Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Ақшаңыз болмаса да кредитті тез жабудың жолдары

Кредитті жабу үшін ең алдымен өз жағдайыңызды нақты түсініп алу керек. Барлық қарызды, пайыз мөлшерлемесін және ай сайынғы төлемді бір жерге жазып шығыңыз. Бұл қай кредиттің ауыр екенін және қайсысы көбірек шығын әкеліп жатқанын анық көруге көмектеседі.

Төлеу тәсілін дұрыс таңдау маңызды. Пайызы жоғары кредитті бірінші кезекте азайту керек, ал қалғандарын тек міндетті ең төменгі төлеммен жауып отыру жеткілікті. Осылайша артық пайыздың жиналуын тежейсіз. Егер бірнеше ұсақ қарыз болса, алдымен соны бітіріп алған тиімді.

Күнделікті шығындарды уақытша қысқарту да әсер етеді. Қажет емес жазылымдар, сирек қолданылатын қызметтер, артық сатып алуларды тоқтату арқылы аз да болса бос қаражат пайда болады. Сол ақшаны басқа жаққа жұмсамай, тікелей кредитке салған дұрыс.

Банкпен сөйлесуден қашпау керек. Қайта есептеу, төлем мерзімін өзгерту немесе уақытша жеңілдік сұрау кей жағдайда мүмкін болады. Ең бастысы, қарызды жасырып жүрмей, ашық байланыс орнату.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарып отырған, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев орынбасары Дәурен Есімхановқа қатысты қоғамда резонанс тудырған жағдайға байланысты пікір білдірді.

Құрметті қазақстандықтар!

Ең алдымен, қолдау білдірген баршаңызға алғыс айтамын. Халықтың қолдауы – мен үшін ең үлкен құндылық.

Болған оқиғаға қатысты нақты айта кеткім келеді: бұл жеке немесе тұрмыстық жанжал емес.

Аймақта жасырын ықпалы бар кейбір адамдар тарапынан қарсылыққа тап болдым. Облыстық спорт ұйымдарының басшыларын заңсыз ротациялауға әрекет жасалып, оған менің орынбасарым да қатысқан. Мен бұл заңсыз әрекеттерді тоқтаттым, соның салдары осы жағдайға әкелді.

Ашық мәлімдеймін: Мемлекет басшысы айтқандай, қазақстандық спорттағы жүйелі реформаларды жүзеге асыру жолындағы мұндай арандатушылықтар біздің шешімімізді шайқалтпайды.

Барлықтарыңызға рақмет!

Қазақтың күші – бірлікте!

@aikyngazeti
👏3
Неге ақша жиналмайды: ең жиі жіберілетін 5 қате

Ақша жиналмайтынының басты себебі табыстың аздығы емес. Көп жағдайда мәселе әдетте және ойлау тәсілінде болады. Адам қанша тапса да, дұрыс басқармаса, қолында ештеңе қалмайды.

Бірінші қате – ақша жинауды «артық қалса ғана» бастау. Ай соңында артылған ақша сирек болады. Сондықтан жинақ қалдық принципімен емес, жоспармен жасалуы керек.

Екінші қате – нақты мақсаттың болмауы. «Жай жинаймын» деген ой ұзаққа бармайды. Ақша не үшін жиналып жатқанын білмесе, адам оны оңай жұмсап жібереді.

Үшінші қате – ұсақ шығындарды елемеу. Күнделікті кофе, жеткізу, қажетсіз ұсақ сатып алулар ай соңында үлкен сомаға айналады. Көп адам осыны байқамайды.

Төртінші қате – барлық ақшаны бір шотта ұстау. Жинақ пен күнделікті шығынға арналған ақша аралас болса, жинақ тез еріп кетеді.

Бесінші қате – тәртіптің болмауы. Бір ай жинап, келесі ай тастап кету нәтиже бермейді. Ақша жинау мотивацияға емес, әдетке сүйенуі керек.

@aikyngazeti
🔹 Нұрай Серікбайдың өлімі: іс жаңа баппен толықтырылды

🔹 «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы соңғы матчына дайын

🔹 3630 метр биіктікте оқыс оқиға: Алматы тауларында альпинист қиын жағдайға тап болды

@aikyngazeti
Миннесота штатының губернаторы федералдық агенттердің Миннеаполис қаласында болған атысқа қатысы бар екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Reuters агенттігінің хабарлауынша, оқиға 24 қаңтарда орын алған, нәтижесінде 37 жастағы АҚШ азаматы қаза тапқан. Губернатор бұл жағдай қоғамда үлкен алаңдаушылық тудырғанын айтып, тергеу жүргізілетінін жеткізді.

Мәліметке сәйкес, атыс федералдық көші-қон агенттерінің операциясы кезінде болған. Оқиғадан кейін Миннеаполисте және басқа да қалаларда наразылық акциялары өтіп, жергілікті билік федералдық құрылымдардың әрекетіне қатысты сұрақтар көтерді. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
👍2
Милан-2026: қысқы Олимпиадаға қай өңірден, неше спортшы барады?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы өтіп жатыр.

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:

📱 consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026

@aikyngazeti
Конституциялық комиссияның екінші отырысында реформалар жөнінде келіп түскен ұсыныстар талқылануда

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституциялық комиссияның жұмысы алғашқы отырыстан бастап ашықтық пен жариялылық принциптері негізінде өтіп келеді» – Эльвира Азимова

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық комиссияның екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері талқыланды

@aikyngazeti
Қазақстанда Нипах вирусы тіркелген жоқ – Денсаулық сақтау министрлігі

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Бірнеше жұмыс секциясы аясында ҚР Конституциясына түзетулердің нақты бөлімдері бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде.

Конституциялық комиссияның мүшелері Ата заңның жекелеген нормаларына, баптары мен бөлімдеріне жан-жақты талдау жүргізіп жатыр. Олар ұсынылған өзгерістердің құқықтық аспектілерін талқылап, қорытынды ұсыныстар енгізуде.

Конституцияның негізгі ережелеріне қатысты барлық мәселелерге ерекше назар аударылады.

@aikyngazeti
❤1