Aikyn.kz
3.11K subscribers
11.8K photos
2.69K videos
4 files
6.3K links
Қазақстандағы және әлемдегі соңғы жаңалықтар!
Download Telegram
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығын аралап көрді.
 
🔹Мәртебелі меймандар дамуында ауытқуы бар балаларға кешенді көмек көрсету тәртібімен танысты.

🔹Бельгия Королі мен Патшайымына ерекше қажеттіліктері бар балалардың коммуникативтік дағдыларын, таным-түйсігін және өз бетінше әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған медициналық, психологиялық-педагогикалық оңалтудың және әлеуметтік бейімдеудің заманауи әдістері туралы баяндалды.

🔹Жеке қалпына келтіру бағдарламаларында роботтандырылған реабилитация технологиясы да қолданылады.
 
🔹Орталық жұмысында әлеуметтік интеграцияға және балалардың қоғам тіршілігінен тыс қалмай, толыққанды өмір сүруіне жағдай жасауға айрықша мән беріледі.
 
🔹Король Филипп пен Патшайым Матильда балалармен, олардың ата-аналарымен және медицина қызметкерлерімен әңгімелесіп, интерактивті бағдарламаға қатысты.
 
🔹Бұдан кейін меймандар Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
 
@aikyngazeti
"AIQYN" газетінің жаңа саны жарық көрді:

🔸 Just жұбайлар жыры

🔸 Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

🔸 Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

🔸 Күн сәулесі – Сырдағы сарқылмайтын ресурс

🔸 Әбу-Даби – 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Осы және басқа да мақалаларды Aikyn.kz-тен немесе газетіміздің PDF нұсқасынан оқи отырыңыз

Анығын "Айқыннан" оқи аласыз!

❗Құрметті оқырман! Қандай да бір оқиғаның куәсі болған жағдайда немесе ақпараттық көмек қажет болса, мәлімет, фото және видеоңызды осы нөмірге жолдай аласыз

➡️ https://wa.me/77717007424

@aikyngazeti
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Ермек Беделбайұлы Көшербаев
Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды;

Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

@aikyngazeti
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп және Патшайым Матильдамен бірге Ұлттық музейді аралады.

Мәртебелі меймандар музей кешенінің сәулеттік ерекшеліктерін және Ұлы даланың мәдени-тарихи мұрасын паш ететін экспозициялар кеңістігін тамашалады.

Әсіресе, бірегей археологиялық қазбалар, ежелгі зергерлік өнер үлгілері, соның ішінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» мен Берел, Талды-2, Тақсай, Шілікті обаларынан шыққан алтын бұйымдар қойылған Алтын залына ерекше назар аударылды.

Этнография залында қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен, тұрмысымен, материалдық және рухани мәдениетімен танысты.

Сондай-ақ бельгиялық суретші Джеймс Энсор шығармаларының көрмесі ұсынылды.

Бельгиялықтар Королі мен Патшайымы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

@aikyngazeti
Жүргізуші куәлігін алу емтихандарын тапсыру қағидалары өзгерді

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti
Қазақстандық тауарлардың міндетті үлесі бойынша жаңа талаптар сауда желілері үшін күшіне енеді
 
Отандық тауар өндірушілер еліміздегі дүкендердің сөрелерінде басымдыққа ие болады. Бұл туралы Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, сауда нүктелерінің иелері үшін жаңа талаптар жергілікті өнімді ілгерілету жөніндегі шаралар кешені аясында қабылданып отыр.
«20 қазаннан бастап әрбір тауар санаты мен кіші санатында отандық тауарлардың міндетті үлесінің болуы жөніндегі жаңа талаптар күшіне енеді. Сауда желілерімен қазақстандық өнімді ілгерілету бойынша 72 меморандум жасалды»,

— деді министр.

✔️Тоғыз айдың қорытындысы бойынша еліміздегі сауда көлемі 61 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 16%-ға артық. Мұндағы негізгі көлем көтерме саудада 40,7 трлн теңге, ал бөлшек саудада 20,5 трлн теңге болды.

Тауарлар еліміздің бес аймағында көбірек сатылған және сатып алынған, олар бүкіл сауда айналымының 70%-дан астамын құрайды. Бұл тізімге Алматы, Астана, Шымкент, сондай-ақ Атырау және Қарағанды облыстары кіреді.

❗️Премьер-министр Олжас Бектенов қазақстандық өндірушілердің сыртқы нарықтарға анағұрлым белсенді шығуының маңыздылығын атап өтті. Ішкі нарықтың сыйымдылығын ескерсек, өндірістің одан әрі артуы мен экономикалық өсім көбінесе экспорт көлемінің ұлғаюына байланысты. Осыған байланысты отандық өнімді шетелде ілгерілету, жаңа өткізу нарықтарын игеру және экспорттық жеткізілімдер географиясын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

@aikyngazeti
Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильда сапар аясында халқымыздың бай мәдениетімен және рухани мұрасымен етене танысуға айрықша мән беруде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың резиденциясында құрметті қонақ болған корольдік отбасы асыл тұқымды арғымақтарды да тамашалады.

Король мен Патшайымға бапкерлер сәйгүліктердің шығу тегі, күтімі туралы әңгімелеп, қазақ халқының ұлттық ойындарынан шағын көрініс қойды.

@aikyngazeti
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді.

– ҚР Сайлау туралы заңның 12-бабы  14-тармақшасына, 101-бабы  3-тармағына, 103-бабы  7-тармағына, 104-бабы  8-тармағына сәйкес және Президенттің барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығының негізінде Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасын ұсынады, – деді ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.


@aikyngazeti
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты

✔️Мемлекет басшысы Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысында Король Филипп пен Патшайым Матильдаға ілтипат білдірді.

✔️Президент мәртебелі меймандардың осы іс-шараға қатысуы тату достық пен екіжақты серіктестікті жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға деген ортақ ұмтылысты көрсететінін атап өтті

@aikyngazeti
Қаржы пирамидалары: алаяқтықты қалай тануға болады?

Толығырақ мына сілтемеде

@aikyngazeti