Aikyn.kz
3.1K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.31K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуі нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылданды

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуі

📍Түрікменстан, Аваза

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.

Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады.

Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.

Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

@aikyngazeti
2026 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының иегері анықталды

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
❤1
ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін аралады.

Түрікменстан павильонында мемлекеттер басшыларының назарына жергілікті бақша және нан-тоқаш өнімдері, түрікмен кілемдері қойылған көрме ұсынылды. Сонымен қатар әдеби-сазды «Оғыздар» («Огузлар») қойылымы көрсетілді.

Қазақстанның ұлттық павильоны еліміздің тарихи-мәдени бай мұрасы мен заманауи жетістіктерін танытатын бірқатар тақырыптық алаңнан тұрады.

Мемлекеттер басшыларына ТМД-ға мүше елдердің ұлттық тағамдарын әзірлеу барысы таныстырылды.

Фестиваль аясында президенттердің қатысуымен Ұйымға мүше мемлекеттер арасында өткен «Жүйріктің шабысы: күш пен сымбат» атты телевизиялық фильмдер байқауының жеңімпаздары марапатталды.

@aikyngazeti
Алдағы күндері қай өңірлерде күн суытады?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
33 жылдан кейін Третьяков галереясы Алматыға оралды: көрмені «Самұрық-Қазына» қолдады

Алматыдағы Ә. Қастеев ат. Ұлттық өнер музейінде «Дәуір мұрасы. Третьяков галереясы қорындағы ХХ ғасыр өнері» атты көрме ашылды.

Халықаралық жоба «Самұрық-Қазына» қоры мен «Росатом» корпорациясының бас серіктестігімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен РФ Мәдениет министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры ретінде қоғам мен елдің дамуына ықпал ететін маңызды бастамаларды қолдап келеді. Мәдени байланыстарды нығайтып, әлемдік өнермен танысуға жол ашатын еліміздің заманауи мәдени ортасының дамуына серпін беретін осындай ауқымды жобаның серіктесі болу біз үшін маңызды», – деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Экспозиция 17 қаңтарға дейін жалғасады.

Бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-Kazyna Trust» қоры Әбілхан Қастеев атындағы музейде ауқымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қолдау көрсетті.

@aikyngazeti
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды

Мемлекет басшысын Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қарсы алды.

@aikyngazeti
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты

@aikyngazeti
Aikyn.kz
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке…
Қазақстан Президенті ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында Достастықты жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу қажеттігін айтты.

Мемлекет басшысы ТМД-ның 2035 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді ұсынды. Негізгі басымдықтар – экономика, энергетика, инфрақұрылым, озық технологиялар және адам капиталы.

📊 Қазақстанның ТМД елдерімен сауда айналымы былтыр 40 млрд долларға жуықтады, ал биылғы жеті айда тағы 10 пайызға өскен.

Тоқаев сондай-ақ 2027–2030 жылдарға арналған ТМД-ның үздік индустриялық-технологиялық жобаларының тізімін жасауды ұсынды. Басымдық қосылған құны жоғары өнім шығаратын бірлескен өндірістерге берілуі керек

@aikyngazeti
Aikyn.kz
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі   Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке…
Қазақстан Қытайдан Еуропаға жүк жеткізу жолын мың шақырымға қысқартпақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД саммитінде Қазақстанның негізгі көлік жобалары туралы айтты. Ел үшін Солтүстік – Оңтүстік, Батыс Қытай – Батыс Еуропа және Транскаспий бағыттары басты көлік дәліздері саналады.

Тамызда ұзындығы 1,5 мың шақырымнан асатын Арал – Каспий магистралінің құрылысы басталды. Жоба аяқталғаннан кейін Қытайдан Еуропаға дейінгі автожол шамамен 1000 шақырымға қысқарып, жүкті жеткізу мерзімі үш тәулікке дейін азаяды.

Сонымен қатар Қазақстан ТМД аумағында «Бірыңғай цифрлық дәліз» қалыптастыруды көздейді. Өзбекстан және Қырғызстанмен рұқсат құжаттарын электронды алмасу іске қосылған, Ресей және Беларусьпен де осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр.

🚚 Биыл мамырда Қазақстан мен Ресей арасында жүргізушісіз жүк көліктерімен алғашқы трансшекаралық тасымал ұйымдастырылған.

@aikyngazeti
Мемлекет басшысы ТМД елдеріне жасанды интеллект бойынша арнайы механизм құруды ұсынды

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасында жасанды интеллект стратегиясы, заңнама және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша тұрақты тәжірибе алмасу механизмін құру бастамасын көтерді. Оған ғылыми орталықтар, университеттер, технологиялық компаниялар мен стартаптар қатыса алады.

Президент 2027 жылдың алғашқы тоқсанында Астанада ТМД елдерінің ЖИ мамандарының арнайы форумын өткізуді ұсынды.

📚 Сонымен қатар Тоқаев халықтардың үздік әдеби шығармаларынан «ТМД кітапханасының алтын қорын» құру бастамасын жариялады. Оны Астанада салынып жатқан Президент кітапханасына орналастырып, көпшілікке қолжетімді цифрлық нұсқасын жасау ұсынылды.

Президент бұдан бөлек, ТМД-ның халықаралық байланысын кеңейту үшін алғашқы «ТМД плюс» саммитін өткізуді ұсынды.

@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Сонымен қатар жиынға Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев қатысты.

@aikyngazeti
Жиын қорытындысы бойынша ТМД қызметіне және Ұйымға мүше елдердің өзара ықпалдастығына қатысты бірқатар құжатқа қол қойылды.

Достастыққа мүше елдер басшыларының шешімі бойынша 2028 жыл Әлеуметтік даму және өмір сапасы жылы, ал 2029 жыл ТМД аясындағы көлік байланысы жылы болып жарияланды

@aikyngazeti