Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Энергетика министрлігі: Қазақстанның энергетика саласында энергия объектілерін мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары енгізілуде
▪️ Цифрландыру жылы аясында Қазақстанның энергетика саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Энергетика министрлігі энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және персоналдың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған цифрлық трансформацияға ерекше назар аударады.
▪️ Осы бағыттардың бірі – «Самұрық-Энерго» АҚ іске асырып жатқан энергетикалық инфрақұрылымды мониторингтеуге арналған жасанды интеллект технологиялары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану.
▪️ Жаңа цифрлық шешімдер электр беру желілерін, трансформаторларды, түтін мұржаларын, көмір қоймаларын және гидротехникалық құрылыстарды тексеруді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Жасанды интеллект алынған деректерді автоматты түрде талдап, ақауларды ерте кезеңде анықтап, оларды жою бойынша ұсынымдар қалыптастырады.
▪️ Атап айтқанда, электр беру желілері мен энергетикалық жабдықтарды ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен тексеру инспекция жүргізу уақытын 5–10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал түтін мұржаларын тексеру бұрын бірнеше күнді қажет етсе, енді шамамен екі сағаттың ішінде жүзеге асырылады. Бұл ретте қызметкерлердің биіктікте жұмыс істеу қажеттілігі толықтай жойылады.
▪️ Сонымен қатар, аэромониторинг технологиялары көмір қорларын бақылау үшін де қолданылады. Аэрофототүсірілім негізінде қоймалардың үш өлшемді модельдері жасалып, жасанды интеллект көмір көлемін автоматты түрде 99%-ға дейінгі дәлдікпен есептейді. Деректерді өңдеу уақыты бірнеше күннен 20 минутқа дейін қысқарды.
▪️ Цифрлық құралдар гидротехникалық құрылыстарды мониторингтеу кезінде де пайдаланылады. Аэрофототүсірілім және тепловизиялық бақылау деректерін талдау бөгеттердің тұтастығындағы бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және технологиялық тәуекелдердің алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
▪️ Жасанды интеллект пен цифрлық мониторинг технологияларын енгізу энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға ықпал етеді. Бұл Энергетика министрлігінің энергетика саласын цифрлық трансформациялау жөніндегі стратегиялық бағытына толық сәйкес келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🔸Министерство энергетики: в энергетической отрасли Казахстана внедряются технологии искусственного интеллекта для мониторинга энергообъектов
▪️ В рамках Года цифровизации в Казахстане продолжается внедрение современных цифровых решений в энергетической отрасли. Министерство энергетики уделяет особое внимание цифровой трансформации, направленной на повышение надежности энергетической инфраструктуры, эффективности производственных процессов и безопасности персонала.
▪️ Одним из таких направлений является применение технологий искусственного интеллекта и беспилотных летательных аппаратов для мониторинга энергетической инфраструктуры, реализуемых АО «Самрук Энерго».
▪️ Новые цифровые решения позволяют автоматизировать обследование линий электропередачи, трансформаторов, дымовых труб, угольных складов и гидротехнических сооружений. Использование искусственного интеллекта обеспечивает автоматический анализ полученных данных, выявление потенциальных дефектов на ранней стадии и формирование рекомендаций по их устранению.
▪️ В частности, применение беспилотников при обследовании линий электропередачи и энергетического оборудования позволяет сократить время проведения инспекций в 5–10 раз. Обследование дымовых труб вместо нескольких дней занимает около двух часов, исключая необходимость выполнения высотных работ персоналом.
▪️ Кроме того, технологии аэромониторинга используются для контроля запасов угля. На основе аэрофотосъемки формируются трехмерные модели складов, а искусственный интеллект автоматически рассчитывает объемы с точностью до 99%. Время обработки данных сокращается с нескольких дней до 20 минут.
▪️ Цифровые инструменты также применяются при мониторинге гидротехнических сооружений. Анализ данных аэрофотосъемки и тепловизионного контроля позволяет своевременно выявлять нарушения целостности конструкций и принимать превентивные меры для предотвращения технологических рисков.
▪️ Внедрение технологий искусственного интеллекта и цифрового мониторинга способствует повышению надежности энергетической инфраструктуры, эффективности производственных процессов и уровня промышленной безопасности, что соответствует курсу Министерства энергетики Республики Казахстан на цифровую трансформацию отрасли.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
⚜️Энергетика министрлігінде мұнай-газ химиясы саласын дамыту мәселелері талқыланды
▪️ 2026 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Қоғамдық кеңестің төрағасы Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың, Қоғамдық кеңес мүшелерінің және министрліктің құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
▪️ Отырыстың негізгі тақырыбы 2024–2030 жылдарға арналған Қазақстанның мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту мәселелері болды.
▪️ Отырыс барысында мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамыту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жұмыстары жалғасып жатқаны атап өтілді. Қазіргі уақытта Парламентте инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» заң жобасы қаралуда. Саланы дамыту жөніндегі жобалардың жиынтық инвестициялық портфелі шамамен 15 млрд АҚШ долларын құрайды.
▪️ Қатысушыларға полиэтилен өндіру зауыты, газды бөлу кешені, сондай-ақ бутадиен, алкилат, полиэтилентерефталат және карбамид өндіру жобаларын іске асыру барысы туралы ақпарат ұсынылды. Бұл жобалардың барлығы Қазақстанда заманауи, жоғары технологиялық мұнай-газ химиясы кластерін қалыптастыруға бағытталған.
✔️ Сонымен қатар отырыс барысында Энергетика министрлігінің отын-энергетика кешені мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары шығарылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
⚜️В Минэнерго обсудили развитие нефтегазохимической отрасли
▪️ 22 июля 2026 года в Министерстве энергетики Республики Казахстан состоялось заседание Общественного совета под председательством Жакыпа Хайрушева с участием вице-министра энергетики Санжара Жаркешова, членов Общественного совета и представителей структурных подразделений министерства.
▪️ Основной темой заседания стало развитие нефтегазохимической промышленности Казахстана на период 2024–2030 годов.
▪️ В ходе заседания отмечено, что в рамках реализации Дорожной карты по развитию нефтегазохимической промышленности продолжается работа по совершенствованию нормативно-правовой базы. В настоящее время в Парламенте рассматривается проект Закона «О нефтегазохимической промышленности», который создаст благоприятные условия для привлечения инвестиций. Совокупный портфель инвестиций по проектам отрасли составляет порядка 15 млрд долларов США.
▪️ Участникам заседания представили информацию о ходе реализации ключевых проектов, включая строительство завода по производству полиэтилена и газосепарационного комплекса, а также проекты по производству бутадиена, алкилата, полиэтилентерефталата и карбамида. Все они направлены на создание в Казахстане современного высокотехнологичного нефтегазохимического кластера.
▪️ Также в рамках заседания были подведены итоги деятельности Общественного совета Министерства энергетики по вопросам топливно-энергетического комплекса за первое полугодие 2026 года.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3
🔹Қазақстан энергетикалық инфрақұрылымның киберқорғанысын күшейтуде
▪️ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп, отандық энергетика саласының тарихында алғаш рет отын-энергетика кешені объектілерінің технологиялық жүйелерін қорғауға арналған ENERFORT 2026 кибероқуларын өткізуде. Іс-шараны киберқауіпсіздік деңгейін арттыруға және мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге арналған жыл сайынғы салалық алаңға айналдыру жоспарланып отыр.
▪️ Кибероқулардың ұйымдастырушысы әрі әдіснамалық орталығы ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы отын-энергетика кешенінің киберфизикалық орнықтылығы саласындағы перспективалық әзірлемелерді дамыту жөніндегі R&D орталығы жұмыс істейді. Орталық ғылыми қауымдастықты, салалық сарапшыларды және индустриялық серіктестерді біріктіреді. Оның индустриялық серіктестері қатарында технологиялық желілердің, технологиялық процестерді автоматтандырылған басқару жүйелерінің (ТП АБЖ) және аса маңызды инфрақұрылымның киберқауіпсіздігі саласында кешенді жобаларды іске асыруда тәжірибесі бар отандық және халықаралық компаниялар бар.
▪️ R&D орталығының сарапшылары кибероқулар бағдарламасын, технологиялық инфрақұрылымға бағытталған кибершабуыл сценарийлерін, практикалық тапсырмаларды, сондай-ақ отын-энергетика кешені кәсіпорындарының ақпараттық қауіпсіздік мамандарын оқытуға арналған дәрістік және әдістемелік материалдарды әзірледі. Орталық мамандары мен серіктес компаниялардың өкілдері іс-шараның теориялық және практикалық бөлімдерін өткізуге тікелей қатысады.
▪️ Екі күн ішінде энергетика кәсіпорындарының 120-дан астам тәжірибелі маманы қарқынды оқытудан өтеді. Кибероқулардың негізгі мақсаты – кибершабуылдарды анықтау және тергеп-тексеру, инциденттерге ден қою дағдыларын дамыту, сондай-ақ энергетика объектілерінің заманауи цифрлық қауіп-қатерлерге төзімділігін арттыру.
▪️ Бағдарламада жасанды интеллект пен кванттық технологияларға ерекше назар аударылады. Қатысушылар жасанды интеллектіні аномалияларды анықтау, қауіпсіздік оқиғаларын талдау және әрекет етуді автоматтандыру үшін қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ оны зиянкестердің пайдалану тәуекелдерін қарастырады. Сонымен қатар кванттық есептеулердің дәстүрлі криптографияға ықпалы және посткванттық қорғаныс әдістеріне көшуге дайындық мәселелері талқыланады.
▪️ Практикалық бөлім технологиялық желілерге төнетін нақты киберқауіптерді модельдейтін жарыс форматында өтеді. Қатысушылар осалдықтарды анықтап, шартты бұзушының әрекеттерін талдап, инциденттерді тергеп-тексеріп, инфрақұрылымды қорғау бойынша шешімдер қабылдайды. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша үздік командалар мен қатысушылар марапатталады.
▪️ «Салалық кибероқуларды өткізу Қазақстанның отын-энергетика кешенінің киберорнықтылығын нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастықтың, кәсіпорындардың және бейінді серіктестердің күш-жігерін біріктіру кәсіби қауымдастық қалыптастыруға және жасанды интеллект пен кванттық технологиялардың дамуын ескере отырып, технологиялық инфрақұрылымды қорғаудың озық тәсілдерін әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Казахстан усиливает киберзащиту энергетической инфраструктуры
▪️ Министерство энергетики совместно с Министерством искусственного интеллекта и цифрового развития и Казахским национальным университетом имени аль-Фараби впервые в истории отечественной энергетической отрасли проводят киберучения ENERFORT 2026 по защите технологических систем объектов топливно-энергетического комплекса. Мероприятие планируется сделать ежегодной отраслевой площадкой для повышения уровня кибербезопасности и профессиональной подготовки специалистов.
▪️ Организатором и методологическим центром киберучений выступает R&D-центр развития перспективных разработок в области киберфизической устойчивости ТЭК при КазНУ имени аль-Фараби, объединяющий научное сообщество, отраслевых экспертов и индустриальных партнеров. Индустриальными партнерами центра является отечественные и международные компании, обладающие практическим опытом реализации комплексных проектов в области кибербезопасности технологических сетей, АСУ ТП и критически важной инфраструктуры.
▪️ Эксперты R&D-центра разработали программу киберучений, сценарии кибератак на технологическую инфраструктуру, практические задания, а также лекционные и методические материалы для обучения специалистов по информационной безопасности предприятий ТЭК. Специалисты центра и компании также принимают непосредственное участие в проведении теоретической и практической частей мероприятия.
▪️ В течение двух дней более 120 действующих специалистов энергетических предприятий пройдут интенсивное обучение. Основная цель киберучений — развитие навыков выявления и расследования кибератак, реагирования на инциденты и повышения устойчивости объектов энергетики к современным цифровым угрозам.
Отдельное внимание в программе уделяется искусственному интеллекту и квантовым технологиям. Участники рассмотрят применение ИИ для выявления аномалий, анализа событий безопасности и автоматизации реагирования, а также риски использования ИИ злоумышленниками. Кроме того, будут затронуты вопросы влияния квантовых вычислений на традиционную криптографию и необходимость подготовки к переходу на постквантовые методы защиты.
▪️ Практическая часть пройдет в соревновательном формате, моделирующем реальные киберугрозы технологическим сетям. Участникам предстоит выявлять уязвимости, анализировать действия условного нарушителя, расследовать инциденты и принимать решения по защите инфраструктуры. По итогам учений состоится награждение лучших команд и участников.
▪️ «Проведение отраслевых киберучений является важным шагом в укреплении киберустойчивости топливно-энергетического комплекса Казахстана. Объединение усилий государственных органов, научного сообщества, предприятий и профильных партнеров позволит сформировать профессиональное сообщество и выработать опережающий подход к защите технологической инфраструктуры с учетом развития искусственного интеллекта и квантовых технологий» - отметил вице-министр энергетики Бақытжан Ильяс.
Отдельное внимание в программе уделяется искусственному интеллекту и квантовым технологиям. Участники рассмотрят применение ИИ для выявления аномалий, анализа событий безопасности и автоматизации реагирования, а также риски использования ИИ злоумышленниками. Кроме того, будут затронуты вопросы влияния квантовых вычислений на традиционную криптографию и необходимость подготовки к переходу на постквантовые методы защиты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4