Aikyn.kz
3.17K subscribers
11.9K photos
2.7K videos
4 files
6.32K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Әсем Орынбай Азия ойындарында скиттен қола медаль жеңіп алды

Стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды.

Скиттен әйелдер арасында өткен жекелей сында қазақстандық спортшы финалда 28 нысананы дәл көздеп, үшінші орынға ие болды.

Алтын медальді 35 нысананы дәл көздеген Қытай өкілі Цзян Итин жеңіп алды. Таиланд спортшысы Исарапа Импрасертсук 31 нысананы атып, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Қазақстанның тағы бір өкілі Зоя Пискун 18 нысананы дәл көздеп, алтыншы орынмен жарысты аяқтады.

Бұл – Әсем Орынбайдың осы Азия ойындарындағы екінші медалі. Бұған дейін ол Зоя Пискун және Адель Садақбаевамен бірге командалық есепте күміс жүлде иеленген.

@aikyngazeti
🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Айсұлу Сүлейменнің Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке пилотсыз авиация саласын дамыту шаралары бойынша жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Үнзила Шапақтың Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевқа Конституцияда бекітілген құндылықтарды дәріптеу мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Сайырдың Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовке солтүстік және шығыс өңірлерді газдандыру мәселесіне қатысты жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Ербол Данағұловтың Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жолдаған депутаттық сауалы.

@aikyngazeti
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.

@aikyngazeti
Aikyn.kz
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөз сөйледі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды. @aikyngazeti
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды
– Бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл лауазымға елге белгілі, халық пен биліктің арасында дәнекер болатын азамат келуге тиіс деп санаймын. Осының бәрін ескере отырып, мен Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Бұл азаматты бәріңіз жақсы білесіздер, жауапкершілігі жоғары, білікті, тәжірибесі мол тұлға. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде ұзақ жыл еңбек етті, бұл жұмысты абыроймен атқарды. Мәжіліс Төрағасы ретінде ауқымды реформаларды іске асыруға белсене атсалысты. Енді Халық Кеңесі Төрағасы ретінде табысты жұмыс істеп, қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасына мұқият назар аударып, қолдайсыздар деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Президент консультативтік мекемеге кәсіби білігі жоғары мамандар, абырой-беделі зор, нағыз отаншыл азаматтар мүше болғанын айтты.
– Олардың қатарында жұртшылыққа белгілі тәжірибелі тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен көптеген белсенді азаматтар бар. Құрылтайдың алғашқы отырысында айтып өткенімдей, ауқымды реформалардың арқасында мемлекеттік басқару ісіне жаңа, жасампаз, озық ойлы азаматтардың келуіне жол ашылды. Ел мүддесі үшін адал қызмет ету – зор мәртебе әрі қастерлі парыз. Осы орайда, Сіздерге – Халық Кеңесінің әрбір мүшесіне ерекше жауапкершілік жүктеліп отыр. Сіздер ел игілігі үшін табанды еңбек етіп, мемлекеттігімізді нығайтуға зор үлес қосасыздар деп сенемін. Ырысты ынтымағымызды, қоғамдық келісімді күшейту үшін белсенді түрде еңбек етесіздер деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қазақстан Халық Кеңесінің алдында тұрған міндеттерге ертең алғашқы сессияның негізгі отырысында кеңірек тоқталады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

@aikyngazeti
Қазақстандықтар Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Азия ойындарында ерлер арасында қос ескекті қайықпен жарысудан жеңімпаз атанды!

Шешуші бәсекеде қазақстандықтар қашықтықты 6 минут 25,13 секундта бағындырып, бірінші орынға ие болды.

Күміс жүлдені қытайлық Чуан Цао мен Мэншуай Ян иеленді. Олар қазақстандықтардан 2,09 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Өзбекстан өкілдері Максим Голубев пен Алишер Турдиев (6:32,34) жайғасты.

Осылайша, Яковлев пен Чернухин Қазақстан құрамасының қоржынына Азия ойындарының алтын медалін салды.

📸 Нұрғали Жұмағазы

@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

🔸 Мұхтар Құл-Мұхаммед, заң ғылымының докторы, профессор, академик: Америка асқан қазақтар

🔸 Есірткімен күрестің жаңа кезеңі басталды

🔸 Асқар Дүйсенбі, ақын, композитор, фольклортанушы ғалым: Ақынның міндеті – дәуірдің ізін сөзбен сақтау

🔸 Табиғатты аялау – ортақ міндет

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын  "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ақтөбе облысында жеке кәсіпкер 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды

Тергеу деректеріне сәйкес, сотталған адам аумағы 10 мың шаршы метр өндірістік базада қауіпті қалдықтарды заңсыз өңдеуді және пеш отынын өндіруді ұйымдастырған.

Шикізат ретінде пайдаланылған майлар, мұнай шламдары және құрамында мұнай бар өзге де қалдықтар қолданылған. Олар нафтамен араластырылып, айналым әдісімен өңделген.

Алайда кәсіпкерге қауіпті қалдықтарды өңдеуге, залалсыздандыруға және кәдеге жаратуға қажетті лицензия мен экологиялық рұқсат берілмеген.

Нәтижесінде 11 миллион литрден астам пеш отыны сатылып, қылмыстық жолмен 778 миллион теңге табыс алынған.

Сонымен қатар сот оның мүлкін, соның ішінде өндірістік нысанын, автокөліктерін және банк шоттарындағы ақшасын тәркіледі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Айта кету керек, өндірілген пеш отыны ұлттық сапа стандарттарына сай келмеген әрі құрамында зиянды химиялық заттар болған.

@aikyngazeti
«Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын!
 
Бүгін еліміз үшін аса маңызды күн, шын мәнінде тарихи оқиға деп айтуға толық негіз бар. Қазақстан Халық Кеңесі мемлекетіміздің саяси жүйесінде айрықша орын алатын, конституциялық мәртебесі бар бірегей институт болатынына күмәнім жоқ.
 
Қазір Қазақстан ауқымды өзгерістер кезеңін бастан өткеруде. Қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі реформалар іске асырылуда. Алайда реформалар мен өзгерістер осымен өз мәресіне жетті деп мүлдем айтуға болмайды. Бұл жұмыс міндетті түрде жалғасады.
 
Біз билік жүйесін заман талабына сай жаңғырту ісін қолға алдық. Елімізде Халық Кеңесінің құрылуы соның бір айқын дәлелі екені анық».

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінен

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.

🔹 Қазақстан Халық Кеңесінің міндеті
Халық Кеңесі Құрылтайға балама мекеме емес. Екі институт бір-бірін толықтырып, бірлесе жұмыс істеуі тиіс. Кеңес мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың жаңа жүйесіне айналмақ.

🔹 Қазақ тілінің қолданысы кеңейді
«Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады», – деді Президент.
Тоқаевтың сөзінше, қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды. Сонымен бірге ол басқа тілдерді шеттетуге жол берілмейтінін атап өтті.

🔹 Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы аяқталды
Президент ҚХА өз жұмысын аяқтағанын мәлімдеді. Алайда оның қалыптасқан тәжірибесі мен инфрақұрылымы Халық Кеңесінің жұмысында пайдаланылмақ. Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктердің 42 өкілі кірді.

🔹 Қоғамдық ұйымдардың жұмысы тексеріледі
Мемлекет басшысы кейбір республикалық қоғамдық бірлестіктердің тек қағаз жүзінде жұмыс істейтінін айтты. Осындай фактілер құқық қорғау органдарының назарына жолданбақ. Тек мемлекеттік тапсырысты игеру үшін құрылған ұйымдардың жұмысына тосқауыл қою қажеттігін атап өтті.

🔹 Жол мен құрылыс сапасына бақылау күшейтіледі
Президент жаңадан салынған кейбір нысандардың сапасын сынға алды. «Талдықорған – Өскемен» жолын мысалға келтіріп, жол сапасын бағалау жүйесін қайта қарауды және «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» қызметін күшейтуді тапсырды.

🔹 2035 жылға дейін 2,9 млн маман қажет
Болжам бойынша, 2035 жылға дейін Қазақстанға 2,9 млн маман, оның ішінде 1,8 млн жұмысшы маман қажет болады. Кадр тапшылығы өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT салаларында байқалмақ.

🔹 Мәдениет пен тарихи мұра
Тоқаев төл мәдениеттің өрісін кеңейтіп, тарихи жадыны жаңғырту қажеттігін айтты. Оның сөзінше, Ұлы дала мен Алтын Орда тарихын зерттеуге, көрнекті тұлғалардың мұрасын дәріптеуге ерекше назар аударылып отыр.

🔹 Мәдениет жобаларын қаржыландыруға қатысты өзгеріс
Президент мәдениет пен креативті индустрия саласындағы жобаларды ұзақ мерзім қаржыландыру үшін эндаумент қорлар туралы заңнамаға өзгеріс енгізу қажеттігін айтты.

🔹 «Таза Қазақстан» және жауапкершілік
Президент тазалықты ұлттық брендке айналдыру қажеттігін мәлімдеді. Табиғатты және қоғамдық орындарды қасақана ластағаны үшін жазаны күшейтуді ұсынды.

🔹 Жастарға арналған инфрақұрылым
Оқушылар мен студенттердің бос уақытын тиімді өткізуі үшін кітапхана, музей, мектеп, достық үйлері мен саябақтардың мүмкіндігін кеңінен пайдалану тапсырылды. Бұл жұмыс тек ірі қалаларда емес, аудандар мен ауылдарда да жүргізілуі тиіс.

@aikyngazeti
⚡️ Президент барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды жоспарлап отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада Премьер-министрмен және Құрылтай Төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңесетінін мәлімдеді.

Одан кейін Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қоюды жоспарлап отыр. Ал Орталық сайлау комиссиясы жаңа сайлаудың өтетін күнін жариялауы тиіс.

Президент мұның себебін мәслихат депутаттарының көпшілігі «Amanat» партиясының атынан сайланғанымен түсіндірді. Аталған партия «Әділет» партиясына қосылып, қызметін тоқтатқандықтан, тиісті заңнамалық рәсімдер аяқталғаннан кейін депутаттардың басым бөлігінің қызметінің заңдылығына қатысты мәселе туындайтынын айтты.

@aikyngazeti
⚡️Президент:
 
«Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы құрамына кәсіби, отаншыл, қоғамдағы беделі жоғары, мықты азаматтар енді.
 
Бүгін біз алдымызда тұрған мақсат-міндеттерді айқындап алдық. Қоғамымыз сіздерге зор үміт артып отыр.
 
Өздеріңізге жүктелген тарихи миссияның мән-маңызын терең түсініп, мемлекет мүддесі үшін табанды қызмет етесіздер деп ойлаймын.
 
Баршаңызға табыс тілеймін!
 
Қастерлі Отанымыз – Қазақстан өсіп-өркендей берсін!»
 
@aikyngazeti
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жазушыларды қала тақырыбына арналған шығармаларды көбірек жазуға шақырды

@aikyngazeti
Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде теңізге кеткен 9 әскери қызметші қаза тапты

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Aikyn.kz
Маңғыстауда әскери оқу-жаттығу кезінде теңізге кеткен 9 әскери қызметші қаза тапты Толығырақ мына сілтемеде @aikyngazeti
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Үкіметтік комиссияға оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылдауды және қайтыс болған жандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

@aikyngazeti
😢1
❗ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

@aikyngazeti
Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастыруда.

Оқиға орнында жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы және іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде. Қазіргі таңда негізгі міндет – орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні іздестіру.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды.

Комиссияның жұмысы мен оқиға орнындағы іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасуда.

@aikyngazeti
😢2
Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қазақстандық әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдірді

Мемлекет басшысы ел үшін осындай ауыр сәтте Қазақстан Ресей көшбасшысы мен халқының шынайы тілектестігін және қолдауын ерекше бағалайтынын атап өтті.

@aikyngazeti