Aiba | Notes 📝
1.77K subscribers
77 photos
5 videos
3 links
Download Telegram
❤15👍3
Достар, барлықтарыңа сәлем!

Қалаға шаруаларыммен шығып бара жатыр едім, жолдан кіп-кішкентай мысық тауып алдым. Далада қорқып, машиналардың астына тығылып жүр екен. Қалдырып кете алмадым. Үйге алып келдім.

Породасы шотландский вислоухий шатаспасам. Суреттен көре аласыңдар.
Анықтағаным бойынша ұл мысық сияқты.

OLX - ті ашып көрдім, бұл порода мысықтарын тіпті сатып жатады екен 30 000 - 50 000 тг деп. Бірақ шариғатта мысықтарды сатуға болмайды ғой. Оның үстіне бұл мысық маған тиесілі емес.

Сол үшін Алматы қаласында осы породаның мысығын асырағысы келетіндер болса, жекеме жазыңдаршы, тегін беремін. Немесе мысық асырағысы келіп жүрген туысқандарың, достарың, таныстарың болса, осыны жіберсеңдер.

Жекеме жазу 👇
@aiba_km
🥰19👍9❤8😍5
Мысық иесін тапты. Дидар есімді оқырманым алып кетті.
Рахмет барлықтарыңа!
❤33😍7👍6🥰1
Бір бет кітап оқудан баста!
Бір отжиманиядан баста!
Бір стақан судан баста!
Бір қарызды өтеуден баста!
Бір жаман әдеттен арылудан баста!
Бір нәрсені сатудан баста!
Бір жақсы әдетті үйренуден баста!
Бір айналым жүгіруден баста!
Бір күн таңда ерте тұрудан баста!
Бір жаңа нәрсе істеп баста!
Бір рет адамдарға көмектесіп баста!
Бір сабақ оқудан баста!

Сылтаулар ешқашан бітпейді. Шын істегісі келген адам, сылтауратпай кіші қадамнан болса да, әйтеуір бастайды…

Бүгін баста!

Ертең жалғастыр!
❤195👍69💯22🔥19👏10🤩6😍3💋3😁2
«Жерді теңселтпесін деп мығым таулар орналастырдық…»

(«Әнбия» сүресі, 31-аят)
😍75❤21👍20❤‍🔥7⚡2🤩2🥰1🕊1🤗1
Ауырып жүрген кездегі қызықтарды айтып берейін.

- Жөтелім жазылмай кеткен соң, соңғы 1 аптада уколдар да алып бастадым. Укол дегенді ұмытып қалыппын. Соңғы рет шатаспасам осыдан 10 жыл бұрын салдырған шығармын…

- 1 күнде 5 уколдан салып жүрдім😂🤦🏻‍♂️

- Қолдағы тамырға негізі 7 уколдай алуым керек еді. Кейбір дәрігерлердің венаға дұрыс сала алмағандарының себебінен қолымда 7 емес, 12 тесіктей бар😂

Бір күні тіпті бір дәрігер оң қолыма салып, инені тамырға түсіре алмай шығарып алды. Кейін сол қолыма салып, ол жақта да тамырыма түсе алмады. Ақыры салдырмадым дәл сол уколды. Үшінші рет теспей-ақ қойыңызшы деп басқа дәрігерге кетіп қалдым🤣

- 1 апталық уколдарды 7 түрлі адамға салдырыппын😂
Ешкімді кінәламаймын. Сол кісілерге салдыруға барған өзім. Қолдың тамырына салатын кезде жақсы тәжірибесі бар адамға барған дұрыс екен.
😁23🤣14👍10😨9😢6❤3🤯3
Бүгін жұма намазы
❤81🔥7👍6👏2
Бүгінге инсайт:

Көп адамдарды жиі байқаймын. Өзі басқара алмайтын аймаққа көп көшеді, көп талқылайды, көп жамандайды. Мысалы басшыларға сөз тигізеді, ауа райына сөз тигізеді, басқа адамдардың бет-әлпетіне, жұмыстарына, кәсіптеріне сөз тигізеді. Бірақ бұлардың барлығы ол адамның басқара алмайтын аймағында.

Өзгелердің аймағына көшіп, өзінің басқара алатын аймағын ұмытып кетіп жатады. Өзінің денсаулығы, өзінің жұмыстары, кәсіптері, өзінің отбасы және т.б.

Күш-қуатымызды, энергиямызды өзіміз басқара алмайтын аймаққа емес, өзіміз басқара алатын аймаққа жұмсасақ, әлдеқайда көп нәтижелерге жетуші едік…
❤159👍56💯18🔥16💔5
«Өміріңізге бір адам кіріп немесе бір жағдай күтпеген жерден орын алса, сол адамның немесе жағдайдың сізге келгендегі даналығын іздеңіз»

Ешнәрсе бекерден бекер болмайды. Әрбір нәрсенің даналығын көруге тырысу керек.
❤91👍23🔥11👏5
Өміріңнің жарық сәттерге толы болғанын қаласаң, іштегі қараңғылықтан арылуға тырыс.

Себебі сыртқы әлем сенің ішкі жан дүниеңнің шағылысы…
❤114👍22🔥8💯3
السلام عليكم ورحمة الله وبركاته

Қал-жағдайларыңыз қалай? Сіздерде бәрі жақсы деген үміттемін.

Кімнің есінде болса, бұл каналды 2 жыл бұрын подкасттар жазып ашқан болатынмын.

1 жыл өтіпті... Каналды жүргізбей тастағаныма. Қайтадан жүргізіп бастауым мүмкін. Бірақ енді как “личный дневник” ретінде тек.

Осы каналға бұрыңғы жазған нәрселерімнің көбісін оқып-оқып, күлгім келіп, бәрін өшіріп тастадым.

Пока осы. Қазіргі фокус “Қадір түні” жасырылған рамазан айының соңғы 10 түнінде.

Ораза қалай өтіп жатыр? Жылдан жылға тезірек өтіп жатқан сияқты..
❤22🤩6❤‍🔥2👏1
Подкаст салынбайтын болған соң, каналдың атын ауыстыру керек. Кейінірек ауыстырармын
❤14👍2❤‍🔥1👏1
Каналға 1 жыл ештеңе салынбаса да, шығып кетпегендер ❤️🫂
❤40❤‍🔥1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рамазандағы атмосфера
❤13😍3❤‍🔥1
“Байкен” мешіті

Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай деген:

“Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінің тақ түндерінен іздеңдер”
(Бухари, 2017; Муслим, 1169).

Бұл хадисте Қадір түні Рамазан айының 21, 23, 25, 27 немесе 29-түндерінде болуы мүмкін екені айтылған. Сондықтан мұсылмандар осы түндерде ғибадатты күшейтіп, дұға-тілектерін көбірек жасауы керек.

Бүгін 27-ші тақ түн
❤24👍4❤‍🔥1
Ждал этих утренних красок после фаджра
😍25❤15❤‍🔥1💘1
Кешегі түн әрине “қадір түні” болуының ықтималдылығы жоғары түн.

Бірақ хадисте келгендей, пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ айтады:

“Қадір түнін Рамазанның соңғы он түнінен іздеңдер”
(Бухари 2020; Муслим 1169)

Бар-жоғы 2-3 түндей ғана қалды. Бұл түндерді де ұйқымен өткізіп алмайық. Мүмкін осы түндерде “қадір түні” болып қалуы әбден мүмкін…
❤21❤‍🔥1🔥1
Последний таравих💔
❤13💔10❤‍🔥2👍2
Енді ішеміз деп отқанда, ебедейсіз досың…

Негізі төгіп алған өзім, бірақ, ауызын ашып қасыма қалдырып кетіпті ескертпей
🤣24😁10😢5❤2😭1