Aikyn.kz
3.12K subscribers
11.9K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Тұрғылықты халықтың айтуынша, үйдің қазіргі күйі қауіпті. Жыл өткен сайын артқа қарай шалқалап, құ­­лау­­дың аз-ақ алдында тұрғанын алға тартады. Тіпті жөндеу жұмыстарын жүргізуге де жарамсыз күйде деп есеп­тейді. Соған қарамастан, халықтың жанай­қайы ескерусіз қалып тұр екен

Қызылорда облысындағы тозған үйдің жай-күйі туралы мына сілтемеден оқи аласыз

@aikyngazeti
😱1
Айдос Сарым: Жаңа Конституция жобасы – бірегей тарихи құжат

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына Комиссияның жаңа Конституция жобасы бойынша атқарған жұмысы туралы мәлімет берілді.

Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен он екі отырысының нәтижесінде жаңа Ата Заңның қорытынды жобасы әзірленгенін баяндады

Мемлекет басшысы Конституциялық комиссияның өте ауқымды әрі маңызды жұмыс атқарғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев таяу арада жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қоятынын мәлімдеді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❗Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

@aikyngazeti
Жаңа Конституция мәтіні оқуға жеңіл, құқықтық тұрғыдан нақты құжатқа айналды

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның 12-ші отырысында мәлімдеді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Талғар қаласының әкімі қызметінен кетті

Бұл қызметте ол 1 жыл 2 ай жұмыс істеді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
😢1
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Дәрігерсіз ем, мұғалімсіз мектеп

🔸 Киік еті кең нарыққа жол тартты

🔸 Бадам өзеніндегі «балық қырғыны»

🔸 Ауылдан шыққан желаяқ: «Ерінсең – ештеңеге жетпейсің»

🔸 Мәжіліс газ тұтыну туралы заң жобасын мақұлдады

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424
Жаңа Конституцияның жобасы

Ата Заңға өзгертулер жалпыхалықтық референдум арқылы ғана іске асады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтижеге қол жеткізген қазақстандық командаларды құттықтады.

Бұл туралы Президент көмекшісі - Баспасөз хатшысы Айбек Смадияр телеграм каналында жазды

Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A командасы жалпы есепте екінші орынға ие болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.

Мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста лайықты өнер көрсеткен арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.

@aikyngazeti
🔹 Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды

🔹 Ғалымдар CO₂-ны пайдалы энергияға айналдыратын қолжетімді шешім тапты

🔹 Бала тууына және бала күтіміне байланысты биыл қанша жәрдемақы төленді?

@aikyngazeti
❤1
Әскери колледжде қызылшаға шалдыққан кадеттердің жалпы саны 300-ге жетті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Мерген пневматикалық винтовкамен 50 метр қашықтықтан жатып ату жаттығуында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Аталған бағдарламада Никита Шахторин екінші орынды иеленді.

Сондай-ақ жарыстың кезекті күнінде Никита Чирюкин күміс медаль жеңіп алды. Ол тапаншамен 25 метр қашықтықтан жылдам ату сайысында екінші нәтиже көрсетті

@aikyngazeti
БҚО-да ауруханаға ауыр жағдайда түскен 11 айлық сәби көз жұмды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Астана 2027 жылы 4 наурызда УЕФА-ның 51-Конгресін қабылдайды

Бұл туралы Брюссельде өткен ұйымның мерейтойлық 50-Конгресінде ресми түрде жарияланды.

Астанада өтетін Конгресс сайлау форматында болады. Бұл жерде УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері сайланады.

@aikyngazeti
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің және шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығының Бас хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті

Кездесу барысында Мемлекет басшысы халықаралық аренада беделді әрі іргелі институттардың бірі саналатын Мұсылман ақсақалдар кеңесінің елімізде жүзеге асырып жатқан маңызды жобалары мен бастамаларына қолдау білдірді.

Президенттің айтуынша, толеранттылық және бейбіт өмір сүру қағидаттарын, сондай-ақ гуманизм құндылықтарын орнықтыруда ислам дінінің маңызы айрықша, мұндай ұстаным Қазақстанның саясатымен толық үндеседі.

Мемлекет басшысы Ұйымның Орталық Азиядағы алғашқы өкілдігі елімізде ашылғанын ерекше ілтипатпен қабылдағанын жеткізді.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Кеңестің Президенті, Әл-Азһардың бас имамы шейх Ахмед ат-Тайебке ізгі сәлемін жолдады.

Қазақстан Президентінің Жарлығымен Мұхаммед Әбделсалам конфессияаралық диалогты және гуманитарлық құндылықтарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

@aikyngazeti
Қазақ қыздарына тіл тигізген блогерлер 7 жылға дейін сотталуы мүмкін

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Олимпиадада-2026: Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:

15:35 - Шаңғы жарысы: Наиль Башмаков, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало.

17:50 - Биатлон: Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев.

22:55 - Мәнерлеп сырғанау. Еркін бағдарлама. Ерлер: Михаил Шайдоров.

Барлық жарыстарды «Qazsport» телеарнасы және сайтынан көре аласыздар.

@aikyngazeti
19 тонна алмұрт сертификаттың болмауына байланысты Бельгияға кері қайтарылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Алматыда сақтандыру инвестициясы деген желеумен жасалған алаяқтық схема әшкереленді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti