Айнара Байжан
8.57K subscribers
251 photos
101 videos
13 files
110 links
Ойларым, мен ұнатқан әндер мен фотолар, видео
Download Telegram
Еден (пол).

Егер назарыңыз ең алдымен еденге түссе, бұл сіздің тұрақтылық пен ішкі тірек іздеп жүргеніңізді көрсетуі мүмкін.

Соңғы уақытта өзіңізді сенімсіздеу сезінуіңіз, кей жағдайларда әлсіз немесе қорғансыз күй кешуіңіз мүмкін. Сондықтан санаңыз қауіпсіздік пен берік негізге көбірек ұмтылады.

Түпсанаңыз сізге: «Алдымен аяғыңның астындағы тіректі нығайт» деген белгі беріп тұрғандай. Қазір үлкен жетістіктерден бұрын ішкі тепе-теңдікке, эмоционалдық тұрақтылыққа және өзіңізбен байланысқа көңіл бөлу маңызды болуы мүмкін.

Өзіңізге сенім артқан сайын, өмірдегі көптеген мәселелер де жеңілдей бастайды. Өйткені сыртқы тұрақтылық көбіне ішкі тұрақтылықтан басталады. 🌱✨🤍
❤9
Жастықтар.

Егер сіздің бірінші әрекетіңіз жастықтарды түзету болса, бұл перфекционизмге бейімділікті көрсетуі мүмкін. Сіз айналаңыздағы тәртіпті, үйлесімділікті және бақылауды жақсы көресіз.

Сонымен қатар, бұл қауіпсіздік пен жайлылыққа деген ішкі қажеттіліктің белгісі болуы мүмкін. Мүмкін, соңғы уақытта өзіңізді жалғыздау сезініп жүрген шығарсыз немесе эмоционалдық қолдауға мұқтажсыз.

Түпсанаңыз сізге: «Бәрін бақылауда ұстауға тырыса берме» деп тұрғандай. Кейде қорқыныштарды жіберіп, өмірдің ағысына сену де маңызды.

Қазір жаңа адамдармен танысуға, жаңа әсерлерге, қызықты кездесулер мен эмоцияларға орын беретін уақыт болуы мүмкін. Өмір әрдайым мінсіз болмауы мүмкін, бірақ дәл сол күтпеген сәттер жаңа мүмкіндіктер мен қуаныштың бастауы болады. ✨🤍🛋️
❤24
Кітаптар, пингвиндермен әрекеттесу.

Кітаптар — даналықтың, білімнің және өмірлік тәжірибенің символы.

Егер назарыңыз ең алдымен кітаптарға түссе, бұл сіздің дамуға, жаңа білім алуға және өз әлеуетіңізді толық ашуға деген ішкі қажеттілігіңіз бар екенін көрсетуі мүмкін.

Түпсанаңыз сізге: «Қазір үйренуге, өсуге және жаңа көкжиектерді ашуға қолайлы кезең» деген белгі беріп тұр. Мүмкін, жаңа дағды меңгеру, жаңа бағытты зерттеу немесе тіпті кәсіби қызметіңізді өзгерту туралы ойлар да бекер емес шығар.

Өміріңізде белгілі бір өзгерістердің жақындап келе жатқанын сезінуіңіз мүмкін. Бірақ кез келген өзгеріс алғашында белгісіздік тудырады. Сондықтан жаңа кезеңді қабылдау оңай болмауы да ықтимал.

Дегенмен дәл осы өзгерістер сізді жаңа мүмкіндіктерге, жаңа тәжірибеге және өзіңіздің бұрын байқалмаған қырларыңызды ашуға алып келуі мүмкін.

📚✨ Кейде өмірдің келесі деңгейіне өту үшін жаңа ақпарат емес, өзіңізге жаңа көзқарас қажет болады.
👍28❤20
Төсек.

Егер назарыңыз ең алдымен төсекке түссе, бұл сіздің қауіпсіздікке, тыныштыққа және қолдауға деген ішкі қажеттілігіңізді көрсетуі мүмкін.

Соңғы уақытта шешім қабылдау қиындап, күш-қуатыңыз азайып, бұрынғыдай өнімді болу оңай емес шығар. Кейде адам бәрін өзі көтеруге тырысып, шаршағанын да байқамай қалады.

Түпсанаңыз сізге: «Бәрін жалғыз арқалаудың қажеті жоқ» деген белгі беріп тұрғандай. Қазір көмек сұраудан ұялмайтын, қолдау қабылдайтын уақыт болуы мүмкін.

Кейде күшті болу — бәрін жалғыз істеу емес. Керісінше, өзіңізге қиын екенін мойындап, жақындарыңыздың қамқорлығын қабылдай білу де үлкен күштің белгісі.

🛏️✨ Өзіңізге демалуға, әлсіз болуға және қолдау алуға рұқсат беріңіз. Кейде қалпына келудің алғашқы қадамы дәл осыдан басталады.
❤29👍4
Суреттер мен фотосуреттер.

Егер назарыңыз ең алдымен қабырғадағы суреттер мен фотосуреттерге түссе, бұл сіздің бойыңызда ашылмай жатқан әлеуеттің бар екенін көрсетуі мүмкін.

Мүмкін, қандай да бір себептермен өзіңізді толық көрсете алмай жүрсіз. Кейде өз жетістігіңізді кішірейтіп, өзіңізді назарға, мойындауға немесе жоғары бағалауға лайық емеспін деп ойлауыңыз мүмкін.

Түпсанаңыз сізге: «Көлеңкеден шығатын уақыт келді» деген белгі беріп тұрғандай. Өз ойыңызды ашық айтып, талантыңызды көрсетіп, өзгелерге өзіңізді танытуға мүмкіндік беріңіз.

Сізде адамдарға берер дүние көп болуы мүмкін, бірақ оны әлемге көрсету үшін алдымен өз құндылығыңызды өзіңіз мойындауыңыз қажет.

📸✨ Кейде өмірдегі ең үлкен өзгеріс – өзіңізді жасыруды тоқтатып, өз жарығыңызбен жарқырауға рұқсат беру.
❤7
Кресло, стол.

Егер назарыңыз ең алдымен жұмыс үстеліне немесе жұмыс орнына түссе, бұл сіздің үнемі бір нәрсені ойлап, жауапкершілік жүгін көтеріп жүргеніңізді көрсетуі мүмкін.

Сіз көп жағдайда демалып отырсаңыз да, ойыңыз жұмысқа, міндеттерге немесе шешілмеген мәселелерге қайта оралады. Сол себепті толық босаңсу қиынға соғуы мүмкін.

Түпсанаңыз сізге: «Тек денеге емес, жан дүниеңе де демалыс керек» деген белгі беріп тұр. Қазір сізге физикалық ұйқыдан гөрі эмоционалдық тынығу маңыздырақ болуы мүмкін.

Кейде өнімді болудың ең тиімді жолы – өзіңізге тоқтауға, демалуға және күш жинауға мүмкіндік беру. Өйткені үнемі кернеуде жүру адамның энергиясын сарқып, шабытын төмендетеді.

Мүмкін, дәл қазір өзіңізге мына сұрақты қойған дұрыс шығар: «Мен соңғы рет ештеңе істемей, тек тынығып отырған кезім қашан еді?» 🌿✨🤍
❤24
ОЙЛАНЫДЫРЫП ҚОЙДЫ:

40 жасқа келгенде көзқарасымның қалай өзгергені туралы

Біз — эволюциялық процестің бір бөлшегіміз. Планетаның әр түкпірінде күн сайын жасушалар сияқты туылып, өліп жатырмыз. Және бұның ешқандай жаһандық мәні жоқ.

Сол сияқты, адамның алдын ала белгіленген ерекше миссиясы да жоқ. Қолыңнан не жақсы келеді, соны істе — сенің миссияң сол.

Жер бетіндегі байлықтың 45%-ы халықтың 2%-ының қолында. Ал 10%-ының шотында 100 мың доллардан астам қаржы бар. Қалғандары айлықтан айлыққа дейін күнелтеді. Мен де солардың қатарындамын.

Өлімнен кейін ештеңе жоқ.

Біз өлгеннен кейін, жарты ғасыр өткенде атымыз мүлдем ұмытылады.

Қарттық жалғыздығымен емес, дәрменсіздігімен (әлсіздігімен) қорқынышты.

Ата-ананың бәрі бірдей өз баласын жақсы көре бермейді. Ал балалық шақта балалардың бәрі өз ата-анасын жақсы көреді.

Жақын адам — қаның бір адам емес, мінез-құлқы, жан дүниесі саған ұқсайтын адам.

Ақша, лауазым, билік — адамның адалдығы мен адамгершілігін сынайтын құрал емес. Бұл — адамның ішкі болмысын айқындап беретін сканер. Билікке жеткенде адамның ішінде не болса, соның бәрі сыртқа шығады.

Оқуды, ізденуді тоқтатқан адам тез қартаяды. Адам ең алдымен ментальді түрде (сана-сезімімен) қартаяды.

Денсаулық — тез таусылатын ресурс. Бірақ ақылың болса, оны сақтап, ұзартуға болады.

Жұп болып өмір сүргеннен қарағанда, жалғыздықта эмоционалды тұрғыдан жеңілірек. Қарым-қатынас — күнделікті жұмыс. Бақытты неке — үлкен еңбек.

Үйленген жұптардың көбі некеде бақытсыз, бірақ әртүрлі себептермен бірге тұруды жалғастырады.

50 жастан кейін еркектер әйелдерге көбірек мұқтаж болады, ал 50 жасқа дейін керісінше — әйелдер еркектерге мұқтаж.

Әр нәрсенің басы мен аяғы бар.

Бала — бізге үйреткендей «болашаққа құйылған инвестиция» емес, өзіңді тұлға ретінде көрсетудің (іске асырудың) бір жолы ғана. Олардың ресурсы өз өмірлеріне жұмсалады.

Автор: Әсел Жұбанышева (фейсбуктан)
❤66👍32🥰1
Бүгін оқырмандарыммен тағы бір жақындастым!❤️ Сіздерге одан әрі пайдалы болуым үшін мына опросты толтырсаңыздар:

https://docs.google.com/forms/d/1_tZ3wP9U0h63vckUeIypvm01ldivQ-Jy0BgxTSRGro0/edit?usp=drivesdk


Опрос орындағандарға гипноз-сеанс сыйлаймын!🚀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍18🥰7❤4
"Адамды Құдай арманынан жерітпесін. Адамның күні арманмен. Арманнан көңіл қалса — ашық аспан да
күңгірт болып көрінеді. Өмірде мән-мағына қалмай кеудең кеуек
болып, дүниенің әділетсіздігінен түңіліп, қақпанға түскен қасқырдай құр кіржіңдеп қаласың".

Шерxан МҰРТАЗА
"Ай мен Айша"
❤51👍11🔥5
Есіңді жиғызатын 10 ой

1)Әрқашан өмірді таңда. Әрқашан. Ешқандай «бірақсыз».

2)Анаң мен әкең келіп сені құтқармайды. Олар сенің арқаңда, ал болашағың алдыңда. Оларға арқаңды бұрып, өз болашағыңа бет бұр.
Әрқашан өзіңді таңда. Бұл қанша ауыр болса да.
Өзіңмен де, өзгелермен де адал бол.

3)Денең саған қызмет етеді. Сен оны сатып кетсең де, жүрегің соға береді. Бірақ бір күні ол тоқтайды. Дене саған шартсыз қызмет етеді.

4)Әлем сені жақсы көреді. Бірақ бір күні қатты соққы береді. Сілкіндіріп ояту үшін. Кейде адам өзіне тек солай келеді.

5)Ешбір адам сенің өміріңнің мәніне айнала алмайды. Бұл тым ауыр жүк. Өмірдің мәні – өзінде. Сенің өміріңде.
Ақыл тәжірибемен шектеледі. Сезімдер шексіз. Сезіне біл.
Сен өз әлсіздігіңді көрсетуге қорықпағанда ғана шын мәнінде күшті боласың. Осал болуға рұқсат бер.

6)Сенің ата-анаң – қарапайым адамдар. Оларда өмірдің нұсқаулығы жоқ. Оларға да,
өзіңе де қателесуге мүмкіндік бер.

7)Өзіңді қандай болсаң, солай қабылдағанда ғана бақытты боласың. Бірде-бір үйрек колибри болғысы келіп бақыт тапқан емес.

8)Ақша, қарым-қатынас және өзін жүзеге асыру – ересек адамның ісі. Балаларға ақша керек емес, балалар жыныстық өмір сүрмейді. Есейетін уақыт келді.
Аяз ата келмейді. Өмірің үшін жауапкершілік өз қолыңда.
Саған ешкім ештеңе қарыз емес. Ата-анаң да, достарың да, ер адам да, тіпті балаларың да. Осыны қабылда.

9)Кінә мен ұят сезімі көбіне біреуден «сыйға» келеді. Қайтар оны иесіне. Саған не үшін керек?

10)Басқа адамдардың өмірін басқара алмайсың. Тәжіңді шеш.
❤71👍36🖕5
Үлкен өмірге, жетістікке жетуге алғашқы қадамның бірі ол - ҰБТ-дан жоғары балл алу. Балаңыз сәтті емтихан тапсырып, өмірде өз орнын сүрінбей табу үшін альфа күйінде арнайы техникаларды жасау керекпіз. Оны қадам-қадаммен дәл осы видеода бөлістім😍 Теп-тегін👇


https://youtu.be/PLnb8rNswqI?si=fMBme_JqfXlQ6rnP
❤29👍3
Месси ойын басталмай жатып 2 гол соғып, үйдің іші азан-қазан)

Ал мен: ертең Мессидің миы, тәні, психикасы туралы пост жазу керек екен🤔


👎🏽 деп басқандар маған қойды ма екен, Мессиға ма екен?)
🔥89👍65❤26👎3
Forwarded from Бейсанаға 20 техника
Осы тақырыпқа сай бір кеңес: ҚҰДАЙҒА ЕРКЕЛЕҢІЗ

Кішкентай қыз сияқты еркелеңіз. Былай:

“Аллаһым, пожаалуйста, мені кешірші. Көөп нығмет, жақсылық берсең де шүкір ете алмай жүрмін. Қаншама өзің берген нәрсенің қадіріне жете алмай жүрмін. Сен бәрін білушісің. Менің иманым әлсіз. Көп нәрсені білмей қала берем. Мен сооондай әлсіз пендемін ғой. Тек сенен сұрауды білем. Маған өзің көрсетші не істеу керектігімді. Сен айтшы. Сен бәәрін білесің ғой. Маған не керек екенін менен де жақсы білесің. Менің қалауларымды жеңіл жолмен көркем түрде маған жасап берші. Өздігімнен жасау қолымнан келмей тұр. Мен даже проблемаларымды өзім шеше алмайм. Мен қайтем оны шешіп, менде сен барсың ғой! Саған тек саған тәуекел етеді сенің ерке құлың Айнара”
❤152🔥25👍19🥰5🙏5
Ес жиғызатын тағы 10 ой

1) Ер азаматыңды әкеңмен шатастырма. Ер адамға реніштердің түбінде әкеге деген реніш жатады. Бірақ күйеу сенің әкең емес және оның орнын баса алмайды.

2) Жыныстық өмірден ләззат алуға рұқсат бер. Бұл өмірдің табиғи бөлігі.

3)Кейде ақымақ, ерсі, ненормальный болудан қорықпа. Өзің бол.

4)Жұмысыңнан кеткің келсе, кет сал. Егер сол жерде жүріп, жұмысыңнан ләззат алмасаң, бұл өзіңе жасалған зорлыққа айналуы мүмкін.

5)Балаларыңнан аздап қол үз. Үйірмелерге өзің бар, өзіңді дамыт, өзіңді тәрбиеле. Балалар көбіне сенің сөзіңді емес, өміріңді қайталайды.

6)Адамдар өмірге белгілі бір уақытқа келеді. Сабақ аяқталғанда кетеді.

7)«Жоқ» деп айту – қалыпты нәрсе. Сол үшін бәрі сенен теріс айналып кетпейді.
Қолдау сұра. Тәкаппарлық өзіңнің итіңді шығарады.

8)Ақшаң жоқ болса, адамдармен қарым-қатынасыңа қара. Өзіңе қай жерде өтірік айтып жүргеніңді байқа.

9)Серігің – сенің айнаң. Ол туралы айтқан нәрселеріңнің біразы өзің туралы болуы мүмкін.


10) Әр нәрсенің ақысын төле. Мүмкін болса, ақшамен. Әлемнің өз тепе-теңдігі бар және ол көбіне әділ жұмыс істейді.
❤112👍36🔥20🥰3👎1
Үнді ұстазы, Батыста трансценденталды медитацияны кеңінен танытқан Махариши Махеш Йоги былай деген:

Егер қала немесе ел халқының небәрі 1%-ы тұрақты түрде медитациямен айналысса, қылмыс пен зорлық-зомбылық деңгейі төмендей бастайды.

Ғалымдар бұл болжамды бірнеше зерттеуде тексерген. Кейін кейбір зерттеулерде мұндай әсерді байқау үшін тіпті 1%-дың квадрат түбіріне тең мөлшердегі қатысушының өзі жеткілікті болуы мүмкін деген қорытындыға келген….
👍47❤24🥰3
Мен кофені күнде ішем. Жақында ғана үйге кофемашина алсам деп, Делони-дың кофемашинасын каспийде корзинаға салып қоймаймын ба?

Бүгін Делониден хат: Сізге кофемашина берсек бола ма?

Құдай мені соншалықты жақсы көреді-ау,ә?!🥰
❤106👍36😍12🔥8😁1
Менің каспийдегі корзинам😍
👍32❤16🔥7👏2
Бұқақақа😂

Қояндар өмір бойы секіріп, 8 жыл тіршілік етеді. Иттер жүгіріп жүріп, 15 жылдай тіршілік етеді. Тасбақалар боқ бітірмей, былжырап жүріп 150 жыл өмір сүреді. Жат, лібәт, тұрма! Ертең өлесің де қаласың.

Тредстен)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣60❤10👌8👏2