Alga KZ
1.38K subscribers
397 photos
35 videos
23 links
Ең өзекті, маңызды жаңалықтар мен қызықты ақпараттардан алғашқылардың бірі болып хабардар болғыңыз келсе, біздің арнаға жазылыңыз!
Download Telegram
Alga KZ
⚖️ Президент медицина қызметкерлеріне күш көрсеткені үшін жазаны күшейтуді тапсырды Мемлекет басшысы дәрігерлер мен медициналық персоналға қатысты күш көрсетуге байланысты жазаны қатаңдатуды ұсынған Парламент депутаттарының, сала мамандарының және қоғам белсенділерінің…
⏱ Премьер-министр министрліктерге дәрігерлерге қатысты зорлық мәселесін шешуге 10 күн уақыт берді

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау, Ішкі істер және Әділет министрліктеріне 10 күннің ішінде медицина қызметкерлеріне қызметтік міндетін атқару кезінде күш көрсеткендерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейту бойынша заңнамаға өзгерістер әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, 2019 жылдан бері елімізде дәрігерлерге жасалған 170-тен астам шабуыл тіркелген.
🇰🇿 Қазақстанда қайырымдылыққа үйрететін мектеп ашылмақ

Қайырымдылыққа бөлінген қаражатқа дұрыс әрі ашық түрде иелік ету – өзекті мәселе. Қорларға деген сенімді арттыру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа бастаманы қолға алды.

Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, елімізде жалпы құны 50 млрд теңгеге тең 5 жоғары оқу орнында пилоттық эндаумент-қорларын құру жоспарланып отыр. Бұл қорлардың тиімді жұмыс істеуі үшін арнайы мамандарды даярлау қажет. Осы мақсатта АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанда филантропия мектебі ашылады.

🔍 Енді барлық қорлар өз есептерін ашық түрде жариялап, жыл сайын тәуелсіз аудиттен өтуге міндеттеледі.
👨‍💼 Трамптың есімі Эпштейн ісіне қатысты құжаттарда бірнеше рет аталған

Мамыр айында АҚШ Әділет министрлігі қызметкерлері бұл туралы Дональд Трампқа хабар берген. Сонымен қатар, ведомство Эпштейнге қатысты тергеу материалдарын жарияламау туралы шешім қабылдаған. Себебі құжаттарда бала порнографиясы мен жәбірленушілердің жеке деректері бар. Президент бұл шешімді қолдаған — деп хабарлайды 👨‍💻 The Wall Street Journal Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап.

Айтуларынша, бұл ақпарат Трампқа кезекті брифинг кезінде ұсынылған. Алайда оның есімі аталуы кездесу тақырыбы болмаған.

Ал Ақ үй баспасөз қызметі WSJ жариялаған материалды «фейк» деп атады.
🇰🇿🇹🇷Қазақстан Президенті Түркияға ресми сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.
Түркия орман өртімен күресіп жатыр

Карахыдыр, Игдир және Авданджык ауылдарының тұрғындары эвакуацияланды.

Орханелидегі Якуплар ауданында, Ушак провинциясының Сиваслы аймағында да жағдай күрделі.

Кахраманмарашта Чамлыбель ауданындағы орманда шыққан өрт әлі де сөндіріліп жатыр.

Өртті сөндіру жұмыстары әуеден де, жерден де жалғасып жатыр.

15 күн ішінде орман өртіне қатысы бар 17 адам қамауға алынды.
Күніне сексуалды қызмет арқылы 1,5 млн теңге табыс тапқан қылмыстық топ ұсталды

Астана қаласында және Солтүстік Қазақстан облысында адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысы бар екі қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды.

Күдіктілер интернет арқылы жыныстық сипаттағы заңсыз қызмет түрлерін жарнамалап отырған. Қылмыстық топтың күнделікті табысы 1,5 млн теңгеге дейін жеткен. Ал 2024 жылдың басынан бергі қаржы айналымы 1,7 млрд теңгеден асады.

Негізгі фигуранттар қамауға алынды.
Нью-Йорк қаласындағы Манхэттен ауданында 44 қабатты ғимаратта атыс болды.

27 жастағы ер адам автоматпен кіріп келіп, бірден оқ жаудырған. Салдарынан бір полицей мен екі ер адам көз жұмды. Кейін ол жоғарғы қабаттардың біріне көтеріліп, бір әйелді атып тастаған. Соңында фойеге түсіп, өз-өзіне қол жұмсаған.

Шабуылдың нақты себебі белгісіз. БАҚ мәліметінше, шабуыл жасаған адамның психикалық ауытқуы болған.
Астанада балаларын балабақша, мектепке таситындар жұмысқа кеш келе ала ма?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатиннің айтуынша, балаларын мектепке жеткізіп салуға немесе мектептен алып кетуге тура келетін қазақстандықтар жұмысқа ыңғайлы уақытта, мысалы таңғы сағат 9-10-да келе алады.

Ең бастысы олар белгіленген 8 сағат жұмыс істеуі қажет.
Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Бұл туралы Үкімет отырысында вице-министр Иран Шархан мәлімдеді.

Металлургия және тау-кен өндірісі саласында смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, машина жасау саласында виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыста Big Data талдаушысы, "Ақылды үй" жобалаушысы сияқты жаңа мамандықтар пайда болды.

Бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан аса мамандық өзгеріске ұшырады.

Биыл машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандық пайда болады. Олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы бар.
🇹🇷🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның ең жоғары мемлекеттік марапатына ие болды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды.

Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Instagram парақшасында жазды. Ол екі ел арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға Тоқаевтың қосқан үлесін ерекше атап өтті.

🗣️ «Қазақстан Президенті, қымбатты бауырым Тоқаев алғашқы күннен-ақ Түркияның жақын досы екенін нақты қадамдарымен дәлелдеп келеді», – деп жазды Ердоған.
🚨 Жамбыл облысында атыс: төрт адам жарақат алды

29 шілде күні сағат 21:30 шамасында Мойынқұм аудандық ауруханасына оқ жарақатын алған төрт ер адам жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олар травматикалық қарудан жараланған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Бүгін, 30 шілдеде, Камчаткада соңғы 73 жылда тіркелген ең күшті жер сілкінісі болды - магнитудасы 8,7 балға дейін жеткен

Биіктігі төрт метрге дейінгі цунами толқыны да тіркелді.

Тынық мұхиты акваториясындағы жер сілкінісіне байланысты Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 32 сантиметрге дейінгі толқындардың жетуі күтілуде. Елде цунами қаупі жарияланып, пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.
⚡️Ақтауда ерлікпен қаза тапқан әке

Каспий жағалауында суға батып бара жатқан үш адамды құтқарамын деп 39 жастағы Ерлан Шонтабаев қаза тапты. Құрық ауылының тұрғыны демалыс кезінде көмек сұраған дауысты естіп, суға түскен. Қыздар жағаға өздері шыққанымен, Ерлан мен жігіттің екеуі де суға батып кеткен.

Ерлігінің құрбаны болған Ерлан 5 баланың әкесі. Кенжесі небәрі 3 айлық.
Қазақстандықтарға алаяқтардың жаңа айласы туралы ескерту жасалды

ІІМ танымал интернет ресурстарда қонақүй нөмірлері мен пәтерлерді брондау кезінде жасалатын алаяқтықтың жаңа тәсілі туралы ескертті.

Пәтерлерді интернет арқылы брондау кезінде пайдаланушыларға банк картасының деректерін сұрататын хабарламалар келеді. Алайда бұл деректер жеке кабинетте бар және қайта енгізуді талап етпейді.

ІІМ басқа қалаға немесе елге демалысқа, сондай-ақ, іс-сапарға шыққанда аса мұқият болуға шақырды.
⚖️ Бишімбаевтың бауыры амнистияға ілікті

Степногорск соты Бақытжан Байжановтың жаза мерзімін амнистия негізінде қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды. Енді ол 2027 жылдың шілдесі емес, 2026 жылдың қарашасында бостандыққа шығады.

Бақытжан Байжанов қылмысты жасыру бойынша 4 жылға сотталған болатын.
📢 “Балалар бір-бірінен ажырамайды”: Алматы әкімдігі мәлімдеме жасады

Алматы әкімдігі “Бағанашыл” балалар үйіне қатысты пікір білдірді. Ресми мәліметке сәйкес, тәрбиеленушілерді Қонаев қаласына көшіру жоспарда жоқ.

Балалар бұрынғыдай өз орталықтарының аумағында тұрып, Алматы қаласындағы мектептерде оқуды жалғастырады.

Қазір Алматы қаласы мен облыс әкімдіктері мекемені қаланың балансына беру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
Қазақстандағы үшінші АЭС-ті Қытай салады

Бұл туралы бірінші вице-премьер Роман Скляр мәлімдеді.

Қазір осы станция орналасатын жер анықталып жатыр.

Естеріңізге салайық, еліміздегі алғашқы атом электр станциясын ресейлік "Росатом" салады.
📢 Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айырылған жастарға грант беріледі

🎓 “Қазақстан халқына” қоры мектепті бітірген түлектерге 500 тегін оқу грантын бөлді.

Бұл мүмкіндік келесі санаттағы жастарға арналған:
▫️Қаңтар оқиғасында ата-анасынан айырылғандар
▫️Жарақат алған балалар
▫️Әлеуметтік осал топтардан шыққан түлектер
▫️Жетім балалар
▫️Мүгедектігі бар жастар
▫️Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасынан шыққандар

💡 Грант иегерлері еліміздегі ЖОО-ларда тегін білім алады.
Толық ақпарат қордың ресми сайтында.
⚡️ 1 тамыздан бастап электр энергиясының тарифтері өседі

Қазақстанда бірқатар энергия өндіруші кәсіпорындар үшін электр қуатының бағасы қымбаттайды:

🔹 Т.И. Батыров атындағы Жамбыл МАЭС – 22,58 → 23,25 тг
🔹 Ақтөбе ЖЭО – 17,54 → 18,19 тг
🔹 «Жайықжылуэнерго» АҚ – 13,25 → 13,95 тг
🔹 МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 → 23,26 тг
🔹 «Кристалл Менеджмент» АҚ – 15,27 → 16,09 тг
🔹 Ақтөбе рельс-арқалық зауыты – 21,11 → 23,58 тг
🔹 Z-Энергоорталық – 16,77 → 18,46 тг
🔹 Қызылорда ЖЭО – 12,10 → 13,13 тг
🔹 «Батыс Пауэр» ЖШС – 15,89 → 17,63 тг
🔹 Karabatan Utility Solutions – 10,67 → 13,06 тг
🔹 OzenMunaiProm – 26,92 → 28,68 тг
🔹 «Қазхром» ТҰК» АҚ – 10,67 → 11,65 тг
🔹 «ССКӨБ» АҚ – 18,82 → 18,94 тг

🧾 Энергия өндіруші ұйымдардың 63-тобы үшін тариф 44,02 теңге болып бекітілді (кВт/сағ).
❤1