Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Халық Кеңесіне республикалық референдум өткізу бастамасын көтеру құқығы беріледі – Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов: «Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру»
@aikyngazeti
@aikyngazeti
Ауызашарда ас та төк дастарқан жайып, әлеуметтік желіде бәсекеге айналдыруға болмайды
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Атырауда мектеп оқушысы экологияға зиянсыз биопластик ойлап тапты
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
👍1
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
🇰🇿🇪🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипені туған күнімен құттықтады.
Президент жеделхатта екі ел арасындағы берік достыққа, сындарлы саяси диалог пен өзара тиімді сауда-экономикалық байланыстарға негізделген стратегиялық серіктестік дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өткен. Сондай-ақ ынтымақтастықты тереңдетудің мол әлеуетін пайдалана отырып, қазақ-испан қарым-қатынасын жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға мүдделі екенін растаған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал испан халқына бақ-береке тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу»
Президенттің Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінен.
Толығырақ Aikyn.kz сайтынан оқи аласыз
@aikyngazeti
«Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын!
Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар.
Мен Сіздерді қоғам игілігі үшін қызмет етіп жүрген Қазақстанның нағыз отаншыл, жасампаз және қамқор жастары деп санаймын.
Биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Өздеріңіз білесіздер, бұл бастаманы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтердім.
Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз.
Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді.
Еріктілерді озық ойлы қоғамның айнасы деп айтсақ, артық болмайды».
Президенттің Волонтерлер форумында сөйлеген сөзінен.
Толығырақ Aikyn.kz сайтынан оқи аласыз
@aikyngazeti
Aikyn.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу» «Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын! Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға…
Мемлекет басшысы: «Қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды»
«Кешегі отырыстағы пікірталаста Комиссия мүшелері «Ата Заңға енгізілетін өзгерістер ауқымына қарасақ, жаңа Конституция қабылдауымыз керек» деген байлам жасады.
Шын мәнінде, ұсынылған түзетулер жобасы елді институционалдық-құқықтық тұрғыда жаңғыртумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге бұл қадам тұтас мемлекеттік жүйені қайта түзуге жол ашады. Түбірімен өзгерген мүлдем жаңа құжаттың бейнесі қалыптасты.
Ата Заңымызда жарқын болашаққа нық қадам басқан бүгінгі Қазақстанның тұғыры әбден бекіген мемлекет ретіндегі идеалдары, қағидаттары мен басымдықтары көрініс табады.
Әрине, қолданыстағы Ата Заң Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуына елеулі үлес қосты. Мұны ешкім жоққа шығармайды. Сондықтан былтырғы 30 тамызда Конституцияның 30 жылдығын кеңінен атап өттік».

Президент: «Қазақ – болмысынан кеңпейіл халық. Қиналған адамға қол ұшын беру – ұлтымыздың бойында бар асыл қасиет»
@aikyngazeti
@aikyngazeti
👍1
Жеті баланың анасы қаза тапты: Маңғыстауда ер адам әйелін пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
❤2
Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады
Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасы Конституциялық реформа жөніндегі Комиссияның кезекті отырысында қаралды.
Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескерілді.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.

«Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді ол.
Бақыт Нұрмұханов адами капиталды, білім беруді, ғылым мен инновацияны дамыту мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты ретінде танылғанын атап өтті.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары: «Бұл жаңашылдықтар жан-жақты талқыланып, баршаның қолдануына ие болды», – деді.
❤2
Жаңа Конституцияның жобасы: егемендік пен аумақтық тұтастық – өзгермейтін құндылықтар
Жаңа Ата Заңның жобасында Қазақстанның мемлекеттік ұйымдастырылуын айқындайтын, егемендігі мен дербестігін нығайтатын іргелі ережелер қарастырылды.
Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді.
Ол Конституцияның жобасын таныстырды және аталған ережелер «Конституциялық құрылыстың негіздері» атты бірінші бөлімге енгізілгенін атап өтті.
Бұл ретте Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысын қатардағы заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.
Сонымен бірге, спикер Комиссияның кешегі отырысында егемендіктің иесі – халық екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалғанын еске салды.
Оның айтуынша, Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді.
Бұдан бөлек, халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді, деген норма тұжырымдалды.

«Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару нысаны – президенттік республика деп тұжырымдалды. Осылайша бұрын бірқатар ғалымдар мен мамандардың басқару нысанын нақтылау қажеттігі туралы ұсынысы жүзеге асты», – деді Бақыт Нұрмұханов.
Бұл ретте Комиссия мүшесінің айтуынша, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысын қатардағы заңмен емес, конституциялық заңмен айқындау ұсынылған.
«Егемендік пен Тәуелсіздік, унитарлық, аумақтық тұтастық, Республиканың басқару нысаны ешқашан өзгермейтін құндылықтар қатарына жатқызылды. Бұл мызғымас талап Конституцияның алғашқы нормаларында бекітілді», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге, спикер Комиссияның кешегі отырысында егемендіктің иесі – халық екенін конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныс жасалғанын еске салды.
«Бұл идея Конституция мәтінінде көрініс тапты. 4-бапта мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақстан халқы, деп шегеленіп жазылды», – деді Бақыт Нұрмұханов.
Оның айтуынша, Конституция мәтінінде «республикалық референдум» ұғымы «жалпыхалықтық референдум» деп өзгертілді.
Бұдан бөлек, халық билікті жалпыхалықтық референдум және еркін сайлау арқылы тікелей жүргізеді және өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді, деген норма тұжырымдалды.
@aikyngazeti
Халық Кеңесі – Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган
Бір палаталы Парламент үлгісі пен мемлекеттік органдардың жаңартылған жүйесіне арналған ережелер жаңа Конституция жобасының бірнеше бөлімдеріне енгізілді. Бұл жөнінде Конституциялық комиссияның кезекті отырысындағы сөзінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.
Оның айтуынша, бір палаталы Парламент моделіне арналған нормалар төртінші «Құрылтай» деген бөлімде жинақталды. Онда заң шығару органының өкілеттіктері бекітілді, сонымен қатар Құрылтайдың сессияларына және оның қызметін ұйымдастыруға қатысты баптардың барлығы дерлік жаңартылды.
Конституция жобасының бесінші бөлімі «Үкіметке» арналып отыр.
Бақыт Нұрмұхановтың сөзінше, алтыншы бөлім екі баптан тұрады және Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты мәселелерді реттейді.
Жеке, жетінші бөлімде «Конституциялық Сотқа» қатысты нормалар шоғырландырылды.
Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Соттың құрамына, судьялардың өкілеттік мерзімдеріне және құзырына қатысты нормалар негізінен сақталғандығын мәлімдеді.
Осы орайда Конституциялық Соттың конституциялық бақылау жүргізетін және бүкіл ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі миссиясы белгіленді.

«Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің қатары анықталды. Құрылтай заң қабылдау арқылы реттелетін аса маңызды қоғамдық қатынастардың тізбесі берілді. Заң жобаларын қарау мен қабылдаудың рәсімдері көзделді. Құрылтай Төрағасының лауазымына қатысты мәселелер жеке бапта реттелді» - деп Бақыт Нұрмұханов атап өтті.
Конституция жобасының бесінші бөлімі «Үкіметке» арналып отыр.
«Бір палаталы Құрылтайға көшуге байланысты көптеген ережелер нақтыланды. Олар Үкімет пен оның мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік вотумын білдіру, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру мәселелеріне байланысты болып отыр», - деді ол.
Бақыт Нұрмұхановтың сөзінше, алтыншы бөлім екі баптан тұрады және Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты мәселелерді реттейді.
«Құрамына ел азаматтары кіретін бұл жоғары консультативтік орган Қазақстан халқының мүддесін білдіреді. Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық референдум тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау және басқа да маңызды өкілеттіктері белгіленді», - деп атап өтті.
Жеке, жетінші бөлімде «Конституциялық Сотқа» қатысты нормалар шоғырландырылды.
Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Соттың құрамына, судьялардың өкілеттік мерзімдеріне және құзырына қатысты нормалар негізінен сақталғандығын мәлімдеді.
Осы орайда Конституциялық Соттың конституциялық бақылау жүргізетін және бүкіл ел аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретіндегі миссиясы белгіленді.
@aikyngazeti
«Сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілді» – Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасы туралы баяндады
Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасындағы сот төрелігі жүйесіне, жергілікті басқаруға және Негізгі заңға өзгерістер енгізу тәртібіне қатысты маңызды өзгерістер туралы баяндады.
Оның айтуынша, Конституцияның сегізінші бөлімі – «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» аясында сот төрелігінің конституциялық қағидаттары айтарлықтай күшейтілген.
Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, судьялардың тәуелсіздігі нығайды. сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді. Сондай-ақ адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет Конституцияда нақты бекітілді.
Сонымен қатар ол Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралғанын айтты. Бірқатар нормалар нақтыланып, мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайларына бейімделген.
Бұдан бөлек, Бақыт Нұрмұханов Конституцияда жаңа, оныншы бөлімнің пайда болғанына назар аударды. Бұл бөлім Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібіне арналады. Сондай-ақ ол «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын он бірінші бөлімнің мазмұнына тоқталды.
Атап айтқанда, бұдан былай Конституцияға өзгерістер Президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі. Сонымен бірге референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылған.

«Бұл – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін арттыруға, сондай-ақ қоғамның сот жүйесіне деген сенімін күшейтуге бағытталған маңызды қадам», – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.
Сонымен қатар ол Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралғанын айтты. Бірқатар нормалар нақтыланып, мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайларына бейімделген.
«Бұл бөлімнің жаңартылуы мемлекет пен қоғамның жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылын тиімді етуге деген ұмтылысты көрсетеді», – деп нақтылады Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.
Бұдан бөлек, Бақыт Нұрмұханов Конституцияда жаңа, оныншы бөлімнің пайда болғанына назар аударды. Бұл бөлім Негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібіне арналады. Сондай-ақ ол «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын он бірінші бөлімнің мазмұнына тоқталды.
Атап айтқанда, бұдан былай Конституцияға өзгерістер Президенттің шешімімен және тек жалпыхалықтық референдум арқылы ғана енгізіледі. Сонымен бірге референдум өткізу бастамасын көтеретін субъектілер қатарына Халық Кеңесін қосуды көздейтін норма қарастырылған.
@aikyngazeti
Жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекет эволюциясының негізін қалыптастырады – Бақыт Нұрмұханов
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында жаңа Конституция жобасы қоғам мен мемлекеттің дамуындағы стратегиялық міндеттерге жауап беретінін және Қазақстан мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталғанын айтты.
Оның сөзінше, жобада ұсынылған жаңашылдықтар елімізде қалыптасқан мемлекеттіліктің конституциялық негіздерін күшейте отырып, қайта бекітеді. Адам құқықтары мен Конституция негізінде құқық үстемдігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайлар жасайды.
Спикер Конституция жобасындағы ережелер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасының логикасына сай келетінін, елдің одан әрі дамуы үшін мызғымас институционалдық негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Сонымен бірге Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары ара қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді.

«Конституция жобасына енгізілген ережелер қоғам мен мемлекет эволюциясының жаңа бір кезеңін ашуға негіз қалайды», – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.
Сонымен бірге Бақыт Нұрмұханов Конституциялық комиссия мүшелерінің, сондай-ақ белсенді азаматтар мен ұйымдардың ұсынымдары ара қарай жұмыс барысында да құнды азық болатынын жеткізді.
@aikyngazeti
Жаңа Конституцияның жобасында рухани-адамгершілік құндылықтар БҰҰ нормаларына сай нақтыланды – Ерлан Қарин
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
This media is not supported in your browser