AlatauNews.kz🇰🇿
✔
2.93K subscribers
4.05K photos
694 videos
23 files
3.31K links
Download Telegram
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға баса мән беру қажеттігін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/prezident-koelik-infraqurylymyn-damytwgha-qatysty-uekimetke-tapsyrma-berdi/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев: Аймақтар жекелеген салаға немесе кәсіпорынға тәуелді болып қалмауға тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында өңірлердің экономикалық басымдықтарын айқындап, жаңа өндірістерді жоспарлау кезінде нарық сұранысын ескеру қажет екенін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/toqaev-ajmaqtar-zhekelegen-salagha-nemese-kaesiporyngha-taeweldi-bolyp-qalmawgha-tiis/
Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 15 триллион теңгеге жетті. Алайда саланы одан әрі дамыту үшін шаруаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру тетіктерін жетілдіру қажет. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/toqaev-fermerlerdi-uzaq-merzimdi-qarzhylandyrw-zhuejesin-engizw-qazhet/
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2027 жыл – Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы: Тоқаев жаңа бастама ұсынды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысы еліміздің барлық өңірінде жолдар, әуежайлар, медициналық мекемелер, спорт кешендері мен басқа да әлеуметтік нысандардың құрылысын жандандыру қажеттігін айтты. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/2027-zhyl-zhalpyhalyqtyq-awqymdy-qurylys-zhyly-toqaev-zhanga-bastama-usyndy/
Алматы облысындағы Алатау қаласында ағылшынның жалпы құқық үлгісіне негізделген Инвестициялық сот құрылмақ. Бұл туралы бүгін, 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/toqaev-alataw-qalasy-investorlar-ueshin-qolajly-ortalyqqa-ajnalwy-tiis/
Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында халықтың табысын арттыру үшін инфляциямен жүйелі күресу қажеттігін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/prezident-uekimet-pen-ulttyq-bankke-inflyaciyany-toemendetwdi-tapsyrdy/
Президент мемлекеттік аппараттың жұмысын түбегейлі жаңғыртып, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні басқару жүйесіне кеңінен енгізу қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/prezident-memlekettik-qyzmetshilerge-zhanga-talaptar-qojdy/
Қонаев қаласында, Alatau Hub алаңында 30 қазанда Decentrathon 6.0 хакатоны басталды. Бұл әзірлеушілерге, дизайнерлерге, талдаушыларға және цифрлық өнімдер жасағысы келетін барлық адамға арналған іс-шара. Қатысуға тек Қонаев тұрғындары ғана емес, Алматы облысының басқа қалалары мен аудандарынан келген жастар да шақырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/qonaevta-decentrathon-6-0-tehnologiyalyq-hakatony-bastaldy/
Алматы облысының жас балуандары қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионатында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте үздік үштіктен көрінді. Еліміздің 20 өңірінен 230 спортшы қатысқан республикалық додада өңір намысын қорғаған балуандар екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaty-oblysynyng-zhas-balwandary-qazaqstan-chempionatynda-uezdik-ueshtikke-endi/
Алматы облысының Іле ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға арналған комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігі, құқықбұзушылықтардың алдын алу және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaty-oblysynda-balalardyng-quqyqtaryn-qorghawgha-qatysty-uesh-maesele-qaraldy/
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған жаңа сауда нысаны іске қосылды. «Айша Сити» базарында ашылған «Алмалы өнімдері» павильонында жергілікті шаруалардың өнімдері делдалсыз сатылып, бағасы нарықтағыдан 10–15 пайызға төмен болады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaly-oenimderi-qonaevta-azyq-tuelikti-arzan-baghamen-satatyn-pavilon-ashyldy-2/
Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Осы мақсатта өңірдің полиция бөлімдері мен мемлекеттік мекемелеріне отандық өндірістен шыққан 50 жаңа қызметтік автокөлік табысталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaty-oblysynyng-policiyasyna-50-zhanga-qyzmettik-koelik-berildi/
Алматы облысында жұмыс берушілер 3 830 бос жұмыс орнын ұсынып отыр. Өңірде өндіріс, білім беру, көлік және логистика салаларында мамандарға сұраныс жоғары. Ал кейбір инженерлік, басқарушылық және техникалық қызметтер бойынша айлық жалақы 1 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaty-oblysynda-zhumys-koep-qaj-salada-zhalaqy-zhoghary/
Алматы облысының Алатау қаласында 46 жыл бойы жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген әйелдің мәселесі прокуратураның араласуымен шешімін тапты. Туған сәтінен бастап ресми тіркеуге алынбаған азаматша осы уақытқа дейін жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) де ала алмаған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/alatawda-46-zhyl-bojy-quzhatsyz-oemir-suergen-aejelding-quqyghy-qorghaldy-2/
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында астық сақтайтын және тасымалдайтын жаңа кешеннің құрылысы аяқталуға жақын

Қайрат индустриялық аймағында астық өнімдерін қабылдау, сақтау және жөнелтуге арналған өндірістік-логистикалық кешен салынуда.

Жобаның жалпы аумағы – 18,45 гектар. Кешенде жалпы сыйымдылығы 10 мың тонналық силостар орнатылып, жылына 200 мың тоннаға дейін астық қабылдап, жөнелту жоспарланған.

Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталған. Теміржол желілері толық тартылып, газ құбырларын жүргізу жұмыстарының соңғы кезеңі жүзеге асырылуда.

Жаңа кешен өңірдің логистикалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен тасымалдау жүйесін дамытуға үлес қосады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматы облысында 8 гектарлық жылыжай кешені салынуда

Алматы облысында көкөніс өнімдерін жыл бойы өсіруге арналған заманауи жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Жоба аясында жалпы аумағы 8 гектар болатын қысқы және жазғы жылыжайлар, сондай-ақ көшет пен салат өсіруге арналған бөлімдер қарастырылған. Бұдан бөлек, аумағы 9 177 шаршы метрді құрайтын көкөніс қоймасы салынады. Онда 6 мың тоннаға дейін көкөніс пен 720 тоннаға дейін жеміс сақтауға мүмкіндік бар.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 80 пайызы аяқталған. Нысанда шыны жылыжайлар тұрғызу және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жалғасуда.

Жобаны 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Кешен іске қосылғанда 400 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әрінов Балқаш ауданының тұрғындарымен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын таныстырды. Жиында ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/shyngghys-aerinov-balqash-awdanynyng-turghyndarymen-kezdesip-oezekti-maeselelerdi-talqylady/
Алматы облысының Іле ауданында 2027 жылы жалпы құны 44,5 миллиард теңгені құрайтын 39 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Бұл туралы аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/ile-awdanynda-445-mlrd-tenggege-39-investiciyalyq-zhoba-zhuezege-asyrylmaq/
Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл желек» экологиялық акциясы өтті. Шара барысында қаланың негізгі көшелеріне 1 000 түп ағаш отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарына қала тұрғындары белсенді қатысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/qonaev-qalasynda-zhyl-basynan-beri-20-myngnan-astam-aghash-otyrghyzyldy/
Алматы облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы қорытындыланып, халықтың денсаулығын қорғау, биологиялық қауіптердің алдын алу және саланы цифрландыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Толығырақ⤵️

https://alataunews.kz/zhanalyq/almaty-oblysynda-sanitariyalyq-epidemiologiyalyq-qyzmetting-zhumysy-qorytyndylandy/