🇰🇿 ҚР ҚМА/ АФМ РК
11.8K subscribers
1.02K photos
2.1K videos
2.54K links
🇰🇿 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі/Агентство РК по финансовому мониторингу
🔷Хроника деятельности АФМ по противодействию теневой экономике и ОД/ФТ
🔷 Телеграм бот: @BAIQApiramidaBOT
🔷 Call-центр: 1458
🔷 e-mail: finmonitoringkz@gmail.com
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020–2023 жылдар аралығында ШҚО мен Абай облысының аумағында орналасқан жеті әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысына техникалық қадағалау жүргізген «Восток Инжиниринг» ЖШС басшысына қатысты тергеу амалдарын жүргізуде

Компанияның міндетіне құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемін, сапасын және жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін бақылау, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, сумен жабдықтау нысандары мен жағалауды бекіту құрылыстарын салу кезінде нақты орындалған жұмыстарды растау кірген.

Алайда көрсетілген қызметтер үшін төлем алғанына қарамастан, құрылысқа тиісті бақылау жүргізілмеген. Кәсіпорын басшысы орындалған жұмыс көлемдері туралы жалған мәліметтер қамтылған актілерге қол қойып отырған.

⚠️ Тінту барысында мөрлердің көшірмелері мен жалған актілер анықталды.

Мемлекетке келтірілген залал 1,2 млрд теңгеден асты.

👨‍⚖️ ЖШС басшысы іздеуге жарияланды, соттың санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/PVVmleQDOK74iA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Восточно-Казахстанской области проводится расследование в отношении руководителя ТОО «Восток Инжиниринг», осуществлявшего технический надзор в период с 2020 по 2023 г. при строительстве семи социально значимых объектов на территории ВКО и области Абай

В обязанности компании входили контроль объемов, качества и соответствия строительно-монтажных работ проектно-сметной документации, а также подтверждение фактически выполненных работ при строительстве физкультурно-оздоровительных комплексов, объектов водоснабжения и берегоукрепительных сооружений.

Несмотря на получение оплаты за оказываемые услуги, должный контроль за строительством не осуществлялся.

Руководитель предприятия подписывал акты выполненных работ, содержащие недостоверные сведения об объемах.

⚠️ В ходе обыска обнаружены дубликаты печатей и фиктивные акты.

Ущерб государству составил более 1,2 млрд тенге.

👨‍⚖️ Руководитель ТОО объявлен в розыск, судом санкционирована мера пресечения в виде содержания под стражей.

Иная информация в соответствии со ст. 201 УПК РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/PVVmleQDOK74iA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Ішкі нарықты қорғау: ҚМА жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қоюда

Жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі ІІМ және Шекара қызметімен бірлесіп жанар-жағармай материалдарын ел аумағынан заңсыз шығарудың 712 әрекетінің жолын кесті. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы фактілері бойынша 8 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

📍 Мәселен, Маңғыстау облысында 2022 жылдан бері есепке алынбаған 28,5 мың тоннадан астам мұнайды өңдеген заңсыз шағын мұнай өңдеу зауытының қызметі әшкереленді. Өндірілген өнім мазут ретінде рәсімделіп, шетелге шығарылған.

📍 Түркістан облысында мемлекеттік шекара астынан арнайы қазылған тоннель арқылы Өзбекстан Республикасына бензин контрабандасын ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың заңсыз қызметі тоқтатылды. Аталған іс бойынша кінәлі тұлғалар ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

📍 Сонымен қатар, Қырғыз Республикасына АИ-92 маркалы бензинді заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Заңсыз шығарылған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, оның құны 37 млрд теңгеден жоғары болған.

Кезекті заңсыз тасымалдау әрекеті кезінде «Түрксіб» станциясында шамамен 500 тонна бензин тиелген 8 теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 млн теңге болатын тәркіленген бензин мемлекет кірісіне айналдырылды.

✔️ Елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жанар-жағармай тапшылығына жол бермеу мақсатында Агенттік мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдау схемаларын анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруда.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/v-r0c_cU1XaJPA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Защита внутреннего рынка: АФМ пресекает незаконный вывоз топлива
 
С начала года Агентством по финансовому мониторингу совместно с МВД и Пограничной службой пресечено 712 попыток незаконного вывоза горюче-смазочных материалов за пределы страны. Начато 8 досудебных расследований по фактам незаконного оборота и контрабанды нефтепродуктов.

📍 Так, в Мангистауской области выявлена деятельность нелегального мини-НПЗ, который с 2022 года переработал более 28,5 тыс тонн неучтённой нефти. Производимая продукция экспортировалась за рубеж под видом мазута.

📍 В Туркестанской области пресечена деятельность транснациональной преступной группы, организовавшей контрабандный экспорт бензина в Республику Узбекистан через специально оборудованный тоннель под государственной границей. По данному делу виновные лица осуждены к длительным срокам лишения свободы.

📍 Кроме того, окончено расследование в отношении преступной группы, занимавшейся контрабандным вывозом бензина АИ-92 в Кыргызскую Республику. Общий объём незаконно экспортированного топлива превысил 190 тыс. тонн на сумму 37 млрд тенге.

При очередной попытке вывоза на станции «Турксиб» задержаны 8 железнодорожных цистерн с нелегальным бензином объемом около 500 тонн. Изъятый бензин стоимостью 138 млн тенге конфискован в доход государства.

✔️ В целях обеспечения экономической безопасности страны и недопущения дефицита топлива Агентство продолжает системную работу по выявлению и пресечению схем незаконного перемещения нефтепродуктов.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/v-r0c_cU1XaJPA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Алматыда AFM AI Hackathon 2026 қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар атты іс-шара өтті
 
2026 жылғы 24–25 маусым аралығы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірлесіп, «AFM AI Hackathon 2026: қаржылық қылмыстарға қарсы технологиялар» - атты байқауын өткізді.

Ауқымды іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен келген 350-ден астам қатысушы, оның ішінде IT-мамандар, деректер талдаушылары, бағдарламалық жасақтама әзірлеушілері, жасанды интеллект саласының сарапшылары және еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

Хакатон «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ұйымдастырылып, экономикалық және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ жастардың инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Екі күн бойы қатысушылар келесі үш негізгі бағыт бойынша жобалар әзірледі:
🔵Digital Shadow - көлеңкелі интернетті мониторингтеу және ашық дереккөздерден (OSINT) мәліметтер жинау;
🔵AI Shield - деректер базасын қорғауға және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жасанды интеллект алгоритмдерін әзірлеу;
🔵AI Media Watch - әлеуметтік желілерде заңсыз ойын бизнесі мен қаржы пирамидаларының белгілерін анықтау.

AFM AI Hackathon 2026 жас мамандарға өз білімдері мен дағдыларын көрсетуге, қаржылық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелердің практикалық шешімдерін ұсынуға және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған заманауи технологияларды дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.

Байқау қорытындысы бойынша үздік жобалар әрі қарай дамыту және қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың практикалық қызметіне енгізу үшін қолдауға ие болады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В Алматы прошёл AFM AI Hackathon 2026: технологии против финансовых преступлений
 
24–25 июня 2026 года Агентством Республики Казахстан по финансовому мониторингу совместно с Казахским национальным университетом имени аль-Фараби проведен республиканский конкурс AFM AI Hackathon 2026: технологии против финансовых преступлений.

Масштабное мероприятие объединило более 350 участников из различных регионов Казахстана, включая IT-специалистов, аналитиков данных, разработчиков программного обеспечения, экспертов в области искусственного интеллекта и студентов ведущих вузов страны.

Хакатон организован в рамках реализации принципа «Закон и порядок» и направлен на внедрение современных цифровых решений в сферу противодействия экономическим и финансовым преступлениям, а также на развитие инновационного потенциала молодежи.

В течение двух дней участники разрабатывали проекты по трём ключевым направлениям:
🔵 Digital Shadow - мониторинг теневого интернета и сбор данных из открытых источников (OSINT);
🔵 AI Shield - создание алгоритмов искусственного интеллекта для защиты баз данных и обеспечения кибербезопасности;
🔵 AI Media Watch - выявление признаков незаконного игорного бизнеса и финансовых пирамид в социальных сетях.

AFM AI Hackathon 2026 предоставил молодым специалистам возможность продемонстрировать свои знания и навыки, предложить практические решения актуальных задач в сфере финансовой безопасности и внести вклад в развитие современных технологий для защиты экономических интересов государства.

По итогам конкурса лучшие проекты отмечены наградами и получили возможность дальнейшего развития и внедрения в практическую деятельность по противодействию финансовым правонарушениям.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Абай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Жарма ауданында бағалы металдарды заңсыз өндіру қызметінің жолын кесті

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлау және заңсыз өндіру жұмыстары жүргізілген үш жер анықталды.

Заңсыз қызмет нәтижесінде топырақ беті кең көлемде бүлініп, оның ішінде құнарлы қабаты сыпырылып алынған.

