10 мың жас азамат халықтық Конституцияға қолдау білдірді
Елорда жастары Конституциялық реформаға қолдау көрсетіп, live-концертке қатысты. Іс-шара 10 мыңнан астам адамды біріктіріп, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы жұмысы аясындағы алғашқы ірі қоғамдық алаңдардың біріне айналды. Концерт барысында қазақстандықтарды алдағы референдумға қатысып, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасалды.
Іс-шара қоғамдық мәдени акция форматында өтіп, оған елорда тұрғындары мен қонақтары жиналды. Сахнада белгілі қазақстандық орындаушылар өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің тақырып аясындағы баяндамаларымен жалғасын тапты. Жарқынбек Амантай, Мақсат Толықбай, Айкерім Есенәлі, Ақерке Искандерова Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы референдум туралы азаматтарды хабардар етті.
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti

Айлық түскен күнгі ең маңызды шешім қандай?
Көпшілік қаржылық қиындықтың себебін табыстың аздығымен байланыстырады. Бірақ мәселе көбіне табыстың көлемінде емес, оны басқару тәртібінде жатыр. Айлық түскен соң ақша алдымен шығындарға кетеді: пәтерақы, несие, азық-түлік, күнделікті қажеттер. Ай соңында «жинақтаймын» деген ниет қалады, бірақ қаражат қалмайды.
Сондықтан негізгі қағиданы өзгерту керек: алдымен өзіңе төлеу. Яғни айлық түскен күні табыстың 10–20%-ын бөлек шотқа аудару, қалғанымен өмір сүру.Бұл әдістің маңызы — тәртіп қалыптастыру. Егер жинақ ай соңына қалдырылса, ол ешқашан тұрақты болмайды. Ал айдың басында автоматты түрде аударылған сома күнделікті айналымға түспейді. Ол шығын емес, болашаққа арналған қор.
Мысалы, айлық 200 000 теңге болса, 20 000–40 000 теңгені бірден бөлек шотқа аудару керек. Алғашқы айларда бұл сома жетпейтіндей көрінуі мүмкін. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, адам қалған қаражатқа бейімделеді. Шығындар табысқа қарай емес, қолдағы сомаға қарай реттеле бастайды.
Маңыздысы — пайыздың көлемі емес, тұрақтылық. 10% болса да, ай сайын үздіксіз аудару. Кіріс артқан сайын бұл үлесті көбейтуге болады, бірақ жүйе бұзылмауы тиіс.
Айлық түскен күн — тек табыс алынатын күн емес, қаржылық тәртіп қалыптасатын күн. Алдымен өзіңе төлеген адам ғана ұзақ мерзімде қаржылық тұрақтылыққа жетеді.

Бұл тәсілдің үш негізгі нәтижесі бар.
Біріншіден, қауіпсіздік қоры жиналады. Күтпеген жағдай — жұмыссыз қалу, денсаулық мәселесі, шұғыл шығын — қаржылық күйзеліс туғызбайды. Кемінде 3–6 айлық шығын көлемінде резерв қалыптасады.
Екіншіден, несиеге тәуелділік азаяды. Жинақ бар жерде шұғыл жағдайда қарыз алу қажеттілігі төмендейді.
Үшіншіден, психологиялық тұрақтылық пайда болады. Қолда қор бар екенін білу шешім қабылдауды жеңілдетеді. Ақша тек күнкөріс құралы емес, қауіпсіздік пен еркіндік факторы екенін сезіну қалыптасады.
Маңыздысы — пайыздың көлемі емес, тұрақтылық. 10% болса да, ай сайын үздіксіз аудару. Кіріс артқан сайын бұл үлесті көбейтуге болады, бірақ жүйе бұзылмауы тиіс.
Айлық түскен күн — тек табыс алынатын күн емес, қаржылық тәртіп қалыптасатын күн. Алдымен өзіңе төлеген адам ғана ұзақ мерзімде қаржылық тұрақтылыққа жетеді.
❤1
🔹 Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
🔹 Ресей әскері Одессадағы теміржол нысанына шабуыл жасап, алапат өрт шықты
🔹 Ораза басталмай тұрып осы істерді жасап үлгеріңіз

Түркияның Самсун қаласында магнитудасы 4 болатын жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
AFAD мәліметінше, жерасты дүмпулері 00:20-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Samsun провинциясының Везиркёпрю ауданында орналасқан.
Жер сілкінісі шамамен 7 шақырым тереңдікте болған.
Самсун - Түркияның солтүстігінде, Қара теңіз жағалауында орналасқан қала.

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.
Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды.
Ресурс қазақстандықтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде әзірленді.
referendum2026.kz сайтында Негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.

Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар:
🔸 13:50, 17:20 - Тау шаңғысы. Гиганттық слалом (Ерлер). Іріктеу. Финал
🔸 14:55 - Шорт-трек (Әйелдер 1000 м., Ерлер 500 м., 5000 м.)
🔸 22:55 - Тұғырдан секіру (Ерлер). Командалық жарыс. Финал

Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.
Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды.
Кездесу соңында Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

❤3
Микро және шағын бизнес үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібі бекітілді
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Толығырақ мына сілтемеде
@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.
Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.
Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.