Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді
Бүгін Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында XXV қысқы Олимпия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Астана уақытымен сағат 23:55-тен бастап бәсекенің тұсаукесер кешін еліміздің 4 телеарнасы - Qazaqstan, Qazsport, «Хабар» және Jibek Joly тікелей эфирде көрсетеді.
Ұлттық құрамалар шеруінде Мемлекеттік туды Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әмренова (фристайл-могул) ұстап шығады
@aikyngazeti

❤2
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша бұған дейін атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.
Президент Конституциялық комиссия жұмысы ашық форматта жалғаса беруге тиіс екенін атап өтті. Бұл азаматтардың талқылау барысынан хабардар болып, жоба мазмұнымен егжей-тегжейлі танысуына мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сарапшылар мен қоғам өкілдері жолдаған ұсыныстардың барлығын жіті талдауды тапсырды.
Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының жекелеген баптары мен тармақтарын редакциялап жатқанын айтты. Комиссияның кезекті отырыстары ертең, яғни 7 ақпанда және келесі аптада өтеді.

Жаңа Конституция жобасын халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірледі
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
😱2
Кәсіподақтар Федерациясы: жаңа Конституция жобасында әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдық бірлік басты құндылықтар ретінде айқындалған
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
✉️Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
🇰🇿🇵🇰Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.
Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді.

Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті
Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты.
Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.

"AIQYN аптаның" жаңа саны жарық көрді:
▪️ Егіздерден тараған ерекше әулет
▪️ Роза Рымбаева, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Елу жыл халқыммен бірге өмір сүріп келемін
▪️ Тозған үйдің жайы толғандырады
▪️ Ислам Әбдірайымов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы: Басты ұстаным – елдің абыройын асқақтату
▪️ Мемлекет пен бизнес арасындағы сенім
▪️ Қоғамның ұсынысы ескерілді
Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз
Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!