Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.9K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясын қолдау» жалпыұлттық коалициясының ресми сайты алдағы референдумға және Жаңа Конституция жобасына арналған.

Халықтық Конституция үшін коалициясының сайты іске қосылды.

Ресурс қазақстандықтарға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнымен танысуға мүмкіндік беретін түсінікті әрі қолжетімді ақпарат алаңы ретінде әзірленді.

referendum2026.kz сайтында Негізгі заң жобасының толық мәтіні жарияланды. Сонымен қатар мұнда өзекті материалдар, сарапшылардың пікірлері және Коалицияның өңірлердегі жұмысына қатысты жаңалықтар тұрақты түрде жарияланып отырады.

@aikyngazeti
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар: 

🔸 13:50, 17:20 - Тау шаңғысы. Гиганттық слалом (Ерлер). Іріктеу. Финал

🔸 14:55 - Шорт-трек (Әйелдер 1000 м., Ерлер 500 м., 5000 м.)

🔸 22:55 - Тұғырдан секіру (Ерлер). Командалық жарыс. Финал

@aikyngazeti
Алтын бағасы құлдырады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы сумошы Ерсін Балтағұлды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балтағұлмен кездесті.

Президент спортшының былтыр Император кубогында «маэгашира» атағын, яғни сумо балуандарының ең жоғары дәрежесін иеленіп, жарыс қорытындысы бойынша «Канто-се» (жауынгерлік рух) арнайы жүлдесін алуымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүлде табандылық пен қажырлы еңбектің жемісі екеніне тоқталды.

Кездесу соңында Президент спорт саласындағы елеулі еңбегі үшін сумошы Ерсін Балтағұлды ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

@aikyngazeti
❤3
Микро және шағын бизнес үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару тәртібі бекітілді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Ресей сан қырлы қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын достық әрі өзара сенім сипатында талқылады.

Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың дәйекті түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету жұмыстарына оң баға беріп, бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын ілгерілетудің маңызына тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын тағы да растады.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.

@aikyngazeti
Ақордада UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жүлделі оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олар нағыз қазақ жауынгері рухының қандай болатынын әлем жұртшылығына паш еткенін, Қазақстанның беделін биікке көтергенін атап өтті.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Түркістан облысы: Конституцияның қоғам үшін маңызы түсіндірілді

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының Түркістан өңірлік филиалы Түркістан қаласындағы мәдениет үйінде Сауран ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
2026 жылғы 16 ақпан сағат 18:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:

📍 Ақмола  облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығы (Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).

📍 Павлодар облысы:

- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолды 2026 жылғы 17 ақпан сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

@aikyngazeti
Джордж Ацалакис: Қазақстан Орталық Азиядағы қуатты әрі өркендеген мемлекетке айналмақ

Греция еліндегі Крит техникалық университеті – Ғылыми деректер зертханасының доценті, экономист Джордж Ацалакис Қазақстанда қаралып жатқан Жаңа Конституция өзгеруі, жалпы ұлттық Коалицианың құрылуы, елдегі саяси реформалардың халыққа ғана емес, бүкіл әлемге әсері барын қозғады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤1
Жамбыл облысының тұрғындары Жаңа Конституцияны тарихи қадам ретінде қабылдады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Alphard-қа тыйым салу қажет пе?

🔸 Патологоанатом: бастысы – эмоцияға берілмей бағалау

🔸 Жігітте арман бар ма алтынды алған

🔸 Құжаттан шыққан құрылыс дауы

🔸 Судың сұрауы болмай тұр

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424
❤2