Aiba | Notes 📝
1.77K subscribers
77 photos
5 videos
3 links
Download Telegram
Ораза бітті. Енді марафонға дайындалу керек. Алматының көктемгі атмосферасымен жүгіргім келіп жүр еді.

Алғашқы марафоным. 20 күндей уақыт бар. Алматы марафонға қатысқандар бар ма?
❤9
Ертең айт, Альхамдулилляһ!
Жақсылап тойлаймыз Аллаһ қаласа
❤9🎉4
‏السلام عليكم ورحمة الله وبركاته!

تقبل الله منا ومنكم

"Тақоббаля-Ллаху минна уа минкум"

Аллаһ бізден де, сіздерден де барша құлшылық амалдарымызды қабыл етсін!

Айт мейрамы құтты болсын✨
❤13🎉3🔥2👍1
Айт мейрамынан соң, ауырып қалып, 1 апта бойы сыртқа шықпадым. Бүгін енді-енді Аллаһқа шүкір жақсарып, 1-2 сағаттай жаяу жүріп қайттым. Осы жетпей жүр еді.. الحمدلله

20 сәуір “Алматы марафон”. Ораза біткен соң, дайындықты бірден бастаймын деп ойлағам. Болмады.

16 сына дейін уақыт бар. Бастау керек
❤9🔥4⚡1
Таза ауаға шығып, көңіл-күй көтеріліп қалды ғой..

Сап-сау жүргенде, бағаламаймыз осындай нәрселерді
❤22
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤6🔥3😍3
Казнуға анда-санда бір келіп кететінім бар.
Мен 2019 жылы тұрған №8 жатақхана
❤9👍1
Каналдың аты, суреті ауысты.
Не теряйтесь 🫂🤝
👌10🤝2❤1❤‍🔥1👍1😁1
Осыдан 3 ай бұрын “R.O.C.S. Sensitive” тіс пастасын тестировать етіп көрейін деп алдым. Құрамында фтор мен SLS жоқ екенін білген соң, алғым келді. Бұл қоспалар әдетте көп пасталардың құрамында бар. (Зиянды жақтарын интернеттен оқып көрсеңіздер болады)

Артықшылықтары: Дәмі жұмсақ, қатты мятный емес, жақсы тазалайды. Басқа пасталарға қарағанда зияны аз (құрамында sls, фтор жоқ). Күнделікті қолдануға арналған ✅

Кемшіліктері: Ауызда мүлдем көбіктенбейді. Бастапқыда үйрену қиын. Бұл құрамында sls - тің жоқтығынан. Sls - көбік шығаратын химия (пенообразователь). Зияны көп.

Сол себепті щеткаға пастаны көбірек жағуға тура келеді, аздап болсын көбік болсын деп😅
Бірақ сәйкесінше, тез таусылады.

Екінші минус — бағасы басқа пасталарға қарағанда сәл жоғары.

Қысқаша осылай. 3 айда 2 рет сатып алдым осы “R.O.C.S” - ты.

Қазір енді “Biorepair” деген пастаны алдым. Енді-енді қолданып бастап жатырмын. Бұл туралы кейін айтармын.

(90% стоматологтар осы пастаны қолданады деп естідім)
👍21❤4🔥4👏1
Бұрында супермаркетке барып, көзге түскен пастаны ала беруші едім. Дұрыс емес екен сол оказывается🙂
❤11😁7
❤14
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ -
МЕНІҢ ӘРЕКЕТІМНЕН БАСТАЛАДЫ

Кез келген мекемеге барып, сұрайтын нәрсемді қазақша сұраймын. Мейлі ол жақта қазақ болсын, орыс болсын, кім болса да..

Тұтынушы қай тілде сұрақ қойса, қызмет көрсетуші қызметкер сол тілде жауап беруге міндетті.

Егер әрқайсымыз осылай жасап үйренсек, қазақ тілінің абыройы өсер еді. Қазақ тіліне бейжай қарайтындар да оны құрметтеп, елеусіз қалдырмас еді. Өз тілімізді өзіміз қадірлеп, талап ете білсек, оның қоғамдағы орны да биіктей түсері сөзсіз.

Бұл жерде мақсат — өзге ұлт өкілдерімен жауласу емес! Біз ешкімнен артық емеспіз, ешкім бізден кем емес. Әр ұлттың өзіндік болмысы, қадірі, орны бар. Жаман ұлт болмайды — жаман мінезді адам ғана болады.

Біздің нағыз мақсатымыз — өз елімізде, өз жерімізде, өз ана тілімізде еркін сөйлей алу!

Біз шетелге шыққанда сол елдің тіліне құрметпен қарап, сол тілде сөйлейміз. Сол сияқты, өзге ұлт өкілдері де Қазақ елінде жүрген соң, қазақ тіліне құрмет танытып, оны үйренуге, қолдануға тырысуы — табиғи және әділетті талап!
👍24❤8👏5🔥3❤‍🔥2
Жүзуді жақсы көремін.

Бірақ Алматыда ерлер мен әйелдерге арналған бөлек бассейндердің болмауы көңілді түсіреді.
⠀
Осы себеппен ғана бассейнге бармаймын. Мүлдем.

Бұрын бір бауырлардың Алматыда бір бассейнмен келісіп, аптасына үш күн белгілі бір уақытта тек ер адамдар ғана кіре алатындай жасағанын естіген едім. Енді сол бассейнді тауып алу керек.
[бір от души шомылғым келіп жүргені бар]
👍17❤8🔥2🤯2🥰1
Сағат 21:05.
Үйге шаршап бара жатқандағы дәл қазіргі ойым:

– Тамақ жоқ. Үйде ешкім жоқ. Ет морозильникте. Еріту керек. Оның бәрі уақыт. 21:30-да үйге жетсем, тамақты қашан пісіріп үлгеремін?

Жалғыз тұру да кейде шаршатады екен)

Үйге барғанда дәмді тағаммен күтіп алатын бір жан болсаа..
Жә, болды. Қойдым.
🤣19❤9😁9💯2🫡1
Үйге келдім.
Ұмытып кетіппін. Тамақ істейтін де уақытым жоқ екен ғой🥲

Кеттім пробежкаға. 20 сәуір “Алматы марафон”.

Дайындықтың басталғанына көп болған жоқ.
Бүгін 8 км жүгіру керек
🔥9🤣6❤4😁3
Almaty Half Marathon EXPO
👍6❤2🔥1