Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды

Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.

Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті.

Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Конституция жобасында ұлттық және халықаралық мүдделердің теңгерімі толығымен сақталды» – депутат Мұрат Әбенов

@aikyngazeti
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барды

@aikyngazeti
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Ашық өтіп жатқан талқылауға әртүрлі буын өкілдері, түрлі мамандық иелері мен алуан көзқарастағы азаматтар қатысуда» – Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев

@aikyngazeti
👍1
Президенттік әдеби сыйлық пен «Айбоз–2025»: жеңімпаз атанған қаламгерлер Астанада марапатталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1
Биыл Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады

Мәжіліс қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.

Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша толықтырылады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Еркін Әбіл, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі: Жаңа Конституция жобасының орталық идеяларының бірі – тарихи сабақтастық

Мәжілістің жалпы отырысында конституциялық реформа бойынша сөйлеген сөзі.

@aikyngazeti
Қызылшаға шалдыққан курсанттар: Көкшетауда 36 бала әлі ем қабылдап жатыр

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымның Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ауылдық жерлерде жұмыссыздық пен әлеуметтік шиеленістің көбею қаупіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
🇰🇿🇵🇰Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысын Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф күтіп алды.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

@aikyngazeti
👍1