⚠️ Алтын түстес металл, байытуға арналған жуу жабдығы, арнайы техника және автокөлік құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта барлық қатысы бар барлық тұлғалар, заңсыз өндірілген бағалы металдардың көлемі және келтірілген залалдың мөлшері анықталуда.

Тергеу жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/hwZ6VQPBwFrx6A

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по области Абай при координации прокуратуры пресечена незаконная деятельность по добыче драгоценных металлов на территории Жарминского района

В ходе оперативно-розыскных мероприятий выявлены три участка, на которых осуществлялись разведка и незаконная добыча.

Незаконная деятельность сопровождалась масштабным нарушением почвенного покрова, включая снятие плодородного слоя.

⚠️ Изъяты металл золотистого цвета, промывочное оборудование, специальная техника и автотранспорт.

В настоящее время устанавливаются все причастные лица, объем незаконно добытых драгоценных металлов и размер причиненного ущерба.

Расследование продолжается.

Иная информация в соответствии со статьей 201 УПК Республики Казахстан разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/hwZ6VQPBwFrx6A

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығына қатысты тергеп-тексеру жүргізуде

Тергеу амалдарына сай, «ИБН СИНА» және «SOFIE MED GROUP» медициналық орталықтарының лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозы бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – «кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» қызмет кодын көрсеткен.

Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған.

Сонымен қатар 19 жағдайда пациенттер аталған клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ.


⚠️ Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асты.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/wvbbA1yWmTe28Q

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Мангистауской области проводится расследование в отношении руководства двух частных клиник по факту хищения средств Фонда социального медицинского страхования

По данным следствия, должностные лица медицинских центров «ИБН СИНА» и «SOFIE MED GROUP» при кодировании медицинских услуг по мужским диагнозам «варикоцеле» указывали код высокотехнологичной операции, предназначенной для женщин — «эндоваскулярная эмболизация сосудов органов малого таза и маточных артерий».

В результате более 200 пациентам мужского пола необоснованно проставлены дорогостоящие услуги, что привело к увеличению стоимости лечения до 10 раз.

В 19 случаях пациенты вовсе не подтвердили факт обращения в клиники.


⚠️ Сумма причиненного ущерба превысила 221 млн тенге.

Расследование продолжается.

Иная информация в порядке ст. 201 Уголовно-процессуального кодекса РК разглашению не подлежит.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/wvbbA1yWmTe28Q

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігінде Агенттік Төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов пен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Айдар Мекебековтің кездесуі өтті

Кездесу барысында тараптар медициналық қызметтерді қаржыландыруға бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқыруға қарсы бірлескен жұмыстың аралық қорытындыларын шығарды.

🔷 Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалған мәлімет енгізу фактілері едәуір азайып, медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығы артып, бюджет қаражатын заңсыз пайдалану схемаларының жолы кесілгені атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі мен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат әріптестікті одан әрі нығайтуға, бірлескен бастамаларды іске асыруға, сондай-ақ ақпараттық-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға негіз болады.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏦 В Агентстве по финансовому мониторингу состоялась встреча Заместителя Председателя Агентства Кайрата Бижанова и Первого заместителя Председателя Правления НАО «Фонд социального медицинского страхования» Айдара Мекебекова

В ходе переговоров стороны подвели промежуточные итоги совместной работы по противодействию хищениям государственных средств, выделенных на медицинское обеспечение.

🔷 Отмечено, что принятые меры позволили существенно сократить факты приписок, повысить прозрачность финансирования медицинских услуг и пресечь ряд схем неправомерного расходования бюджетных средств.

По итогам переговоров подписан Меморандум о взаимопонимании и сотрудничестве, который станет основой для дальнейшего укрепления партнерства и реализации совместных инициатив, в том числе в сфере информационно-технического взаимодействия.

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бөлінген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады

Тергеу амалдарына сай, қылмыстық схеманы Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты ұйымдастырған. Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі мен мемлекеттік субсидиялау тетіктерін жетік біле отырып, ол бюджет қаражатын заңсыз алудың тұрақты схемасын құрған.

🔥Схеманы іске асыру үшін ұйымдастырушы өзіне бағынысты кәсіпорындар мен Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында тіркелген 29 шаруа қожалығын пайдаланған.

Уәкілетті органдарға өнеркәсіптік таңқурай алқаптарын отырғызуға арналған элиталық таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар ұсынылған.

Мәліметтердің анықтығын растау мақсатында жалған сатып алу-сату шарттары, қабылдау-тапсыру актілері, электрондық шот-фактуралар және отырғызу материалын өндірушілерді аттестаттау жөніндегі құжаттар рәсімделген.

Алайда көрсетілген көлемде көшеттер іс жүзінде жеткізілмеген. Ал құжаттарда көрсетілген кейбір шаруашылықтардың өнеркәсіптік көлемде таңқурай өсіруге нақты мүмкіндігі болмаған.


⚠️ Нәтижесінде бюджеттен 2,6 млрд теңгеден астам субсидия заңсыз алынған.

Заңсыз алынған субсидияның 491 млн теңгесі қор нарығында операциялар жүргізуге бағытталған. Осы мақсатта күдіктінің жұбайының атына брокерлік шот ашылып, ол арқылы қазақстандық және шетелдік компаниялардың бағалы қағаздары сатып алынған.

Бұдан бөлек, тағы 400 млн теңге уақытша қаржылай көмек көрсету сылтауымен «iSolutions Capital» микроқаржы ұйымына аударылған. Кейін бұл қаражат күдікті тарапынан кезең-кезеңімен қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сондай-ақ күдікті ұрланған қаражаттың 170 млн теңгесін Қонаев қаласындағы казинода құмар ойындарға жұмсаған.


🧑‍⚖️ Сот санкциясымен күдіктілердің 4 пәтеріне, 3 автокөлігіне, жеке тұрғын үйіне және бағалы қағаздарына тыйым салынды.

👨‍⚖️ Үш күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/ZDMI3L3o6usIfA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Департаментом АФМ по Алматинской области окончено расследование уголовного дела о масштабном хищении бюджетных средств, выделенных на поддержку агропромышленного комплекса

По данным следствия, организатором преступной схемы являлся бывший депутат маслихата Карасайского района Алматинской области. Имея опыт работы в сфере сельского хозяйства и знание механизмов государственного субсидирования, он выстроил устойчивую схему незаконного получения бюджетных выплат.

🔥Организатором использовались подконтрольные предприятия и 29 крестьянских хозяйств, зарегистрированных на территории Алматинской, Жамбылской и Туркестанской областей.

В уполномоченные органы предоставлялись фиктивные документы о приобретении элитных сортов саженцев малины, предназначенных для закладки промышленных ягодников.

Для подтверждения сведений оформлялись подложные договоры купли-продажи, акты приема-передачи, электронные счета-фактуры, а также документы об аттестации производителей посадочного материала.

При этом фактическая поставка саженцев в заявленных объемах не осуществлялась, а отдельные хозяйства, фигурировавшие в документах, не имели объективной возможности выращивать малину в промышленных масштабах.


⚠️ В результате из бюджета незаконно получены субсидии на общую сумму свыше 2,6 млрд тенге.

Часть незаконно полученных субсидий - 491 млн тенге - направлена для проведения операций на фондовом рынке. Для этого на имя его супруги открыт брокерский счет, через который приобретались ценные бумаги казахстанских и зарубежных компаний.

Кроме того, еще 400 млн тенге перечислены в аффилированную микрофинансовую организацию «iSolutions Capital» под видом временной финансовой помощи. В дальнейшем указанные средства поэтапно выводились подозреваемым в наличной форме.

Помимо этого, часть похищенных средств в размере 170 млн тенге подозреваемый расходовал на азартные игры в казино г.Конаев.


🧑‍⚖️ С санкции суда наложен арест на имущество подозреваемых, включая 4 квартиры, 3 автомашины, частный дом и ценные бумаги.

👨‍⚖️ В отношении трёх подозреваемых избрана мера пресечения в виде содержания под стражей.

Уголовное дело направлено в суд.

Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/ZDMI3L3o6usIfA

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Астана күні құтты болсын!🇰🇿

Поздравляем с Днём столицы!🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Қаржылық мониторинг агенттігі дропперлікпен күресті елдің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады

🔔 Жыл басынан бері Агенттік қылмыстық кірістерді жылыстатумен айналысқан 33 дропперлік топтың қызметін тоқтатты.

Қылмыстық схемаларды ұйымдастырған 40-тан астам адам анықталып, заңсыз әрекетке 500-ден астам азаматтың тартылғаны белгілі болды.

Дропперлердің банктік шоттары арқылы жалпы сомасы 112 млрд теңгеден астам заңсыз қаржылық операциялар жүргізілген.

Тек соңғы екі айдың өзінде мыңнан астам дроп-карта бұғатталды.

⚫️Мәселен, ҚМА Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты заңдастыру үшін азаматтардың банктік шоттарын пайдаланған халықаралық «дроповодтар» желісінің қызметін тоқтатты.

Тергеу амалдарына сай, бұғатталған шоттар арқылы шамамен 17 млн теңге өткізілген. Кейін ұйымдасқан топ мүшелері шот иесі болған 18 жастағы азаматты күштеп ұстап, күш қолданамыз деп қорқытып, банктік шоттарға қолжетімділікті қалпына келтіруге мәжбүрлеген.


