Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы» – депутат Максим Рожин

@aikyngazeti
2026 жылғы Олимпиаданың алғашқы медалі Швейцарияға кетті!🥇

24 жастағы Франьо фон Алльмен Бормиодағы «Стельвио» трассасында ерлер арасындағы жылдамдықпен түсу сайысында жеңіске жетті.

Швейцариялық тау шаңғышысының нәтижесі — 1:51.61.

🥈🥉 Күміс пен қола медальдар Италия спортшыларына бұйырды.

@aikyngazeti
Иран АҚШ шабуыл жасаса, Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи катарлық Al Jazeera арнасына берген сұхбатында айтты

Аракчидің айтуынша, соққылар АҚШ базаларына бағытталады және олар орналасқан елдерге қарсы әрекет ретінде қарастырылмайды.

Иран мен АҚШ ядролық мәселе бойынша жанама келіссөздерді жалғастыруға дайын, бірақ Тегеран келіссөздер тек ядролық бағдарлама аясында өтетінін, басқа талаптарды талқыламайтынын атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қысым көрсетіп, әскери соққымен қорқытқан. Иран ядролық қару жасау ниетін жоққа шығарады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.

Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.

Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.

Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.

@aikyngazeti
ХV қысқы Олимпиада ойындары

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

16:50 Шаңғы жарысы (ерлер). Скиатлон
Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало

18:05 Биатлон. (аралас эстафета 4х6)
Владислав Кереев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева

Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

@aikyngazeti
📢 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
 
@aikyngazeti
❤1
Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлер 15 тәулікке қамалды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ресей әскерлері Донецк облысындағы Мирноград маңында күш жинап, қаланы шабуылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің «Шығыс» әскер тобы хабарлады.

Украин бөлімшелері Мирноградтың солтүстік бөлігінде қорғаныс шептерін ұстап тұр. Жау ауыр техника мен тірі күшті шоғырландыруға тырысуда, украин әскері олардың логистикасы мен шоғырланған орындарына соққы беріп жатыр.

Сонымен қатар Покровск қаласының солтүстік бөлігі Украина әскерінің бақылауында. Қалалық ұрыстар жалғасуда, қарсыластың оңтүстікте топтасу әрекеттері жүйелі түрде жойылуда.
Астана қаласы Нұра ауданындағы Тұран даңғылында құрылыс алаңында жеке тұрған контейнер өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ дерегінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында тұрмыстық үй-жайға бейімделіп жабдықталған контейнердің жануы 80 ш.м аумақта толығымен сөндірілді

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған ресми хабарламада
2026 жылғы Олимпиада ойындарында биатлоннан аралас эстафетада Франция құрамасы жеңіске жетіп, алғашқы алтын медальды иеленді.

Италия мәреге екінші болып келсе, Германия үшінші орынды алды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 21 команданың ішінде соңғы нәтиже көрсетті. Айта кетерлігі, эстафетаның екінші кезеңінде Қазақстан бір бақылау нүктесінде 10-орынға дейін көтерілген.
Ақша неге жетпей қалады? Көбіміз жіберетін 5 қате

Көп адам ай сайын табыс тауып отырса да, ай соңында «ақша қайда кетті?» деген сұраққа жауап таба алмайды. Мәселе көбіне табыстың аздығында емес, ақшаға деген күнделікті қарым-қатынаста жатыр. Қаржыны басқаруда қайталана беретін ұсақ қателіктер уақыт өте үлкен қиындыққа айналады.

Ең кең таралған қателіктің бірі — ақшаны есептемеу. Кіріс пен шығын қағазға немесе қосымшаға жазылмаса, қаржы ағыны көзге көрінбейді. Ақша бар сияқты сезіледі, бірақ нақты қайда жұмсалып жатқаны белгісіз болады. Мұндай жағдайда жоспар құру да, үнемдеу де мүмкін емес.

Келесі мәселе — ұсақ шығындарды елемеу. Күн сайынғы кофе, жеткізу қызметі, қажет емес жазылымдар бір қарағанда аса маңызды емес көрінеді. Алайда дәл осы ұсақ төлемдер ай соңында айтарлықтай соманы «жеп» қояды. Көбіне адам үлкен сатып алудан емес, байқалмай кеткен ұсақ шығындардан ұтылады.

Үшінші қате — жоспарсыз жұмсау. Айлық түскен сәтте-ақ ірі сатып алулар жасау, ал қалған күндерді үнеммен өткізуге тырысу қаржылық теңгерімді бұзады. Ақша белгілі бір кезеңге емес, бүкіл айға бірдей бөлінбегенде тапшылық ерте басталады.

Тағы бір маңызды қате — қор жинамау. Күтпеген шығындар өмірде әрдайым болады: денсаулық, тұрмыстық жөндеу, жол шығыны. Ал алдын ала жиналған қаражат болмаса, мұндай жағдай қарызға немесе қаржылық күйзеліске әкеледі. Қор — байлық емес, қауіпсіздік.

Соңғы қате — мәселені тек табыстан көру. Көп жағдайда адам көбірек тапсам бәрі шешіледі деп ойлайды. Алайда табысы жоғары адамдардың өзі қаржыны басқармаса, дәл сол қиындықты бастан кешіреді. Ақшаның жетпеуі — ең алдымен әдет пен тәртіптің мәселесі.

Ақша өздігінен жоғалып кетпейді. Ол есепсіз, жоспарсыз және бақылаусыз кеткенде ғана жетпей қалады. Қаржылық жағдайды түзеу үлкен өзгерістерден емес, күнделікті ұсақ қадамдардан басталады.
Алматы қаласы Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешенінде өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ алдын ала мәліметі бойынша, бірінші қабат деңгейінде сыртқы қаптама жанған.

ТЖМ күштері жоғарғы қабаттардан 36 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада
Интернеттегі табыс туралы мифтер

Соңғы жылдары интернет «ақша табудың ең оңай жолы» ретінде жиі айтылады. Әлеуметтік желілерде, жарнамаларда, видеоларда «үйден шықпай-ақ табыс тап», «телефонмен жұмыс істе», «пассив табыс» деген уәделер көп. Бірақ интернеттегі табыс туралы түсініктің едәуір бөлігі мифке негізделген. Солардың ең кең таралғандарын қарастырайық.

1-миф: Интернетте ақша оңай келеді

Көп адам интернетті «жеңіл жол» деп қабылдайды. Шын мәнінде, интернет — тек құрал. Ақша табу үшін бәрібір уақыт, еңбек және дағды керек. Онлайн жұмыс офлайн еңбектен жеңіл емес, тек формасы басқа. Контент жасау, қызмет көрсету, сату немесе оқыту — бәрі жүйелі жұмыс талап етеді.

2-миф: Интернеттегі табыс бірден тұрақты болады

Көбі алғашқы айдан-ақ тұрақты табыс күтеді. Нақтысында интернеттегі табыс көбіне баяу басталады. Алдымен аудитория жиналады, тәжірибе қалыптасады, қателіктер болады. Тек содан кейін ғана табыс тұрақтанады. Бұл кезеңді өткермей, ұзаққа шыдайтын табыс болмайды.

3-миф: Арнайы білімнің керегі жоқ

«Ештеңе білмесең де табыс табуға болады» деген сөз жиі айтылады. Бұл — ең қауіпті мифтердің бірі. Интернетте ақша табатындардың бәрі белгілі бір дағдыға сүйенеді: жазу, дизайн, бағдарламалау, маркетинг, талдау, оқыту немесе ұйымдастыру. Білімсіз емес, көрінбейтін біліммен табыс табады.

4-миф: Пассив табыс мүлде еңбек талап етпейді

Пассив табыс бар, бірақ ол «ештеңе істемей ақша алу» емес. Алдымен белсенді еңбек қажет: жүйе құру, өнім жасау, аудитория жинау. Тек содан кейін ғана табыс салыстырмалы түрде «пассив» бола бастайды. Көп адам осы бастапқы еңбекті көрмей, соңғы нәтижені ғана байқайды.

5-миф: Интернет бәріне бірдей мүмкіндік береді

Интернет мүмкіндікті көбейтеді, бірақ нәтиже бәрінде бірдей болмайды. Себебі тәртіп, шыдам, уақытты басқару және жауапкершілік әр адамда әртүрлі. Интернетте табыс табу — мінезге де байланысты. Кім жүйелі жұмыс істейді, сол алға шығады.

Интернет — ақша табудың сиқырлы жолы емес, бірақ нақты мүмкіндік алаңы. Ол офлайн өмірдегі заңдылықтарды өзгертпейді: еңбек, білім және уақыт бәрібір қажет. Интернеттегі табыс туралы мифтерге сенген адам тез үмітсіздікке ұшырайды. Ал шынайы мүмкіндікті түсінген адам интернетті ұзақ мерзімді құрал ретінде пайдалана алады.
❤1
SOS сигналы Алматы тауларында бір адамның өмірін сақтап қалды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды

@aikyngazeti
👍1
Дәрігерлер салмағы 730 грамм жаңа туған сәбидің өмірін сақтап қалды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты тергеуді аяқтады

«Актив Ломбард» желісінің иесі К. заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді.

Клиенттермен жасалған комиссиялық шарттарда сыйақы мөлшерлемесінің орташа деңгейі тәулігіне 1,73%-дан 2,07%-ға дейін жетіп, белгіленген нормадан (0,3%) 5 есеге жоғары болған.

Нәтижесінде 1,9 млн-нан астам шарт жасалып, қылмыстық кіріс көлемі 19 млрд теңгеден асқан.

Тергеу материалдарына сәйкес, қылмыстық кірістердің шығу көзін жасыру мақсатында К. оларды заңдастырудың көп деңгейлі схемасын әзірлеп, іске асырған.

Осы тәсілмен 5 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.

Сот санкциясымен конфискациялау мақсатында жалпы құны 8,9 млрд теңге болатын: елордадағы 4 пәтер және 2 тұрғын үй, БАӘ-дегі 4 апартамент, 6 автокөлік, оның ішінде Lexus LX 600, Rolls Royce Cullinan, Mercedes-Benz G63, Bentley Bentayga V8, Land Rover Range Rover Sport, сондай-ақ депозиттік шоттардағы 2,7 млрд теңге көлеміндегі ақшалай қаражат бар.

@aikyngazeti
❤1
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады

Президентке ведомство қызметінің биылғы басым бағыттары жөнінде баяндалды.

Асқарбек Ертаев:

➤ халықты жұмыспен қамту жоспары жөнінде мәлімет берді.

➤ атаулы әлеуметтік көмек жүйесін одан әрі жетілдіру жоспары таныстырды.

➤ зейнетақы жүйесінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету және зейнетақы төлемдерінің лайықты деңгейін сақтау жөнінде айтты.

➤ Көші-қон саясатының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары жайында ақпарат берді.

Мемлекет басшысы:


халықты жұмыспен қамту, азаматтардың табысын ұлғайту, әлеуметтік қолдаудың шын мұқтаж жандарға жетуін бақылауды күшейту, зейнетақы жүйесін жетілдіру, теңгерімді көші-қон саясатын іске асыру, әлеуметтік қорғауда инклюзивті тәсілдерді дамыту, сондай-ақ цифрлық шешімдерді қолдану арқылы еңбекті қорғау жүйесін нығайту және қауіп-қатерлердің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма берді.

@aikyngazeti
Қазақстандық грек-рим күрес шеберлері Загребте (Хорватия) өткен рейтингтік турнирде 1 күміс, 5 қола медальға ие болды:

🥈Ислам Евлоев (-97 кг)
🥉Ербол Камалиев (-60 кг)
🥉Аманғали Бекболатов (-60 кг)
🥉Алматбек Аманбек (-72 кг)
🥉Ибрагим Магомадов (-82 кг)
🥉Олжас Сырлыбай (130 кг)

@aikyngazeti
👍1
Республика бойынша көктайғақ күтіледі

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti