Курорттық аймақтарда 3 әуежай салынып, Алакөлге қосымша пойыздар жүреді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан Үкімет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында берген тапсырмасы негізінде әзірленген «Қазақстан балалары» бағдарламасын бекіткенін хабарлады.
@aikyngazeti
Бағдарлама мемлекеттің балалар құқықтарын қорғау саласындағы жұмысының тұрақты әрі жүйелі жалғасы болып саналады.
Кешенді құжат негізгі салалардың барлығында балалардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға қатысты қолданыстағы тетіктерді біріктіруге әрі жүйелеуге бағытталған.
«Қазақстан балалары» ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтады және балалар мүддесіне бағдарланған саясатты дамытуға қатысты мемлекеттік тұрғыдан бірыңғай көзқарасты қалыптастырады.
Бұған қоса, «Қазақстан балалары» бағдарламасы БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірқатарына сәйкес келеді.
Бағдарламаны іске асырудың 2026-2030 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспары жаңа 158 нақты шарадан тұрады. Жоспар балалардың құқықтық қорғалуын, қауіпсіздігін және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Жоспар аясында денсаулық сақтауды қорғау, балалар инфрақұрылымын кеңейту, балалар маршрутына цифрлық сүйемелдеу жүйесін енгізу, онлайн қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары және т.б. қарастырылған.
Балалар құқықтары саласындағы нормативтік құқықтық базаны одан әрі іске асыру және жаңарту көзделіп отыр.
Жалпы алғанда, «Қазақстан балалары» бағдарламасы – балалардың құқықтары мен болашақ ұрпақтың әл-ауқатын қамтамасыз ету бағытындағы негізгі мемлекеттік саясатқа ықпал ететін кешенді әрі ұзақ мерзімді құжат.
Осылайша, балалардың қорғалуы мен қауіпсіздігіне қатысты мәселелер басты бағыттардың бірі саналады және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше назарында, - деп жазды Е. Қарин телеграм каналында.
@aikyngazeti
❗Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Екібастұзда кәмелетке толмаған жасөспірімдер өз-өзіне қол жұмсады
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына Конституциялық комиссияның бұған дейін өткен отырыстарының нәтижесі туралы мәлімет берілді. Э. Әзімова Комиссия қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық отырыс медиа кеңістікте, соның ішінде арнайы телеграмм арналары арқылы тікелей көрсетіліп жатқанын баяндады.
Конституциялық комиссия төрағасы жарты жыл бойы Конституциялық реформаларды қоғамдық талқылау өткізілгенін айтты. Электронды платформаға 2 мыңнан аса ұсыныс пен бастама келіп түскен.
Мемлекет басшысы алдағы Конституциялық реформа еліміздің дамуына тың серпін беретінін атап өтті. Ал Комиссия жұмысы Конституциялық реформаларды іске асыруда өте маңызды рөл атқаратынын жеткізді.

Димаш Құдайбергеннің халықаралық жобасының премьерасы Қытайда өтеді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп мұғалімі Татьяна Белоусованы құттықтады
Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейі химия пәнінің мұғалімі Татьяна Белоусованы Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына енуіне орай құттықтады.

– Бұл жоғары баға – Сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі. Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
@aikyngazeti
Қазақстанда төрт «жасыл» электр станса салынады
Мәжіліс 2024 жылғы 12 қарашада Баку қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады.
Келісімге сәйкес жиынтық қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясы/стансасы және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр станциясы салынады.
Нәтижесінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1500 уақытша жұмыс орны ашылады, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады, сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі.
Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.

Жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарында іске асырылатын болады
Нәтижесінде 100-ден астам тұрақты және шамамен 1500 уақытша жұмыс орны ашылады, 2 млрд АҚШ долларынан астам инвестиция тартылады, сондай-ақ жыл сайын 5,7 млрд кВт/сағаттан астам «жасыл» электр энергиясы өндіріледі.
Қазақстан тарапынан бірлескен инвестор ретінде «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамы қатысады.
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру шарттарын жеңілдету қажет
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровтің Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға халықты тұрғын үймен қамту мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы
@aikyngazeti
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұқаш Ескендіровтің Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға халықты тұрғын үймен қамту мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ауыл халқының мал шаруашылығымен айналысуына жағдай жасалмаған
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерболат Сатыбалдының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту туралы жолдаған депутаттық сауалы.

❤1
2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
👏2
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Президент сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтап, осыдан бес жыл бұрын, ел ішінде ауқымды өзгерістер қолға алынып жатқан тарихи кезеңде құрылған Қаржылық мониторинг агенттігі өзіне жүктелген жауапкершілік пен міндетті абыроймен орындап келе жатқанына назар аударды.

Жалпы, осындай қысқа мерзім ішінде көп жұмыс істелді, біраз тәжірибе жинақталды. Бүгінде Қаржылық мониторинг агенттігі еліміздің экономикалық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын дербес құрылымға айналды. Мұны табанды еңбек пен адал қызметтің нәтижесі деуге болады. Агенттік қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін. Бірақ босаңсуға болмайды. Себебі алдымызда биік мақсаттар мен ауқымды жұмыс бар. Әсіресе, қазір өте қарқынды дамып жатқан цифрлық технология мен жасанды интеллект дәуірінде жұмысқа түбегейлі жаңа көзқараспен қарау міндеті тұр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Құқық қорғау мекемелері, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы: «Басты мақсат – бәрін жаппай тексеру емес, ел экономикасына қауіп төндіретін сын-қатерлерді дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау»
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы басталды
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:
📱 consot_kz
📱constcouncil.kz
📱 Конституциялық реформа 2026
@aikyngazeti
Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:
📱 consot_kz
📱constcouncil.kz
📱 Конституциялық реформа 2026
@aikyngazeti
Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі
Конституцияның адамның жеке басына қол сұқпаушылық, адамның негізгі құқықтарын қорғау және сот билігінің тәуелсіздігіне қатысты нормалары айтарлықтай күшейтіледі. Бұл мәселелер Конституциялық комиссияның төртінші отырысында қаралған Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасынан көрініс тапты.
Жоба таныстырылымында Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ұсынылған өзгерістердің басты тұстарына ерекше тоқталып, «Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер» атты бөлімнің жаңа атауы қарастырылған мәселелерді толық қамтитын атап өтті.
Бұл ретте ұсынылған новеллалар адамның ең жоғары құндылық екені туралы қағидатқа сүйене отырып, құқықтар мен бостандықтарды іске асыру және қорғау кепілдіктерін күшейтеді және толықтырады.
Ол қазіргі уақытта Конституцияның 7-бөліміндегі сот әділдігі қағидаты ретінде қарастырылып отырған кейбір нормалардың адам құқықтарын қорғау кепілдігі ретінде осы бөлімге көшіріліп, жеке бапқа біріктірілетінін айтты.
Оның айтуынша, Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау міндеттемелері күшейтіледі.
Сондай-ақ, ол Конституциялық комиссия мүшелерінің назарын адвокатураның құқықтық мәртебесін бекітетін жеке баптың қарастырылғанына аударды.
Сонымен қатар, Конституциялық комиссияның мүшесі Құрылтайдың құрылуына байланысты «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» бөліміне нақты түзетулер енгізу қажет болғанына да тоқталды.
Сөз соңында Бақыт Нұрмұханов «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын жаңа бөлім Ата Заңның мәтінін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Бұл өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық пен «Миранда ережесінің», цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту деген сөз», — деді Бақыт Нұрмұханов.
Ол қазіргі уақытта Конституцияның 7-бөліміндегі сот әділдігі қағидаты ретінде қарастырылып отырған кейбір нормалардың адам құқықтарын қорғау кепілдігі ретінде осы бөлімге көшіріліп, жеке бапқа біріктірілетінін айтты.
«Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндік құқығына жаңа мән-мағына беріліп, демократиялық және құқықтық мемлекетте жеке тұлғаның еркін дамуының маңызды шарты саналатын зияткерлік меншікті қорғау кепілдіктерінің бөлек түрлері белгіленді», – деп атап өтті Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Оның айтуынша, Конституцияда неке мен отбасы құндылықтарын, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау міндеттемелері күшейтіледі.
«Аты өзгерген «Сот жүйесі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» бөлімінде айтарлықтай өзгерістер көзделген. Оған сот ісін жүргізу нысандарын кеңейтуге, әділеттілік пен сот тәуелсіздігінің конституциялық қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ сот жүйесіндегі кадр мәселелеріне қатысты сот мәселелері бойынша маңызды түзетулер кіреді», – деді Бақыт Нұрмұханов.
Сондай-ақ, ол Конституциялық комиссия мүшелерінің назарын адвокатураның құқықтық мәртебесін бекітетін жеке баптың қарастырылғанына аударды.
Сонымен қатар, Конституциялық комиссияның мүшесі Құрылтайдың құрылуына байланысты «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» бөліміне нақты түзетулер енгізу қажет болғанына да тоқталды.
Сөз соңында Бақыт Нұрмұханов «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу» деп аталатын жаңа бөлім Ата Заңның мәтінін ең үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес жаңартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады
Бұл туралы Конституциялық комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл ретте, Бақыт Нұрмұханов ұсынылып отырған норманы Конституцияның негізгі ережелерімен тығыз байланыста қарастыру қажеттігін атап өтті. Аталған ережелерге сәйкес елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы тек қана конституциялық заңмен анықталады.

«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деп атап өтті Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.@aikyngazeti