⚫️Осыған ұқсас схема Жетісу облысында да анықталды.

Әлеуметтік желідегі жұмыс туралы хабарландыруға сенген жергілікті тұрғын кураторлардың нұсқауымен интернет-алаяқтықтан түскен қаражатты өзінің банктік шоттары арқылы қабылдап отырған. Кейін қаражатты криптовалютаға айырбастап, ұйымдастырушылардың шоттарына аударып, әр операциядан комиссия алып отырған.


⚫️Түркістан облысында дропперлік схема Telegram мессенджеріндегі жасырын куратор арқылы басқарылған.

Ол студенттер мен кәмелетке толмағандарды сыйақы ұсынып, интернет-банкингке қолжетімділікті беруге көндірген. Соның салдарынан 20-дан астам жас тергеуге тартылды.


⚠️ Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: дропперлік схемаларға қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Елдің қаржылық қауіпсіздігі әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.


Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/5bEXHAiypNA_mQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏦 Агентство по финансовому мониторингу рассматривает противодействие дропперству как одно из приоритетных направлений обеспечения финансовой безопасности страны

🔔 С начала года АФМ ликвидировано 33 дропперские ячейки, осуществлявшие операции по отмыванию денежных средств.

Установлено более 40 организаторов преступных схем, вовлекших свыше 500 лиц в противоправную деятельность.

Через банковские счета дропперов проведены незаконные финансовые операции на сумму более 112 млрд тенге.

Только за последние два месяца заблокировано свыше тысячи дроп-карт.

⚫️Так, Департаментом АФМ по ЗКО пресечена деятельность международной сети «дроповодов», использовавшей банковские счета граждан для легализации денежных средств от интернет-мошенничеств.

Установлено, что после блокировки счетов, через которые проведено около 17 млн тенге, участники организованной группы похитили их 18-летнего владельца и под угрозой насилия принуждали восстановить доступ к счетам.


⚫️Аналогично в области Жетісу местная жительница, откликнувшись на объявление о заработке в социальных сетях, по указанию кураторов использовала личные банковские счета для приёма денежных средств, полученных в результате интернет-мошенничества.

После их поступления она осуществляла конвертацию средств в криптовалюту и перевод на счета организаторов схемы, получая комиссионное вознаграждение за каждую операцию.


⚫️Дроп-схема в Туркестанской области координировалась через анонимного куратора в Telegram, который привлекал студентов и несовершеннолетних к передаче доступа к интернет-банкингу за вознаграждение. В результате более 20 молодых людей оказались под следствием.

⚠️ Агентство по финансовому мониторингу предупреждает: участие в дропперских схемах влечет уголовную ответственность.

Финансовая безопасность страны начинается с личной ответственности каждого гражданина.


Ссылка на материалы: https://disk.yandex.kz/d/5bEXHAiypNA_mQ


📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Темекі контрабандасында «Хавала» жүйесі қолданылған

🏦 ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Қазақстан Республикасының аумағына таңбалаусыз темекі өнімдерін заңсыз әкеліп, өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Тергеу амалдарына сай, Жамбыл облысының тұрғыны Қырғыз Республикасынан темекі өнімдерін заңсыз жеткізу арнасын ұйымдастырып, оларды өзіне бағынысты тұлғалар арқылы өткізген.

Контрафактілік өнім Тараз қаласындағы сауда орындары арқылы сатылып, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларына, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарына жөнелтілген.


⚠️ Тергеу барысында 30-дан астам тінту жүргізілді. Заңсыз айналымнан жалпы құны 293 млн теңге болатын таңбалаусыз 319 мыңнан астам қорап темекі өнімі тәркіленді. Төленбеген акциздердің сомасы 115 млн теңгені құрады.
Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында тауарды жеткізу мен өзара есеп айырысуды қамтамасыз еткен Қырғыз Республикасының азаматтары болған.

Қаржы ағындарын жасыру мақсатында қылмысқа қатысушылар банктік жүйеден тыс ақша аударуға мүмкіндік беретін бейресми «Хавала» есеп айырысу жүйесін пайдаланған.

🧑‍⚖️ Сот санкциясымен өнімді тасымалдауға пайдаланылған үш автокөлікке тыйым салынды.

👨‍⚖️ Бес күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Материалдарға сілтеме: https://disk.yandex.kz/d/6lLKotV_fjNWKQ

📞 Call-center: 1458
_______________
@afm_rk
📱 Facebook | 📱 Instagram | 📱 TikTok
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM