Aikyn.kz
3.16K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Миланда XXV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты өтті

Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында ресми түрде XXV қысқы Олимпия ойындары басталды. Төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Мемлекеттер шеруінде Қазақстанның көк байрағын Денис Никиша (шорт-трек) мен Аяулым Әміренова (фристайл-могул) ұстап шықты.

Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасы 6-22 ақпан күндері өтеді. Италиядағы төртжылдықтың басты додасына әлемнің 93 мемлекетінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Олар 8 спорт түрі (16 дисциплина) бойынша 116 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) 10 дисциплинада жүлдеге таласады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қазақстан құрамасының Ту ұстаушылары - Денис Никиша және Аяулым Әміренова

@aikyngazeti
🤺🥇 Қазақстандық семсерлесуші Руслан Курбанов әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды!

Шпага сайысы Германияның Хайденхайм қаласында өтті.

Кезеңге барлығы 373 спортшы қатысты, олардың қатарында Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы жапондық Коки Кано да болды.

@aikyngazeti
👍2
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы басталды

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:

📱 consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026 

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа Конституция жобасында теңге мәртебесі конституциялық тұрғыда бекітіледі — Бақыт Нұрмұханов

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Аида Балаева: Азаматтар білім алу мен медициналық көмек құқығынан айырылмайды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ерлан Қарин: Жаңа Ата Заң Қазақстанның өз мүддесі тұрғысынан әзірленуде

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Еңбек адамы – экономиканың құралы емес, мемлекеттің басты құндылығы» – депутат Максим Рожин

@aikyngazeti
2026 жылғы Олимпиаданың алғашқы медалі Швейцарияға кетті!🥇

24 жастағы Франьо фон Алльмен Бормиодағы «Стельвио» трассасында ерлер арасындағы жылдамдықпен түсу сайысында жеңіске жетті.

Швейцариялық тау шаңғышысының нәтижесі — 1:51.61.

🥈🥉 Күміс пен қола медальдар Италия спортшыларына бұйырды.

@aikyngazeti
Иран АҚШ шабуыл жасаса, Таяу Шығыстағы америкалық әскери базаларға соққы беретінін мәлімдеді. Бұл туралы Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи катарлық Al Jazeera арнасына берген сұхбатында айтты

Аракчидің айтуынша, соққылар АҚШ базаларына бағытталады және олар орналасқан елдерге қарсы әрекет ретінде қарастырылмайды.

Иран мен АҚШ ядролық мәселе бойынша жанама келіссөздерді жалғастыруға дайын, бірақ Тегеран келіссөздер тек ядролық бағдарлама аясында өтетінін, басқа талаптарды талқыламайтынын атап өтті.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қысым көрсетіп, әскери соққымен қорқытқан. Иран ядролық қару жасау ниетін жоққа шығарады.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан арнайы мақсаттағы бөлімшелері командалары UAE SWAT Challenge (Дубай, БАӘ) халықаралық турнирінің бірінші күнін жеңіспен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

48 мемлекеттің 109 арнайы жасақ командалары ішінен топ жарған еліміздің төрт командасы да үздік ондық құрамында.

Kazakhstan C командасы турнир кестесінде бірінші тұр. Екінші орында - Kazakhstan D. Kazakhstan В турнир кестесінде төртінші орында тұр. Kazakhstan А оныншы орында.

Еліміздің Tomiris қыздар командасы жалпы есепте 20-орында, бұл әйелдер арасындағы үздік көрсеткіш.

Командалар құрамында бір ту астына ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ҚР Ішкі істер министрлігі арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үздік жауынгерлері біріккен.

Бес күндік сайыстан тұратын турнир 11 ақпанда аяқталады.

@aikyngazeti
ХV қысқы Олимпиада ойындары

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

16:50 Шаңғы жарысы (ерлер). Скиатлон
Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало

18:05 Биатлон. (аралас эстафета 4х6)
Владислав Кереев, Әсет Дүйсенов, Милана Генева, Айша Рақышева

Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

@aikyngazeti
📢 10 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді

Жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
 
@aikyngazeti
❤1
Алматыда қазақ қыздарына тіл тигізген ресейлік стримерлер 15 тәулікке қамалды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ресей әскерлері Донецк облысындағы Мирноград маңында күш жинап, қаланы шабуылдауға дайындалып жатыр. Бұл туралы Украина Қарулы күштерінің «Шығыс» әскер тобы хабарлады.

Украин бөлімшелері Мирноградтың солтүстік бөлігінде қорғаныс шептерін ұстап тұр. Жау ауыр техника мен тірі күшті шоғырландыруға тырысуда, украин әскері олардың логистикасы мен шоғырланған орындарына соққы беріп жатыр.

Сонымен қатар Покровск қаласының солтүстік бөлігі Украина әскерінің бақылауында. Қалалық ұрыстар жалғасуда, қарсыластың оңтүстікте топтасу әрекеттері жүйелі түрде жойылуда.
Астана қаласы Нұра ауданындағы Тұран даңғылында құрылыс алаңында жеке тұрған контейнер өртенді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ТЖМ дерегінше, өрт сөндірушілердің үйлесімді және жедел әрекеттерінің арқасында тұрмыстық үй-жайға бейімделіп жабдықталған контейнердің жануы 80 ш.м аумақта толығымен сөндірілді

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - деп жазылған ресми хабарламада
2026 жылғы Олимпиада ойындарында биатлоннан аралас эстафетада Франция құрамасы жеңіске жетіп, алғашқы алтын медальды иеленді.

Италия мәреге екінші болып келсе, Германия үшінші орынды алды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 21 команданың ішінде соңғы нәтиже көрсетті. Айта кетерлігі, эстафетаның екінші кезеңінде Қазақстан бір бақылау нүктесінде 10-орынға дейін көтерілген.