлік компаниялармен келіссөздер жүргізілді.
Игі шараның басты мақсаты Астанаға көптеп турист тарту.

🩺В Ташкенте презентовали медицинский потенциал города Астаны.
Особое внимание в ходе мероприятия было уделено таким востребованным среди граждан Узбекистана направлениям, как нейрохирургия, кардиохирургия и травматология. Ведущие специалисты медицинских учреждений столицы Казахстана провели для жителей Ташкента бесплатные консультации, а также провели переговоры с представителями деловых и профильных медицинских кругов.
Основной целью мероприятия стало продвижение медицинского туризма и привлечение большего числа иностранных пациентов в Астану.



Подробнее по ссылке в сюжете Телеканала 24kz
👍3🔥2🆒1