AGROPRESS
2.01K subscribers
12.4K photos
517 videos
1 file
4.61K links
📍ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми парақшасы

📍Официальная страница Министерства сельского хозяйства РК

📍 Official page of the Ministry of Agriculture of the Republic of Kazakhstan
Download Telegram
AGROPRESS
Photo
🔹Ақмола облысында балық өсіру және өңдеу кешені іске қосылады

📍Ақмола облысында бахтақ пен бекіре тұқымдас балықтарды өсіріп, өңдеуге, сондай-ақ аквашаруашылыққа арналған арнайы жем өндіруге бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Poseydon» серіктестігі қолға алған жобаның жалпы құны – 7 млрд теңге.

Осы ретте кәсіпорын аумағында Құрылтай депутаттары мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің өкілдері қатысқан көшпелі кеңес отырысы өтті.

Жобаның негізгі бағыттарының бірі – елімізде балық өсіруге арналған арнайы жем өндіру. Өндірістік цех сағатына 5 тонна жем шығаруға қауқарлы. Ал жылдық өндірістік қуаты 25 мың тоннаға дейін жетеді деп жоспарланып отыр.

Отандық жем өндірісін жолға қою балық өсіру шаруашылықтарын сапалы жеммен қамтамасыз етуге, импортқа тәуелділікті азайтуға және саланың өндірістік әлеуетін арттыруға жол ашады.

Кешен 2027 жылы іске қосылмақ. Онда 87 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген.

Инвестициялық жобаның жүзеге асуы өнеркәсіптік балық өсіру ісін кеңейтіп, тауарлы балық өндіру көлемін арттыруға және оны терең өңдеу саласын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар отандық жем өндірісінің қалыптасуы валюта бағамының құбылуы мен логистикалық шектеулердің өнімнің өзіндік құнына әсерін азайтуға септігін тигізеді.

Жалпы, жоба Қазақстандағы аквашаруашылықты дамытуға және жем өндіруден бастап балық өсіру мен оны өңдеуге дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастыруға бағытталған.

Бұл еліміздің балық шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтарын қамтитын маңызды бастама саналады.
AGROPRESS
🔹Ақмола облысында балық өсіру және өңдеу кешені іске қосылады 📍Ақмола облысында бахтақ пен бекіре тұқымдас балықтарды өсіріп, өңдеуге, сондай-ақ аквашаруашылыққа арналған арнайы жем өндіруге бағытталған ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. «Poseydon»…
🔹В Акмолинской области в 2027 году планируют запустить комплекс по выращиванию и переработке рыбы

📍В регионе реализуется инвестиционный проект ТОО «Poseydon» по созданию комплекса по выращиванию и переработке форели и осетровых пород рыб, а также производству специализированных кормов для аквакультуры. Общая стоимость проекта составляет 7 млрд тенге.

На площадке предприятия было организовано выездное совещание с участием депутатов Курултая и представителей Комитета рыбного хозяйства МСХ РК.

Проект предусматривает создание отечественного производства специализированных кормов для рыб. Мощность цеха составит 5 тонн в час, что позволит выпускать до 25 тыс. тонн продукции в год.

Это будет способствовать обеспечению рыбоводных хозяйств качественными кормами, снижению зависимости от импорта и укреплению производственной базы отечественной аквакультуры.

Запуск комплекса запланирован на 2027 год. В рамках проекта предусмотрено создание 87 постоянных рабочих мест.

Реализация инвестиционной инициативы позволит расширить возможности промышленного рыбоводства, увеличить объемы выращивания товарной рыбы и развить ее переработку. Наличие отечественной кормовой базы также будет способствовать снижению влияния валютных колебаний и логистических ограничений на себестоимость производства.

Проект направлен на развитие аквакультуры в Казахстане и формирование полного производственного цикла — от выпуска кормов до выращивания и переработки рыбы.

Его реализация соответствует приоритетам государственной политики в сфере аквакультуры и задачам развития рыбного хозяйства РК.
Forwarded from UKIMET
Қазақстанда азық-түлік өндірісі 13,8%-ға өсті

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 13,8%-ға өсіп, 3,2 трлн теңгені құрады. Өсім тамақ өнеркәсібінің бірқатар негізгі бағытын қамтыды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді. 

📍Өсімдік майы өндірісінде ең жоғары өсім тіркелді. Оның көлемі 25,2%-ға артып, 828 мың тоннаға жетті. Ұн өндірісі 13,9%-ға өсіп, 2,8 млн тоннаны, балмұздақ өндірісі 51,7%-ға артып, 81,8 мың тоннаны, ірімшік пен сүзбе өндірісі 9,3%-ға ұлғайып, 44,8 мың тоннаны құрады. Шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісі 10,4%-ға өсіп, 69,4 мың тоннаға жетті.

Саланы дамытуға өндірушілерді мемлекеттік қолдау және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу ықпал етуде. Жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпорынның айналым қаражатын толықтыруға 96 млрд теңге сомасында қаржы бөлінді. Сонымен қатар елімізде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуді дамытуға және қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға бағытталған алты инвестициялық жоба пайдалануға берілді. 

🔺Жаңа өндіріс орындарының қатарында Павлодар облысында майлы дақылдарды, Түркістан облысында бақша дақылдарын, Жамбыл облысында жүгеріні өңдейтін кәсіпорындар, сондай-ақ Астанадағы ет өңдеу зауыты мен Алматы облысындағы сусын өндіретін зауыт бар. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше осы жылдың қорытындысы бойынша саланың жалпы өнімінің 6%-ға, азық-түлік өнімдері өндірісінің 9,5%-ға, сусындар өндірісінің 10,5%-ға өсуі болжануда.

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Производство продуктов питания в Казахстане выросло на 13,8%

За январь-сентябрь 2026 года объем производства продуктов питания в Казахстане достиг 3,2 трлн теңге, увеличившись на 13,8% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Рост охватил сразу несколько ключевых направлений пищевой промышленности. Об этом на заседании Правительства РК сообщил вице-министр сельского хозяйства Азат Султанов.

📍Наиболее заметная динамика отмечается в производстве растительного масла, выпуск которого увеличился на 25,2% – до 828 тыс. тонн. Производство муки выросло на 13,9%, до 2,8 млн тонн; мороженого – на 51,7%, до 81,8 тыс. тонн; сыра и творога – на 9,3%, до 44,8 тыс. тонн. На 10,4% увеличился выпуск кондитерских изделий из шоколада и сахара, до 69,4 тыс. тонн.

Развитию отрасли способствует государственная поддержка производителей и запуск новых инвестиционных проектов. С начала года профинансировано приобретение оборотных средств для более 200 предприятий на общую сумму 96 млрд теңге. Одновременно в стране введены в эксплуатацию шесть инвестиционных проектов, направленных на развитие переработки сельскохозяйственного сырья и расширение выпуска продукции с добавленной стоимостью.

🔺Среди новых производств – предприятия по переработке масличных культур в Павлодарской области, бахчевых культур в Туркестанской, кукурузы в Жамбылской, а также мясоперерабатывающий завод в Астане и завод по производству напитков в Алматинской области.

По итогам 2026 года Министерство сельского хозяйства прогнозирует рост валовой продукции отрасли на 6%, производства продуктов питания – на 9,5%, напитков – на 10,5%. 

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
AGROPRESS
Photo
🔹 Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек

📍 Қазақстан мен Нидерланд агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Екі ел озық технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға, экспорт көлемін ұлғайтуға және заманауи өндіріс орындарын Қазақстанда ашуға басымдық беріп отыр. Бұл Гаагада өткен Қазақстан мен Нидерландтың ауыл шаруашылығы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысында талқыланды.

Қазақстан делегациясын ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Канафин бастап барды. Жиынға Нидерланд Ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің Халықаралық екіжақты қатынастар бөлімінің басшысы Мартейн Вейтенс бастаған өкілдер, сондай-ақ екі елдің салалық ұйымдарының мүшелері қатысты.

Тараптар тұқым шаруашылығы мен селекция, аграрлық ғылым мен инновация, ветеринария, мал шаруашылығы мен аквашаруашылықты дамыту, фитосанитариялық қауіпсіздік және өсімдіктерді қорғау мәселелерін талқылады. Әсіресе, тәжірибе алмасумен шектелмей, нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Бұл бастамалар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға арналған.

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі — тұқым шаруашылығын дамыту және өсімдіктердің жаңа сорттарына қатысты құқық қорғау жүйелерін жетілдіру. Қазақстан Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) қосылу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі уақытта Мемлекеттік тізілімге Нидерланд селекциясынан шыққан ауыл шаруашылығы дақылдарының 411 сорты мен буданы енгізілген. Тағы 53 сорт пен будан сынақтан өткізіліп жатыр.

Сонымен қатар Қазақстанның 2027 жылы Naktuinbouw PVP Toolbox бағдарламасына қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл бастама өсімдіктердің жаңа сорттарына қатысты құқық қорғау тетіктерін жетілдіруге және отандық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған. Нәтижесінде заманауи селекциялық жетістіктерді өндіріске енгізуге және аграрлық ғылымды дамытуға жол ашылады.

Екі ел кадр даярлау, аграрлық білім беру және қолданбалы зерттеулер саласындағы әріптестікті де кеңейтіп келеді. «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» мен GroenPact арасындағы меморандум аясында Нидерландтың ауыл шаруашылығы және азық-түлік салаларына маман даярлау тәжірибесін енгізу жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ академиялық алмасуды дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және саланың нақты сұраныстарына бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізу көзделген.

Мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық та нақты нәтижелерді көздейді. Partners in Business бастамасы сәтті жүзеге асырылып, Нидерландтың құс шаруашылығы кластерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, Нидерландтың Royal GD корольдік жануарлар денсаулығы қызметімен бірлескен жұмыс жалғасып жатыр. Атап айтқанда, ұйымның құс ауруларын диагностикалау әдістерін сынақтан өткізу мәселесі қарастырылуда. Ветеринариялық диагностикаға заманауи тәсілдерді енгізу және мамандар арасындағы кәсіби байланысты нығайту өндіріс тиімділігін арттырып, биологиялық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге ықпал етеді.

Аквашаруашылық саласы да технологиялық әріптестікті дамытуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі саналады. Тараптар алдағы жылы Нидерланд компанияларының қатысуымен Қазақстанда бизнес-миссия ұйымдастыруға уағдаласты. Оның негізгі мақсаты — балық өсіру саласына заманауи технологиялар мен жабдықтар енгізу, инвестиция тарту және жаңа өндірістік шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін анықтау.

Атап айтқанда, тұйық сумен жабдықтау жүйелерін дамыту, балық жемін өндіру және су сапасын бақылау мәселелеріне басымдық беріледі. Сонымен қатар шаруашылықтардың өнімділігін арттыруға және су мен басқа да ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялар қарастырылады. Бизнес-миссия қазақстандық кәсіпорындарға шетелдік технологиялық компаниялармен және әлеуетті инвесторлармен тікелей байланыс орнатуға жол ашпақ.

Мал шаруашылығының сүт бағытын жаңғырту аясында да маңызды бастама қолға алынуда.
AGROPRESS
Photo
UNIFORM-Agri компаниясымен цифрлық экожүйені енгізуге арналған пилоттық жобаны іске қосу жөнінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жоба сүт фермаларының өнімділігін арттыруды, малдың саулығын жақсартуды және өндірілетін өнімнің жеткізу тізбегі бойындағы қадағалануын қамтамасыз етуді көздейді. Цифрлық шешімдерді енгізу шаруашылықтарды басқару тиімділігін арттырып, өндірістік үдерістерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан мен Нидерланд Erasmus Commodity & Trade Centre ұйымымен бірлесіп, озық тәжірибе орталықтарын құруға бағытталған талдамалық зерттеу жүргізу мәселесін де пысықтап жатыр. Бұл бастама сыртқы сауда саласындағы құзыреттерді дамытуға, экспорттық тәсілдерді жетілдіруге және қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің Еуропалық одақ нарығындағы орнын нығайтпақ.

Екі ел арасындағы әріптестіктің экономикалық көрсеткіштері де қарқынды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара сауда көлемі 33%-ға артты. Ал Қазақстаннан экспортталған агроөнеркәсіптік өнім көлемі 2,5 есе өсті. Биылғы жылдың алғашқы сегіз айында екі ел арасындағы өзара сауда көлемі 108,7 млн АҚШ долларына жетті.

Қазақстан Нидерланд нарығына отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді одан әрі ұлғайтуды көздейді. Экспорттық әлеуеті жоғары өнімдердің қатарында астық және майлы дақылдар, оларды өңдеу арқылы алынатын өнімдер мен агроөнеркәсіптік кешеннің өзге де сұранысқа ие тауарлары бар.

Бұл мақсатқа жету үшін ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды сақтау, өнімді сертификаттау және қазақстандық тауарлардың Нидерланд пен Еуропалық одақ нарығына шығу тетіктерін жетілдіру маңызды.

Қазақстан мен Нидерландтың ынтымақтастығы сауда көлемін арттырумен ғана шектелмейді. Тараптар инвестиция тартуға, озық технологияларды Қазақстанға әкелуге және заманауи өндіріс орындарын ашуға да мүдделі. Бұл жерде басым салаларға жылыжай шаруашылықтарын жаңғырту, су үнемдеу технологияларын енгізу, тұқым шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және жоғары өнімді мал шаруашылығын өркендету қамтылады.

Бұған қоса, тараптар Қазақстанда қатты ірімшік пен мал азығын өндіретін кәсіпорындар ашу жөніндегі инвестициялық жобаларды пысықтап жатыр. Қазіргі кезеңде технологиялық әріптестік орнату, өндірісті жергіліктендіру және инвестиция тарту мүмкіндіктері қарастырылуда. Мұндай жобалар отандық өндіріс қуатын арттыруға, жаңа технологияларды игеруге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазақстан ауыл шаруашылығы вице-министрі Таласбек Қанафин екі ел арасындағы әріптестіктің маңызын атап өтті.

«Нидерланд — Қазақстанның жоғары технологиялы ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды серіктестерінің бірі. Біздің басты міндетіміз — тәжірибе алмасудан нақты бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, инвестиция тартуға және технология трансферіне көшу. Тұқым шаруашылығы, жылыжай өндірісі, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және АӨК-ті цифрландыру бағыттарында зор әлеует бар. Ортақ мақсатымыз — ынтымақтастықтың нақты нәтижелеріне қол жеткізу, қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оның Еуропа нарығына шығу мүмкіндіктерін кеңейту», — деді вице-министр.

Жұмыс бағдарламасы аясында Қазақстан делегациясы Нидерландтағы заманауи сүт фермалары мен ғылыми-зерттеу орталықтарына барады. Бұл сапар озық тәжірибені зерделеуге, технологиялық әріптестікті нығайтуға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне енгізуге болатын тиімді шешімдерді анықтауға мүмкіндік береді.
AGROPRESS
🔹 Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек 📍 Қазақстан мен Нидерланд агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Екі ел озық технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға, экспорт көлемін ұлғайтуға…
🔹 Казахстан и Нидерланды расширяют взаимодействие в сфере АПК

📍 Казахстан и Нидерланды усиливают практическое взаимодействие в агропромышленном комплексе, делая ставку на трансфер передовых технологий, привлечение инвестиций, расширение экспорта и локализацию современных производств в Казахстане. Эти направления стали ключевыми на 4-м заседании Казахстанско-Нидерландской рабочей группы по сельскому хозяйству, состоявшемся в Гааге.

Казахстанскую делегацию возглавил вице-министр сельского хозяйства Таласбек Канафин. В заседании приняли участие представители Министерства сельского хозяйства, рыболовства, продовольственной безопасности и природы Нидерландов во главе с руководителем отдела международных двусторонних отношений Мартейном Вейтенсом, а также представители профильных организаций двух стран.

Стороны рассмотрели широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества, включая селекцию и семеноводство, аграрную науку и инновации, ветеринарию, развитие животноводства и аквакультуры, фитосанитарную безопасность и защиту растений. Главный акцент был сделан на переходе от обмена опытом к реализации конкретных инициатив, способных обеспечить долгосрочный экономический эффект, повысить производительность сельского хозяйства и укрепить конкурентоспособность казахстанской продукции.

Важным направлением остаётся развитие семеноводства и совершенствование системы охраны прав на новые сорта растений. Казахстан продолжает работу по присоединению к Международному союзу по охране новых сортов растений (UPOV). В Государственном реестре уже зарегистрирован 411 сорт и гибрид сельскохозяйственных культур нидерландской селекции, ещё 53 сорта и гибрида проходят испытания.

Дополнительные возможности для укрепления национальной системы селекции и семеноводства открывает потенциальное участие РК в программе Naktuinbouw PVP Toolbox в 2027 году. Инициатива предусматривает развитие механизмов охраны прав на новые сорта растений и повышение профессиональной компетенции отечественных специалистов, что имеет значение для внедрения современных селекционных разработок и развития отраслевой науки.

Сотрудничество также расширяется в сфере подготовки кадров, аграрного образования и прикладных исследований. В рамках меморандума между НАНОЦ и GroenPact продолжается работа по внедрению опыта нидерландской системы аграрного и продовольственного образования, развитию академического обмена, подготовке совместных образовательных программ и проведению исследований, ориентированных на потребности отрасли.

Практическое взаимодействие развивается и в животноводстве. Успешно реализована инициатива Partners in Business, подписан меморандум о сотрудничестве с нидерландским птицеводческим кластером.

Продолжается работа с Королевской службой здоровья животных Нидерландов (Royal GD), в том числе по апробации её методик в диагностике заболеваний птиц. Внедрение современных подходов к ветеринарной диагностике и укрепление профессиональных связей создают условия для повышения эффективности производства и совершенствования систем биологической безопасности.

Отдельный потенциал для технологического партнёрства открывает аквакультура. Стороны договорились организовать в Казахстане бизнес-миссию с участием нидерландских компаний в 2027 году. Её задача — определить конкретные возможности привлечения технологий, оборудования и инвестиций в рыбоводство, системы замкнутого водоснабжения, производство кормов и управление качеством воды. Особое внимание будет уделено решениям, позволяющим повышать производительность хозяйств и эффективность использования ресурсов.

Ожидается, что миссия станет площадкой для прямого взаимодействия казахстанских предприятий с зарубежными технологическими компаниями и потенциальными инвесторами.

Ещё одним направлением модернизации отрасли становится цифровизация молочного животноводства. С компанией UNIFORM-Agri подписан меморандум о взаимопонимании по запуску пилотного проекта, предусматривающего внедрение цифровой экосистемы для повышения производительности, улучшения здоровья животных и обеспечения прослеживаемости.
AGROPRESS
🔹 Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығын дамытуға жаңа серпін бермек 📍 Қазақстан мен Нидерланд агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ниетті. Екі ел озық технологияларды енгізуге, инвестиция тартуға, экспорт көлемін ұлғайтуға…
Параллельно Казахстан и Нидерланды прорабатывают совместное аналитическое исследование с Erasmus Commodity & Trade Centre, направленное на создание Центров передового опыта. Предполагается, что такая работа будет способствовать развитию компетенций в области внешней торговли, совершенствованию экспортных подходов и укреплению позиций казахстанской сельскохозяйственной продукции на рынках Европейского союза.

Экономическая основа партнёрства также демонстрирует положительную динамику. По итогам 2025 года товарооборот сельскохозяйственной продукцией между Казахстаном и Нидерландами увеличился на 33%. Экспорт казахстанской сельхозпродукции вырос в 2,5 раза. За первые восемь месяцев 2026 года объём взаимной торговли достиг 108,7 млн долларов США.

Казахстан намерен последовательно расширять поставки отечественной сельхозпродукции на нидерландский рынок, в том числе зерновых и масличных культур, продуктов их переработки и других востребованных товаров агропромышленного комплекса. Для реализации этого потенциала важны дальнейшая работа по ветеринарным и фитосанитарным требованиям, сертификации продукции и совершенствованию практических механизмов доступа казахстанских товаров на рынки Нидерландов и Европейского союза.

При этом сотрудничество ориентировано не только на развитие торговли, но и на привлечение капитала, локализацию технологий и создание новых производственных мощностей в Казахстане.

Среди перспективных направлений — модернизация тепличных хозяйств, внедрение водосберегающих решений, развитие семеноводства, переработки сельхозпродукции и высокопродуктивного животноводства.

В дополнение к действующему портфелю совместных инициатив стороны прорабатывают инвестиционные проекты по организации производства твёрдых сыров и кормов в Казахстане. На текущем этапе обсуждаются возможности технологического партнёрства, локализации производства и привлечения инвестиций.

«Нидерланды являются одним из важных партнёров Казахстана в развитии высокотехнологичного сельского хозяйства. Наш приоритет — переход от обмена опытом к реализации конкретных совместных проектов, привлечению инвестиций и трансферу технологий. Мы видим значительный потенциал в семеноводстве, тепличном хозяйстве, животноводстве, переработке и цифровизации АПК. Наша общая задача — обеспечить практические результаты сотрудничества, повысить конкурентоспособность казахстанской продукции и расширить её доступ на европейские рынки», — отметил вице-министр.

В рамках рабочей программы казахстанская делегация посетит инновационные молочные фермы и исследовательские центры. Это позволит изучить передовой опыт, укрепить технологическое партнёрство и определить эффективные решения для внедрения в агропромышленный комплекс Казахстана.
AgroPress агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі бағыттары бойынша Instagram және TikTok-та тікелей эфирлерін жалғастырады.

📌 Эфир тақырыбы: Агроөнеркәсіптік кешеннің 2026 жылғы 9 айдағы даму қорытындылары

👤 Спикер: Әлімбекова Арайлым Жұмағұлқызы, ҚР АШМ-нің стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары

🔹15 қазан, 15:00
📍 AgroPress-тің Instagram және TikTok парақшаларынан тамашалаңыз.

Сұрақтарыңызды пікірлерде немесе эфир барысында қоюға болады. Белсенділік күтеміз!

____

AgroPress продолжает прямые эфиры в Instagram и TikTok по основным направлениям агропромышленного комплекса.

📌 Тема эфира: Итоги развития агропромышленного комплекса за 9 месяцев 2026 года

👤 Спикер: Алимбекова Арайлым Жумагуловна,
Заместитель директора департамента стратегического планирования и анализа МСХ РК

🔹15 октября, 15:00
📍 Смотрите на страницах AgroPress в Instagram и TikTok

Свои вопросы можете задавать в комментариях или во время эфира. Ждем вашей активности!
AGROPRESS
Photo
🔹Қазақстандық витграсс шырыны Ресей мен Біріккен Араб Әмірліктеріне экспортталады

📍Ақтөбе облысында отандық өндірістің әлеуеті артып келеді. 2016 жылдан бері Green Vitamin компаниясы өздері өсіретін жас бидай өскіндерінен 100 пайыз табиғи витграсс шырынын өндіреді. Бұл тәсіл кәсіпорынға шикізат сапасын тұрақты бақылап, өндіріс үдерісін толық жолға қоюға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кәсіпорын айына 3 000 қаптама өнім шығарады. Сонымен қатар өндіріс көлемін айына 10 000 қаптамаға дейін арттыруға қауқарлы. Компания өнімі Қазақстанның барлық облыс орталықтарында саудаланады.

Кәсіпорын үшін экспорттық бағыттың маңызы зор. Бүгінде Green Vitamin өнімдері Ресей Федерациясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне, соның ішінде Дубай қаласына жеткізіледі.

Алдағы уақытта экспорттық нарықтар аумағы кеңеюі мүмкін. Қазіргі кезде компания Беларусь Республикасымен келісімшарт жасасу сатысында. Бұл қадам отандық өнімнің шетелдік нарықтардағы ауқымын кеңейтіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.

Өңірлерде осындай өндіріс орындарының дамуы елдің өңдеу өнеркәсібін нығайтуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қолданыстағы жұмыс орындарын сақтауға, отандық өнім түрлерін көбейтуге, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға ықпал етеді.

🔹Казахстанский витграсс-сок поставляют в Россию и ОАЭ

📍Актюбинская область наращивает потенциал отечественного производства: с 2016 года компания Green Vitamin занимается производством 100-процентного натурального витграсс-сока из молодых ростков пшеницы, выращенной самостоятельно.

Такой подход позволяет компании контролировать сырьевую базу и обеспечивать собственный производственный цикл.

При текущей производственной мощности в 3 000 упаковок в месяц предприятие располагает возможностью увеличить объем выпуска до 10 000 упаковок.

Продукция представлена во всех областных центрах Казахстана.

Особое значение для предприятия имеет экспортное направление. В настоящее время продукция Green Vitamin поставляется в Российскую Федерацию и Объединенные Арабские Эмираты, включая Дубай.

Следующим этапом международного развития может стать Республика Беларусь: компания находится на стадии подписания договора, что позволит расширить географию поставок и укрепить позиции отечественного продукта на зарубежных рынках.

Развитие подобных производств в регионах способствует укреплению перерабатывающего сектора, созданию и сохранению рабочих мест, расширению ассортимента отечественных товаров и повышению экспортного потенциала Казахстана.