Ali Saǵatuly
1.67K subscribers
152 photos
8 videos
1 file
6 links
Әл-Азхар университеті, Ақида және Философия факультетінің 4-ші курс студенті
байланыс: @sagatuly_ali
Download Telegram
Ең үлкені — маңыздысы:
Харамнан сақтанбасаңыз, дұғаңыз ешқашан қабыл болмайды.

Аузыңыздан өтетін әр асқа жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.
Көшеден кез келген самсаны ала салу, Халал ҚМДБ сертификаты жоқ донер не KFC сынды орындардан
әртүрлі тағам жеп жүріп,
«Неге дұғам қабыл болмай жатыр?» деп үміттенбеңіз.

Харам ас нағыз дұғаның жолын бөгейтін перде
🆕

Тәнге кірген әр жұтым астың қайдан екенін білу арқылы
Раббыңа шынайы жақындайсыз☝️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤29💔4😢1🕊1😐11
Харам ас – жүректі өртейтін у. Ол ниетті бұзады, тілді өтірікке жетелейді, денені күнәға икемдейді.

📝Хасан әл-Басри
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38😢4🔥2🕊1
Харам ас десе, көпшілік қарапайым мұсылмандар “мен ондайды жеп жүрген жоқпын” деп ойлауы мүмкін. Алайда харам ас дегеніміз — тек шошқа еті немесе арақ емес, ол — “бісміллә” айтылмай сойылған ет, табысы харам жолмен келген ас немесе ұрланған, біреудің ақысы кеткен кез-келген өңештен өтетін нәрселер ⚠️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤43💯7😢3🕊11
🔤🔤🔤 🔤🔤🔤🔤🔤 🔤🔤🔤🔤🔤🔤❗️

Қасиетті Құрбан айт құтты болсын құрметті мүбарак жандар!
Жүректеріңіз иманмен толып, Алла екі дүние жақсылығын берсін💥💥💥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤62😍4❤‍🔥22⚡1🔥1🕊1😇1🤗11
Егер бір адамның жасаған құлшылығында рия болса , ол амал Құран мен сүннеттің үкімі бойынша жойылады. Ал амал жойылса, ол ештеңе істемегенмендей болады. Ендеше, ондай адам өзгелерден өзін қалай биік санай алады?
Ал енді амалы қабыл болмай, зая кеткен соң, Раббысы оны рия үшін ауыр азаппен ескертіп жатыр, ал ол қалай ғана өзін басқалардан артық көруге батылы жетеді?

📚Ләуәқихул Әнуар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40💔4😐22😢1
Рия — амалдарды іштен ірітетін, жоқ қылатын ең қауіпті дерт. Алла Тағала баршамызды одан сақтасын!🤲
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤44💔443🔥2
“Дінді неге 10-15 жыл оқисыңдар⁉️ Оның орнына ғылым оқып, елді дамытпайсыңдар ма❓” — деп айтатындарға айтарым:

Иә, ғылым – мемлекеттің дамуына қажет. Бірақ мемлекет дамығанда, оның руханиятын кім дамытады? Егер ешкім дін ғылымын оқымаса, жүректің іліміне, жанның тазалығына, адамгершілік пен иманға кім жол көрсетеді?

Ғалым – елдің денесін емдесе, діни ғалым – елдің жанын емдейді. Бірі – затты зерттесе, бірі – адамның ішкі әлемін таниды.

Дін оқитындар ғылым оқитындарға қарағанда мыңның бірі шығар. Бірақ дәл сол біреу елдің рухани тірегіне айналуы мүмкін. Сондықтан бір жақты қарамайық: мемлекетті ғылым көтерсе, қоғамды иман ұстайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤48🔥5💯4
Пинтерест болып тұр ғой)😍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤74😍23👍6🔥4😁3❤‍🔥1🕊111
Өзі таза адам – өзгеге күйе жақпайды.
Күйе жағу үшін адамның өзінде де күйе болу керек❗️

Бүгінде әлеуметтік желіде жала жабу, абырой төгу – ермекке айналған.
Бір пікірмен біреуді масқаралап, күнә арқалап жатқандар көп.

Егер олай істесең Алла сені де ел алдында ұятқа қалдырар сәтті өз қолыңмен істегенің.
Әрбір коммент — жай сөз емес,

амал дәптеріңе жазылып жатқан іс✅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24❤175😢1🕊1
Біреудің мінін айтып, абыройын төгу – ауыр күнә.
Айтқаның рас болса – ғайбат,

Жалған болса – жала.📌
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤164🔥1
Адамның бәріне жақсылық жасауға әрдайым шамасы жете бермеуі мүмкін, бірақ ешкімге зиян тигізбей өмір сүруге әрдайым мүмкіндігі бар.
❤62🕊4🔥332
Әлеуметтік желіде өзгелерге хейт жазатын адам – әдетте өмірде де өсек пен ғайбатқа бейім келеді. Бұл — жүректің ақіретті ұмытқанынан белгі.
❤4711💔6💯5👍4
Ақиданы білмесең, түсінбесең – психология сені оңай діннен шығарады. Медитация сені жояды. Жаратушыға тәуелді болудың орнына өз болмысыңды абсолют деп тану – сені Раббыңа емес, өзіңе табындырады. Зікірдің орнына аффирмация, тәуекелдің орнына визуализация. Вообщем, осылай жүріп, жолдан тайып кетесің. Ақида – фильтр. Ол болмаса, жүрекке не кіріп, не шығып жатқанын ажырата алмайсың.
❤55😢6💯44💔33🔥2😐2👍1
Соңғы екі жылда философияны оқып келемін. Түрлі дәуірлердегі философия мен сол заманның ойшылдарын оқып, зерттеп көрдім. Сонда байқағаным Сократ пен Платоннан бастап, Будда, Кант, әл-Фараби мен Ибн Синаға дейін — бәрі де хақты(шындықты), ақиқатты, яғни Құдайын іздеген екен.

Бәрінің сұрағы түптеп келгенде бір сұраққа тіреледі: “Адам не үшін жаратылды?”, “Өмірдің шынайы мәні неде?”, “Құдай бар ма, әрі қандай болмыс?”
Мұның бәрі — адам баласын ежелден толғандырып келе жатқан онтологиялық әрі рухани ізденістер.

Ал Құран осы сұрақтарға бір-ақ аятпен жауап береді:

“Мен жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым.”☝️
(Зарият сүресі, 56-аят)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤44🔥3😢2🕊1
Сондықтан Алланы іздеу жай ғана дінге қызығушылық емес, бұл адамның жаратылысынан туындайтын сондай бір үлкен рухани қажеттілік. Өйткені шын мәнінде ақиқатты, тыныштық пен өмірлік мақсатты іздеген адам түптің түбінде Жаратушысын іздеп жүргенін түсінеді.
❤495🔥3👍2🕊1
Егер жүрегің Аллаға деген махаббаттың нұрына толса, демек күндердің жылдам өтуі сен үшін нығмет.
Себебі әр атқан таң – сені Раббыңа бір қадам жақындатады.
Бұл өмір – өткінші, ал Онымен жолығу – мәңгілік.
❤36😍203😢2💔22
Сол үшін бұл өмірге ренжіме, ол сені Жаратушыңа жетелеп бара жатқан сапар ғана.
22❤18😢4💔11
Қайтар билетің, бәрі жазылып қойған….

Бағытың Раббыңның құзыры. Сапар уақыты құпия.
Сондықтан дайын болып жүр⌛
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37😢4💔3🔥22💯1
Сіздерге жаңалық 🙂✅️💥

Біраз бауырларым: “Каналдың жеке тұлғаға байланғаны дұрыс, аты-жөніңіз бен жүзіңіз көрініп тұрса — сенім мен шынайылық артады” деп кеңес берді.

Сол себепті бұрынғы “Ali’s Notes” атауын өз атыммен - Ali Sagatuly деп өзгерттім.

Соңғы екі жылға жуық уақыт бойы бұл канал жүргізілмей, шаң басып қалған еді.
Енді, Алла қаласа, пайдалы болу ниетімен әрі қарай жалғастыра береміз✊
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤71😍9👍6❤‍🔥5🤗3
Алла Тағала былай дейді:

Шүбәсіз, адам баласы - тым залым
(яғни, әділетке қарсы, өзіне де, өзгеге де әділетсіз, күнә мен қателікке бейім, жауапкершіліктен қашатын) — әлсіз жаратылыс.
Сондай-ақ, ол - аса надан (яғни, ақиқаттан бейхабар, жүрегі ғапыл, дұрыс пен бұрысты айыра алмайтын парықсыз, нәпсісінің жетегінде кететін бейқам пенде).

📖33:72
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤32💔8😢33❤‍🔥1