Aikyn.kz
3.11K subscribers
11.9K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Президент:

«Менің шетелге сапарларым және инвесторлармен кездесулерім барысында қол жеткізілген келісімдердің орындалуына баса мән беру қажет.

Коммерциялық келісімдердің жалпы құны былтырдың өзінде шамамен 75 миллиард доллар болды. Жұмысты созбалаңға салу және қол қойылған келісімдерді орындамау деген мәселе болмауға тиіс. Бұл жұмысты орындауға Президент Әкімшілігі де жауапты.

Ашығын айту керек, бізде мынадай жағымсыз үрдіс пайда болды: жоғары басшылық деңгейіндегі келіссөздердің алдында өте белсенді жұмыс жүргізіледі, ал кейін тым-тырыс болып қалады. Мекемелер арасындағы бітпейтін өзара келісу әрекетін доғару керек. Үкімет мейлінше дербес болуды сұрады, дербестік берілді, енді іс жүзінде соны дұрыс қолдануы керек.

Қол қойылған әрбір құжат алдын ала сапалы түрде дайындалып, орындалу мерзімдері нақты айқындалуы қажет. Жұмыстың нәтижесі үшін бірінші басшыларға жеке жауапкершілік жүктеледі.

Мемлекет инвесторлар алдындағы міндеттемелерін толық орындауы керек. Елге сенім, іскерлік бедел осылай қалыптасады.

Үкімет Қазақстанның инвестициялық әлеуетін көтеруге, бәсекелік артықшылықтарын дамытуға баса мән бергені жөн».

@aikyngazeti
❤2
Олимпиада-2026:
Төртінші жарыс күнінің кестесі

@aikyngazeti
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы басталды

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:

📱 consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026 

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Ата заң жобасына жекелеген қосымша нормаларды енгізу туралы айтты

@aikyngazeti
Жаңа Конституцияда өтпелі кезеңнің барлық рәсімдері, мерзімдері мен регламенттері нақты жазылады

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның ХІ отырысында елдегі саяси үрдістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасында барлық өтпелі ережелерді нақтылап жазу қажет деген пікір білдірді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Конституцияда тұрғын үйден шығаруға жол бермеу туралы норманы бекіту туралы айтты

@aikyngazeti
«Жастарға жұмыс» жобасы арманымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді – Темуджин Сәрсенов

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізілуде

Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған.

1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген.

Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, сондай-ақ банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро бар.

Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

@aikyngazeti
Елордадағы емханада ми қызметін зерттейтін аппарат іске қосылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашиновтың Энергетика министрлігінің өкіліне Өскемен қаласындағы экологиялық мәселелерді шешу үшін өңірді газдандыру жоспары бойынша қойған сұрағы

@aikyngazeti
Республика бойынша аяз күшейіп, тұман түседі

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) кезекті отырысы басталды

Іс-шара әлеуметтік желідегі ресми парақшаларда тікелей эфир жүруде:

📱 consot_kz

📱constcouncil.kz

📱 Конституциялық реформа 2026 

@aikyngazeti
Жаңа Конституцияның жобасы бойынша 10 мыңнан аса өтініш түсті – Эльвира Әзімова

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституция жобасында тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту туралы айтты

@aikyngazeti
Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12-ші отырысында жаңа Конституцияның жобасы – біртұтас, теңдестірілген және жете пысықталған құжат, бүкілхалықтық референдумға шығаруға дайын деген пікірді айтты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Тұрғылықты халықтың айтуынша, үйдің қазіргі күйі қауіпті. Жыл өткен сайын артқа қарай шалқалап, құ­­лау­­дың аз-ақ алдында тұрғанын алға тартады. Тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге де жарамсыз күйде деп есеп­тейді. Соған қарамастан, халықтың жанай­қайы ескерусіз қалып тұр екен

Қызылорда облысындағы тозған үйдің жай-күйі туралы мына сілтемеден оқи аласыз

@aikyngazeti
😱1
Айдос Сарым: Жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❗Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

@aikyngazeti