Қарыз – көп адам үшін үйреншікті жағдайға айналды. Ай сайынғы төлем келеді, жалақы түседі, тағы да азаяды. Бірақ негізгі сома сол күйі қалады. Кейде адам табысы жаман емес, бірақ несие азаймайды. Себебі мәселе табыста емес, тәсілде.
Көпшілік қарызды жай «төлеу» керек деп ойлайды. Ал шын мәнінде оны басқару керек. Егер жүйе болмаса, төлемдер созылып кете береді, пайыз өседі, ал қаржылық қысым күшейеді. Қарыздан шығу – эмоция емес, есеп.
Төмендегі төрт тәсіл нақты әрекетке негізделген.
1. Барлық қарызды тізімде. Қанша қарыз бар? Қай банкте? Пайызы қанша? Ай сайынғы төлемі қанша? Барлығын бір жерге жаз. Нақты сандарды көрмей, шешім қабылдау қиын.
2. Ең жоғары пайыздан баста. Пайызы көп қарызды бірінші жап. Бұл – математикалық тұрғыда ең тиімді әдіс. Себебі қымбат несие уақыт өткен сайын көбірек шығын әкеледі.
3. Бір қарызды толық бітіру стратегиясы. Ең кішкентай қарызды бірінші жауып, психологиялық серпін алуға болады. Біреуін жапқан сайын жеңілдейді. Бұл мотивация береді.
4. Жаңа қарызды тоқтат. Қарызды жауып жатып, жаңасын алма. Артық шығынды қысқарт. Қосымша табыс түссе, бірден қарызға бағытта.
Қарызды азайту – кездейсоқ процесс емес. Жоспар болса, нәтиже болады.
@aikyngazeti

WBO орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша шешім қабылдады. Мельдонийге тапсырылған допинг-сынақтың оң нәтижесі расталғаннан кейін боксшы бір жылға дисквалификацияланды.
2026 жылғы 19 ақпандағы резолюцияға сәйкес, шеттету мерзімі 2025 жылғы 2 желтоқсаннан бастап есептеледі. Соған қарамастан, Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Ұйым оның бұған дейін антидопинг ережелерін бұзбағанын және тергеу барысында ынтымақтастық танытқанын ескерді.
Дисквалификация кезеңінде қазақстандық спортшы WADA бақылауындағы кездейсоқ тестілеу бағдарламасынан өтіп, сертификатталған білім беру курсынан өтуі және сынақ нәтижелерін WBO-ға ұсынуы тиіс. Шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін ол алғашқы жекпе-жегін уақытша чемпион немесе міндетті үміткерге қарсы өткізуі керек. Осы аралықта WBO уақытша титул үшін Дензел Бентли мен Эндри Сааведра арасындағы жекпе-жекті бекітті. Шешімге 14 күн ішінде шағым түсіруге болады.

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында үйге іргелес тұрған қора өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Нәтижесінде қатар орналасқан 2 тұрғын үй құтқарылды.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған ресми хабарламада
Патологоанатомдардың қызметі қарапайым оқырманға да қызық болары анық. Себебі бұл мамандық жайында қате түсінік пен миф көп. Мамандықтың қыр-сыры жөнінде University Medical Center орталығының патологоанатом дәрігері Жанат Жалымбетовамен кең көлемде сұхбат құрған едік.
Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз
@aikyngazeti
– Өз тәжірибемде де, әріптестерімнің практикасында да клиникалық өлімнен кейін «тіріліп кету» жағдайы болған емес, себебі медициналық практикада өлімді тіркеудің қатаң алгоритмдері бар. Дәрігерлер адам қайтыс болғаннан кейін кемінде екі сағат міндетті түрде бақылау жүргізеді. Осы уақытта клиникалық өлімнің биологиялық өлімге ауысу белгілері бағаланады. Биологиялық өлім бірқатар нақты, қайтымсыз өзгерістермен сипатталады: тері тургорының өзгеруі, бұлшық еттерде өліктік сіресу белгілерінің пайда болуы, өліктік дақтардың дененің төмен орналасқан бөлігінде қалыптасуы. Бұл белгілер толық сипатталып, медициналық құжаттамада тіркеледі.
Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз
@aikyngazeti
❤2
Aiqyn тілшісі: Жүрсін аға, бүгін жетпістің бел ортасына қадам басып отырсыз. Жарты ғасырдан астам уақытты артқа шегерген өмір жолыңызға қарап нендей баға берер едіңіз?
Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз
@aikyngazeti
Аузынан түспейтін темекісі,
Мен екенмін бүгінгі көне кісі.
Бір жанмын басқалардан бөлек ісі,
Туған күнім ақпанның 12-сі...
Артыма көз салсам, өкінетін дүние көп. «Әттеген-ай» дегізген сәттер де аз болған жоқ. Оның қайсыбірін айтайын?! Бірақ пайғамбардың «Өткен іске өкінбе» деген хадисі бар. Сондықтан барлық жағдайға үмітпен қараған жөн. Мен мүмкіндігінше қолымнан келгенін жасадым. Халыққа рухани азық сыйлау жолында еңбек еттім. Сол үшін еш өкінбеймін. Бір адамның ғұмырына жететін қуаныш пен қиындықты, бейнет пен бақытты қатар бастан кешіріп отырмын, - деп жауап берді ақын.
Сұхбаттың толық мәтінің мына сілтемеден оқи аласыз
@aikyngazeti
Уақыт аз қалды: көктемге дейін жасап үлгеретін жоспар
1. Үйді ретке келтіру. Қыс бойы жиналған артық заттарды сұрыптау керек. Қажетсіз дүниелерді шығарып, шкафтарды реттеу – көктемді жеңіл бастауға көмектеседі. Үйдегі тәртіп көңіл күйге де әсер етеді
2. Қаржыны қайта қарау. Жыл басынан бері өткен екі айды есептеп, табыс пен шығынды саралау маңызды. Қыс мезгіліндегі артық шығындарды талдап, көктемге нақты жоспар құру керек. Бұл алдағы айларды жүйелі өткізуге мүмкіндік береді
3. Денсаулыққа көңіл бөлу. Қыс мезгілінен кейін ағза әлсіреуі мүмкін. Дәрігерлік тексерістен өту, дәрумендер қабылдау, ұйқы режимін реттеу – көктемді сергек бастауға көмектеседі
4. Жеке жоспарды жаңарту. Көктем – жаңа бастамалар уақыты. Қыс бойы кейінге қалдырылған ойларды қайта қарап, нақты мақсат қою керек. Үлкен өзгеріс міндетті емес, шағын қадам жеткілікті
5. Аула мен киімді дайындау. Қысқы киімдерді жинап, көктемгі киімдерді дайындау, егер жеке үй болса, аула тазалау жұмыстарын жоспарлау керек. Бұл маусымдық ауысуды жеңілдетеді

❤1🔥1
Президент тапсырмалары: Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 миллиард теңге жеке инвестициялар бағытталады
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
🇰🇿 Қазақстандық команда Канададағы ең беделді балалар турнирінде чемпион атанды
Astana Team Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің AA-Elite дивизионында алтын медаль жеңіп алды.
Финалда қазақстандықтар канадалық команданы 2:1 есебімен жеңді.
Pee-Wee турнирі 1960 жылдан бері өткізіліп келеді және балалар хоккейіндегі ең беделді дода саналады. Биыл жарысқа 21 ел қатысты.
Қазақстан бұл турнирге алғаш рет 2023 жылы қатысқан. Бұған дейін 66 жыл ішінде чемпион атанған елдер қатарында Канада, АҚШ, Ресей, Финляндия, Чехия және Швеция ғана болған. Енді олардың қатарына Қазақстан қосылды.

👍2❤1
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрі Гела Геладзені қабылдады
Әңгімелесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Президент Грузия еліміздің Оңтүстік Кавказдағы маңызды әрі сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастың уақыт тезінен өткен тарихи тамырластыққа құрылғанына тоқталды.
Гела Геладзе Қасым-Жомарт Тоқаевқа шетелдік туристердің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін сақтау бойынша грузиялық құқық қорғау органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде мәлімет берді.
Қазақстан мен Грузия ішкі істер министрліктері ұйымдасқан қылмысқа, есірткі тасымалдауға, киберқылмысқа және экстремизмге қарсы күрес, сондай-ақ озық тәжірибелер алмасу, маман даярлау бағыттарында өзара ықпалдастықты нығайтуға ниетті.
Кездесуде Мемлекет басшысы Грузия Президенті Михаил Кавелашвили мен Премьер-министр Ираклий Кобахидзеге сәлемін жолдады.

Aikyn.kz
🇰🇿 Қазақстандық команда Канададағы ең беделді балалар турнирінде чемпион атанды Astana Team Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінің AA-Elite дивизионында алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандықтар канадалық команданы 2:1 есебімен…
Президент Astana Team балалар хоккей командасын Канадада өткен Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық жарысында жеңіске жетуімен құттықтады
Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр телеграм каналында жазды.
Мемлекет басшысы қазақстандық клубтың cенсациялық жетістігі отандық спорттағы айтулы уақиға екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары шеберлік деңгейі мен жеңіске деген ынта-жігерін паш етіп, ақтық сында хоккейдің отаны саналатын канадалықтардан басым түскен өрендерімізге ризашылығын жеткізді.
Президент жас хоккейшілердің табанды түрде жаттығып, күш-қайраттарын шыңдап, бұдан да биік асуларды бағындыруына тілектестік білдірді.

Түркістандағы жатақхана дауы: студенттер қысым көргенін мәлімдеді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
23 ақпан күні Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті. Ауқымды іс-шараға шамамен 4 000 адам – қоғам өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, жастар және өңір тұрғындары қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Форумның хедлайнері – «МузАРТ» тобы. Олар танымал әндерін орындап, залдағы әр буын өкілдерін біріктіріп, бірлік пен патриоттық рухқа толы ерекше атмосфера жасады.
Іс-шара конституциялық реформалар, қоғамдық даму және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне арналды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Форумның хедлайнері – «МузАРТ» тобы. Олар танымал әндерін орындап, залдағы әр буын өкілдерін біріктіріп, бірлік пен патриоттық рухқа толы ерекше атмосфера жасады.
Іс-шара конституциялық реформалар, қоғамдық даму және азаматтық жауапкершілік мәселелеріне арналды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Ақмола облысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері жергілікті халықпен, жастармен, спортшылармен, еңбек ұжымдарымен және туристік сала өкілдерімен кездесулер өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Сапар өңір халқымен, этномәдени бірлестіктермен кездесуден басталды. Көкшетаудағы «Болашақ сарайында» 400-ге жуық адам – зиялы қауым, шағын және орта бизнес өкілдері, ақсақалдар, мәслихат депутаттары, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері, басқа да белсенді азаматтар жиналды.

Президент Жарлығымен бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысына қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ 80 жылдық мерейтойына орай Игорь Матвеевич Романов ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталды
Ол ұзақ уақыт бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990-жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметін басқарды

"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:
🔸 Отыз жылдық арман орындала ма?
🔸 Кішкентай жүректерге үміт сыйлаған күн
🔸 Агросектордағы шектеу: таразы басы тең болса игі
🔸 Шулықтарды шошытқан шу
🔸 Апатты үйлер азаяр емес
Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз
Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!
❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз
➡️ https://wa.me/77717007424

Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Субсидияларды жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды
Екі жыл бойы «МолПродЖаркаин» ӘКК директоры Е. және «Рассвет» шаруа қожалығының басшысы М. сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.
Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.
Сот үкімімен М. мен Е. 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.

«Рассвет» шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде «МолПродЖаркаин» ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген.
Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.
Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.
Сот үкімімен М. мен Е. 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
@aikyngazeti
Маңғыстаудағы маңызды стратегиялық нысанның бірі - «МАЭК» ЖШС (Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты) ұжымы жаңа Конституцияны қолдады. Бүгінде кәсіпорында 3500-ден астам адам еңбек етеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
«МАЭК» ЖШС - өңірдегі стратегиялық маңызы бар энергетикалық нысан. Кәсіпорын облыс халқын тұрақты электр қуатымен, су және жылумен қамтамасыз етіп, тұрғындардың тіршілік тынысын үздіксіз қолдап келеді. Әрбір қызметкер өңірдің орнықты дамуына және халықтың өмір сапасын арттыруға өз үлесін қосуда.
Ұжым атынан кәсіпорын басшысы Кинис Урақов сөз сөйлеп, референдумға қатысу - азаматтық жауапкершіліктің және еңбек ұжымының саналы ұстанымының көрінісі екенін атап өтті.