AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹 Қостанай даласынан әлемдік деңгейге дейін: қазақстандық ФАО-ның «100 қаһарман әйел» қатарына енді

📍 Қостанай облысындағы шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнара Қуанышбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) тағайындайтын халықаралық сыйлықтың иегері атанды. Оның көп жылғы еңбегі, туған жерге деген адалдығы мен Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі әлемдік деңгейде мойындалды. Әлемнің 131 елінен ұсынылған 600-ден астам үміткердің арасынан Гүлнараның өмір жолы бүгінгі қазақ ауылы мақтан тұтатын өнегелі оқиғалардың біріне айналды.

Гүлнара Қуанышбаева үшін бұл марапат жай ғана сыйлық емес. Бұл – күн сайын жермен етене еңбек етіп, өз шаруашылығының болашағын ойлап, елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып жүрген жандардың көп жылғы еңбегіне берілген баға.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Цюй Дунъюй қазақстандық шаруаға арнайы құттықтау жолдап, марапатты табыстау рәсіміне қатысу үшін Рим қаласындағы ұйымның бас кеңсесіне шақырды. Салтанатты шара 2026 жылғы 12–16 қазан аралығында өтетін Дүниежүзілік азық-түлік апталығы аясында ұйымдастырылады.

ФАО басшысы өзінің құттықтау хатында Гүлнара Қуанышбаеваның көшбасшылық қасиетін, өз ісіне адалдығын және ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өткен.

«Сіз өз еңбегіңізбен әйелдердің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндіру жүйесін қалай өзгертетінін, ауыл тұрғындарының тұрмысын қалай жақсартатынын, табиғи байлықтарды қалай қорғайтынын, жергілікті қауымдастықтардың мүмкіндіктерін қалай кеңейтетінін және келер ұрпаққа жаңа жол ашатынын көрсеттіңіз», – делінген Цюй Дунъюйдің шақыру хатында.

Сонымен қатар ол шаруа әйелге көп жылғы табанды еңбегі, қажыр-қайраты және нақты нәтижеге жетуге деген ұмтылысы үшін алғыс білдірген.

«ФАО-ның 100 қаһарман әйелі: әйелдердің ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндіру жүйесін өзгертуге және ауылдық аумақтарды дамытуға қосқан үлесі» бастамасы 2026 жылғы Халықаралық шаруа әйел жылы аясындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды.

Туған жерге адалдық пен табанды еңбектің үлгісі

Гүлнара Қуанышбаеваның еңбек жолы – алға қойған мақсатына біртіндеп жетіп, жауапкершіліктен қорықпай, ауыл шаруашылығының мүмкіндігіне сенген жанның өнегелі өмір тарихы.

Білімі бойынша ол экономист әрі заңгер. Еңбек жолын кеңшарда есепші болып бастаған. Кейін өз ісін ашуға бел буады. 2007 жылы Гүлнара Сағымбайқызы шаруа қожалығын құрып, содан бері бар күш-жігерін, уақытын осы істің өркендеуіне арнап келеді.

Бүгінде шаруашылықтың жер көлемі 3 мың гектардан асады. Мұнда өңірдегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне сапалы мал азығы дайындалады. Сондай-ақ ірі қара өсіріліп, бордақыланады, сиыр етін өндіру ісі дамып келеді.

Осы жұмыстардың әрқайсысының артында күнделікті тынымсыз еңбек жатыр. Жерді күтіп-баптау, малға қарау, әріптестер алдындағы жауапкершілік пен істің ертеңіне деген сенім – шаруашылықтың берік негізі.

Гүлнара Қуанышбаева мал азығы қорын қалыптастыруға айрықша мән береді. Өйткені оның пікірінше, мал шаруашылығының табысты болуы ең алдымен сапалы жемшөпке байланысты. Саланы тұрақты дамыту үшін құнарлы мал азығы, ғылыми негізделген тәсілдер және болашақты көздейтін байыпты шешімдер қажет.

Шаруа әйел мамандандырылған Мал азығы корпорациясын құрып, мал азығын дайындауда ғылымға негізделген заманауи әдістерді енгізуді қолдайды. Оның пайымдауынша, мұндай қадам мал шаруашылығын нығайтып, Қазақстан тұрғындарын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Өмірдегі ұстанымым – қандай іске кіріссем де, жақсы нәтижеге жетуге ұмтылу. Өйткені қиындық пен сынақ қайратты жандарға беріледі», – дейді Гүлнара Сағымбайқызы.

Бұл сөздер оның еңбекке деген көзқарасын айқын аңғартады. Дәл осы ұстаным оған үнемі алға ұмтылуға, жаңа бағыттарды игеруге және қол жеткен жетістікпен шектелмеуге күш береді.

Қазақстандық ауыл шаруашылығының болашағына қосқан үлес

Бүгінде Гүлнара Қуанышбаева қолданыстағы шаруашылықты өркендетіп қана қоймай, оның келешектегі өсуіне де негіз қалап отыр.
AGROPRESS
Photo
2025 жылы ол 400 сиырға арналған сүт фермасын салу жобасы бойынша жеңілдетілген несие алуға өтінім берген. 2026 жылы жоба Солтүстік Қазақстан облысының озық тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қолдау тауып, сәуір айында құрылыс жұмыстары басталды. Ал қараша айында 400 бас қашар әкелу жоспарланған.

Жаңа жоба шаруашылықтың ауқымын кеңейтіп, сүтті мал шаруашылығын одан әрі дамытуға жол ашады. Гүлнара Сағымбайқызы үшін бұл – көп жылғы тәжірибе мен еңбектің, ауыл шаруашылығының болашағына деген сенімнің нәтижесінде жасалған тағы бір маңызды қадам.

Кәсіби шеберлігі, адал еңбегі, белсенді өмірлік ұстанымы және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін Гүлнара Қуанышбаева Алтынсарин ауданының тұрғындары мен күллі Қостанай облысының жұртшылығы арасында зор құрметке ие.

Қазақстандық әйелдің әлемдік деңгейдегі жетістігі

Халықаралық деңгейдегі бұл марапат – Гүлнара Қуанышбаеваның ел ішінде мойындалған еңбегінің заңды жалғасы. Ол 2021 жылы-ақ «Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі әйелдердің 100 табыс тарихы» жобасының кейіпкерлері қатарына енген болатын. Сол кезде оның тәжірибесі ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, ауылдық аумақтардың өркендеуіне үлес қосу және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бағытындағы әйелдер көшбасшылығының жарқын үлгісі ретінде бағаланған.

Енді оның өнегелі жолы әлемдік деңгейде танылып отыр. Қазақстандық шаруа әйелдің жетістігінің артында жеке табыспен қатар, жермен жұмыс істейтін жандардың маңдай тері, ауыл жұртының ауызбіршілігі және сүйікті ісіне адал адамдардың зор мүмкіндігі жатыр.

Гүлнара Қуанышбаеваның өмір жолы үлкен өзгерістердің көбіне кішкентай қадамнан басталатынына нақты дәлел. Ол – туған жерге деген сүйіспеншілік, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және айналаңдағы өмірді жақсартуға деген ұмтылыс. Осындай жандардың арқасында қазақ ауылы көркейіп, елдің азық-түлік қауіпсіздігі нығайып, болашаққа деген сенім беки түседі.

Енді Қостанай облысынан шыққан еңбекқор әйелдің есімі Қазақстаннан шет елдерге де таныла бастады. Бұл бүкіл еліміз үшін зор мақтаныш.
AGROPRESS
🔹 Қостанай даласынан әлемдік деңгейге дейін: қазақстандық ФАО-ның «100 қаһарман әйел» қатарына енді 📍 Қостанай облысындағы шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнара Қуанышбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) тағайындайтын…
🔹 От костанайских степей до мирового признания: казахстанка вошла в число «100 героинь ФАО»

📍 Гульнара Куанышбаева, руководитель крестьянского хозяйства из Костанайской области, стала лауреатом международной премии Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (ФАО). Ее многолетний труд, преданность родной земле и вклад в развитие сельского хозяйства Казахстана получили международное признание. Среди более чем 600 кандидаток из 131 страны мира именно ее история стала одной из тех, которыми сегодня гордится казахстанское село.

Для Гульнары Куанышбаевой эта награда – не просто признание личных заслуг, а высокая оценка многолетнего труда людей, которые каждый день работают на земле, заботятся о будущем своих хозяйств и вносят вклад в продовольственную безопасность страны.

Генеральный директор ФАО ООН Цюй Дунъюй лично направил казахстанке поздравление и пригласил ее в штаб-квартиру организации в Риме для вручения награды. Торжественное событие состоится в рамках Всемирного продовольственного форума, который пройдет с 12 по 16 октября 2026 года.

В своем обращении глава ФАО особо отметил лидерские качества Гульнары Куанышбаевой, ее преданность делу и вклад в развитие сельских территорий.

«Своей работой вы продемонстрировали, как женщины преобразуют агропродовольственные системы, улучшают условия жизни в сельской местности, защищают природные ресурсы, расширяют возможности местных сообществ и создают возможности для будущих поколений», – говорится в приглашении Цюй Дунъюя.

Он также выразил признательность фермеру за многолетнюю самоотверженную работу, настойчивость и стремление добиваться значимых результатов.

Инициатива «100 героинь ФАО: вклад женщин в преобразование агропродовольственных систем и развитие сельских районов» стала одним из важных событий в рамках Международного года женщины-фермера 2026.

История женщины, которая посвятила себя родной земле

Профессиональный путь Гульнары Куанышбаевой – это история человека, который шаг за шагом шел к своей цели, не боялся ответственности и верил в возможности сельского хозяйства.

По образованию она экономист и юрист. Свою трудовую деятельность начинала бухгалтером совхоза, а со временем решилась на собственное дело. В 2007 году Гульнара Сагимбаевна основала крестьянское хозяйство, которому посвятила годы труда, заботы и постоянного развития.

Сегодня хозяйство занимает более 3 тысяч гектаров. Здесь производят высококачественные корма для сельхозпроизводителей региона, занимаются выращиванием и откормом крупного рогатого скота, развивают производство говядины.

За каждым из этих направлений стоит ежедневный труд: работа с землей, забота о животных, ответственность перед партнерами и уверенность в том, что настоящее развитие начинается с прочного фундамента.

Особое внимание Гульнара Куанышбаева уделяет кормовой базе, считая ее основой успешного животноводства. Она убеждена, что устойчивое развитие отрасли невозможно без качественных кормов, научного подхода и продуманных решений на перспективу.

Фермер выступает за создание специализированной Кормовой корпорации и внедрение современных научных методов заготовки кормов. По ее мнению, это позволит укрепить животноводство и обеспечить жителей Казахстана качественной отечественной продукцией.

«Мое жизненное кредо – всегда во всем добиваться положительного результата. Ведь трудности и испытания даются сильным людям», – делится Гульнара Сагимбаевна.

В этих словах отражено ее отношение к делу, которое помогает ей двигаться вперед, осваивать новые направления и не останавливаться на достигнутом.

Забота о будущем казахстанского села

Сегодня Гульнара Куанышбаева не только развивает действующее хозяйство, но и закладывает основу для его дальнейшего роста.

В 2025 году она подала заявку на льготное кредитование проекта по строительству молочно-товарной фермы на 400 голов. В 2026 году проект получил поддержку в рамках программы по тиражированию опыта Северо-Казахстанской области, и уже в апреле начались строительные работы.

На ноябрь запланирована поставка 400 нетелей.
AGROPRESS
🔹 Қостанай даласынан әлемдік деңгейге дейін: қазақстандық ФАО-ның «100 қаһарман әйел» қатарына енді 📍 Қостанай облысындағы шаруа қожалығының жетекшісі Гүлнара Қуанышбаева Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) тағайындайтын…
Новый проект открывает перед хозяйством перспективы дальнейшего развития и укрепления молочного животноводства. Для самой Гульнары Сагимбаевны это еще один важный шаг вперед, результат многолетнего опыта, труда и веры в будущее сельского хозяйства.

За профессионализм, добросовестный труд, активную жизненную позицию и вклад в развитие агропромышленного комплекса Гульнара Куанышбаева пользуется заслуженным уважением жителей Алтынсаринского района и всей Костанайской области.

Пример, который вдохновляет других женщин

Международное признание стало продолжением истории общественного признания Гульнары Куанышбаевой. Еще в 2021 году она вошла в число героинь проекта «100 историй успеха сельских женщин Казахстана». Ее опыт отметили как пример женского лидерства в устойчивом сельском хозяйстве, развитии сельских территорий и обеспечении продовольственной безопасности.

Сегодня ее история звучит уже на международном уровне. За успехом казахстанской фермерки стоят не только личные достижения, но и труд людей, работающих на земле, сила сельских сообществ и огромные возможности, которые открываются перед теми, кто любит свое дело.

История Гульнары Куанышбаевой напоминает: большие перемены нередко начинаются с малого – с любви к родной земле, ответственности за свое дело и желания сделать жизнь вокруг лучше. Именно благодаря таким людям развивается казахстанское село, укрепляется продовольственная безопасность и сохраняется вера в будущее.

Теперь о женщине из Костанайской области узнают далеко за пределами Казахстана. И это признание – повод для гордости не только ее родного края, но и всей страны.
AGROPRESS
Photo
🔹 Алматы облысында жылына 8 мың тоннаға дейін азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт ашылды

📍 Алматы облысында отандық және шетелдік азық-түлік өндірушілеріне арналған хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын өндіретін Segmenta компаниясының жаңа зауыты іске қосылды.

Кәсіпорынның ашылуы — Shin-Line Group компаниялар тобының Қазақстанда азық-түлік кластерін құруға бағытталған стратегиялық жобасының бір бөлігі. Жоба аясында 300 млрд теңгеге дейін шетелдік инвестиция тарту, шикізатты терең өңдеуді дамыту, экспорт көлемін ұлғайту және жоғары технологиялы жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген.

Жаңа зауыттың жалпы аумағы 3 мың шаршы метрді құрайды. Кәсіпорын жылына 8 мың тоннаға дейін өнім өндіруге қауқарлы. Заманауи өндірістік жабдықтармен және жеке қойма кешенімен қамтылған зауыт сұйық хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын шығаруға маманданған. Бұл өнімдер тамақ өнеркәсібінің түрлі салаларында кеңінен қолданылады.

Өндірістің маңызды ерекшеліктерінің бірі — жаңа дәм мен хош иіс үйлесімдерін зерттеп, әзірлеуге арналған жеке ғылыми-зерттеу базасының болуы. Өнім өндіру барысында халықаралық жеткізушілерден алынатын 3 мыңнан астам түрлі шикізат пен құрамдас бөлік пайдаланылады. Олардың қатарында Франция, Италия, Германия, Үндістан және АҚШ компаниялары жеткізетін өнімдер бар.

Зауыт шығаратын өнімдер сусындар, сүт және кондитерлік өнімдер, нан-тоқаш бұйымдары мен жеңіл тіскебасарлар өндірушілеріне арналған. Сондай-ақ олар ет өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарында қолданылады.

Shin-Line Group президенті Андрей Шиннің айтуынша, жаңа зауыттың ашылуы — біртұтас өндірістік кластер аясында қосылған құны жоғары өнім шығаратын заманауи кәсіпорын құрудың жарқын үлгісі.

«Segmenta зауытының ашылуы — біртұтас кластер негізінде жоғары технологиялы, қосылған құны жоғары өнім өндіру ісінің жолға қойылғанын көрсететін жарқын мысал. Өндірістік кооперацияны дамыту, озық халықаралық тәжірибені енгізу және негізгі құрамдас бөліктерді жергіліктендіру арқылы біз өңірдің дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстанның тамақ өнеркәсібін халықаралық деңгейге көтеруге мүмкіндік аламыз», — деді Андрей Шин.

Азық-түлік кластерін дамыту өндіріс саласындағы әріптестікті нығайтуға, заманауи технологияларды енгізуге және азық-түлік өндіруге қажетті құрамдас бөліктерді Қазақстанда өндіруді жолға қоюға мүмкіндік береді. Бұл отандық өңдеуші кәсіпорындар мен халықаралық технология және шикізат жеткізушілері арасындағы байланысты нығайтып, қазақстандық азық-түлік өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Тамақ өнеркәсібінде заманауи өндіріс орындарын ашу ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуді дамыту, отандық өнімнің қосылған құнын арттыру және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайту міндеттерімен үндеседі.

Осындай жобаларды жүзеге асыру Қазақстанда заманауи агроөнеркәсіптік инфрақұрылымды қалыптастыруға, отандық өндірістің әлеуетін арттыруға және ішкі әрі сыртқы нарықтарда сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға мүмкіндік береді.
❤1
AGROPRESS
🔹 Алматы облысында жылына 8 мың тоннаға дейін азық-түлік ингредиенттерін өндіретін зауыт ашылды 📍 Алматы облысында отандық және шетелдік азық-түлік өндірушілеріне арналған хош иістендіргіштер, кешенді тағамдық қоспалар мен панировка қоспаларын өндіретін Segmenta…
🔹 В Алматинской области запустили завод по производству пищевых ингредиентов мощностью до 8 тысяч тонн в год

📍 В Алматинской области состоялось открытие завода компании Segmenta, специализирующегося на производстве пищевых ароматизаторов, комплексных пищевых добавок и панировочных систем для отечественных и зарубежных производителей продуктов питания.

Запуск предприятия является частью стратегического проекта Shin-Line Group по созданию пищевого кластера в Казахстане. Проект предусматривает привлечение до 300 млрд тенге иностранных инвестиций, углубление переработки сырья, увеличение экспортных возможностей и создание высокотехнологичных рабочих мест.

Площадь нового предприятия составляет 3 тыс. кв. метров, а производственная мощность — до 8 тыс. тонн продукции в год. Завод оснащен современным производственным оборудованием и собственным складским комплексом. Он специализируется на выпуске жидких ароматизаторов, комплексных пищевых добавок и панировочных систем, востребованных в различных сегментах пищевой промышленности.

Важной особенностью производства является наличие собственной научно-исследовательской базы, предназначенной для изучения и разработки новых вкусоароматических профилей. При производстве используется более 3 тыс. видов сырья и компонентов от международных поставщиков, в том числе из Франции, Италии, Германии, Индии и США.

Продукция предприятия предназначена для производителей напитков, молочной и кондитерской продукции, хлебобулочных изделий и снеков. Кроме того, она используется на предприятиях мясоперерабатывающей отрасли и птицеводства.

По словам президента Shin-Line Group Андрея Шина, открытие нового завода является примером создания современного предприятия по выпуску продукции с высокой добавленной стоимостью в рамках единого производственного кластера.

«Открытие завода Segmenta — яркий пример того, как на базе единого кластера создается высокотехнологичное производство продукции высокого передела. За счет кооперации, привлечения передового международного опыта и локализации выпуска ключевых ингредиентов мы не только стимулируем развитие региона и создаем новые рабочие места, но и выводим пищевую индустрию Казахстана на международный уровень», — отметил Андрей Шин.

Развитие пищевого кластера создает условия для расширения промышленной кооперации, внедрения современных технологий и локализации производства компонентов, необходимых для выпуска продуктов питания. Это позволит укреплять связи между отечественными переработчиками и международными поставщиками технологий и сырья, а также повышать конкурентоспособность казахстанской пищевой продукции.

Создание современных производственных мощностей в пищевой отрасли соответствует задачам по развитию глубокой переработки сельскохозяйственного сырья, повышению добавленной стоимости отечественной продукции и укреплению продовольственной безопасности Казахстана.

Реализация подобных проектов способствует формированию современной агропромышленной инфраструктуры, расширению потенциала отечественного производства и выпуску конкурентоспособной продукции, востребованной на внутреннем и внешних рынках.
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстан ФАО-ның Римдегі су диалогында тозған жерлерді қалпына келтіру тәжірибесін таныстырды

📍Қазақстан тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру, топырақты қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жер мен су ресурстарын ұтымды басқарудың озық тәсілдерін енгізу бағытындағы ұлттық тәжірибесін халықаралық қауымдастыққа таныстырды. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Рим қаласындағы штаб-пәтерінде өткен Римдегі су диалогының техникалық отырысында айтылды.

«Тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру: су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы саясаттан нақты іске дейінгі инновациялық шешімдер» тақырыбындағы отырыс 2026 жылғы Дүниежүзілік азық-түлік форумы аясында өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ғылыми орта мен жеке сектордың өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы топырақты қорғау, тозған жерлерді қалпына келтіру және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағытындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарын таныстырды.

«Қазақстан үшін жерді қалпына келтіру — азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, су қауіпсіздігінің де негізі. Топырақ пен су ресурстарының жай-күйі өзара тығыз байланысты. Сондықтан біз топырақты қорғау мен қалпына келтіруді стратегиялық міндет ретінде қарастырамыз. Біздің ұстанымымыз бойынша, жаңашылдық тек технологияға ғана емес, сонымен бірге тиімді саяси шешімдерге, мемлекеттік институттардың нәтижелі жұмысына және нақты деректерге байланысты», — деді Ермек Кенжеханұлы.

Жерді қорғаудың құқықтық негіздерін нығайту жолындағы маңызды қадамдардың бірі — Қазақстан Республикасы Президентінің «Топырақты қорғау туралы» заңға қол қоюы. Бұл — еліміз тарихында топырақты қорғау мәселелеріне арналған алғашқы дербес заң.

Құжатта топырақтың жай-күйі мен сапасына, эрозияға және топырақ ресурстарын ұтымды пайдалануға қатысты негізгі ұғымдар айқындалып, топырақтық, агрохимиялық және мелиорациялық зерттеулер жүргізудің құқықтық негіздері белгіленді. Сонымен қатар жер пайдаланушылардың топырақты сақтау және оның құнарлылығын қалпына келтіру жөніндегі міндеттері күшейтілді.

Заңнаманы жетілдірумен қатар, Қазақстан жердің жай-күйін бақылауға және бағалауға арналған цифрлық құралдарды да дамытып келеді. 2023 жылы елімізде жерлерді зерттеуге мамандандырылған институт құрылды. Оның негізгі міндеті — жердің жай-күйін бағалау және тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға қажетті цифрлық деректер қорын қалыптастыру.

Қазіргі уақытта 53,5 млн гектар аумақты қамтитын жердің тозу карталары әзірленді. Цифрлық деректер жердің тозған учаскелерін дер кезінде анықтауға, ондағы өзгерістерді бағалауға және әр аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып, қалпына келтіру шараларын нақты белгілеуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2024–2030 жылдарға арналған топырақты қалпына келтіру және оның құнарлылығын арттыру жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. Сонымен қатар 17 өңірлік жол картасы әзірленген. Су және жел эрозиясының алдын алу шаралары 2 млн гектардан астам жерді қамтиды.

Жайылымдарды қалпына келтіруге, оның ішінде көпжылдық шөптер егу арқылы олардың өнімділігін арттыруға айрықша мән беріледі. Бұл бағыттағы жұмыстар Жайылымдық жерлер мен малшылардың халықаралық жылы аясында да ерекше маңызға ие.

Бұған қоса, 2025 жылғы қарашада көміртекті егіншілікті дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді. Оның мақсаты — топырақты қорғауға бағытталған агротехнологияларды кеңінен енгізу және топырақ құрамындағы органикалық заттардың мөлшерін арттыру.

Отырыс барысында Қазақстанның ФАО-мен ынтымақтастығына да ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта тараптар топырақтағы органикалық көміртек мөлшерін бақылау, есепке алу және нәтижелерін тексеру жөніндегі ұлттық жүйені құру жобасын әзірлеуде. 2026 жылғы наурыздан 2027 жылғы желтоқсанға дейін іске асыру жоспарланған жоба қазір дайындық кезеңінде.
AGROPRESS
Photo
Жоба аясында цифрлық геопортал құру, зертханалардың материалдық-техникалық базасын жаңғырту, төрт пилоттық алаң ашу, ұлттық әдістемелер әзірлеу, сондай-ақ кемінде 80 маман мен 500 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні оқыту көзделген.

Ұлттық жүйенің құрылуы топырақтың жай-күйін ғылыми негізде бағалауға қажетті ақпараттық және әдістемелік мүмкіндіктерді кеңейтуге, жерді пайдалану тәсілдерін жетілдіруге және ауыл шаруашылығында табиғи ресурстарды сақтауға бағытталған тұрақты тәжірибелерді кеңінен қолдануға жол ашады.

«Жердің тозу салдарымен күрескеннен гөрі, оның алдын алған әлдеқайда маңызды. Қабылданатын шешімдер нақты деректерге және тұрақты мониторинг нәтижелеріне негізделуі керек. Топырақты қорғау — мемлекетке, ғылымға және жер пайдаланушыларға ортақ жауапкершілік жүктейтін міндет. Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісуге және ФАО-мен, сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын», — деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Римдегі су диалогы су ресурстарын кешенді басқару тәсілдерін дамытуға, су ресурстарын басқару, жерді пайдалану және топырақты қорғау арасындағы байланысты нығайтуға арналған халықаралық алаң саналады.

Тәжірибе алмасу, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және озық шешімдерді енгізу табиғи ресурстарды сақтауға, агроазық-түлік жүйелерінің орнықтылығын арттыруға және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
AGROPRESS
🔹Қазақстан ФАО-ның Римдегі су диалогында тозған жерлерді қалпына келтіру тәжірибесін таныстырды 📍Қазақстан тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру, топырақты қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жер мен су ресурстарын ұтымды басқарудың озық тәсілдерін…
🔹Казахстан представил опыт восстановления деградированных земель на Римском водном диалоге ФАО

📍Казахстан представил международному сообществу национальный опыт восстановления деградированных сельскохозяйственных земель, совершенствования системы охраны почв и внедрения инновационных подходов к управлению земельными и водными ресурсами. Презентация состоялась в рамках технической сессии Римского водного диалога, прошедшей в штаб-квартире Продовольственной и сельскохозяйственной организации Объединённых Наций (ФАО) в Риме.

Сессия «Восстановление деградированных сельскохозяйственных земель: инновации от политики до практики для обеспечения водной и продовольственной безопасности» прошла в рамках Всемирного продовольственного форума 2026 года. В мероприятии приняли участие представители государственных органов, международных организаций, научного сообщества, частного сектора и молодёжи.

На сессии вице-министр сельского хозяйства Ермек Кенжеханұлы представил ключевые направления государственной политики Казахстана в области охраны почв, восстановления деградированных земель и рационального использования природных ресурсов.

«Для Казахстана восстановление земель — это основа как продовольственной, так и водной безопасности. Состояние почв и водных ресурсов неразрывно связано, поэтому мы рассматриваем защиту и восстановление почв как стратегическую задачу. Наш подход основан на понимании того, что инновации начинаются не только с технологий, но и с политических решений, эффективной работы институтов и использования объективных данных», — отметил Ермек Кенжеханұлы.

Важным этапом в укреплении правовой основы охраны земель стало подписание Президентом Республики Казахстан Закона «Об охране почв». Это первый в истории страны отдельный законодательный акт в данной области.

Закон закрепляет понятия здоровья и качества почв, эрозии и рационального использования почвенных ресурсов, определяет правовые основы проведения почвенных, агрохимических и мелиоративных обследований, а также расширяет обязательства землепользователей по сохранению и восстановлению почв.

Наряду с совершенствованием законодательства Казахстан развивает цифровые инструменты мониторинга состояния земель. В 2023 году в стране был создан специализированный институт по обследованию земель, деятельность которого направлена на оценку их состояния и формирование цифровой информационной базы для принятия обоснованных управленческих решений.

К настоящему времени подготовлены электронные карты деградации земель на площади 53,5 млн га. Использование цифровых данных позволяет системно выявлять деградированные участки, оценивать характер изменений и определять адресные меры по восстановлению земель с учётом особенностей конкретных территорий.

В Казахстане реализуется Дорожная карта по восстановлению почв и повышению их плодородия на 2024–2030 годы, дополненная 17 региональными Дорожными картами. Мероприятия по борьбе с водной и ветровой эрозией предусмотрены на площади более 2 млн га.

Особое внимание уделяется восстановлению пастбищ, в том числе посредством посева многолетних трав. Эта работа приобретает дополнительную актуальность в контексте Международного года пастбищных земель и скотоводов.

Кроме того, в ноябре 2025 года была утверждена Дорожная карта по углеродному земледелию, направленная на продвижение почвосберегающих технологий и увеличение содержания органического вещества в почве.

Отдельное внимание в ходе сессии было уделено сотрудничеству Казахстана с ФАО. Совместно с Организацией ведётся подготовка проекта по созданию национальной системы мониторинга, отчётности и верификации содержания органического углерода в почвах. Проект рассчитан на период с марта 2026 года по декабрь 2027 года и в настоящее время находится на подготовительном этапе.

Проект предусматривает создание цифрового геопортала, модернизацию лабораторной инфраструктуры, организацию четырёх пилотных площадок, разработку национальных методик, а также обучение не менее 80 специалистов и 500 сельхозпроизводителей.
AGROPRESS
🔹Қазақстан ФАО-ның Римдегі су диалогында тозған жерлерді қалпына келтіру тәжірибесін таныстырды 📍Қазақстан тозған ауыл шаруашылығы жерлерін қалпына келтіру, топырақты қорғау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ жер мен су ресурстарын ұтымды басқарудың озық тәсілдерін…
Создание такой системы позволит укрепить научно-методическую и информационную базу для оценки состояния почв, совершенствовать практики землепользования и расширить внедрение устойчивых методов ведения сельского хозяйства.

«Предотвращение деградации важнее, чем устранение её последствий. Решения должны основываться на объективных данных и непрерывном мониторинге, а охрана почв требует общей ответственности государства, науки и землепользователей. Казахстан готов делиться своим опытом и расширять партнёрство с ФАО и другими странами», — подчеркнул Ермек Кенжеханұлы.

Римский водный диалог служит международной платформой для продвижения интегрированного управления водными ресурсами и укрепления взаимосвязи между управлением водными ресурсами, землепользованием и охраной почв.

Обмен практическим опытом, развитие международного партнёрства и внедрение инноваций способствуют сохранению природных ресурсов, повышению устойчивости агропродовольственных систем и достижению Целей устойчивого развития.
Forwarded from UKIMET
Қазақстанда майлы дақылдардың 5 млн тоннадан астам
рекордтық өнімі күтілуде
 
🌾 Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталуға жақын: 23 млн тонна астық бастырылды, дәнді және бұршақты дақылдар алқаптарының 96%-ы жиналды. Майлы дақылдар өндірісі ерекше жоғары нәтижелерді көрсетіп отыр: бүгінгі күні өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе көп майлы тұқымдар жиналды.  Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады.

Вегетация кезеңіндегі күрделі климаттық жағдайларға және бидай егісінің алаңын 1,8 млн гектарға жоспарлы қысқартуға қарамастан, астықтың жалпы түсімі көпжылдық орташа деңгейден жоғары болады деп болжануда. Орташа өнімділік гектарына 15,2 центнерден құрайды. Жоғары көрсеткіштер Алматы облысында – 53 ц/га, Түркістан облысында – 25,4 ц/га, Жамбыл облысында – 22,1 ц/га, Батыс Қазақстан облысында – 21,1 ц/га және Жетісу облысында – 27,1 ц/га деңгейінде тіркелді. 

✔️ Вице-министрдің айтуынша, осы жылы астық сапасының жоғары екені байқалады: элеваторларға түскен бидайдың 72,4%-дан астамы үшінші сыныпқа жатады. Жекелеген өңірлерде сапалық көрсеткіштер айтарлықтай жоғары. Мысалы, Ақмола облысында үшінші сыныпты бидайдың үлесі 90%-ға, ал Hi-Pro санатындағы бидайдың үлесі 70%-ға жетеді.
Қазақстандық астыққа деген жоғары сыртқы сұраныс та сақталуда. Осы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1,1 млн тонна құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 13%-ға жоғары.

«Майлы дақылдарды жинау жұмыстарының қарқыны да артып келеді. Бүгінгі таңда 3,7 млн тонна майлы дақыл тұқымы бастырылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,5 есе жоғары. Жинау қорытындысы бойынша майлы дақылдар тұқымының рекордтық өнімі – 5 млн тоннадан асады деп күтілуде»,

— деді Азат Сұлтанов.

 Саланың оң нәтижелеріне аграрлық секторды мемлекеттік қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту және заманауи агротехнологияларды қолдану аясын кеңейту шаралары ықпал етуде. Осы жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін 750 млрд теңгеге дейін, сонымен қатар жеңілдетілген лизинг көлемін 350 млрд теңгеге дейін  жеткізу жоспарлануда.

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа егінді қабылдауға арналған элеваторлық инфрақұрылымның дайындығын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

❗️Сондай-ақ қант қызылшасын өңдеу мәселесі де көтерілді. Бүгінде төрт қант зауыты іске қосылды. Оның ішінде Жамбыл облысындағы кәсіпорында қызылшаны өңдейтін жаңа желі жұмыс істей бастады. Премьер-министр қант қызылшасын өңдеу кезінде жыл сайын туындайтын мәселелерге жол бермеудің маңыздылығын атап өтіп, бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
В Казахстане ожидают рекордный урожай масличных культур — свыше 5 млн тонн 

🌾 Уборочная кампания в Казахстане близится к завершению: собрано 23 млн тонн зерна, убрано 96% площадей зерновых и зернобобовых культур. Особенно высокие результаты демонстрирует производство масличных культур: на сегодняшний день собрано в 2,5 раза больше маслосемян, чем за аналогичный период прошлого года.  Об этом на заседании Правительства РК доложил вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов.

Несмотря на непростые погодные условия в период вегетации и сокращение посевных площадей пшеницы на 1,8 млн га, валовой сбор зерна прогнозируется выше среднемноголетнего уровня. Средняя урожайность составляет 15,2 ц/га. Высокие показатели отмечаются в Алматинской – 53 ц/га, Туркестанской – 25,4 ц/га, Жамбылской – 22,1 ц/га, Западно-Казахстанской области – 21,1 ц/га и области Жетісу – 27,1 ц/га.

✔️ При этом, по словам вице-министра, более 72,4% поступившей на элеваторы пшеницы относится к третьему классу, что подтверждает высокое качество урожая. В отдельных регионах качественные показатели значительно выше. К примеру, в Акмолинской области доля пшеницы третьего класса достигает 90%, а доля категории Hi-Pro (высокопротеиновая, с повышенным содержанием белка и клейковины) составляет 70%.

Сохраняется и высокий внешний спрос на казахстанское зерно. В сентябре экспорт зерна нового урожая составил 1,16 млн тонн, увеличившись на 13% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. 

«Хорошие темпы набирает уборка масличных культур. На сегодня намолочено 3,7 млн тонн маслосемян, это в 2,5 раза больше, чем в прошлом году. По итогам уборки ожидается рекордный урожай маслосемян – свыше 5 млн тонн»,

— отметил Азат Султанов.

Положительные результаты отрасли поддерживаются государственными мерами финансирования аграриев, обновлением сельхозтехники и расширением применения современных агротехнологий. В текущем году финансирование весенне-полевых и уборочных работ планируется довести до 750 млрд теңге, а объем льготного лизинга сельхозтехники – до 350 млрд теңге.

Премьер-министр Олжас Бектенов подчеркнул важность обеспечения готовности элеваторной инфраструктуры к приему нового урожая.

❗️Также затронут вопрос переработки сахарной свеклы. На сегодняшний день запущены четыре сахарных завода, в том числе новая линия по переработке свеклы на предприятии в Жамбылской области. Руководитель Правительства подчеркнул важность недопущения ежегодно возникающих проблем с переработкой сахарной свеклы и поручил взять данный вопрос на контроль.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM