Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Мемлекет басшысы Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ashmore Group халықаралық инвестициялық компаниясының басшысы Марк Кумбс өзара тиімді бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты қабылдады

Президент Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Mars компаниясы арасында жалпы сомасы 180 миллион долларға жуықтайтын инвестициялық келісімге қол қойылғанын құптады.

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл уағдаластық маңызды стратегиялық серіктестіктің бастауы саналады және Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін көрсетеді.

Жоба аясында Mars компаниясы Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Вашингтон қаласына сапары

@aikyngazeti
👍1
Дәрігерлер ата-аналарға үндеу жасады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында бюджет қаражатын жүйелі түрде жымқыру фактісі бойынша сот үкімі шықты

Басшылар, бухгалтерлер және экономистерді қоса алғанда 18 лауазымды тұлға жалақы мен өзге де төлемдерге арналған бюджеттік өтінімдерді негізсіз ұлғайту арқылы ауданның 49 жалпы білім беретін мектеп қаражатын иемдену схемасын ұйымдастырған.

Бухгалтерия қызметкерлері электрондық жүйелерге әдейі жалған мәліметтер енгізіп отырған. Төлем ведомостары мен есеп парақтарына іс жүзінде жұмыс істемеген адамдар енгізілген немесе жалақы мен үстемеақылардың көлемі негізсіз өсірілген

Қаражат жалған тұлғалардың, оның ішінде туыстары мен таныстарының банктік шоттарына аударылып, кейін қатысушылар арасында бөлінген.

Нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал 583 млн теңгеден асты.

Тергеу барысында күдіктілер келтірілген шығынды толық өтеді.

Сот 14 адамды 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Тағы 4 адамға қатысты іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылды.

Үкім заңды күшіне енді.

@aikyngazeti
Милан және Кортина-д'Ампеццодағы қысқы Олимпиада-2026:
бүгінгі жарыс кестесі

@aikyngazeti
👍1
Аида Балаева: Адами капитал – жаңа Конституцияның басты басымдығы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың робототехника орталығы алаңында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелері белсенді жастармен және IT саласының өкілдерімен кездесті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Ішкі істер министрлігі смартфондарға қатысты ескерту жариялады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Аида Балаева: Тарихи-мәдени мұраны сақтау конституциялық қағидаттар деңгейіне көтерілді

Алматыда Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен шығармашылық зиялы қауым өкілдері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен кездесті

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
🔸 Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

@aikyngazeti
👌1
«Отбасының әр мүшесіне 300 мың теңге беріледі»

Абай облысында «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы іске қосылды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері хоккей клубын қолдау және елдегі Конституциялық реформаларды қолдау мақсатында қоғамдық акцияға қатысты.

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤2
Бүгін жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

14:40 – Фристайл. Акробатика. Аралас командалық финал: Асылхан Асан, Роман Иванов, Аяна Жолдас.

14:50 – Шаңғы жарысы. Ерлер. 50 км: Әмірғали Мұратбеков, Наиль Башмаков.

23:55 - Михаил Шайдоров өнер көрсететін мәнерлеп сырғанаудан гала-концерт.

@aikyngazeti
Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстан бір жылға шеттетілді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Мемлекет басшысына қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына қасиетті Рамазан айының басталуына орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, БАӘ Президенті Мұхаммед бен Зайд Әл Нахаян, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, Вице-президент, БАӘ Премьер-министрінің орынбасары және Президент Әкімшілігінің басшысы Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Кувейт Әмірі шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабах, Палестина Президенті Махмұд Аббас және басқалары құттықтады.

Президенттің атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

@aikyngazeti
Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституция жобасына арналған сарапшылар талқылауына қатысты

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбындағы сарапшылар алаңын Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі

Іс-шара ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының, "Amanat" партиясының қоғамдық саясат институтының Telegram-арналарында және Khabar TV, Qazaqstan TV Youtube-каналдарында тікелей эфирде көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық платформаның бірінші панельдік сессиясы өз жұмысын аяқтады. Сессия саяси трансформация, билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, сондай-ақ мемлекеттік институттардың үйлесімділігі мен басқарылуын күшейту мәселелеріне арналды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti