Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Вашингтондағы Бейбітшілік кеңесіне қатысушылар бірге суретке түсті

@aikyngazeti
❤2
Президент U.S. International Development Finance корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады

🟦Беделді халықаралық қаржы институты басшысымен кездесуде инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы талқыланды.

Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстанның орнықты дамудағы маңызды серіктесі деп атап, экономиканың түрлі секторындағы ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенін растады.

Бен Блэк Президент Дональд Трамп пен оның әкімшілігі Қазақстанмен тығыз әрі өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға баса мән беретінін айтты.

Осы орайда ол аймақтық және өңіраралық сауданы кеңейтуде стратегиялық маңызға ие тау-кен өндірісі, көлік-транзит инфрақұрылымы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асырудың мүмкіндігі мол екеніне назар аударды.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді қабылдады

АҚШ-қа жұмыс сапары аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев авиация, қорғаныс және ғарыш техникаларын шығаратын Boeing трансұлттық корпорациясының басшылығымен кездесті.

Президент отандық Air Astana, SСAT және Vietjet Qazaqstan компаниялары еліміздегі авиация саласын дамытуда ерекше маңызға ие ортақ жобаларды одан әрі ілгерілетуге мүдделі екенін атап өтті.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana мен Boeing арасында ұшақ жеткізу бойынша келісімге қол қойылғанын құптады.

Биыл жыл соңына дейін Құрама Штаттарға тікелей әуе қатынасын ашу мақсатында Boeing 787 Dreamliner ұшақтары елімізге жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, SCAT әуе компаниясы қосымша Boeing ұшақтарын сатып алмақ.

Сонымен қатар кездесу барысында авиация саласына маман даярлау және еліміздегі жүк тасымалдаушы ұшақтар паркін дамыту перспективасы талқыланды.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады

Президент Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы сомасы 180 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық келісімге қол қойылғанын құптады.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл уағдаластық маңызды стратегиялық серіктестіктің бастауы саналады және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтон қаласына сапары

@aikyngazeti
👍1
Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін қатысушылар арасында бөлінген.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.

Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

@aikyngazeti
Милан және Кортина-д'Ампеццодағы қысқы Олимпиада-2026:
бүгінгі жарыс кестесі

@aikyngazeti
👍1
Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың робототехника орталығы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ішкі істер министрлігі смартфондарға қатысты ескерту жариялады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
🔸 Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

@aikyngazeti
👌1
«Отбасының әр мүшесіне 300 мың теңге беріледі»

Абай облысында «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы іске қосылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤2
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

14:40 – Фристайл. Акробатика. Аралас командалық финал: Асылхан Асан, Роман Иванов, Аяна Жолдас.

14:50 – Шаңғы жарысы. Ерлер. 50 км: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков.

23:55 - Михаил Шайдоров өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаудан гала-концерт.

@aikyngazeti