Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі
Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Премьер-министр Никол Пашинянға алғыс айтты.
Президент табиғатты сақтау жөнінде келер ұрпақ алдында ортақ жауапкершілік пен халықаралық күш-жігерді үйлестіру қажет екенін еске салды
@aikyngazeti

Aikyn.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі Мемлекет басшысы саммитке қатысушыларға ілтипат білдіріп, қонақжайлық танытқаны және БҰҰ Биоалуантүрлілік бойынша конференциясы аясындағы көшбасшылар саммитін…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде Қазақстанның сирек жануарларды қорғаудағы нәтижелерін жариялады.
2003 жылы елімізде небәрі 21 мың киік болса, биыл көктемде олардың саны 4,7 миллионға жетті. Қазір әлемдегі киіктердің шамамен 98 пайызы Қазақстанда мекендейді.
Қар барысының саны да қалпына келіп, шамамен 190 басқа жеткен. Ал биыл шілдеде 70 жылда алғаш рет Тұран жолбарысы Қазақстан табиғатына жіберілді. Пржевальский жылқысын қазақ даласына қайта жерсіндіру жұмыстары да жалғасып жатыр.
Президент Каспий итбалығы санының соңғы ғасырда 1 миллионнан 270 мыңға дейін азайғанын айтып, Каспийдің Арал тағдырын қайталауына жол бермеуге шақырды.

Мемлекет басшысы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит аясында бірқатар кездесу өткізді
Ереванда өтіп жатқан COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша саммит алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЮНЕСКО Бас директоры Халед Әл-Ананимен және Еуропалық комиссияның таза, әділ және бәсекеге қабілеттілікке көшу мәселелері жөніндегі атқарушы вице-төрағасы Тереза Риберамен кездесті.
Халед Әл-Ананимен кездесуде Қазақстанның ЮНЕСКО-мен білім беру, ғылым және мәдениет салаларындағы ықпалдастық перспективасы талқыланды.
Халықаралық бастамаларды ілгерілетудегі ынтымақтастықты кеңейтудің маңызы айтылды. Бұл елдер арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытуды және диалогты нығайтуды көздейді.
Тереза Риберамен әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропалық одақтың орнықты даму, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастығын нығайту мәселелері қозғалды.

Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Биыл қос сыйлық алғаш рет Qazaqstan Media Awards ортақ атауымен табысталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен отандық медиа саласының өкілдері, журналистер, редакторлар, тележүргізушілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты.
Марапаттау рәсімінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев сөз сөйледі. Министр жаңа технологиялар мен жасанды интеллект қаншалықты қарқынды дамыса да, кәсіби журналистика мен өз ісіне адал мамандар қашанда сұранысқа ие болатынын атап өтті
Толығырақ мына сілтемеде

Қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев Англия Чемпионшипінде «Вулверхэмптонға» қарсы өткен кездесуде ерекше белсенділігімен көзге түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптонды» қабылдап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Кездесудің 20-минутында Джейми Варди есеп ашты. 39-минутта Фернандо Лопес таразы басын теңестірсе, 72-минутта Таванда Чирева қонақтарға жеңіс сыйлады.
Дастан Сәтпаев матч барысында қарсылас команданың ойыншысы Шон Нивтің сары қағаз алуына себепкер болды. Қазақстандық футболшы 15 рет допқа тиіп, 9 дәл пас берді. Сондай-ақ екі жекпе-жекте жеңіске жетті.
Осы жеңістен кейін «Вулверхэмптон» турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал «Бернли» 24 команданың арасында 21-орында тұр.
«Бернли» келесі кездесуін 24 қазанда «Линкольнге» қарсы өткізеді. Ал 31 қазанда өз алаңында «Портсмутты» қабылдайды.

"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:
🔸 Көк теңіздің түбінде – келешектің тамыры
🔸 Орта державалар дәуірі
🔸 Экологиялық тазалықтан ар-ождан тазалығына дейін...
🔸 Ақ халаттыға адалдық жарасады
🔸 Орынбай Ошанов, этноархеолог: Қалаларды көшпелі қоғамнан бөліп қарауға болмайды
🔸 Жасыл белдеу: шаһардың экологиялық қалқаны
Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз
Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

Украина әскері ұрыс даласында танктер мен броньды техниканы қолданудың жаңа тәсілдерін енгізіп жатыр. Әскери техника енді ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен қорғалады,
Ресей мен Украина арасындағы соғыстың алғашқы кезеңінде танктер маңызды рөл атқарған. Алайда соққы беретін дрондардың кеңінен қолданылуы броньды техниканың мүмкіндігін шектеп, екі тарапты да жаяу әскерге көбірек сүйенуге мәжбүр етті.
Forbes мәліметінше, Украина әскері танктер мен Bradley жаяу әскердің жауынгерлік машиналарын FPV-дрондармен бірге қолдана бастаған. Мұндай дрондар қарсыластың ұшқышсыз аппараттарын әуеде ұстап, броньды техниканы қорғайды.
Сонымен қатар техникаға металл шыбықтардан жасалған қосымша қорғаныс орнатылады. Бұл құрылым қарсылас дрондарының негізгі сауытқа жетпей жарылуына мүмкіндік береді.
Дегенмен жаңа тактиканың да осал тұстары бар. Қорғаныс дрондарының жұмысы уақытша үзіліп қалуы мүмкін. Ал қосымша сауыт бірнеше мәрте жасалған шабуылдан толық қорғай алмайды.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы 2027 жылдың 23 қаңтарында WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы бос тұрған чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жекпе-жек Данияның Хорсенс қаласында, 5 мың көрерменге арналған Forum аренасында өтеді. Бұған дейін кездесу Копенгагенде ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын.
Қазақстандық боксшының қарсыласы – даниялық Якоб Банк. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 20 жеңіс, оның 11-і нокаутпен аяқталған. Ал Әлімханұлы 17 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, 12 қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген.
Жекпе-жек туралы Якоб Банк пен оның Primetime Boxing промоутерлік компаниясы ресми мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл кездесуге дейін Жәнібек Әлімханұлының шаршы алаңға шықпағанына 21 ай болады.

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетті қарсы алу рәсімі өтті
Салтанатты іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Хун Манет бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын шырқады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Премьер-министрі Хун Манет шағын құрамда келіссөз жүргізді
Қазақстан Президенті мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, бұл сапар екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беретінін және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту перспективасына жол ашатынын айтты.
Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты.

– Сапарыңыздың тарихи мәні зор деп санаймын. Өйткені бұған дейін Камбоджа премьер-министрлерінің Қазақстанға жолы түспеген. Ал Сіздің қазақ жерімен жеке байланысыңыз бар. Әкеңіз 1982 жылы елімізге келген екен. Бүгін екіжақты қарым-қатынастың ауқымды мәселелерін талқылаймыз. Қазақстан халқының еліңізге ықыласы ерекше. Көптеген отандасымыз Камбоджаға барып, оның көрікті жерлерімен танысқысы келеді. Елдеріміз арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесін пысықтауымыз қажет. Сондай-ақ гуманитарлық саладағы байланыстарды жандандырғанымыз жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент Қазақстан мен Камбоджа табиғи байлығы мол елдер санатында екенін және аталған саладағы ықпалдастықты кеңейтуге болатынын айтты.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Камбоджа Премьер-министрі Хун Манетпен нәтижелі келіссөз жүргізді
📍Ақорда
@aikyngazeti
📍Ақорда
@aikyngazeti
Трамп Украинаға әскери көмекті шектеуі мүмкін – Reuters
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы Киевке көрсетілетін әскери көмекке әсер етуі мүмкін. Әсіресе, АҚШ-тың барлау мәліметтерін беруі мен қару-жарақ жеткізуіне қатысты қауіп туындаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Reuters мәліметінше, екі ел басшылары арасындағы келіспеушілік Украинаның Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдарынан кейін күшейген. Трамп бұл соққыларды сынға алып, оларды энергия бағасының өсуімен байланыстырған.
Ал Зеленский Украина Ресейдің энергетикалық нысандарына шабуыл жасауды тоқтатпайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей Украина аумағына соққы беруді жалғастырып жатқанда, Киев те қарсы әрекет ету құқығын сақтайды.

Атырауда бес метр биіктіктен құлаған жұмысшы комаға түсті
Атырауда теміржол вокзалын қайта жаңғырту кезінде бес метр биіктіктен құлаған жұмысшының жағдайы ауыр. Ол қазір комада жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz
1984 жылы туған ер адам ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілген.
Оқиғаға байланысты Атырау стансасындағы көлік полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.