Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Аида Балаева: Референдум – формалды процедура емес, ол – халықтың тікелей қатысуының ең тиімді тетігі

Талдықорған қаласындағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының жұмысы шеңберінде Жетісу облысы активімен кездесу өтті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
😢1
Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

Жетісу облысында өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған кездесу өтті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Аида Балаева: Өндіріс тұрақтылықты, тәртіпті және түсінікті нормаларды талап етеді

Талдықорған қаласында «Қайнар-АКБ» ЖШС алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының мүшелері еңбек ұжымымен кездесу өткізді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Кіршіксіз сезімнің «Пейіші»

🔸 Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының және Конституциялық комиссия мүшесі: Отбасы институты – тұрақтылық тетігі

🔸 Басқарманың «былығын» ашқан баяндама

🔸 Жылудың жайын ұлттық жоба жүйелемек

🔸 Бағасы бақыланбаған сала

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424
Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл.

Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді.

Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі.

Бүгінде Қазақстан ауқымды өзгерістердің, түбегейлі жаңғырудың тарихи кезеңіне қадам басты. Жаңа халықтық Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды. Бұл өрлеу және әділеттілік даңғылына түскен мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын Негізгі Заң болмақ.

Бас құжат мыңдаған жыл тарихы бар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтуға, еліміздегі саяси, азаматтық, экономикалық институттардың тиімділігін арттыруға және адам құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіріп, күшейтуге жол ашады.

Біз дәстүрлі рухани-мәдени құндылықтарымызды қастерлей отырып, Құқық пен Заң үстемдігі, Тәртіп пен Тазалық, Әділдік пен Отаншылдық сияқты мызғымас қағидаттарды терең түсінетін әрі мүлтіксіз сақтайтын ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып жатырмыз. Мұның бәрі қасиетті Рамазан айының мәңгілік ұлағатымен толық үндеседі.

Білімге, тазалыққа және жақсылыққа бастайтын өркениетті қоғамда Рамазан айы жаңа рухани мәнге ие болып, барша жұртқа шапағатын тигізетіні сөзсіз.

Қасиетті Рамазан құтты болсын, мұсылман жамағаты!

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонға жұмыс сапарымен келді

Сапар аясында Мемлекет басшысы Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, бірқатар елдің көшбасшыларымен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми тұлғаларымен кездесу өткізеді

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа үлкен үміт артатынын айтты. Сондай-ақ мемлекет жастарға ұдайы қолдау көрсетіп, олардың жан-жақты дамуына және қабілет-қарымын ұштауға қолайлы жағдай жасайтынын жеткізді.

Президент наурыз айында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдумның ел болашағы үшін тарихи маңызы зор екеніне назар аударды.

Студенттер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдірді.

@aikyngazeti
Ақмола облысында су тасқынын дронмен бақылайды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ұлттық ұлан сарбаздары тыйым салынған заттарды тапты

Атырау қаласында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, қырағылық пен кәсіби іс-қимылдың нәтижесінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің алдын алды.

Оқиға 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 14:05 шамасында мекеменің автокөліктік бақылау-өткізу пунктінде болды.

Бақылау тобы қызметтік-іздестіру итімен «КамАЗ» маркалы автокөлікке кешенді тексеру жүргізді. Жеке құрамның қырағылығы мен кәсіби шеберлігінің арқасында автокөліктен ерекше иісі бар жасыл түсті орама табылып, тәркіленді.
«Эльза» есімді қызметтік ит тыйым салынған затты анықтап, бұл мән-жайды тексеру жүргізуге және затты тәркілеуге негіз болды.

Бақылау тобының құрамында ефрейтор Нұрасыл Әбдреш пен кинолог-маман қатардағы Алмат Дүйсенов болды.

@aikyngazeti
Электромобиль нарығы «бақылаудан шықты», ірі автоөндірушілер миллиардтаған шығынға батты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Аида Балаева: Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітілді

Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤1
Жалпыұлттық коалиция өкілдері «Шин-Лайн» ЖШС ұжымымен кездесті

Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі, Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Аида Балаева, Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов және Сергей Пономарев, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева және басқалары қатысты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Алматы облысындағы «Фирма-Бент» ЖШС зауытында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің еңбек ұжымымен кездесуі өтті.

Жиын Жаңа Конституция жобасы мен алдағы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti